Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Ұлттық экономика

Басты бет | Ұлттық экономика | Қазақстандық бренд тұңғыш рет Monde Selection алтын сапа белгісін алды

      Ендігі жерде елімізде шығатын TURAN табиғи минералды суының сыртына әлемдік сапаның алтын белгісі соғылатын болады.

      Маусымда Мальта аралында Monde Selection сапасы халықаралық тәуелсіз сараптамасының жеңімпаздарын ресми түрде марапаттау рәсімі өткен. Мәреге тек жапондық су бренды мен айналып келгенде алтын сапа белгісіне ие болған қазақстандық TURAN табиғи минералды суы шықты. TURAN табиғи минералды суы жасы 15 мың жылдан асатын жерасты валдайлық мұздық көзінің орнындағы Құскөлден (Көкшетау қыраты, Көкшетау-Бурабай) алынады.
     Monde Selection халықаралық тәуелсіз сараптамасының Қазылар алқасы Мишлен ресторандарының атақты аспаздарынан, сомелье, ғалым-диетологтардан және әлемнің тамақ индустриясының технологтарынан тұрады. Сондықтан Monde Selection марапаты бүкіл әлемде әділдігімен жоғары бағаланып және сөзсіз сенім ұялатады.
   Алдымен Monde Selection сапа белгісі халықаралық сараптамасын тамақ өнімдерінің индустриясы ресторан индустриясының атақты Мишлен жұлдыздарымен жиі салыстыратынын айта кетуге болады.
   Осылайша тарихта алғаш рет қазақстандық бренд халықаралық сапа институтының сараптамасына ілігіп, бірден жылда алтын иеленіп кетіп жүрген жапондық ең үздік өндірушілермен бір сатыдан табылды. Енді бұл алтын әлемдік сапа белгісі ретінде TURAN-ның этикеткасының сәнін келтірмек.
   Asia Waters компаниясының бас директорының орынбасары Шалқар Нұртілеуовтің айтуынша, жапондық өкілдер Қазақстанда шығатын TURAN суының бөтелкесін таңдана қараған. Ал суды татып көргенде, дереу байланыс телефондарын сұраған.
    – Жасыратыны жоқ, бұл біз үшін қандай мақтаныш болса, еліміз үшін де сондай мәртебе. Біз енді Жапон мемлекетіне TURAN суын экспорттау ұсынысын қарастырып жатырмыз, – дейді Asia Waters компаниясының басшылары.
      2017 жылы Monde Selection-да әлемнің 80 мемлекетінен 2156 бренд ұсынылса, оның тек 500-і ғана сараптамаға іліккен.
    Monde Selection 1961 жылдан бері судың, алкогольді және алкогольсіз сусындардың, ірімшіктердің, шоколадтар мен басқа да әлемнің көптеген тамақ индустриясындағы өнімдеріне сараптама жүргізеді. Сараптама арқылы этикеткада көрсетілген ақпараттың қаншалықты сәйкестігін тексереді. Өнімнің сапасын анықтайтын отыздан сексенге дейін аралықтағы өлшемдерге сәйкес сараптамадан өткен өнімге қола, күміс немесе алтын беріледі. Ал бұл сапаны бірнеше жыл аралығында ұстаған жағдайда  өнім Гранд-алтынды да ала алады.
      Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

 https://egemen.kz/article/qazaqstandyq-brend-tunhghysh-ret-monde-selection-altyn-sapa-belgisin-aldy

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті