Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Ұлттық экономика

Басты бет | Ұлттық экономика | Қазақстан қой етінің экспортын 50 есеге арттырмақшы

      Қазақстан қой етінің экспортын 50 есеге арттырмақшы Бұл туралы бүгін Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Төлеутай Рахымбеков мәлім етті.  Қазақстан қой етінің экспортын 2021 жылға қарай 50 есеге арттыруды жоспарлап отыр.

       «Индикативті мәліметтер бойынша, 2021 жылға қарай Қазақстанда қой етінің экспорты 10 мың тоннаға жетеді. 2016 жылы Қазақстан жалпы 191 тонна қой етін шетелге жөнелткен. Қазір біз жыл сайын 150 мың тонна қой етін өндіреміз. Ішкі тұтыну көлемі - шамамен 111 мың тонна. Біз өзіміздің қажеттілігімізді 130-140 процентке өтеп келеміз. Яғни, ішкі нарыққа қажетті нормадан 30-40 мың тоннаға көп шығарамыз. Бізге ішкі нарыққа нұқсан келтірмей-ақ 30-40 мың тонна қой етін сыртқа экспорттауға болады», - деді вице-министр баспасөз мәслихатында. Оның айтуынша, қазір Қазақстан қой етін Иранға тасымалдауға мүмкіндік алды. Себебі Иранмен бірлескен ветеринарлық сертификаттар жасалды. Араб Әмірліктеріне де жол ашық, қазір Израиль тарапымен де келіссөздер жүргізілде.

      Т. Рахымбековтің сөзіне қарағанда, Қытай тарапы Қазақстаннан қой етін алуға мүдделі. Себебі жыл санап қытайлықтардың азық-түлікке деген сұранысы артқан, ішкі өнімдердің көлемі жеткіліксіз. Осы мақсатта сәуір айының соңында Қытайдан келген арнайы инспекциялық топ Қытай нарығы үшін жабық Қазақстанның бес облысына тексеріс жүргізген. Енді маусым айында түбегейлі шешім шығарылса, аталмыш облыстардан ет тасымалдауға жол ашылады.

      «Қазақстан Қытайдың азық-түлікке деген сұранысын қамтамасыз ете алады деп айту қиын. Қытайда өмір сапасы артқан сайын тамақтану мәдениеті де өзгеріп жатыр. Бұрын өздеріңіз білесіздер, Қытай халқы нанды өте аз тұтынды. Егер қазір әрбір қытайлық күніне бір тілім нан жейтін болса, Қытайға жылына 25 млн тонна бидай қажет болады. Ал Қазақстан жалпы 20 млн тонна ғана астық жинайды», - деп атап өтті ол.

 https://egemen.kz/article/qazaqstan-qoy-etininh-eksportyn-50-esege-arttyrmaqshy 

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті