Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Ұлттық ойындар

Басты бет | Ұлттық ойындар | Шөгеннен республикалық турнир өтті

     

    2017 жылы наурыздың 28-30 аралығында «Almaty Horse & Polo Club» ат спорты кешенінде аренадағы шөгеннен Республикалық турнир ұйымдастырылды.

      Турнирде Ақмола облыстық шөген федерациясы, сондай-ақ «Әулиеата» шөген клубы, Astana Polo Club және Almaty Polo Club командалары өзара бақ сынады.

     Әр команда айналмалы жүйе бойынша бір-бірімен 3 чакерден ойнап шықты:

28 наурыз:

Almaty Polo Club 8 : 5 есебімен «Әулиеата» шөген клубын озып өтті. Сондай-ақ Astana Polo Club Ақмола облыстық шөген федерациясының командасымен сайысқа түсіп, 11 : 3 есебімен сенімді жеңіске жетті.

29 наурыз:

Almaty Polo Club командасы Ақмола облыстық шөген федерациясы командасын 10:2 есебімен жеңіп, көш басынан көрінуін жалғастырды. Ал Astana Polo Club 13:14 есебімен «Әулиеата» шөген клубының жеңісіне жол ашып берді.

30 наурыз :

«Әулиеата» шөген клубы Ақмола облыстық шөген федерациясы командасын 8:3 есебімен басып озды. Қызу тартыста Astana Polo Club қарсыласы Almaty Polo Club-ты 6:3 есебімен жеңді.

Осылайша, командалар келесі орындарға ие болды:

1 орын – AstanaPoloClub; 2 орын - Almaty Polo Club; 3 орын - «Әулиеата» шөген клубы

Ұйымдастырушысы: Қазақстан шөген федерациясы. Жүлде қоры – 1млн. тенге.

Бас серіктес: «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ.

Әлеуметтік серіктес: «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры.

      Қосымша ақпаратты Қазақстан шөген федерациясының баспасөз қызметінен мына телефондар бойынша алуға болады: +7 747 755 5145, +7 7172 678 258 press@kazpolo.kz,  Гульжанат Абдимомынова.

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті