Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Ұлттық экономика

Басты бет | Ұлттық экономика | Қазақстан Зимбабведе платина өндіруге қатысады

     Зимбабвенің New Zimbabwe сайтында Қытайдың Xinhua агенттігінің Қазақстанның Todall компаниясы Зимбабведегі Боқай платина кенішін сатып алғаны жайлы жазылған «Кабинет Қазақстанмен платина шахтасына қатысты бірлескен жобаны мақұлдады» деген хабарламасы шақты.

       Зимбабвенің шахталар және шахталарды дамыту министрі Уолтер Чидхакваның сөзінше, «қазақстадық инвестор мен Қазақстан билігі бірге иелік ететін жаңа қазақстандық компания Бокай кенішін Лондон биржасында зимбабвелік компаниядан сатып алған». Бұған қоса, Xinhua агенттігінің хабарлауынша, министр «кенішке иелік етуге кірісу үшін жуырда жаңа инвестор хабарласты, екі шахтаны суға батыру мен өзге даму жобаларына олар қазірдің өзінде 60 миллионнан көп АҚШ долларын жұмсады деп мәлімдеген». Зимбабве министрі кенішті сатуға министрлер кабинетінің наразы болғанын айтқан, бірақ «олар кен өндіру басталатынына келісті» деп мәлімдеген.

        Зимбабведегі Бокай кенішіндегі платина қоры 15 миллион унция деп бағаланады. Платина қоры жағынан Зимбабве әлемде Оңтүстік Африка республикасынан кейін екінші орында тұр. Әлгі сайтта Зимбабвенің алтыннан кейінгі негізгі экспорт өнімі - платина екені айтылған. Todall қазақстандық компаниясы жайлы әлдебір қосымша мәліметтер табу мүмкін болмады, әзірше интернеттен де ешқандай ақпарат табылмады.

      https://www.azattyq.org/a/press_review_kazakhstan_zimbabwe_mining_platinum/28512234.html

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті