Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Ұлттық экономика

Басты бет | Ұлттық экономика | Қазақстан Қытайға 5 миллиард текше метрге дейін табиғи газ экспорттайтын болады

         

    Астанада «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мен CNPC Корпорациясы басшыларының кездесуі өтіп, оның барысында екі елдің басты мұнай-газ компанияларының қазақстандық газды экспорттау бойынша өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.           Тараптар 2017-2018 ж.ж. кезеңінде Қазақстаннан Қытайға табиғи газ жеткізудің мүмкіндігін талқылап, 5 миллиард текшеметрге дейінгі көлемде  қазақстандық газды экспортқа сату шартына қол қоюға келісті. Мұнай-газ компанияларының басшылары өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Құжат өнімді жеткізу көлемдерін, бағасын және сапасын, сондай-ақ қытай тарапының газды қабылдап алу орны – «Қорғас» шекара пункті деп айқындалды.

       «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқармасының Төрағасы  Сауат Мыңбаев Астанада қол қойылған меморандум, Қазақстан мен Қытайдың екіжақты өзара тиімді ынтымақтастығын одан әрі нығайтуға мықты негіз болып табылады деп атап өтті.

     «ҚазТрансГаз» АҚ директорлар Кеңесінің төрағасы Қайрат Шәріпбаевтың пікірінше, қазақстандық газды тасымалдаудың транзиттік және экспорттық бағыттарын әртараптандыру, сондай-ақ көгілдір отын экспортының көлемін ұлғайту - мемлекет басшысы белгілеген стратегиялық міндет. Қытайға қазақстандық газды экспорттау туралы уағдаластыққа қол жеткізуге экспортқа бағытталған тасымал жүйесін қалыптастыру жөніндегі өте ауқымды және күрделі жұмыстар арқылы қол жетті: «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбыры салынды, «Қазақстан-Қытай» магистральдық газ құбырының үшінші тармағын пайдалануға енгізу және жоғары технологиялық «Бозой», «Қараөзек» компрессорлық станциялары мен «Ақыртөбе» сығымдау компрессорлық станциясының салынуы.

       Кездесуде аталып өтілгендей, қазақстандық газды Қытайға жеткізу екіжақты өзара тиімді қарым-қатынастарға, сондай-ақ Еуразия елдері арасында инфрақұрылым құруға және сауда, көліктік байланыстарды жолға қоюға бағытталған «бір белдеу, бір жол» бастамасы шеңберінде ынтымақтастық қарым-қатынастарын бірлесіп қамтамасыз етуге  және ілгерілетуге ықпал ететін болады.


         «ҚазТрансГаз" АҚ – Қазақстандағы газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық  оператор.  «ҚазТрансГаз» АҚ компаниялар тобының құрамына газ өндіретін, тасымалдайтын және өткізетін және оның өнімдерін қайта өңдейтін кәсіпорындар мен ұйымдар кіреді.  

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті