Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Ұлттық экономика

Басты бет | Ұлттық экономика | «Қорғастағы» кәсіпкерлер форумы енді Қазақстан-Қытай қарым-қатынасының дамуына тың серпін бермек

   

   «Қорғас» халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығы Қазақстан-Қытай қарым-қатынасының дамуына тың серпін беретін жаңа іскерлік алаңына айналды. Бұл мәселе «Атамекен»  ҚР Ұлттық кәсіпкерлік палатасы мен Қорғас қаласының әкімдігінің қолдауымен өткен 12 мамыр күні «Қорғас» халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығында өткен кәсіпкерлер форумы кезінде қозғалды.

        Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған кәсіпкерлер форум жұмысы кезінде қытайлық әріптестерімен танысып, іскерлік байланыс орнатып, келісімшарттар жасасты. Бизнестің түрлі саласында жұмыс жасайтын олардың айтуынша, бұл маңызы зор үлкен шара. Енді ол өз жалғасын тауып, іскерлік байланыстың дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын жиынына айналуы тиіс. Сонда ғана екі елдің іскерлік ортасындағы ынтымақтастық қарым-қатынастары жаңа сатыға көтеріліп, шағын және орта бизнес саласының өкілдері үшін жаңа нарық ашылып, мүмкіндіктер молаяды. Олардың бұл өтінішін ҚР Ұлтық кәсіпкерлік палатасы да, «Қорғас» ХШЫО мен Қытай аумағындағы Қорғас қаласының әкімдігі де қолдап келесі форумды жаздың аяқ шенінде не күзде ұйымдастыруға өз уәделерін берді.   

        «Мұнда форум екі елдің кәсіпкерлерне келіссөз жүргізу үшін өте ыңғайлы. Бұл ынтымақтастықты жеңілдетеді және ешкім мұнда арнайы виза толтырмайды. Бүгін мен мұнда туризм саласында қызмет жасайтын бірқатар серіктестерімд кезіктірдім. Бұған дейін сәуір айында Алматыда өткен халықаралық туристік көрмеге қатысып қайтқам. Жалып біздің компания мемлекет пен жеке серіктестік аясында құрылған. Жарғылық капиталымыз 250 млн. юань. Негізгі қызметіміз Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда және туризм салаларындағы ынтымақтастықты дамыту. Қытайлықтардың  ұлттық мәдениеті тұрғысынан Қазақстанға деген қызығушылығы өте зор. Олар Қазақстанға келу үшін топтық туристік визаны көп қолданады. Қытайлық туроператорлар Қытайға саяхаттайтын   Қазақстан мен Орталық Азия елдері үшін «Қорғас» халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығында виза бөлімін ашты. Онда топтық виза екі күннің ішінде  рәсімделеді. Олар 30 күг бойы Қытайдың барлық аймағында бола алады. Қойылатын талап топта ең кемінде 2 адам болу керек және олар Қытайға «Қорғас» ХШЫО арқылы өтуі тиіс», – дейді  Қорғас сауда-туристік компаниясының директоры Хуан Ли Пин.

       «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлік палатасының Атырау облысындағы өңірлік кеңесінің төрағасы Абай Жұмағұлов: «Біз Оңтүстік Қазақстан облысындағы Түлкібас ауданында жеміс-жидек консерві зауытын ашқан едік. Бұл форумға өз өнімдерімізді ала келіп, қытайлық инвесторларға көрсетіп жатырмыз. Қытай халқының экологиялық жағынан таза азық-түлік өніміне деген сұранысынының жоғарылығын тиімді пайдаланып,  бұл нарыққа шығарылатын өнім көлемін ұлғайту. Қазір біз «Қорғас» ХШЫО аумағында өз сауда орнымызды аштық. Алайда онда саудаланатын өнім көлемі аз. Үлкен көлемдегі өнімді өткізе  алатын ірі компаниялармен келісімшарт жасасқымыз келеді. Мүмкіндік болса шетелдік инвенсторларды тартып, бірлескен өндіріс орындарын ашуға да мүдделіміз» дегенді айтты. Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданындағы фермерлер одағының төрағасы Оралбай Досымовтың сөзіне қарағанда, аудандағы ауыл шаруашылығына жарамды 65 мың гектар жердің 70 пайызы қаражаттың тапшылығнан игерілмей жатыр. Мұндай жағдай тіпті 2, 3, 5 мың гектар жері бар ірі кооперативтердің де басында тұр. Сол себепті олар бұл форумға жалға алған өз жерлерін бірлесіп игеру үшін шетелдік инвесторлар табу үшін келіп отыр. Мүмкіндік туып жатса, бірлескен кәсіпорындар құру жағдайын талқылап көреді.

    Ерлік Ержанұлы

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті