Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Қазақ жері

Басты бет | Қазақ жері | Еліміздегі тарихи-мәдени ескерткіштердің 80 пайызы ОҚО-да орналасқан

Еліміздегі тарихи-мәдени ескерткіштердің 80 пайызы ОҚО-да орналасқан

     Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы ОҚО-да туризмді дамытудың тура жолдарын анықтап берді. Осылай деген Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев еліміздегі тарихи-мәдени ескерткіштердің 80 пайыздан астамы Оңтүстік жерінде орналасқанын айтты.
    «Көне заманнан тарих пен руханияттың орталығына айналған Оңтүстік Қазақстанда республика бойынша тарихи-мәдени ескерткіштердің 80 пайыздан астамы орналасқан. Сондықтан, өлкемізде туризм индустриясын жан-жақты дамытуға барлық мүмкіндіктер бар. Бүгінгі күні осы бағытты дамыту үшін 3 басымдыққа көңіл аударып отырмыз. Біріншісі туристік инфрақұрылымды дамыту, оның ішінде серпінді жобаларды жүзеге асыру. Олар Түркістан, Шардара, Сарыағаш, Қасқасу кешендері. Екіншісі қызмет көрсету сапасын арттыру болса, үшінші басымдық өңірдің туристік әлеуетін насихаттау және жарнамалау болып табылады», - деп атап өтті әкім.
    Мәселен, облыста «Қасқасу» тау-шаңғы курорты, «Сарыағаш» жаңа курорт қалашығы, Түркістан мен Отырарда тарихи-танымдық туризм кешені, ал Шардарада жағажай туризмі дамытылатын болады. Нәтижесінде, 2021 жылы ішкі туризм көлемін 220 000 адамға және кіру туризмінің көлемін 20 000 адамға  арттыру жоспарлануда.
     Сонымен бірге облыста туризм индустриясының дамуына Елбасымен ұсынылған «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары», «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы», «Мәдени-географиялық белдеу» жобалары үлкен үлесін қосқалы отыр.
     Нақты айтқанда, «Ханқорған», «Сайрам», «Ескі шаһар, Шымкент», «Күлтөбе», «Көне Түркістан», «Оқсыз» арнайы бағыттары ашылған жағдайда көптеген жұмыс орындары ашылып, салық көбейіп, туристік сауда түрлері дамиды, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.   

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті