Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Ұлттық тағамдар мен сусындар

Басты бет | Ұлттық тағамдар мен сусындар | Қазақтың ұлттық тағамдарында қазіргі заманға лайық жеңіл тамақтар жетіспейді - Е. Әбдіразақов

         Қазақстандықтар заманауи үлгідегі жаңа бірегей ұлттық жеңіл тамақтарға мұқтаж. Бұл туралы бүгін өзінің «Заманауи қазақ тағамын жасау идеялары мен құралдары» атты жобасын таныстыру барысында Centras Capital компаниясының басшысы Елдар Әбдіразақов мәлім етті.  

        «Қазақтың ұлттық тағамдары тек жоғары сапалы сүт және ет өнімдерінен ғана тұрмауы керек. Олардың арасында жеміс-жидектер, көкөністер, теңіз өнімдері, тұздықтар, дәмдеуіштер де болуы шарт. Бұл жерде тағамдар жергілікті өнімдерден жасалып, қазақстандық сипатқа ие болуы керек», - дейді Е. Әбдіразақов.

        Оның пікірінше, қазақ халқының ұлттық асханасында тағамдар саны шектеулі, бірақ, олар өте құнарлы. 

        Мысалы, 100 грамм асылған етте 600-ден 1 мыңға дейін килокалория, бауырсақта - 234, қуырдақта - 247, палауда - 218 килокалория бар екен.

         «Өкінішке қарай, қазақтың ұлттық асханасында «снэк» (жеңіл тамақ), яғни тез тамақтану ұғымы жоқ. Қонақ келсе, қой соямыз.

         Дастарқанға қуырдық, ет асып, бауырсақ қоямыз. Ал бізге бүгінгі таңда қазақша бургерлер, панинилер, сэндвичтер керек. Қазір заман басқа», - деді Е. Әбдіразақов.

         Таныстыру барысында ол шетелдік қонақтардың Қазақстанға келуге ынтық екендігін айтты. Бірақ, олар ұлттық тағамдардың жеңілдеу болғанын қалайды екен. 

       «Олар үнемі дәстүрлі ұлттық тағамдардың жеңілдеу сипатта жасалғанын сұрайды», - деді ол.

         http://www.inform.kz/kaz/article/2925339

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті