Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | 2014 жылғы конференциялар

2014 жылғы конференциялар

     Алматыда 5-желтоқсанда «Орталық Азияның қазақ диаспорасы: тарихы – мәдениеті – ескерткіштері» деп аталатын халықаралық ғылыми конференция өтеді. Оны Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты, Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы және «Ғылым Ордасы» Ғылыми кітапханасы бірлесіп ұйымдастырып отыр.

    Конференцияның мақсаты мен міндеттері

     Қазақ диаспорасының мәселелеріне арналған кезекті ғылыми форумның басты мақсаты жаңа этномәдени, этнографиялық, этносоциологиялық, ескерткіштанулық және т.б. зерттеулердің нәтижелерін халыққа таныстыру болып табылады. Бұл зерттеулер ең алдымен соңғы жылдары ТЭИ Этнология бөлімінің жүргізген және басқа да Орталық Азия (Моңғолия, Қытай, РФ Алтай Республикасы) және Орта Азия өңірлеріндегі қазақ диаспорасы мәселесімен айналысатын бір топ ғалымдардың ізденістері.  Халықаралық конференцияның маңызды мақсаты қазақ диаспорасының қазіргі кездегі этномәдени, әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктері, Қазақстан Республикасының байланыстарының кеңеюі контекстіндегі Орталық Азия өңірінің этномәдени құндылықтарының сақталуының маңызды және өзекті мәселесін қамту болып табылады.

      Орталық Азиядағы (кең мағынада)  қазақ диаспорасы  көптеген (3,5 млн. адамға жуық) шетелдік қазақтардың репрезентативті бөлігін құрайды. Бұл бөлікте қазақтың дәстүрлі этникалық мәдениетінің элементтері белгілі дәрежеде сақталған. Сонымен қатар қазақ диаспорасында қазіргі әлемге әлеуметтік-экономикалық жағынан бейімделуі мен интеграциясы негізінде этномәдени өзгерістер орын алып отыр. Өте жоғары дәрежеде бұл үрдістер Қытай және Моңғолия (Үлкен Алтай диаспорасына ) қазақтарына қатысты, бұл шетелдегі қазақ этносының көрнекті және динамикалық даму үстіндегі бөлігі болып табылады. Олардың ортасында ежелден этнографиялық мәдениеттің көптеген элементтері жаңа әлеуметтік-экономикалық үрдістер ықпалында сақталып келеді.  Өңірдегі қазақ диаспорасын кешенді этномәдени зерттеу және қайталанбас мұраны халыққа таныстыру, қазіргі кездегі этноәлеуметтік және басқа да үрдістерді жан-жақты зерттеу Қазақстанның және көрші елдердің этнолог, тарихшы, мәдениеттанушыларының және басқа да мамандарының ғылыми және қолданбалы міндеті болып табылады.

      Қазіргі қазақ диаспорасының мәселелерін ұжымдық көпжоспарлы етіп талқылаудың жалпы мәдени, әлеуметтік-саяси маңызы өте зор. Өйткені диаспора мемлекетаралық екі жақты тиімді және жақсы көршілік қатынаста маңызды роль атқарады. Диаспораның тұрақты кәсіби этномониторингі геосаяси жағынан және Қазақстанның Орталық Азия елдерімен толыққанды қарым-қатынас жасауы үшін аса маңызды және уақыттың талабы саналады.

      Жоспарланған ғылыми форум қазақ диаспорасын зерттеуді тереңдетуде, келешек зерттеулердің әлеуетін анықтауда, халыққа таныстыруда және өзіндік тарихи-мәдени мұраны сақтауда еліміздің саясатын шетел қазақтары қауымдастықтарымен қатынасты тиімді жалғастыруда маңызды роль атқарады.  

      Конференцияда келесі мәселелер талқыланады:

      1.  Орталық Азия және басқа да аймақтардағы қазақ диаспорасының қалыптасу тарихы;

  1. 2.  Орталық Азияның қазақ диаспорасы ареалындағы қазіргі кездегі этнографиялық, этномәдени зерттеулер;
  2. 3Дәстүрлі этникалық мәдениеттің негізі сақталған қазақ диаспорасының жағдайы және оның өзгеруі; 
  3. 4.  Орталық Азия және басқа да аймақтардағы қазақ диаспорасы ареалдарының мәдениеті және тарихи ескерткіштері, мәдени-мұрасы;
  4. Қазақ диаспорасының қазіргі этномәдениеті, әлеуметтік-экономикалық, демографиялық өсуі;
  5. 6.  Орталық Азиядағы қазақ диаспорасының ассимиляциялану және аккультурациялану үдерісі;
  6. 7.  Мигрант-«оралмандардың» әлеуметтік-мәдени бейімдеу мәселелері және т.б. үрдістер;
  7. 8.  Егемен Қазақстан және қазақ диаспорасы: Дүниежүзілік құрылтай, кіші құрылтай, шетелдегі мәдени орталықтар және т.б. 

      Суреттер көрмесі, кітаптар тұсаукесерін өткізу, Қытай және Моңғолия қазақтары жайлы фильмдер көрсету, ғылыми әдебиеттерді сату және алмасу негізінде киоск жұмыстарын жүргізу ұйғарылуда.  

                                                  Шақырамыз:

    Этнологтар, тарихшылар, мәдениеттанушылар, этноархеологтар, өнертанушылар, археологтар, пәнмен байланысты өкілдер, музей және ғылыми-зерттеу орталықтарының қызметкерлері және т.б.

        Конференцияның ресми тілдері: қазақ, орыс және ағылшын тілдері.

        Конференцияның жоспары:

 Пленарлық мәжіліс;   

  • Екінші симпозиум «Моңғолия қазақтары»
  • Секция жұмыстары:

 1-секция. Қазақ диаспорасының феномені: тарихы, ахуалы, болашағы.

 ҚР оралмандарының әлеуметтік-мәдени бейімделу мәселелері.

 2-секция. Дәстүр мен инновация тұрғысы арқылы қазақ диаспорасының мәдениеті.

 3-секция. Қазақ диаспорасының ареалындағы тарихи-мәдени ескерткіштері және басқа да мұраның түрлері.

Қатысудың шарттары

Баяндаманы (мақала, тезис) жариялау үшін материалдарды рәсімдеудің келесі талаптарға дәлме-дәл сай болуы қажет: баяндама мәтінінің  жалпы көлемі 7 беттен аспауы керек (конференцияның тақырыптарына байланысты болуы қажет), текст MS WORD редакторында терілген болуы қажет; файлдың аты және суреттер арнайы файлда jpeg түрінде автордың фамилиясымен жазылуы керек.  

 1. Таблицалардың, сызбалардың, суреттердің  атаулары болуы керек және  Windows-да терілуі шарт.

 2. Формат беті: А4.

 3. Шектері: жоғарғы –2 см, төменгі –2 см, оң жағы –1 см, сол жағы –3 см.

 4. Шрифт: Times New Roman, KZ Times New Roman, кегль – 12.

 

   5. Аралық интервал – бір.

 

6. Азат жол шегінуі: 0,95.

 7. Алдымен баяндаманың аты жазылады: жоғарғы жағында, ортасында БАС ӘРІППЕН (ҚАРА ЖАЛПАҚ ӘРІП).

 8. Баяндама атауының астында кіші әріппен (қара жалпақ әріп) ортасында  автордың аты-жөні Т.А.Ә. (толық) жазылады.

 9. Төменде мекеменің толық аты, автордың жұмыс орны жазылады.

 

10. Бір интервал арқылы азат жолдан кейін баяндама (мақала) материалдары кетеді.

 

11. Мақала соңында әдебиеттер тізімі (және деректер) орналасады, және жұмыстың сілтемесін ретімен сәйкестендіріп құрау. Мәтіндегі сілтеме тік бұрышты жақша ішінде сан арқылы рәсімделеді, оның көрсетілген әдебиеттері Тізімдегі деректерінің беттеріне сәйкес келуі керек, мысалы: [6,  2-б.].

 Барлық суреттер жақсы сапада болуы шарт және 300 dpi кем емес. Олар міндетті түрде мақалаға jpeg форматында қойылуы керек.

 Ұйымдастыру комитеті форум материалдарының Жинағын шығаруды  жоспарлауда.  Конференцияның бағдарламасына енгізу үшін форумға қатысушы адресін ұйымдастыру комитетінің тіркеуіне беруі қажет. Тек мәтіні мұқият өңделген мақалалар қабылданады.

   Өзге қалалық автордың форумға сырттай қатысуы қарастырылған. Бірақ, жинақты жіберу қарастырылмаған (өзі тасымалдайды).   

     Тіркеу 20-қазанға дейін, ал баяндама материалдары (мақалалар) 2014 жылдың 1-қараша айына дейін қабылданады.

 Іссапар шығыны        

 Іссапарға жіберген жақтың есебінен төлем жасау, тәуліктік шығындар мен жол шығындары қарастырылсын.

          Баяндаманы мына мекен-жайға жіберуіңізді сұраймыз:

 Қазақстан, 050010, Алматы қ., Шевченко көшесі, 28. ҚР БҒМ ҒК Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының этнология және антропология бөлімі («Конференция – Диаспора») немесе e-mail: conference.kd@gmail.com

 Сондай-ақ, баяндаманың көшірмесін Дүниежүзі қазақтары Қауымдастығының электрондық поштасына жолдаңыз: kulgazira_777@mail.ru;

 Байланыс түрлері

 Байланысушы тұлғалар

 (ғылыми-ұйымдастыру мәселелерін шешу үшін)

 Әжіғали Серік Ескендірұлы – т.ғ.д., проф., ҚР БҒМ ТЭИ этнология және антропология бөлімінің меңгерушісі.

 е-mail: s.azhigali@gmail.com; тел.: 8 (727) 261-65-57

 Балтабаева Күлғазира Нұранқызы – т.ғ.к., Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Талдау орталығының директоры.

 е-mail: kulgazira_777@mail.ru; тел.: 8 (727) 390-44-99; моб. +7 707 341 8398

 

Орынбаева Гүлмира Үсенбайқызы – ағқ, т.ғ.к. 

 

е-mail: orinbaevag@mail.ru; моб.: +7 701 370 7032

 Абдулина Ақсұнқар Тұрсынқызы – ағқ, т.ғ.к.

 е-mail: abd_aksunkar@mail.ru; моб.: +7 777 312 20 36

 Байланыс телефондары: 

Тел./факс 8 (727) 261-67-19; тел. 261-65-57

 Тіркеу үлгісі

Ер.  □                    Әйел.  □

 

  1. Ч

Тегі (қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде)

 

  1.  

Аты (қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде)

 

  1.  

Әкесінің аты (қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде)

 

  1.  

Ғылыми атағы, дәрежесі 

 

  1.  

Ұйым (ЖОО, ғылыми мекемелерінің атауы және оның мекен-жайы)

 

  1.  

Автордың мекен-жайы (индекспен көрсету міндетті)

 

  1.  

E-mail

 

  1.  

Телефон/факс (халықаралық байланыс кодымен)

 

  1.  

Баяндама тақырыбының  атауы (қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде)

 

  1.  

Секция, симпозиум, «дөңгелек үстел»

 

  1.  

Керекті техникалық жабдықтар

 

  1.  

Қонақ үй номерлерін брондау керек (ия/жоқ)

 

 

толығырақ

«Мөлдір» сібірлік қазақ мәдени орталығы өңірлік қоғамдық ұйымының 25 жылдығына арналған  «Еуразиялық кеңістіктегі қазақтар: тарихы, мәдениеті және әлеуметтік-мәдени үдерістері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция.

Ақпараттық хат

    Ресей Ғылым Академиясының Сібір Бөлімшесі Археология және этнография институтының Омбы бөлімшесі, Ф.М. Достоевский атындағы Омбы мемлекеттік университеті, Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы мен Өңірлік қоғамдық ұйымы Сібірлік «Мөлдір» қазақ мәдени орталығы 2014 жылдың 14 – 15 мамырында Сібірлік «Мөлдір» мәдени орталығының 25 жылдығына  арналған «Еуразиялық кеңістіктегі қазақтар: тарихы, мәдениеті және әлеуметтік-мәдени үдерістері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.

Қарастыруларыңызға келесі тақырыптар ұсынылады:

     - ҚР Президентінің, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының төрағасы Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауы «Қазақстан – 2050 Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа бағдары» және шетелдегі этникалық қазақтар: тарихи отанымен байланысты нығайту және өрістету;

     - Ресей және іргелес елдердегі қазақтардың тарихы мен мәдениеті;

    - жаһандану дәуіріндегі Ресей қазақтары: үрдістері (тенденции) мен даму келешегі;

    - тарихи Отандарынан сырттағы қазақтардың ұлттық білім алуы мен тілін сақтау мәселелері;

    - заманауи этникалық үдерістер;

    - қазақтың дәстүрлі мәдениеті;

    - қазақ мәдениетіндегі діни сенімдер мен бейнесінің көрінісі;

    - археологиялық, этнографиялық және мәдениеттану зерттеулеріндегі қазақ мәдениеті;

   - мұражай жинақтарындағы қазақтардың тарихи-мәдени мұралары;

- қазақ ұлттық-мәдени және қоғамдық ұйымдары: құрылу тарихы, қызметі және мемлекеттік, ғылыми, мәдени мекемелермен, қоғамдық және саяси бірлестіктерімен өзара байланысы, Қазақстанға қазақтардың оралуының өзекті мәселелері.

Конференцияға қатысу үшін 2014 жылдың 15 наурызына дейін Ұйымдастыру комитетінің атына электронды поштамен өтінім және мақала жолдау қажет. Файлдың атауы автор(лар)дың аты-жөніне сәйкес келуі керек. Егерде материалдары бар хатты алғаны жөнінде дәлелдеме келмеген жағдайда, құжатты қайта жолдауды өтініп сұраймыз.

Конференция қазақ және орыс тілдерінде өтеді.

 Өтінім (әрбір авторға жекелей толтырылады):

Аты-жөні (толықтай)

Ғылыми дәрежесі, атағы

Жұмыс орны

Қызметі

Жұмыс орнының мекен-жайы (индексімен)

Телефон

Электронды поштасы

Баяндаманың тақырыбы

                    Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы:

644024, Россия, г. Омск, пр. Маркса, 15.

Омский филиал Института археологии и этнографии СО РАН

Сектор этнографии (каб. 13) - Ахметова Шолпан Камалидиновна

Тел.: (381-2) 37-17-48; 37-17-49

Факс: (381-2) 37-17-49

Моб. тел: 8-950-790-71-52

E-mail: ack-sholpan@yandex.ru;

E-mail: kulgazira_777@mail.ru (Балтабаева Кулгазира Нурановна, г. Алматы, 8(727)3904499; 8 707 341 8398)

 

Мақаланы рәсімдеуге қойылатын талаптар

Жалпы көлемі (мақаланың негізгі мәтінін, кестелер, иллюстрациялар, библиографиялық тізім, аннотацияны қосқанда) 15 мың белгіні бір шегінуден аспауы тиіс. Мәтін Microsoft Word мәтіндік редакторымен терілуі керек, шрифт  түрі «Times New Roman», кегль 12, 1,5 интервал аралығында, азат жол шегінуі  – 1,25 см, түзулеу – көлденеңінен, көшірмесіз, азат жол шегінуде  табуляцияны жүргізбеу қажет, сөздер разраядкамен бөлінеді, автоматты режимде орындалатын командаларды пайдалану міндетті, макросты пайдаланыңыз, мәтінді шаблон пішімінде сақтаңыз.

Автордың аты-жөні, ұйымның атауы мен мақаланың атауы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жолданады.

Графика, карталар мен диаграммалар ақ-қара түсті болуы керек. Суреттер мен фотографиялар 300 dpi физикалық шешімде болуы қажет, штрихтік суреттер – 600 dpi кем болмауы керек. Фотографиялардың детальдары жақсы өңделген контрасты болуы қажет. Редакция түрлі-түсті иллюстрацияларды ақ-қара түсті амалмен жариялау қақын өз еркіне қалдырады. Қолжазбаға қосымша берілетін иллюстрацияға мақаланың мәтінінде сілтемесі болуы қажет. Жоғарыда аталғандардың барлығы да жекелей ұсынылады.

Кестелер мәтінге бір беттен екінші бетке ауысқанда үзіліссіз орналастырылады.

Мақала мәтініндегі сілтемелер (мысалы, грант санын көрсеткенде) тиісті беттердің соңында беріледі. Сілтемелердің реттік саны араб сандарының ретімен қойылады.

Пайдаланылған әдебиеттерге берілген сілтемелер қолжазба мәтінінде тік бұрыш жақшаның ішінде әліпби ретімен келтіріледі. (мысалы: [Вадецкая и др., 1980, с. 54; Древние культуры…, 1994, с. 115; Зданович, 1984, с. 201; Морозов, 1976]).

Қысқартулар, дереккөздері мен әдебиеттер тізімі – мәтін соңында. Ескертпелер – негізгі мәтінге түсініктемелер және толықтырулар болған жағдайда – мәтінде соларға қатысты тұстарға жұлдызша белгісін (*) қою қажет, ал ескертпенің өзін тік жақшаның ішінде іле-шала берген жөн. Мысалы: Введение* [* Данная статья...].

Әдебиеттер тізімі әліпби тәртібімен беріледі, оның ішінде ең біріншщі орында кириллицада басылып шыққан жұмыстар тұруы керек. Бір автордың еңбегі хронологиялық (жалнамалық) жүйемен беріледі. Соңғы он жылда жарияланған жұмыстар үшін міндетті түрде баспа және беттері көрсетіледі. Осы тізімге пайдаланылған дереккөздер де кірістіріледі: құжаттар, мұрағат материалдары, мұражай топтамалары, далалық зерттеулер есебі, археологиялық топтамаларға ғылыми төлқұжаттардың жарияланымдары.

 

 Үлгі:

Д.А. Аманжолова

Россия, Москва, Российский государственный университет туризма и сервиса

ИСТОРИКО-КУЛЬТУРНЫЙ ТУРИЗМ КАК ФАКТОР ГУМАНИТАРНОГО СОТРУДНИЧЕСТВА РОССИИ И КАЗАХСТАНА

 Список источников и литературы:

Алексеев В.П. География человеческих рас. – М.: Наука, 1974. – 777 с.

Археологические исследования Энской пещеры / В.В. Васин, И.И. Иванов, П.П. Петров, С.С. Сидоров. – Новосибирск: Изд-во Ин-та археологии и этнографии СО РАН, 1999. – 999 с.

Иванов П.И. Палинология стоянки Детский Сад II // Каменный век на территории Алтая. – М.: Артимс, 1999. – С. 77–99.

Иванов П.И. Психология запоминания // Вопр. психологии. – 1966. – № 1. – С. 12–34.

 Скрипка А.С. К датировке некоторых типов сарматского оружия // Учен. зап. Ленингр. пед. ин-та. – 1977. – Вып. 2. – С. 66–77.

Бобров В.В. Олень в скифо-сибирском искусстве (тагарская культура): автореф. дис. ... канд. ист. наук. – Новосибирск, 1973. – 35 с.

Исаев М.И. [Рецензия] // Изв. АН СССР. Сер. лит. и яз. – 1986. – № 3. – С. 30–31. – Рец. на кн.: Иванова Р.П. Медвежий праздник у кетов. – М.: Изд-во Моск. гос. ун-та, 1986. – 222 с.

Морозов В.М. Отчет об археологических работах, произведенных в Тюменской области в 1975 г. - Свердловск, 1976 // Архив ИА РАН. Р-I, № 5278.

Budd P. Alloying and metallworking in the copper age of Central Europe // Bull. of the Metals Museum. - Sendai, 1992. - Vol. 17. - P. 3–14.

Radivojevic M., Rehren T., Pernicka E. et al. On the origins of extractive metallurgy: new evidence from Europe // Journ. of Archaeol. Science. -2010. - № 37. - P. 2775–2787.

 Пример оформления ссылки на электронные ресурсы:

Каирбекова А.Р. Узор алаши ложится как стих…( о казахских тканых коврах) // Деловой Усть-Каменогорск. - 2005. - № 6. [Электрон. ресурс]. Режим доступа: http://www.silkroadadventures.net/ru/Kazakhstan/13Culture/13Culture-12.html, свободный (дата обращения: 11.05.2013).

 Губкинский // Википедия - свободная энциклопедия [Электрон. ресурс]. Режим доступа: http://ru.wikipedia.org/wiki/Губкинский (дата обращения: 22.10.2012).

 

Конференцияны ұйымдастыру комитеті конференция тақырыбына  және рәсімдеу талабына сәйкес келмейтін материалдарды қабылдамау құқын өз құзырына қалдырады.

Материалдар авторлық редакцияда жарияланады, авторлар берілген мәліметтердің нақтылығына жауапкершілікті өз міндеттеріне алады.

    Әріптестер, ақпараттық хаттың таралуына үлес қосуларыңызды өтініп сұраймыз. Рақмет!

 

толығырақ

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті