Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

2014 жылғы конференциялар

Басты бет | 2014 жылғы конференциялар | «Еуразиялық кеңістіктегі қазақтар: тарихы, мәдениеті және әлуеметтік-мәдени үдерістері»

«Мөлдір» сібірлік қазақ мәдени орталығы өңірлік қоғамдық ұйымының 25 жылдығына арналған  «Еуразиялық кеңістіктегі қазақтар: тарихы, мәдениеті және әлеуметтік-мәдени үдерістері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция.

Ақпараттық хат

    Ресей Ғылым Академиясының Сібір Бөлімшесі Археология және этнография институтының Омбы бөлімшесі, Ф.М. Достоевский атындағы Омбы мемлекеттік университеті, Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы мен Өңірлік қоғамдық ұйымы Сібірлік «Мөлдір» қазақ мәдени орталығы 2014 жылдың 14 – 15 мамырында Сібірлік «Мөлдір» мәдени орталығының 25 жылдығына  арналған «Еуразиялық кеңістіктегі қазақтар: тарихы, мәдениеті және әлеуметтік-мәдени үдерістері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.

Қарастыруларыңызға келесі тақырыптар ұсынылады:

     - ҚР Президентінің, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының төрағасы Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауы «Қазақстан – 2050 Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа бағдары» және шетелдегі этникалық қазақтар: тарихи отанымен байланысты нығайту және өрістету;

     - Ресей және іргелес елдердегі қазақтардың тарихы мен мәдениеті;

    - жаһандану дәуіріндегі Ресей қазақтары: үрдістері (тенденции) мен даму келешегі;

    - тарихи Отандарынан сырттағы қазақтардың ұлттық білім алуы мен тілін сақтау мәселелері;

    - заманауи этникалық үдерістер;

    - қазақтың дәстүрлі мәдениеті;

    - қазақ мәдениетіндегі діни сенімдер мен бейнесінің көрінісі;

    - археологиялық, этнографиялық және мәдениеттану зерттеулеріндегі қазақ мәдениеті;

   - мұражай жинақтарындағы қазақтардың тарихи-мәдени мұралары;

- қазақ ұлттық-мәдени және қоғамдық ұйымдары: құрылу тарихы, қызметі және мемлекеттік, ғылыми, мәдени мекемелермен, қоғамдық және саяси бірлестіктерімен өзара байланысы, Қазақстанға қазақтардың оралуының өзекті мәселелері.

Конференцияға қатысу үшін 2014 жылдың 15 наурызына дейін Ұйымдастыру комитетінің атына электронды поштамен өтінім және мақала жолдау қажет. Файлдың атауы автор(лар)дың аты-жөніне сәйкес келуі керек. Егерде материалдары бар хатты алғаны жөнінде дәлелдеме келмеген жағдайда, құжатты қайта жолдауды өтініп сұраймыз.

Конференция қазақ және орыс тілдерінде өтеді.

 Өтінім (әрбір авторға жекелей толтырылады):

Аты-жөні (толықтай)

Ғылыми дәрежесі, атағы

Жұмыс орны

Қызметі

Жұмыс орнының мекен-жайы (индексімен)

Телефон

Электронды поштасы

Баяндаманың тақырыбы

                    Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы:

644024, Россия, г. Омск, пр. Маркса, 15.

Омский филиал Института археологии и этнографии СО РАН

Сектор этнографии (каб. 13) - Ахметова Шолпан Камалидиновна

Тел.: (381-2) 37-17-48; 37-17-49

Факс: (381-2) 37-17-49

Моб. тел: 8-950-790-71-52

E-mail: ack-sholpan@yandex.ru;

E-mail: kulgazira_777@mail.ru (Балтабаева Кулгазира Нурановна, г. Алматы, 8(727)3904499; 8 707 341 8398)

 

Мақаланы рәсімдеуге қойылатын талаптар

Жалпы көлемі (мақаланың негізгі мәтінін, кестелер, иллюстрациялар, библиографиялық тізім, аннотацияны қосқанда) 15 мың белгіні бір шегінуден аспауы тиіс. Мәтін Microsoft Word мәтіндік редакторымен терілуі керек, шрифт  түрі «Times New Roman», кегль 12, 1,5 интервал аралығында, азат жол шегінуі  – 1,25 см, түзулеу – көлденеңінен, көшірмесіз, азат жол шегінуде  табуляцияны жүргізбеу қажет, сөздер разраядкамен бөлінеді, автоматты режимде орындалатын командаларды пайдалану міндетті, макросты пайдаланыңыз, мәтінді шаблон пішімінде сақтаңыз.

Автордың аты-жөні, ұйымның атауы мен мақаланың атауы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жолданады.

Графика, карталар мен диаграммалар ақ-қара түсті болуы керек. Суреттер мен фотографиялар 300 dpi физикалық шешімде болуы қажет, штрихтік суреттер – 600 dpi кем болмауы керек. Фотографиялардың детальдары жақсы өңделген контрасты болуы қажет. Редакция түрлі-түсті иллюстрацияларды ақ-қара түсті амалмен жариялау қақын өз еркіне қалдырады. Қолжазбаға қосымша берілетін иллюстрацияға мақаланың мәтінінде сілтемесі болуы қажет. Жоғарыда аталғандардың барлығы да жекелей ұсынылады.

Кестелер мәтінге бір беттен екінші бетке ауысқанда үзіліссіз орналастырылады.

Мақала мәтініндегі сілтемелер (мысалы, грант санын көрсеткенде) тиісті беттердің соңында беріледі. Сілтемелердің реттік саны араб сандарының ретімен қойылады.

Пайдаланылған әдебиеттерге берілген сілтемелер қолжазба мәтінінде тік бұрыш жақшаның ішінде әліпби ретімен келтіріледі. (мысалы: [Вадецкая и др., 1980, с. 54; Древние культуры…, 1994, с. 115; Зданович, 1984, с. 201; Морозов, 1976]).

Қысқартулар, дереккөздері мен әдебиеттер тізімі – мәтін соңында. Ескертпелер – негізгі мәтінге түсініктемелер және толықтырулар болған жағдайда – мәтінде соларға қатысты тұстарға жұлдызша белгісін (*) қою қажет, ал ескертпенің өзін тік жақшаның ішінде іле-шала берген жөн. Мысалы: Введение* [* Данная статья...].

Әдебиеттер тізімі әліпби тәртібімен беріледі, оның ішінде ең біріншщі орында кириллицада басылып шыққан жұмыстар тұруы керек. Бір автордың еңбегі хронологиялық (жалнамалық) жүйемен беріледі. Соңғы он жылда жарияланған жұмыстар үшін міндетті түрде баспа және беттері көрсетіледі. Осы тізімге пайдаланылған дереккөздер де кірістіріледі: құжаттар, мұрағат материалдары, мұражай топтамалары, далалық зерттеулер есебі, археологиялық топтамаларға ғылыми төлқұжаттардың жарияланымдары.

 

 Үлгі:

Д.А. Аманжолова

Россия, Москва, Российский государственный университет туризма и сервиса

ИСТОРИКО-КУЛЬТУРНЫЙ ТУРИЗМ КАК ФАКТОР ГУМАНИТАРНОГО СОТРУДНИЧЕСТВА РОССИИ И КАЗАХСТАНА

 Список источников и литературы:

Алексеев В.П. География человеческих рас. – М.: Наука, 1974. – 777 с.

Археологические исследования Энской пещеры / В.В. Васин, И.И. Иванов, П.П. Петров, С.С. Сидоров. – Новосибирск: Изд-во Ин-та археологии и этнографии СО РАН, 1999. – 999 с.

Иванов П.И. Палинология стоянки Детский Сад II // Каменный век на территории Алтая. – М.: Артимс, 1999. – С. 77–99.

Иванов П.И. Психология запоминания // Вопр. психологии. – 1966. – № 1. – С. 12–34.

 Скрипка А.С. К датировке некоторых типов сарматского оружия // Учен. зап. Ленингр. пед. ин-та. – 1977. – Вып. 2. – С. 66–77.

Бобров В.В. Олень в скифо-сибирском искусстве (тагарская культура): автореф. дис. ... канд. ист. наук. – Новосибирск, 1973. – 35 с.

Исаев М.И. [Рецензия] // Изв. АН СССР. Сер. лит. и яз. – 1986. – № 3. – С. 30–31. – Рец. на кн.: Иванова Р.П. Медвежий праздник у кетов. – М.: Изд-во Моск. гос. ун-та, 1986. – 222 с.

Морозов В.М. Отчет об археологических работах, произведенных в Тюменской области в 1975 г. - Свердловск, 1976 // Архив ИА РАН. Р-I, № 5278.

Budd P. Alloying and metallworking in the copper age of Central Europe // Bull. of the Metals Museum. - Sendai, 1992. - Vol. 17. - P. 3–14.

Radivojevic M., Rehren T., Pernicka E. et al. On the origins of extractive metallurgy: new evidence from Europe // Journ. of Archaeol. Science. -2010. - № 37. - P. 2775–2787.

 Пример оформления ссылки на электронные ресурсы:

Каирбекова А.Р. Узор алаши ложится как стих…( о казахских тканых коврах) // Деловой Усть-Каменогорск. - 2005. - № 6. [Электрон. ресурс]. Режим доступа: http://www.silkroadadventures.net/ru/Kazakhstan/13Culture/13Culture-12.html, свободный (дата обращения: 11.05.2013).

 Губкинский // Википедия - свободная энциклопедия [Электрон. ресурс]. Режим доступа: http://ru.wikipedia.org/wiki/Губкинский (дата обращения: 22.10.2012).

 

Конференцияны ұйымдастыру комитеті конференция тақырыбына  және рәсімдеу талабына сәйкес келмейтін материалдарды қабылдамау құқын өз құзырына қалдырады.

Материалдар авторлық редакцияда жарияланады, авторлар берілген мәліметтердің нақтылығына жауапкершілікті өз міндеттеріне алады.

    Әріптестер, ақпараттық хаттың таралуына үлес қосуларыңызды өтініп сұраймыз. Рақмет!

 

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті