Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Ұлттық экономика

Басты бет | Ұлттық экономика | Астана банкі IPO-ға шығады

 

      «Астана банкі» АҚ директорлар кеңесі инвесторлардың кең тобына ұсыну үшін өз қарапайым акцияларын Қазақстан қор биржасында орналастыру жөнінде шешім қабылдады.

       Банктің қазіргі бизнес үлгісі технологиялық қызметтерді дамыту арқылы пайызсыз табыс көлемін арттыруға, сондай-ақ, жоғары маржиналдылықты сақтай отырып, төлем карталар нарығындағы қызметін кеңейтуге бағытталған.

       Александр Шагубатов, «Астана банкінің» тәуелсіз директоры:  «Қазіргі таңда «Астана банкі» белсенді өсу кезеңінде тұр. Соңғы үш жылда банк бекітілген стратегиясы аясында тұрақты дамуды көрсетіп, барлық басты элементтерінің жұмысын жөнге салды. Қазіргі таңда банк карталарын 300 мыңнан аса клиент қолдануда, ал біздің қорымыз ай сайын 10-12%-ға өсіп отырады. Жыл соңына қарай қолданылатын карталар саны 500 мыңға жетеді деп күтудеміз, ал 2019 жылы Қазақстанда мобильдік банк қолданушыларының саны жағынан көшбасшыға айналуды көздеп отырмыз. Банк транзакциялық банкингті жан-жақты дамытып,  ШОБ-ті несиелеуге кеңінен қолдау көрсетуде».

      «Астана банкі» АҚ-ның қарапайым акциялары маусымның соңында саудалана бастайды, тикері - ABBN. IPO-ның индикативтік бағасы – бір акция үшін 1 150 теңге. IPO-ға орналастырылатын акциялардың саны – 2,1 млн. дана,  орналастырылым көлемі – 2,5 млрд. теңге.

      Ескендір Майлыбаев, «Астана банкі» басқарма төрағасы: «Инвесторлардан тартылған қаржы ары қарай банктің өнімдер тізімін, IT-инфрақұрылымын дамытуға және де клиенттер қорын ұлғайтуға бағытталатын болады».

      «Фридом Финанс» компаниясы сабағаттық қолдау көрсететін орналастырымның андеррайтері болып табылады, сондай-ақ, ол маркет-мейкер рөлін атқарып, баға белгіленімін қолдаумен айналысатын болады.

      Тимур Турлов, «Фридом Финанс» ИК бас директоры: «Біз банк акционерлері мен басшылығының бизнес жүргізудің жаңа айқындылық деңгейіне өтуге деген ұмтылысын, өз бағалы қағаздарын тартымды баға бойынша ірі инвесторларға ғана емес, сондай-ақ, жеке тұлғалардың кең тобына ұсынуға деген ниетін қызу қолдап отырмыз. Қаржы секторындағы жалпы тоқырауға қарамастан, бірегей нарықтық стратегиясы және банк көрсеткіштерінің айрықша өсуі арқасында банк акцияларының құны айтарлықтай өсе алатындығын көріп отырмыз».

     «Астана банкі» АҚ акционері Тоқтаров Олжас акцияларды сатып алу кезінде оған артықшылық беретін құқығы аясында банктің қарапайым акцияларын 2 млрд. теңге сомасына сатып алып отыр.

      Наталья Хорошевская, Қазақстан қор биржасы басқарма төрайымының орынбасары: Инвесторлардың кең тобы үшін «Астана банкі» АҚ-ның акцияларын бастапқы орналастыру жалпы нарыққа және де компанияның өзіне әлбетте оңынан ықпал жасамақ. Банктің IPO аясында табысқа жетуі компанияның инвесторлардың сенімінен шыға білгендігінің және де корпоративтік басқарудың жоғарғы деңгейіне өткендігінің белгісіне айналмақ, өйткені акционері көп компанияға айналу дегеніміз айқын бизнес қатынастарды құруды және де жоғары бизнес-әдепті ұстануды білдіреді. Өз кезегінде KASE қор нарығын дамыту, сондай-ақ, Биржа аясында қаржы тартуы үшін эмитенттерге барынша жайлы жағдайларды ұсына отырып, биржа алаңына жаңа эмитенттерді тарту бағытында белсенді шараларды қабылдап келеді. Мәселен, 1 маусымнан бастап Биржада негізгі, балама және аралас алаң сынды үш негізгі бөліктен тұратын ресми тізімнің жаңа құрылымы ендірілді. Алаңдарды осылайша бөлудің арқасында әртүрлі даму сатысында тұрған сан алуан көлемдегі компаниялардың нарыққа шығу жағдайлары тереңірек әртараптандырылмақ, сонымен бірге, инвесторларға да Биржа тізімін жақсы түсініп, саудаланып отырған құралдардың өтімділік деңгейі мен онымен байланысты тәуекелдерді жете бағалау оңайырақ болады».

     Анықтама:

     Астана банкі 2008 жылдан бастап өз қызметін жүргізіп келеді, ал 2014 жылдан бастап «Астана банкі» деген жаңа сауда белгісімен жұмыс жасауда. 2017 жылы Fitch Raitings халықаралық рейтингтік агенттігі Банкке «Тұрақты» деген болжаммен «В-» деңгейінде ұзақ мерзімді несиелік рейтингті берді.

        «Фридом Финанс» – брокерлік және консалтингтік қызметтердің кең түрлерін ұсынатын инвестициялық компания. Несие өтеу қабілеті А деңгейінде, яғни «Несие өтеу қабілеті жоғары деңгейде» деген рейтинг берілген (RAEX рейтингтік агенттігі («Эксперт РА»). Келесі аталымдар аясында жеңімпаз деп танылған: «Нарық көшбасшысы», «Жыл андеррайтері», «Жылдың маркет-мейкері» (2017 жылы, Қазақстан қор биржасы). KASE-те 12 бағалы қағаз бойынша маркет-мейкер болып табылады.

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті