Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Конференциялар

Басты бет | Конференциялар | Факультетке келетін қазақ диаспора өкілдерін құжаттармен қамтамасыз ету барысындағы адаптация жұмыстары

Қазақ  халқының елеулі бір бөлігі отанымыздан тысқары өзге елдерінде тұрып жатқаны анық. Қазақ диаспорасының бір қатары бүгінде Батыс Еуропаның бірнеше елдерінде де түтін түтетіп отыр. Бұл қазақтардың басым көпшілігі Қытайдың Шыңжан аймағынан 1950 жылдары Пәкістан және Үндістан арқылы Түркияға көшкендер. Ол жерден жұмыс бабымен Батыс Еуропа елдеріне қоныс аударған қазақ отбасыларының ұрпақтары. Басқа көршілес елдерде қандастарымыздың жастары туралы айтпағанда еуропадағы қазақ қандастарымыздың арасында қазақ тілінің жағдайының жыл өткен сайын нашарлап бара жатқаны байқалуда.

Осы сынды олқылықтардың алдын алу мақсатында еліміздің еңселі оқу орындарының бірі 80 жылдық тарихы бар әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті шетелдердегі замандас қандастарымызға арнап дайындық бөлімін ашқан болатын.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің дайындық факультеті  2001 жылдан бері Қазақстанның жоғары оқу орындарына түсу үшін кешенді тестілеуге дайындау мақсатында қазақ диаспора өкілдерін оқытып келеді. Ең алғашқы жылдары тек Қытай, Моңғолия республикаларынан келген болса, кейін еуропадан да келе бастады.

Атап айтар болсақ, Түркия, Германия, Сауд Арабия, Франция, Швеция, Иран, Ұлыбританиядан келсе, кейінгі жылдары Ресей, Латвия, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркменстан, Тәжікстан елдерінен келуде. Биыл  факультетке Австрия, Иордания  елдерінен де қазақ диаспора өкілдері де келіп білім алуда.

Бүгінде әлемнің әр қиырындағы бірнеше елдерінде 5 миллионға жуық қазақтар тұрады. Тәуелсіздік алғаннан кейін ғана шетелдегі қандастарымызға есік кеңінен ашылған болатын. Сол кезден бастап сырттағы қандастарымыздың тарихи Отанына қайтуға, ата-бабаларының кіндік қаны тамған жерге келуге деген ынталары жылдан- жылға артты. Дәл алғашқы жылдары дайындық факультетіне келгендер саны біртіндеп көбейді.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 2006 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін оқуға түсуге келген қазақ диаспорасы өкілдерінен құжаттар қабылдап келуде. 2006 жылы - 1040 тыңдаушы, 2007 жылы – 800 тыңдаушы, 2008 жылы - 405 тыңдаушы, 2009 жылы - 257 тыңдаушы, 2010 жылы – 240 тыңдаушы құжат өткізген. Ал 2011 жылы -156 тыңдаушы,     2012 жылы – 117 тыңдаушы, 2013 жылы – 160 тыңдаушыдан құжат қабылданды.

Дайындық бөлімінің қабылдау комиссиясына көбінесе көрші Қытай Халық Республикасынан, Моңғолиядан келетін қазақ диаспора өкілдері құжаттар өткізуде. Ал соңғы жылдары дайындық бөліміне Өзбекстан, Қырғызстан, Түркменстан, Тәжікстан елдерінен де көптеп келуде. Алғашқы жылдары дайындық бөлімдеріне оқуға келген қазақ диаспора өкілдері көп мәртелі визамен келсе. Соңғы екі жылда жоғары оқу орнына оқуға түскен тыңдаушыларға бір жылға үш мәртелі оқу визасын беруде. Ал қазіргі таңда көрші ҚХР-да виза алу мәселесінен қиындықтар тууда.

Біріншіден - алыс-жақын шетелдерден келетін қазақ диаспора өкілдеріне дайындық бөлімдеріне құжаттар тапсыру мерзімі мен емтихан уақыты нақты көрсетіліп тиісті жерлерге жеткізілсе деген ұсыныстар бар.

Екіншіден - дайындық бөлімдерінің қабылдау комиссиясына оқуға түсу үшін құжат тапсырған қандастарымызға виза мәселесі көп қиындықтар туғызуда. Көптеген шетелден келетін қазақ жастары құжаттар қабылдау кезінде ол жақтан виза мәселесіне байланысты құжаттар өткізе алмауы және емтихандарға үлгермеуі. Себебі олар  туристік  немесе туыстарының шақыртуымен келеді. Осы мәселені мемлекеттік деңгейде шешуге болатын шығар? Қандастарымыз Қазақстанға оқуға келу үшін басқа жол қарастыру керек шығар? – деп ойлаймын.

Үшіншіден - соңғы уақытта Қытай Халық Республикасынан дайындық бөліміне емтихан тапсырып оқуға түскен қазақ диаспора өкілдеріне виза – ең өзекті мәселе болып отырғаны бәрімізге мәлім. Қазақстанның жоғары оқу орнының дайындық бөліміне түскен диаспора өкілдерінен жатақханаға орналасу үшін оқу визасы қажет.

Төртіншіден - Қазіргі таңда виза алу ҚР Сыртқы істер министрлігі арқылы екі апта дайындалады. Бірақ та соңғы жылдары визаның кешігіп берілуіне байланысты дайындық бөліміне оқуға түскен тыңдаушылар уақытында оқу орнына жете алмауда. Сол себепті көптеген тыңдаушыларымызды оқудан қол үзгендігі үшін шығарылуда.

Бесіншіден - жылдан-жылға шетелден келетін тыңдаушылардың ол жақта орта мектептегі білімдерінің төмендігінен, және қытай мектептерінде қытай тілінде оқығандықтарынан дайындық факультетіне түсу үшін тапсыратын тест нәтижесі орташа көлемде. 

Оралмандар тестің нәтижесі шыққаннан кейін дайындық факультеттеріне бөлінетіні анық. Соңғы жылдары барлық тест тапсырған тыңдаушылар оқуға қабылдануда.

Қазіргі уақытта факультетіміз шетелдік қазақ жастары оқу мәселесін шешуге жағдай жасау керек.  Бұл-мемлекет тарапынан шешілетін мәселе. Тыңдаушылардың Қазақстанға кіру визасы және үгіт насихат жұмыстары жасалса, барлық елдерден келетіні мәлім. Дәлірек айтсақ, кейінгі жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде  оқуға барлығы өтініш білдіреді. Осы университетте қалып терең білім алғылары келетін жастар саны көбейуде. Осы мәселені алдағы уақытта жақсылап қолға алса шетелдегі қазақ жастары өз отанына оқуға көптеп келеді деген ойдамыз.

Елбасымыздың тікелей қамқорлығы арқасында осы уақытқа дейін шет елдерден қоныс аударған 1 миллионға жуық отандастарымыз, оның ішінде әсіресе, жастар жағы жоғары оқу орындарына түсіп, кейін оны аяқтап, әртүрлі салаларда қызмет етуде. Атап айтар болсақ, алғашқы шәкірттеріміз             Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің дайындық факультетінде оқытушы. Сондай-ақ, радио-телеарналарда, баспасөз орталықтарында, кішігірім мекемелерде қызмет етуде. Бұл қол жеткізген   нәтижелерімізді мақтанышпен айтуға болады.

ӘМІРХАНОВ МАРАТ БОЛЫСБЕКҰЛЫ

 әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Халықаралық

білім беру департаменті директорының орынбасары  (Алматы қ.)


Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті