Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Ұлттық экономика

Басты бет | Ұлттық экономика | Қытайдан Еуропаға бағыталған пойыздардың 80 пайызы Қазақстан арқылы өтеді

 Қытайдан Еуропаға бағыталған пойыздардың 80 пайызы Қазақстан арқылы өтеді

        2016 жылы «Алашанькоу-Достық» бақылау-өткізу бекеті арқылы ҚХР-дан Ортылық Азия мен Еуропаға бағытталған темір жол құрамдары рекордтық көрсеткішке жетті.
     Қытайлық Алашанькоу бекеті әкімшілігінің мәліметінше, 2016 жылы аталған өткелден Орталық Азия мен Еуропаға бағыт алған 1 200-ден астам жүк құрамдары жүрді. Осы арқылы 2011 жылдан бастап биылдың мамыр айының соңына дейін бекет арқылы өткен тауарлық құрамдардың саны 3 000 асты.
     2017 жылдың төрт айында кері бағытта, яғни Қытайға 162 темір жол жүк құрамы жетіп, 3 млрд юань (440 млн доллар) сомасында 43 мың тонна жүк тасымалданды.
     Тауарлық құрамдар Қытайға құрғақ сүт, балалар тағамы, ІТ-технология, көлік бөлшектері, сондай-ақ инженерлік және медициналық жабдықтарды жеткізді.
      Белгілі болғандай, ҚХР тарапы «Қытай-Еуропа» темір жол жүк тасымалының 51 бағдарын іске қосты, олар ҚХР-дың 28 қаласын еуропалық 11 елдің 29 шаһарымен байланыстырады. «Бір белдеу, бір жол» бастамасының негізгі бөлігі ретінде тікелей туарлық құрамдар Қытай мен Еуропа арасындағы сауда байланыстарын айтарлықтай нығайтты.
     Қытайдағы «ҚазАқпарат» ХАА-ның меншікті тілшісіне берген сұхбатында «Чэнду» құрғақ портының басшысы Чэнь Чжэнвэй Қытайдан Еуропаға бағыт алған пойыздардың 80 пайызы Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесі мен Қазақстан арқылы жүретіндігін атап айтты.
    Бұдан бұрын 2017 жылдың шілдесіне дейін Сычуань оңтүстік-батыс  провинциясының Чэнду қаласындағы «Цинбайцзян» темір жол портынан «Қытай-Қазақстан-Ресей» және «Қытай-Қазақстан-Өзбекстан-Түркменстан-Иран-Түркия»  бағыттарында алғашқы жүк құрамдары жөнелтілетіні айтылған еді.

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті