Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Ұлттық тағамдар мен сусындар

Басты бет | Ұлттық тағамдар мен сусындар | Таразда қымыз өндірушілердің Қауымдастығы құрылды

Таразда қымыз өндірушілердің Қауымдастығы құрылды

          Жамбыл облысында ұлттық өнім - қымызды өндірушілердің «Қазақ қымызы» қауымдастығы құрылды.
    «Қазақ қымызы» қауымдастығы қымыз өндіретін ұсақ тауар өндірушілерді ауылшаруашылық кооперативтеріне айналдыру мақсатында құрылды. Қауымдастық ұлттық өнімнің ел ішіндегі өндірісін ұлғайтып қана қоймай, оны шетелге экспорттауға қолғабыс ететін болады. Атап өтілгендей, қымыздың шет елдегі басты сатып алушылары - Ресей, Қытай, Венгрия және Австрия.
     Қауымдастықтың қоғамдық кеңесінің алғашқы жұмыс отырысы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде (ТарМУ) өтті. Іс-шара барысында «Заң» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы Дүйсенбек Ыбыналиев ұйымның мүшелеріне куәліктер табыс етті.
    Қауымдастықтың құрметті президенті болып ТарМУ-дің ректоры Махметғали Сарыбеков сайланды, деп хабарлады ЖОО-ның баспасөз қызметінен. Қауымдастық президенті болу «Заң» ЖШС-нің директор орынбасары Элмира Ыбыналиеваға жүктелді. Ұйымға барлығы 22 адам мүше болды.  

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті