Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жолдауға қолдау

Жолдауға қолдау

 

     ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа ұсынатын жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауы бүгінде жұртшылық асыға күтетін үлкен бір оқиғаға айналды. Өйткені қоғамның дамуы үшін маңызды реформалық өзгерістерге бұрын бір емес бірнеше жыл қажет болса, қазір оны жаңа технологияның жетістігімен қысқа уақыттың ішінде жүзеге асыруға мүмкіндік туып отыр.

        Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» деп аталатын биылғы Жолдауын: «Мен Қазақстан халқына жаңа дәуір қарсаңғында сөз арнап отырмын» деп бастауы тегін емес. Мемлекет басшысы –  «Болашағын айқындап, сын-қатерлерді күтіп отырмастан, оған табанды түрде қарсы тұра алатын халық қана жеңіске жетеді. әлемде кезекті, Төртінші өнеркәсіптік революция басталды. Экономиканы жаппай цифрландыру тұтас саланың жойылуына және мүлде жаңа саланың пайда болуына алып келеді. Біздің көз алдымызда болып жатқан ұлы өзгерістер – әрі  тарихи сын-қатер, әрі Ұлтқа берілген мүмкіндік» дегенді жайдан-жай айтып отырған жоқ.

     Елдің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін экономикалық өсімнің жаңа моделін жасауда шетелдегі 5 млн-ға жуық қандастармыздың әлеуметтік, демографиялық, мәдени, экономикалық және саяси әлеуеті де назардан тыс қалмайды деп үміттенеміз. Олармен мәдени қарым-қатынас орнатып, ұлттық рухани тұрғыдан қолдау көрсетіп жүрген Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Елбасы Жолдауында айтылған Қазақстанды жаңғыртудың бес негізгі басымдығын насихаттау және түсіндіру жұмысын жоспарға сай жүргізетін болады. Бұл бағытта жылдағы дәстүр бойынша, Жолдаудың мәтінін Қытайдағы қазақтар үшін Ахмет Байтұрсынов әдіпбиі бойынша, Ресейдегі қазақтар үшін кириллицамен, Еуропадағы қазақтар үшін латын әліпбиімен қазақша-орысша, қазақша-өзбекше, қазақша-мұңғылша, қазақша-ағылшынша және сұранысқа қарай өзге де тілдерге аударамыз. Оны шетелдегі ұлттық-мәдени орталықтар арқылы және Қауымдастық ұйымдастыратын және оның атсалысумен өтетін түрлі құрылтайлар, конференциялар, дөңгелек үстел жиындары мен мәдени, спорттық және тағы басқа да шараларда шетелдегі қандастарымызға тарататын боламыз. Сондай-ақ Қазақстанның жетекші ғалымдары мен қоғам қайраткерлерінің көмегімен түсіндіру, талдау, насихаттау жұмыстарын жүргізеді.

      Жалпы тәуелсіздік жылдары Атажұртқа оралған 1 млн-ға жуық қандастарымыз Қазақстанның дамуына қосқан үлесі қомақты болғанын бүгінде ешкім жоққа шығармайды. Оның ең маңыздысы олардың мемлекет құраушы ұлттық кеңестік дәуірде құлдырап кеткен үлесін,  өзінің тарихи орнына қайта шығаруы деуге болады. Шетелден келген қандастарымыз өзімен бірге адам капиталын ғана емес, шетелдік қаржы мен технологияны инвестициялауға жол ашты. Бұл үрдіс  алдағы уақытта да әлі талай уақыт бойы өз жалғасын таба беретін болады. Бабалармыздың «Елге ел қосылса құт» деген нақылы осындай жағдайға орай айтылғаны күмәнсіз. Елдігіміздің баянды, мемлекетіміздің бәсекеге қабілеттігінің  жоғары болуы тек қазақстандықтардың ғана емес, сыртта жүрген қазақтардың да асыл арманы. Ал оған өз үлесін қосу баршаның азаматтық парызы.

  Талғат Мамашев, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Төралқа төрағасының бірінші орынбасары     

толығырақ

      Бельгияда өмір сүріп жатқан қазақ диаспорасы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын және қолға алынған конституциялық реформаларды толық қолдайды.

       Қазақстан Тәуелсіздіктің 25 жылында Бірінші және Екінші жаңғырудан сәтті өтіп, енді Үшінші жаң­ ғыруды еңсеру қарсаңында тұр. Бұл орайда, Елбасы Жолдауының бірінші басым бағыты ретінде атап көрсетілген экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуының маңызы зор. Еуропада жаңа технология әлеуеті барлық салада көрініс тапқан. Біздің еліміз де жоғары деңгейде жетілдірілген технологияларды игеруде үлкен жетістіктерге жетеді деп ойлаймыз.

    Тәуелсіздіктің 25 жылында Қазақстан әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарынан орын алды. Бізге енді дамыған 30 елдің сапына қосылу қажет. Бұл мақсатқа жету үшін Қазақстанда барлық мүмкіндіктер бар. Біз алда тұрған міндеттерді жоспарланған мерзімнен бұрын орындап шыға аламыз.

      Біз сыртта жүрсек те, Қазақстанда болып жатқан жаңа­ лықтарға үнемі назар аударып жүреміз. Мәселен, бельгия­ лық қазақтар Конституцияға енгізілген өзгерістерді оң көз­ қараспен қабылдады. Бұл қадам Қазақстанда тиімді, орнықты және заманауи басқару жүйесінің құрылуына жол ашады.

     Ақмарал ӘМІРҚҰЛОВА, Бельгиядағы «Шаңырақ» қазақ диаспорасы ұйымының жетекшісі

     "Егемен Қазақстан" газеті 10 сәуір, 2017 жыл

толығырақ

   Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» деп аталатын биылғы Жолдауы жылдағыдан өзгеше болды. Бұл оның мазмұны мен көтерген жүгінің айтарлықтай салмақты да күрделі болғандығынан болса керек. Сондықтан да ол жұртшылықтың асықпай жата-жастана жатып оқып, терең ой елегінен өткізіп, әркімнің өзінше бір түйін жасауы үшін баспасөз бетінде жарияланып отыр. Оны түсіндіру, талқылау, талдау жұмыстары бүгінде жер-жерде жүргізілуде. Бұл шара тек қазақстандықтардың өзі ішінде ғана емес, әлемнің түкпір-түкпіріндегі дипломатиялық өкілдіктер мен түрлі деңгейдегі мәдени, ғылыми, саяси және тағы басқа да түрлі ұйымдар мен мекемелерде де өз жалғасын табуда. Баспасөзде материалдар жарияланып, қоғамның әрқилы саласының белсенді өкілдері өз көзқарастарын білдіріп, пікірлерін қоғам талқысына салуда. Өйткені Қазақстан қазір әлемдік қоғамдастықта өз орнын айшықтап, белсенді түрде аймақтық, халықаралық және әлемдік деңгейдегі ықпалдастық үдерістерінің бел ортасында жүр. Ширек ғасырдың ішінде дамудың социалистік жүйесінен нарықтық үлгісіне жылдам өтіп қана қоймай, әлемнің бәсекеге қабілетті озық 50 мемлекетінің қатарынан табылған Қазақстанның жолы бүгінде өзгелер үшін үлгі-өнеге ретінде ұсынылуда. Біз бұған қуана отырып, елімізді мақтан тұтып, өзгелерге мақтаныш етуден еш жалықпаймыз.

      Қарқынды түрде өзгеріп келе жатқан жаңа жаһандық болмыс пен  оны қабылдау арқылы ұлттық ерекшелікті сақтай отырып, бәсекеге қабілетті үздік 30 елдің қатарынан табылуды мақсат тұтқан Қазақстан мен оның Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың берік ұстанымы шетелдегі қазақтар үшін де зор абырой. Біз «Қазақстан-2050» стратегиясының мәні мен маңызы қоғамдағы оң өзгерістердің барысына да байланысты екенін білеміз, түсінеміз және қолдаймыз.

    Қазақ-Түрік білім және зерттеу қауымдастығының төрағасы Шабан Серкан Динчтүрк

 

 

толығырақ

        Дәстүрлі Жолдаудың: «Мен Қазақстан халқына жаңа дәуір қарсаңында сөз арнап отыр­ мын», деп басталуы тегін емес. Мемлекет басшысы «Болаша­ ғын айқындап, сын-қатерлерді күтіп отырмастан, оған табанды түрде қарсы тұра алатын халық қана жеңіске жетеді. Әлемде кезекті, Төртінші өнеркәсіптік революция басталды. Экономиканы жаппай цифрландыру тұтас саланың жойылуына және мүлде жаңа саланың пайда болуына алып келеді. Біздің көз алдымызда болып жатқан ұлы өзгерістер – әрі тарихи сынқатер, әрі ұлтқа берілген мүмкіндік», дегенді жайдан-жай айтып отырған жоқ.

       Елдің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін экономикалық өсім­ нің жаңа моделін жасауда шетелдегі 5 миллионға жуық қандасымыздың әлеу­ меттік, демографиялық, мәдени, эконо­ микалық және саяси әлеуеті де назардан тыс қалмайды деп үміттенеміз. Олармен мәдени қарым-қатынас орнатып, ұлт­ тық рухани тұрғыдан қолдау көрсетіп жүрген Дүниежүзі қазақтары қауым­дастығы Елбасы Жолдауында айтылған Қазақстанды жаңғыртудың бес негізгі басымдығын насихаттау және түсіндіру жұмысын жоспарға сай жүргізетін болады.

       Бұл бағытта жылдағы дәстүр бойынша, Жолдаудың мәтінін Қытайдағы қазақтар үшін Ахмет Байтұрсынов әліпбиі бойын­ ша, Ресейдегі қазақтар үшін кириллица­ мен, Еуропадағы қазақтар үшін латын әліпбиімен орыс, өзбек, моңғол, ағылшын және сұранысқа қарай өзге де тілдерге аударамыз. Оны шетелдегі ұлттық-мәдени орталықтар арқылы және Қауым­ дастық ұйымдастыратын және оның атсалысумен өтетін түрлі құрылтайлар, конференциялар, дөңгелек үстел жиындары мен мәдени, спорттық және тағы басқа да шараларда шетелдегі қандас­ тарымызға тарататын боламыз. Сондай-ақ, Қазақстанның жетекші ғалымдары мен қоғам қайраткер­ лерінің көмегімен түсіндіру, талдау, наси­ хаттау жұмыстары жүргізіледі.          Жалпы, Тәуелсіздік жылдары атажұртқа оралған 1 миллионға жуық қандасымыз Қазақстанның дамуына қомақты үлес қосқанын бүгінде ешкім жоққа шығар­ майды. Оның ең маңыздысы олардың мем­ лекет құраушы ұлттың кеңестік дәуірде құл­ дырап кеткен үлесін, өзінің тарихи орнына қайта шығаруы деуге болады. Шетелден келген қандастарымыз өзімен бірге адами капиталын ғана емес, шетелдік қаржы мен технологияны инвестициялауға жол ашты. Бұл үрдіс алдағы уақытта да үзіліссіз өз жалғасын таба беретін болады.

      Бабаларымыздың «Елге ел қосылса – құт» деген нақылы осындай жағдайға орай айтылғаны күмәнсіз. Елдігіміздің баянды, мемлекетіміздің бәсекеге қабілеттілігінің жоғары болуы тек қазақстандықтардың ғана емес, сыртта жүрген қазақтардың да асыл арманы.

     Талғат МАМАШЕВ, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Төралқа Төрағасының бірінші орынбасары

  https://www.egemen.kz/2017/02/24/104437 

толығырақ

    Біз, Ресей қазақтары атаме­кен­нен жырақ жүрсек те, онда болып жатқан өзгерістерді сырттан қарап, қадағалап отырамыз. Өзге елде тұрып жатқаннан кейін бізге жырақ көрінеді, әйтпесе Ресей қашаннан Қазақстанның құдайы көршісі ғой. Сондықтан экономикада, әлеуметтік салада екі елдің алыс-берісі жеткілікті. Қазақстан қазір қай саланың дамуы болсын бұрынғы Кеңес Одағына қараған елдерден көш ілгері. Жақында интернеттен Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан хал­қына жолдаған «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын оқып шықтым. Әрине, мені атамекенім – Қазақстан экономикасының дамуы жотаға емес, көкке атылған шың­дарға ұмтылғандай әсер береді, даму қар­қыны таңдандырады. Ең бастысы, елді алға сүйреудің, дамудың нақты, сенімді әрі өршіл жоспар-мақсаты өзгеге үлгі алуға, үйренуге меңзегендей екен.

     Осыдан 25 жыл бұрын, Тәуелсіздігін енді алған кезде «Қазақстанға қиын болады, қашан зауыттар салады, өңдеу өнеркәсібін дамытады? Еуропаны айтпағанда, Кеңес Одағы құрамында бірге болған Ресей, Украина, Балтық бойлары елдерінің сол кездегі деңгейіне ол қай уақытта теңесер екен», деген ойды бәріміз де ойладық. Ал қазір Қазақстан ТМД елдерінің көбін шаң қап­тырды, алпауыттарға қарай адымдап келе­ді. Жолдауда бұл анық айтылады. Бүгін дү­ние жүзінде дамудың ерекше қарқыны бай­қалады. Дүние тез өзгеріп келеді. Жол­дауда Президент: «Еңбек өнімділігін айтар­лықтай арттыру керек. Бұл жердегі негізгі фактор Төртінші өнеркәсіптік революция эле­мент­терін жаппай енгізу болуға тиіс. Бұл – авто­маттандыру, роботтандыру, жасанды интел­лект, «ауқымды мәліметтер» алмасу, тағыс бас­қа міндеттер» деп көрсетеді. Соған орай тек экономикада ғана емес, өмірдің бар­лық саласында көптеген мақсат-міндеттер қояды.

       Сырттағы ағайынның байқауынша, бұрын Қазақстанда өнімді экспорттаудан гөрі импорттың үлесі басым болатын. Сырт­қа көбіне кен немесе астық секілді шикізатты шығарып отыратын. Қазір Қазақ­станда өндірілген тауарды дүниенің төрт бұрышы біледі. Мысалы, ауыл шаруа­шылығын алсақ, Қазақстанның сапалы ұнын Жер шарының алыс нүктелеріндегі ел­дер сұрап жатады. Бұл – шындық. Ал Жол­дауда Елбасы: «Үкімет алдында қазірдің өзінд­е 2025 жылға қарай шикізаттық емес экспортты 2 есе ұлғайту міндеті тұр» деп тапсырды. Демек, Қазақ­станда өңдеу кәсіпорны қарыштап дамуға беталды деген сөз.

       Дүниенің дамыған көп елдерін­де өңдеу кәсіпорны, орта және шағын бизнес экономиканың көп жүгін арқалайды. Қазақстанның экон­о­миканы осы жолға бағыт­таға­ны Елбасының бұрынғы Жолдауларынан да көрініс тапқан еді, бұл жолы нақтылаңқырап ай­тып­ты. Жолдауда бизнес-ортаны дамыту­ға екінші басымдық бере отырып: «Біздің стратегиялық мақ­саты­мыздың бірі – елдің ішкі жалпы өнімін­дегі шағын және орта бизнестің үлесі 2050 жылға қарай кем дегенде 50 пайыз болуын қамтамасыз ету», дейді. Кәсіпкерлікті дамы­ту­дың тетіктерін де тәптіштей айтады.

      Негізі Қазақстан Президенті бұрыннан кәсіпкерлікті дамытуға көп көңіл бөлгенін, тіпті кәсіпорындар еркін бел жазуы үшін тексеру орындарына мораторий жария­лағанын да білеміз. Бұл жолы да түсін­генім, Президент экономикадағы, оның ішінде бизнестегі мемлекеттің рөлін азайтып, кәсіпкерлікті барынша жаппай дамытудың мүмкіндіктер жолына бағыттайды, дүние жүзіндегі дамыған елдердің озық стан­дарттары мен тәжірибелерін енгізуді міндеттейді. Бизнес бәсекенің ісі, ол тек бәсекелі ортада дамиды. Мемлекеттік монополия бизнесті тек тұсайтыны белгілі, сондықтан Нұрсұлтан Әбішұлы бизнеске, кәсіпкерлікке барынша еркіндік беріп отыр.

          Тәуелсіздік алғанға дейін Қазақстан орталықтың шикізат қазанына айналғаны тарихтың ісі болып барады. Ал қазір Қазақстан экономикасының қарыштап дамығанын сол орталықтың мұрагер елі де көріп-біліп, мойындайды. Атамекеніміз, Қазақстанның, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық беделіне де сыртта отырып қуанамыз. Бұрынғы Кеңес Одағында ортақ қазанға қараған елдердің ешқай­сысында осы күнге дейін ең ірі сам­мит, Азия ойындары, Универсиада өт­кен емес. Мұның барлығы да алдымен Қазақ­стан­ды дүние жүзіндегі беделді ұйым­дар мен ірі елдердің мойындауы десек, екінші­ден экономиканың дамуына да байланысты.

         Қазақстанның Үшінші жаңғыруын, жаһандық бәсекеге қабілетті болуын міндет­теген Жолдауда айтылған мақсаттардың барлығы да орындаларына, Қазақстанның болашақта дамыған отыз елдің қатарынан орын аларына сенемін. Өйткені, осыған дейін Қазақстанның дамуы өзін дүние жүзі алдында дәлелдеді.

            Құрамыс НОҚАЕВ, кәсіпкер.  Ресей Федерациясы, Магнитогор қаласы

толығырақ

     Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақ­станның Үшінші жаң­ғыруы: жаһандық бәсекеге қабі­леттілік» тақырыбындағы өз Жол­дауында білім сапасын арт­тыруға, патриоттық тәрбие беру ісін және ғылыми бағдарламалар бо­йынша сыни ойлау дағдыларын дамыт­уға ерекше екпін берді.

      Өз елін сүйетін, жоға­ры білімді азамат­тары көп, бір мақсатқа жету жолында жұды­рық­тай жұмыл­ған ел ғана үлкен биіктер­ден көрі­нетінін меңзеген Прези­дент: «Бола­шағын айқын­дап, сын-қатер­лерді күтіп отырмастан, оған табанды түрде қарсы тұра алатын халық қана жеңіске жетеді», – деді.

    Сыни ойлай білу – дамудың қоз­ғаушы күші. Ғылыми сын адамзатқа ұлы жаңалықтар әкелді. Осы орайда, Елбасы ой-өрісі жоға­ры, білімді ұрпақ тәрбиелеу идея­сына баса назар аударды. Білімді экономикалық өсімнің жаңа моде­лі­нің тірегі етіп алу міндеті алға қойылды. Бұл жайт Жолдауда айқын көрініс тапқан.

      Жолдаудағы 4-ші басымдық адами капиталдың сапа­сын жақ­сартуға арналды. Бұл өте маңызды мәселе. Өйт­кені, тех­нологиялық жаңғырту, кәсіпкерлік, логистика, ауыл шаруа­шы­лығы, банк және басқа да сала­ларға қатысты бағ­дар­­ламаларды адами капи­тал­сыз жүзеге асыру мүмкін емес.

     Қазіргі таңда Қазақ­станның білім беру жүйе­сінде нәтижелі жұ­мыс­­тар жүргізілуде. Дегенмен, бұл салада келер ұрпақ үшін әлі де бол­са одан әрі атқарылуы тиіс жұмыс­тар бар. Оны ойдағыдай атқаруға Қазақстанның әлеуеті толық жетеді.

Есенғали ИБРАЕВ, Түмен облыстық Қазақ ұлттық-мәдени автономиясының төрағасы. Ресей Федерациясы

 

толығырақ

Қырғызстандағы қазақ диаспорасы Назарбаевтың Жолдауына пікір білдірді

            БАҚ-та қызу талқыға түскен Қазақстан Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауына шетелдік сарапшылар, соның ішінде шетелде тұратын қандастарымыз да пікір білдіруде. 
      Танымал қырғыз қоғамының қайраткері, «Қырғызстандағы қазақтар қауымдастығы» саяси кеңесінің мүшесі, запастағы генерал-майор Малик Жұмағұлов «ҚазАқпарат» ХАА-ның Бішкектегі меншікті тілшісіне берген сұхбатында өз пікірімен бөлісті.
      «Өзімнің тарихи отанымдағы жаңалықтарды әрдайым назардан тыс қалдырмаймын. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жолдауымен жіті таныстым. Бұл жаһандық экономика және саяси үдерістер мен болжамдарды сараптаудың негізінде дайындалған, уақтылы шыққан маңызды құжат екендігін атап өткім келеді», - деді генерал.
      Генерал Тәуелсіз Қазақстанның 25 жыл ішінде қол жеткізген жетістігін тілге тиек ете отырып, «Қазақстанның үшінші жаңғыртылымы» бағдарламасының - Н.Назарбаевтың озық жұмыс жасап жатқандығының айғағы екендігін атап өтті.

толығырақ

ERA_4826+

 
            

    Астанада 26-ақпанда  ҚР Мемле­кеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысы өтіп, онда үш мәселе қаралды. Күн тәртібінде Ассамблеяның «Үлкен ел – үлкен отбасы» жалпыұлттық жобасының іске асырылуы барысы тыңдалып, Парламент Мәжілісінің V шақырылымындағы ҚХА депутаттық тобының жұмысы қорытындыланды. Сондай-ақ, Кеңес депутаттыққа кандидаттар тізімін мақұлдады.

        Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейлі белесі елімізде елеулі саяси іс-шарамен басталып отыр. Алда болатын Парламент Мәжілісінің және жергілікті мәслихаттар депутаттарының сайлаулары Қазақстан халқының бірлігі мен келісімін тағы да айқындап береді деп сенеміз, – деді Гүлшара Наушақызы. Мемлекеттік хатшы бұл ретте еліміздегі жүзден астам этностан ұсынылатын 9 кандидат барша Қазақстан халқының ортақ таңдауы екенін, олай болса, сайлаушылар мен депутаттықтан үміткерлер алдында үлкен міндеттер мен жауапкершіліктер тұрғандығын ерекше атады.

        Г.Әбдіқалықова барлық орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар Мемлекет басшысына «Мәңгілік Ел» идеясының, сондай-ақ, Қазақстан халқының форумында және биылғы сәуірде өтетін ҚХА-ның XXIV сессиясында ұсынылатын Қазақстандық бірегейлік пен біртектілікті нығайту және дамыту тұжырымдамасының іске асырылуы жөнінде есеп беруге кірісіп кеткенін қаперге салды.

        Қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту және дамыту мәселелерін халыққа ақпараттық-түсіндіру жұмыстары басты бағыт болуы керектігін меңзеген Мемлекеттік хатшы бірнеше күннен кейін Алғыс айту күнін барша Қазақстан халқы алғаш рет атап өтетінін жеткізді. Алғыс айту күні Ұлы Дала елінің ұлы мұрасын лайықты түрде жалғастырушы қазақ халқының ежелгі кеңпейілділік, қонақжайлық және мейірімділік қасиеттерінен бастау алатын мәдениеті мен дәстүрінің тарихи тамырларынан негізделеді, деді ол.

         Ассамблея Кеңесі отырысын ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Е.Тоғжанов жүргізіп отырды. Алдымен сөзді Мәдениет және спорт министрі Арыстан Мұхамедиұлы алды. Ол өз сөзінде министрлік 19 нормативтік-құқықтық акт мен жобаларды іске асыруда екенін, оларды әзірлеу барысында Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің стандарттары мен мүше елдер тәжірибелері ескерілгенін жеткізді. Сондай-ақ, еліміздегі бірегейлік пен біртектілікті нығайту үшін «Үлкен ел – үлкен обасы» жалпыұлттық жобасының аясында көптеген іс-шаралар атқарылғанына назар аударды.

        Ұлттық мұражайда және еліміздің он екі өңіріндегі Достық үйлерінде Қазақстанның полиэтностық ел екендігін паш ететін ҚХА тарихы залы құрылып отыр. Ендігі тағы төрт өңірде осындай мұражай залы ашылатыны белгілі болды. Еліміз, сонымен қатар, жалпыеуропалық «мұражайлар түні» акциясына қосылып, қазақстандықтарға тегін қызмет көрсететін болады. 2025 жылға дейін министрлік бұқаралық спортты дамыту және оның инфрақұрылымын барынша жақсарту жолындағы тұжырымдама негізінде еліміздің имиджін жақсартуға әрекет ететіні де атап көрсетілді. Сонымен қатар, осы мерзімге арналған Қазақстан халқы Ассамблеясын дамыту тұжырымдамасы аясында оның еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму үдерістеріне қатысуы барысы және жаңа бағыттары айқындалған.

        Ендігі кезекте Ассамблея қайырылымдылық, медиация және қоғамдық бақылау сияқты бағыттарда да жұмыс істейтіндігін айта кеткен жөн. Министрдің сөзін толықтыра кеткен ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжанов «Үлкен ел – үлкен отбасы» жалпыұлттық жобасының аясында 36 жоба жүзеге асатынымен бөлісті. Бүгінгі таңда соның 26-сы іске асып жатқаны белгілі болды. Қазақстан халқы Ассамблеясының медиациялық орталығының және қайырымдылық пен тәлімгерлік клубының ережелері мақұлданды. Бүгінгі таңда Медиация жөніндегі халықаралық орталық құрылып, жұмысын бастап та кетіпті. 2016 жылы бұл Ассамблея жұмысының басым бағыттарының бірі болады.

        ҚХА өзінің 20 жылдық тарихында үшінші рет өз қатарынан жоғарғы заң шығарушы органға өкілдерін сайлауға мүмкіндік алып отыр. Ассамблея тарапынан сайланған екінші депутаттар тобының есебін Парламент Мәжілісінің V шақырылымының депутаты Егор Каппель баяндап берді. Ол өз сөзінде 2012 жылдың қаңтарында Парламент Мәжілісінде саяси партиялардың үш парламенттік фракциямен қатар ҚХА депутаттық тобы құрылғандығын айтты. Қазіргі таңда аталған топ құрамында Ассамблеядан сайланған 9 депутаттан өзге үш фракцияның он екі мүшесі бар. Жалпы, депутаттық топтың Мәжіліс басшылығымен және саяси партиялардың фракцияларымен, сондай-ақ, ҚХА Хатшылығымен жұмысы жолға қойылған.

        Отырыс соңынан ҚХА Кеңесі Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына Ассамблеядан сайланатын 9 кандидатты ұсынды. Олар: «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ президенті Сауытбек Абдрахманов, Ішкі істер министрінің орынбасары Владимир Божко, Парламент Мәжілісі V шақырылымының депутаттары Роман Ким, Юрий Тимощенко және Ахмет Мурадов, Алматыдағы армян этномәдени бірлестігінің төрайымы Нарине Микаелян, Дүнген этномәдени бірлестіктері ассоциациясы басқармасының мүшесі Шакир Хахазов, Қызылорда Оқушылар мен жасөспірімдер үйінің директоры Наталья Жұмаділдаева және Республикалық ұйғыр этномәдени бірлестігінің төрағасы Шаймардан Нурумов.

      ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжанов Ассамблея Кеңесінің қарауына ұсынылатын кандидаттар тізімін құру кезінде маңызды бірқатар критерийлердің ескерілгендігіне назар аударды. «Депутаттық корпустың сабақтастығын қамтамасыз ету. Екінші критерий – өңірлік қамтылу бойынша. Үшінші – гендерлік теңгерімділіктің сақталуы. Жастардың болуы, этностық топтардың ротациясы. Және де депутаттық корпуста екі мерзім ғана болуы», – деп атап кетті Ералы Лұқпанұлы.

         Жалпы, Парламенттің төменгі палатасына 107 депутат сайланатын болса, оның 98-і саяси партиялар тарапынан ұсынылған, қалған 9 депутат ҚХА тарапынан сайланады. Ал Ассамблеясы Кеңесі этносаралық мәселелерді сессияларда қарауға шығарып қана қоймай, сонымен қатар Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидаттарды да ұсынады. Депутаттарды сайлау үстіміздегі жылдың 21 наурызында Қазақстан халқы Ассамблеясының кезектен тыс 23-ші сессиясы барысында жүзеге асады деп күтілуде.

        Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан». Суретті түсірген Ерлан ОМАРОВ.

       http://egemen.kz/2016/02/27/26703 

толығырақ

      Қазақстан құқықтық реформаларды жетілдіруде тың серпіліс жасауда. Оны Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында және «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» атты мақаласында да жан-жақты түсіндіріп берді.

     Соңғы жаһандық қаржы дағдарысының әсері мен ықпалы жыл өткен сайын тереңдеп, ауқымын кеңейтіп келе жатқанына қарамастан мемлекетті, экономика мен қоғамды дамытуға бағытталған реформаларды жалғастырып қана қоймай, оны бұрынғыдан да жеделдете түскен ҚР Президентінің батыл шешімі бүгінде барша жұртты өзіне қайран қалдыруда. Цицероннның  «Сот –сөйлеуші заң, ал заң – мылқау сот» дегеніндей, Н.Назарбаевтың әсіресе сот жүйесін жетілдіруге ерекше мән беруі қоғамның  барлық әлеуметтік топтарының зор қолдауына ие болуда. «Сот реформасының маңызды қыры – сот төрелігінің бес сатылы жүйесінен үш буынды жүйесіне өту. Тек бірінші, апелляциялық және кассациялық инстанциялар қалады. Бұл жерде көп іс қаралатын бірінші және апелляциялық инстанциялар соттарының рөлдері айтарлықтай күшейтілетін болады. Мұндай қадам соттық әуре-сарсаңның алдын алып, сот шешімін қабылдау мерзімін қысқартады»,  –  деген сөздері түрлі деңгейдегі сарапшылардың да ерекше қызығушылығын тудыруда. Жаңартылған заңнамалар халықтың сот жүйесіне сенімін нығайта түсетініне бүгінде ешкім шүбәланбайды. Бұл бағыттағы ҚР Президентінің батыл қадамдары мен  әлемдегі озық үлгілерді елдің ұлттық ерекшелігіне сай бейімдеп, қабылдауға деген ұстанымы Қазақстанды сот төрелігі жағынан қысқа уақыттың ішінде әлемнің ең озық елдерімен иық тиістіруге мүмкіндік берері күмәнсіз.  Қазақстан құқықтық реформаларды жүзеге асыру жағынан аймақта көшбасшы мемлекет болып отыр. Оның тәжірибелеріне зерттеу жүргізіп, талдау жасап жүрген мамандардың берген оң бағалары соның нақты айғағы.

         Жеңіс Сәбитұлы, жазушы (ҚХР)

толығырақ

    Елбасы «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» атты мақаласында биыл «5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» – Ұлт жоспарын орындаудың тәжірибелік кезеңі басталғанын ресми түрде жариялады. Бұл араға 3 ғасыр салып,  өз мемлекеттігін қалпына келтірген Қазақ елінің даму үдерісіндегі жаңа кезеңнің басы болмақ. Ғасырлар тоғысындағы ширек ғасырға жуық уақыттың ішінде дамудың сара жолына түсіп, озық 50 елдің арасында төбе көрсетіп үлгерген Қазақстанның әлемдік қауымдастықтағы орны мен беделін жақындағы көршілері ғана емес, алыстағы өзге елдер де түгел мойындап үлгерді. Бұл әрине, тағдыр талқысымен әлемнің түкпір-түкпірінде тарыдай шашылған шетелдегі 5 миллион қазақ үшін де зор қуаныш. Біз жырақта жүрсек те әрдайым Қазақстан жаңалықтарына құлақ түріп, көз салып отырамыз.

       Әлемнің өзге елдері жаһандық қаржы дағдарысынан ес жия алмай, әрі-сәрі күй кешіп отырғанда «Нұрлы жол – 2050»  стратегиясын қабылдап, оны жүзеге асырудың түрлі тетіктерін жасап, жаңа өзгеріске бел буа кіріскен Н.Назарбаевтың сарабдал саясаты бүгінде барлық жұртты өзіне тәнті етіп отыр. Оны біз де әрдайым мақтаныш тұтып жүреміз.

       «Біздің бәріміз жаңғыртудың тек қуатты мемлекет пен Ұлттық топтасқандығы жағдайында ғана табысты болатынын естен шығармауға тиіспіз. ... Мен қазақстандықтарды Ұлт жоспарын жүзеге асыруға және реформаларды жүргізуге барынша белсенді қатысуға, олар ашатын мүмкіндіктерді пайдаланға шақырамын», – деген  ҚР Президентінің сөзіне мен толық қосыламын.  Сонымен бірге Қазақстан үкіметінің сыртта жүрген мен сияқты өзге қазақтардың да Ұлт жоспарын орындауға  атсалысу мүмкіндіктерін қарастырса деген ізгі ниетімді білдіре кеткім келеді. Өйткені қызметі, кәсібі мен оқуына байланысты Қазақстанға түпкілікті қоныс аударуды жақын арада жоспарлап отырмаған қандастар шетелде өте көп. Олар өзінің білімі мен тәжірибесін Отанының игілігіне жаратуға дайын.

         Ертолқын Гайретуллах, кәсіпкер (Түркия)

толығырақ

     Ащы шындық адам шамырқанғанда ғана шығады ғой әрқашан. Қазір әлемдегі жағдай,  еліміздің айналасындағы алыс-жақын шетел оқиғалары, ТМД ахуалы, бәрі де көңіл алаңдатарлықтай күйде. Осыған байланысты әлеуметтік-экономикалық жағдай да күрделене түсті. Қысқасы, дәл қазір саясаткерлердің нағыз шамырқанатын, ширығатын уақыты. Алыста жүрсек те көңіліміз ел жақта болғандықтан, көзіміз анық жететін бір жайт бар: дәл осы айтылғандай қиын-қыстау кезеңдерде біздің Елбасымыз шамырқану өз алдына, шыңдалған шарболаттай берік те кесек мінез танытатыны әрдайым байқалады. Осы жолғы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында қазіргі қысталаң шақта көңілге ширығу сыйлайтын, сенімділік әкелетін жайттар жиі айтылды.

      Елді қиын-қыстау кезеңнен табысты түрде алып өтуге тиіс нәрселердің бірі ретінде кәсіпкерлікті дамыту міндеті алдыға қойылды, ауқатты адамдардың елге көңіл бөлуін арттыру қажеттілігі атап көрсетілді. Дәл осы жайт менің де көкейімдегі көп ойға қозғау салғандай болды. Қазақстан Тәуелсіздік алғалы елде кәсіпкерлердің, ауқатты адамдардың қаншама тобы, қаншама буыны өсіп жетілді десеңізші... Ұлттық буржуазияны қалыптастыру (бұл өте дұрыс шешім) міндеті алдыға шығарылып,  сан мыңдаған орта және ірі кәсіпкерлер тобы қалыптасты. Мұның өзі ел дамуының жақсы алғышарты болатын. Алайда, соңғы уақыттарда өте ауқатты адамдар тобының елге қызмет етуден гөрі тапқан табысын шетелде, офшорлық аймақтарда ұстауға әуестенуі басым бағыт ала бастағандай. «Еліміз қазірдің өзінде көпшіліктеріңізге ақша табуға және іскерлік журналдардың бірінші беттерінен көрінуге мүмкіндік берді», деп атап көрсетті Елбасы. Шындығында, кәсіпкерлеріміз елден көрген жақсылығын  еліне еселеп қайтаратын уақыт жетті ғой. Елбасының шамырқана айтқан ойларының бірі осы болуы мені қуантты. Мен туып-өскен Ресейде, қазақ ұлты өкілдері ежелден жиі тұратын Омбы  жерінде кәсіпкерлердің ұлы күш екендігін жұртшылық жақсы түсінеді. Облысымызда жеке кәсіпкерлік жақсы жолға қойылған. Облыстағы салық түсімінің басым бөлігін жеке бизнес өкілдері береді. Оның үстіне Ресей Батыс және Еуропа елдері тарапынан санкциялық қысымға ұшыраған кезде ел басшылары ең алдымен ірі бизнес өкілдеріне, кәсіпкерлерге үн қатып, көмек қолын созуды сұрады. Осының өзі қиын жағдайға қарамастан, Ресей экономикасын қатты күйзелістен аман сақтауға мүмкіндік беріп отырғандығы басы ашық нәрсе. Тарихи Отанымыздың, Қазақстанның экономикасы да қазірге дейін ірі күйзелістен алыстау тұрғандығы біз үшін үлкен қуаныш. Ел экономикасының ішкі мүмкіндіктері ірі бизнес өкілдері мен ауқатты адамдардың қуатты қолдауына ие болса, Қазақстанның әлі де қарыштап алдыға дами беретініне біз сенеміз. Елбасының Қазақстан халқына жолдаған биылғы Жолдауымен танысқан  соң біздің көңілімізге осы жайт берік орнықты.  

              Алтынай Жүнісова,  «Мөлдір» қазақ мәдениеті Сібір орталығы Омбы аймақтық ұйымының  жетекшісі, Қазақстан Республикасының  еңбек сіңірген мәдениет қызметкері. 

толығырақ

      Талғат МАМАШЕВ, «Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы» төрағасының бірінші орынбасары:

       – Тәуелсіз мемлекет атан­ға­нымыздың ширек ғасырлық бе­лесін қорытындылайтын ай­ту­лы сәтке қадам жасар тұста Қа­зақстан Республикасының Пре­­зи­денті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауын арнады.

      Елбасы кезекті Жол­дауының Қазақ­станның әлемдік дағ­дарыс жағдайындағы іс-қи­мылдарына арналатынын, яғни Елбасының сөзімен айтқанда, бү­гінгі жаңа қатері мен тың мүмкіндіктері қатар өрбіген жаңа жаһандық ахуалда дамудың бас­ты бағыттарын айқын­дайтын құжат екенін атап өтті.

       Ел мақсаты – әлем­дегі ең дамыған 30 мемлекеттің қа­та­рына қосылып, бай да қуатты елдермен иық теңестіру. Бұл межеге жету жолында кездесетін қиындықтарға орай біз тиісті шаралар қолдануымыз керек.

       Биылғы Жолдауда ел­дің әлеу­меттік-саяси және қар­жы­лық-экономикалық салаларын көтеруге, ең бастысы, Қазақ­станның бола­шағы – жастарға айрықша көңіл бөлінді.

      Бұл ретте әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау және білім бе­ру салалары қызметкерлерінің жа­лақыларын 28 пайыздан 40 пайызға дейін, ЖОО сту­дент­терінің шә­кірт­­­­ақыларын 25 пайыз­ға көтеру арқылы халық алдын­дағы мін­дет­те­мелерді орын­дау көз­­деліп отыр. Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақ­станның жас азаматтарын бі­лімді, еңбекқор, бас­тамашыл және бел­сенді болуға дағдылануға ша­қырады. Ерінбей еңбек етіп, талмай ғылым іздеген, жалықпай техника меңгерген адам­­ның тұр­мысы жақ­­сы, абыройы асқақ болатынына сенім білдірді. Елімізде жасалып жатқан түбе­гей­лі реформалар мен атқарылып жатқан қы­руар істің бәрі болашақ ұрпақ үшін жасалып отырғанын алға тартты.

    «Халқы тату-тәтті, саясаты сарабдал елдің ғана қазы­на­сы қыруар, болашағы баянды болады. Ырыс – ынтымаққа жолығады, дәулет – бірлікпен то­­лы­­ғады» демекші, осы ретте біздің жалғыз Отанымыз –Тәуелсіз Қазақстанның әрбір жетістігі үшін барлығымыз бір кісідей қуанайық дегім келеді. Елімізге, жерімізге амандық, бақыт және даму нәсіп етсін. Келе­шегіміз баян­ды, ұрпақ­тарымыз мол несібелі болсын.

     АЛМАТЫ.

    http://egemen.kz/2015/12/04/9707

толығырақ

      Қара шаңырақ Қазақ еліндегі әрбір жаңалыққа құлақ түрген біз үшін Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа жыл сайын жасайтын Жолдауының маңызы мен мәні ерекше. Сол себепті тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңындағы биылғы «Қазақстан жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты Жолдауды асыға күтушілердің қарасы Қазақстанда ғана емес, әлемнің түкпір-түкпірінде де қалың болды. Оның себеп-салдары да жеткілікті болатын. Оны Елбасы да өз Жолдауында бірден  атап өтті.

     «Тәуелсіздікті баянды ету оған қол жеткізуден де қиын. Мемлекеттігіміздің тұғырын мызғымастай нығайта түсу үшін бізге әлі талай өткелі күрделі, өкпегі көп бұралаң жолдардан өтуге тура келеді. Заманның беталысын өздеріңіз көріп отырсыздар. Аса күрделі, қиын кезеңге аяқ бастық. Жаңа қатерлері мен тың мүмкіндіктері қатар өрбіген жаһандық ахуал біздің көз алдымызда өзгеруде. Алпауыт елдердің текетіресі мен өзара санкциялар алмасу дүниені тұйыққа қарай бастауда. ... Бүгінгі ахуал – біздің жетістіктерімізді сынға салып, елдігімізді шыңдай түсетін уақыт тезі. Жауапты сәтте бірлігімізді сақтап, еліміздің игілігі үшін аянбай тер төгуіміз керек. Біріміз – бәріміз үшін, бәріміз – біріміз үшін деген қағиданы ұстанып, еңбек етуге тиіспіз», – деген сөздері соның нақты айғағы. 

       Ширек ғасырдың ішінде ресми стататистика бойынша алыс-жақын шет елдерден 1 миллионға жуық қазақ атажұртқа оралған екен. Бұл сырттағы әрбір қазақтың алтыншысы деуге болады. Олар Кеңес Одағы кезінде тағдыр талқысымен еріксіз Қазақстанға қоныс аударуға мәжбүр болып, тәуелсіздіктен кейін өз еліне кері қайтқан өзге ұлыс өкілдерінің орнын басып қана қоймай,  оның қазіргі даму деңгейіне өз үлестерін қоса алды. Бұл әрине, бәріміз үшін зор мақтаныш. Дегенмен оған тоқмейілсуге болмайды. Қазақстанның әлеуеті бұдан жоғары екенін мойындау керек. Сондықтан соңғы жылдары саябырлай бастаған көшті қайта жаңғырту мақсатында заңнамаға енгізілген жаңа өзгерістерден кейін мүмкіндіктерді қайта саралау тығырықтан шығудың бір жолына айналуына зор сенім артамыз.

       «Дағдарыстардың бәрі өткінші, өтеді де кетеді. Ел тәуелсіздігі, ұлт мұраты, ұрпақ болашағы сияқты ұлы құндылықтар ғана мәңгі. Біздің тірегіміз – тәуелсіздік, тілегіміз – тұрақтылық, білегіміз – бірлік!»,  – екенін  Ұлт көшбасшысы да ашық айтты. Сондықтан сенімді ақтау, діттеген мақсатқа қол жеткізу өз қолымызда тұр. Табандылық танытсақ, алынбайтын асу жоқ. 

        Жеңіс Сәбитұлы, жазушы ҚХР 

толығырақ

  Кандидат исторических наук, доцент, Почетный работник среднего профессионального образования РФ, Почетный президент Ассоциации казахов Поволжья, делегат II и III Всемирных курултаев казахов  Ташпеков Геннадий Александрович (г.Саратов):

     Послание Президента РК от 30 ноября 2015 года отвечает на вызовы времени, мирового кризиса и демонстрирует готовность Казахстана принять своевременные превентивные меры по минимизации рисков. Но эти меры «вписываются» в новую  формулу поступательного движения экономики и бизнеса, государства и общества:  «рост, реформы, развитие».

       Перед народом Казахстана, его правительством, частным сектором и гражданским обществом  четко и открыто Президентом  поставлены  задачи, которые, как показывает предыдущая,  менее благоприятная ситуация, будут решены. И каждый находит ответ на свои вопросы и ожидания. Каждый может выстроить свою траекторию развития.

      Честно говоря, у меня давно сложилось впечатление, что в Казахстане никого не пугает ни глобальный кризис, ни реформы. Лидер Нации постоянно предлагает четкие пути поступательного развития будь то социальная сфера, затрагивающая интересы простых людей, или отечественный бизнес. Главное, он сам подает примеры поиска и привлечения инвестиций. Уверен, что только в стабильную страну, каким является  Казахстан, придет зарубежный партнер с инвестициями, а значит, с новыми рабочими местами. Все, что будет простроено им останется на казахстанской земле.

       Как известно, в Астане в 2014 году проводились Дни Саратовской области. Так вот, наш Губернатор и члены его команды были ошеломлены увиденным в столице Казахстана, ее ростом и потенциалом страны. После этого и к казахам саратовским местные власти стали относится по-другому. Зарубежные казахи гордятся достижениями своей исторической родины.

      Пользуясь случаем, хочу выразить благодарность Всемирной ассоциации казахов, которую возглавляет вот уже 23 года Нурсултан Абишевич Назарбаев, за изданную мою научную монографию «Саратовские казахи: История и современность». Ее презентация состоится 3 декабря в Алматы и я с удовольствием еду на это мероприятие.   

толығырақ

Елбасының әрбір Жолдауының  басты мақсаты –  елдің береке-бірлігін нығайту

        Талғат МАМАШЕВ, «Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасының бірінші орынбасары:

       – Тәуелсіз мемлекет атанғаны­мыздың ширек ғасырлық белесін қо­ры­­тындылайтын айтулы сәтке қадам жасар тұста Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан хал­қына Жолдауын арнады.
      Елбасы кезекті Жолдауының Қазақ­станның әлемдік дағдарыс жағ­дайындағы іс-қимылдарына арна­ла­тынын, яғни Ұлт Көшбасшысының сөзімен айтқанда, бүгінгі жаңа қатері мен тың мүмкіндіктері қатар өрбіген жаңа жаһандық ахуалда дамудың басты бағыттарын айқындайтын құжат екенін атап өтті.
      Ел мақсаты – әлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылып, бай да қуатты елдермен иық түйістіру. Бұл межеге жету жолында кездесетін қиын­дықтарға орай біз тиісті шаралар қолдануымыз керек.

     Биылғы Жолдауда елдің әлеумет­тік саяси және қаржылық-эконо­ми­калық саласын көтеруге, ең бастысы, Қазақстанның болашағы – жастарға айрықша көңіл бөлінді.
   Бұл ретте әлеуметтік қорғау, ден­сау­лық сақтау және білім беру сала­лары қызметкерлерінің жалақыларын 28 пайыздан 40 пайызға дейін, ЖОО студенттерінің стипендиясын 25 пай­ыз­ға көтеру арқылы халық алдындағы міндеттемелерді орындау көзделіп отыр.
    Елбасы Н.Назарбаев Қазақстан­-­ның жас азаматтарын білімді, ең­бек­қор, бастамашыл және белсенді болуға дағдылануға шақырады. Ерінбей еңбек етіп, талмай ғылым іздеген, жалықпай техника меңгерген адамның тұрмысы жақсы, абыройы асқақ болатынына сенім білдірді. Елімізде жасалып жат­қан түбегейлі реформалар мен атқа­рылып жатқан қыруар істің бәрі бо­лашақ ұрпақ үшін жасалып отырғанын алға тартты.
      «Халқы тату-тәтті, саясаты сараб­дал елдің ғана қазынасы қыруар, бо­лашағы баянды болады. Ырыс – ын­тымаққа жолығады, дәулет – бірлікпен толығады» демекші, осы ретте біздің жалғыз Отанымыз – Тәуелсіз Қазақ­станның әрбір жетістігі үшін барлы­ғымыз бір кісідей қуанайық дегім ке­леді. Елімізге, жерімізге амандық, бақыт және даму нәсіп етсін. Келе­шегіміз баянды, ұрпақтарымыз мол несібелі болсын.

          http://aikyn.kz/ru/articles/show/17448-elbasyny_rb_r_zholdauyny_basty_ma_saty_eld_bereke-b_rl_g_n_ny_aitu

толығырақ

    Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы делегациясы биыл қыркүйектің алғашқы жартысында тұңғыш рет Белорус еліндегі қазақ диаспорасының өкілдерімен арнайы кездесіп қайтты. Бүгінгі таңда бұл мемлекетте Қазақстаннан көшіп барған 10 мыңға жуық отандастарымыз бар екен. Оның 1,5 мыңы қазақ диаспорасының өкілдері. Бұдан бөлек 300 студент түрлі жоғары оқу орындарында білім алып жатқан көрінеді.

     Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Талғат Мамашев бастаған делегация онда «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» деп аталатын ҚР Президенті Жолдауы туралы «дөңгелек үстел» жиынын жасады. Содан кейін қазақтың ән мен сазын сағынған 700  отандастармыздың басын қосып, қазақстандық өнер шеберлерінің концертін өткізді. Диаспора өкілдеріне арнайы бір күн бөліп, емін-еркін сұхбат құрды.    

     Минск қаласында өткен барлық шаралардан белорус жұртшылығының белсенді өкілдері сырт қалмады. Қазақстан қоғамының даму барысынан хабардар екендіктерін көрсетіп,  Қазақстанның 2050 жылға дейінгі стратегиялық бағдарламасы аясындағы атқарылып жатқан іс-шаралар туралы өз ой-пікірлерін білдірді. Бір таңғаларлығы белорус ағайындардың қазақ халқына деген пейілі мен құрметі өте жоғары екен. «Біз Қазақстаннанбыз» деген сөзді естіген кезде қай жерде болмасын бірден елең етіп, емін-еркін сұхбаттасты. Ашық-жарқын мінезімен бауырмашыл, достық пейіл көрсеткен олардың сөздеріне қарағанда Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде белорус жерін неміс басқыншыларын азат етуде қазақ халқының  майдангер азаматтары ерлігімен ғана емес, жоғары адамгершілік қасиеттерімен ыстық ықыласына бөленіпті. Бүгінде ақ самайлы қарттарға айналған ата-әжелер ғана емес, олардың әңгімесін естіп өскен кейін буын өкілдері  де бұл туралы жарыса әңгімеледі. Бір-бірінен шалғайда жатқанымен қазақ пен белорус халқының достық қарым-қатынасы Еуразиялық Одақ аясында болашақта да нығая беретініне сенімдері зор екенін паш етті.

    Ерлік Ержанұлы

    "Ұлт мұраты" газеті  №16 24-қыркүйек, 2015 жыл 

толығырақ

      Гүлжан АЙЖОЛОВА, Харбин (Қытай):

       Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев «Нұрлы Жол» жаңа экономикалық саясатында: «таяудағы жылдар жаһандық сынақтардың уақыты болады. Әлемнің бүкіл архитектурасы өзгереді. Барлық елдер осы күрделі кезеңнен лайықты өте алмайды. Бұл шептен тек мықты мемлекеттер, жұдырықтай жұмылған халықтар ғана өтетін болады», - деген еді. Қазақстанның бұл сынақтан сүрінбей өтуінде білім мен ғылымның алар орны ерекше екені күмәнсіз.  Жаһандану үдерісі қарқын алған ХХІ ғасырда білім берудің маңызы айқын аңғарыла түсуде. Білім беру жүйесінің бағытталуы мен әсерлілігіне бүгінгі таңда адамзат пен қоғамның даму болашағы байланысты болып отыр. Сол себепті білім беру жүйесі еліміздің әлемнің көшбасшы мемлекеттер қатарына кірудің кепіліне айналуда.

       Қазіргі жоғары білім инновациялардың жоғары деңгейімен ерекшеленеді. Бұл бағытта соңғы жылдары Елбасының қамқорлығымен үлкен өзгерістер жасалып, қазақстандық жас мамандардың шет мемлекетте өз білімін шыңдауына кең жол ашылды. Солардың бірі болуды тағдыр  менің де маңдайыма жазған екен. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің дипломы мен үшін орасан зор мүмкіндіктер ашты. География және табиғаттану факультетінің рекреациялық география және туризм кафедрасы оқытушыларының берген білімі PhD докторантураны Қытайда жалғастыруға септігін тигізді. Бүгінгі таңда Харбин қаласындағы Харбин техникалық институтында Ғылымды басқару және инженеринг мамандығы бойынша білім алып жүрмін. Осында бірге оқып жатқан достарыма өзімнің туған елім Қазақстан және Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен оның «Нұрлы жол» бағдарламасы туралы айтқан кезімде олардың «Сен қандай бақыттысың» деген сөзін естіген кезде төбем көкке жеткендей қуандым. 

толығырақ

     Абсаттор НУРАЛИЕВ,  филология  ғылымдарының докторы, Ресей-Тәжік (Славян) университеті тарих және журналистика теориясы кафедрасының профессоры (Тәжікстан, Душанбе қаласы):

     ҚР Президентінің Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы Жолдауын тәжік тіліне аударып, таратуға осы елдегі Қазақстан Елшілігі мұрындық болып жүр. Оны қазақ диаспорасына түсіндіру жұмыстарынан  Душанбедегі «Бәйтерек» қазақ мәдени орталығы ешқашан сырт қалған емес.

     Биылғы “Нұрлы жол» Жолдауы  келешекте Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік және басқа жақтарынан өсуіне одан да артық мүмкіншілік жасауға арналып отыр. Бізде де жол мәселесі әлі күнге дейін ең өзекті мәселе болып қалуда. Дегенмен Қазақстанның көршілес жатқан қай елмен болсын араласуы оңай. Біздің Тәжікстан бір түкпірде орналасқан. Бізге Өзбекстанмен өту қазір мүшкіл халде. ҚР Президентінің Жолдауы тек Қазақстан халқына емес, Орталық Азияның өркендеуіне, оның әлеуметтік саясатының жақсаруына және ел мен елдің жақындасуына көп септігін тигізеді. Нұрсұлтан Назарбаев өз Жолдауында  құр жол салып қоймай, оның бойында халыққа қызмет көрсету орындарын ашу арқылы өңірдегі тұрғын халықты жұмыспен қамтамасыз ету жағдайына ерекше мән берген екен. Тәжікстан «Нұрлы жолда» қамтылған барлық мәселеге жіті көңіл аударып, оны өз тәжірибесіне  пайдаланары күмәнсіз.

      Жалпы Тәжікстанда қазір «Бәйтерек» қазақ мәдени орталығының есебі бойынша 2 мыңға жуық қазақ диаспорасы өмір сүріп жатыр. Олардың ата-бабаларының бұл жерді мекен етіп жатқанына бірнеше ғасырдың жүзі боп қалды. Қазақстан мен Тәжікстанның арасындағы бүгінгі дипломатиялық  қатынастың жақсы болуы, Президенттер арасындағы достық қарым-қатынас пен Қазақстанның тәуелсіздік жылдары Тәжікстанға жасаған экономикалық көмегі, тарихи жағдайдың халықтың санасында қалған дәстүрі болу керек деп ойлаймын. 

толығырақ

     Пионер МҰХТАСЫРОВ, Алтай Республикасының Қосағаш ауданы (Ресей):

      Қосағаш қазақтары бұрын қазақ радиосы мен Қазақстанның мерзімді басылымдары бізге жетпейді дегенді жиі айтушы еді. Қазір бұл олқылықтың орны толтырылды. Қазақстанның ұлттық телехабар таралымы  «Оtau tv» арқылы біз елдегі жағдайды іштегі қазақтардан кем білмейміз деуге болады. Сондықтан ҚР Президентінің 2015 жылға арналған халыққа Жолдауындағы  Қазақстанның «Нұрлы Жол» жаңа экономикалық саясатынан біз де толық хабардар болып отырмыз. Ел экономикасындағы құрылымдық реформаларды жалғастыруға бағытталған бұл бағдарламаның жүзеге асуына біздің сеніміміз зор. Оның кей жері «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты 2008 жылғы Жолдауға ұқсас болғанымен, «Нұрлы жолдың» ауқымы одан кең. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев алдағы күнді алдын ала болжап, оған қам жасау жағынан өзге әріптестеріне қарағанда көш ілгері алда келе жатыр. Мәселен ол биыл да көршілес Ресей Президентінің Жолдауынан ерте жарияланды. Жалпы алдағы уақытта не боларын күні ілгері ерте болжау кез-келгеннің қолынан келмейтін үлкен қасиет. Осы себепті де біз алыста жүрсек те Қазақстандағы әрбір өзгеріске құлақ түріп, елдің әрбір жетістігіне қуанып  отырамыз. Болашаққа бастар бұл нұрлы жолдың баянды болғаны әлемдегі барша қазақтың арман-тілегіне айналғаны күмәнсіз. Әрдайым еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын ағайын.  

толығырақ

    Ерғали АБДИКАИМОВ, Қырғызстан халық Ассамблеясына қарасты Қырғызстан қазақтары қауымдастығының төрағасының міндетін атқарушы:

     Елбасымыз, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауы Қырғызстан қазақтарының арасында үлкен қызығушылықты тудырды.

         Әлемге жаңа экономикалық қатерлер төніп келе жатқан қазіргі мезгілде келеңсіз үдерістердің тамырын тап басып, мүмкін болар қиындықтардын алдын алып, бақуатты өмір сүруге жол көрсетіп отырғанын – Елбасымыздын көрегендігі деп бағалағанымыз оң және белгіленген міндеттердің жүзеге асуына барлық қазақстандықтардың бір кісідей ат салысуы абзал. Сондай-ақ шетелдерде тұрып жатқан қазақтар Атажұртпен байланысты бекемдеп, колдан келген әрекеттерін аябағаны ләзім. Белгілей кетсек, шетелдерде озық технологияларды меңгерген азаматтар аз емес. «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясатын үдесінен шығаруда олардың ғылыми дәреметін еске алып, Қазақстанға тарту керек.

         Әрбір адамның рухани тірегі бар. Біздің тірегіміз – тарихи Отанымыз Қазақстан. Біз әрдайым Қазақстанға көз салып, жақсысы болса жүрек жарыла сүйініп, титімдей жаманы болса күйініп отырамыз.  «Нұрлы Жолдың» жарияланғаны ең қуанышты оқиғалардың бірі болып қалды. Бағдарламадағы көрсетпелер ойдағыдай орындалса, жақынғы жылдары қазақ еліміздің «мұртын балта шаппайтынын» сезініп жатырмыз.

     Елбасы жастардың күш-жігеріне, олардың бастамаларына жол ашып отырғаны өте орынды. Өйткені еліміз «Жас келсе – іске, кәрі келсе асқа» дейді емес пе. Назарбаев болашаққа сенімді қадам басқан елгезек жастардың легін өзі билік басында отырғанда тәрбиелеп, оларды мығым орнықтырып алса дейміз.

    Елбасымыз «Жалпыұлттық идея – Мәңгілік Ел» тұжырымдамасын ұсыныстап отыр. Жолдауда Mәңгілік Ел – елді біріктіруші күш, ешқашан таусылмас қуат көзі, «Қазақстан-2050» Стратегиясымен сабақтас XXI ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры екені айтылған. 

    Жолдауда айтылғандай, 2015 жыл – ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы болмақшы. Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту шетелдегі қазақтар үшін де мерейлі мереке деп есептеймін. Бұл қазақ халқының тарихы қазақ хандығының құрылған кезінен басталады дегенді білдірмейді. Ондай жаңсақ пікірлерге жол беруге болмайды.  Қазақ хандығының 550 жылдығы белгіленіп жатқан кезде қазақ халқының тарихы тым әріде екендігіне көңіл бұрылуға тиіс.

    Елдің тұтастығы мен бірлігін, татулығы мен тыныштығын өн бойына алтын арқау еткен «Нұрлы Жолдың» жарығы әлемнің түкпір-түкпірінде өмір сүріп жатқан қандастарымызға да тие берсін!

толығырақ

     Құрметхан МҰҚАМӘДИҰЛЫ, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Моңғолия Ғылым академиясы Халықаралық ғылыми зерттеулер институтының жетекші ғылыми қызметкері.   Моңғолия, Ұланбатор қаласы

      Мен ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұрлы жол» Жолдауымен интернеттен 30 минуттан кейін таныстым. Көңіл-күй өте жоғары болды. Себебі бұған дейінгі «Қазақстан-2050», «Мәңгілік Ел» Жолдауларының бәрін моңғол тіліне аударып, халыққа насихаттауға үлес қостым. «Нұрлы жол» Жолдауы да өте қызықты, терең мағыналы және өмірге өте жақын болды. Содан кейін мен Қазақстан Елшілігіне телефон шалып, мұны тез аударып моңғолдың аудиториясына жеткізейік дедім. Оны небәрі 15 минутта аударып, келесі күні Моңғолияның ақпарат құралдарына жариялап жібердік. Ал 13-қарашада  оны Қазақстанның Моңғолиядағы Елшісі де жариялап, одан кейін кітап етіп бастырып шығарды. Сондай-ақ желтоқсан айында Қазақстаның тәуелсіздік күніне арналған шарада да ҚР Президентінің Жолдауы қазақ, орыс, ағылшын, моңғол тілдерінде жеке кітап боп басылып, қатысушыларға  таратылды.

 Біз Қазақстанның өмірін, әсіресе Президенттің шетел қазақтарына арнап айтқан сөздерін қалт жібермей, бәрін қарап отырамыз. Осы жолғы Жолдау тіпті Қазақстан елі тұрмақ, шетелдегі қазақ диаспорасына ғана емес, Орталық Азияның нұрына айналайын деп тұр. Өйткені жол деген қасиетті Құранда да айтылған. Жол мәселесін шешу деген адамзаттың барыс-келісін, алыс-берісін арттыратын болғандықтан  біздің Моңғолиядағы ағайындар да, моңғолдар да өте қызығушылық танытып отыр. Бәрі қазір «Нұрлы жолға» біз де қатыссақ, Қазақстаннан үйренсек дегенді айтып жүр. 

толығырақ

     Жақып МЫРЗАХАН профессор, тарихшы-этнограф (ҚХР, Үрімжі қаласы):

    Меніңше Қазақстан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 11-қарашадағы Жолдауы Қазақстандағы әрт ұлт жағдайына ғана емес, Қазақстан Республикасына дос, көрші елдермен тұтас дүние жағынан да қолдау тауып отыр. Қазақстанның шығысындағы ірі көршісі Қытай Халық Республикасымен болған тату көршілік қатынасы, достық барыс-келісі, барған сайын күшейтіп отырған сауда және мәдениет қатынастары осы елдегі қазақ халқын тіпті де қуантады.

     ҚР Президенті бұл Жолдауында ең алдымен  әлемдік экономика әлі де жаһандық қаржы-экономикалық дағдарыс салдарынан айыға алмай отырғандығын ескертіп, Қазақстан үкіметінің дағдарысқа қарсы белсенді жұмыстарға кірісіп отырғандығын жариялады.    Қазақстан - ұшқан құстың қанаты талатын ұлан-ғайыр аумақ иесі болып отырған ел болғандықтан аталған жоспарлар бойынша аса ауқымды жұмыстар тындыруды талап етіп, бұл жұмыстарды табысты тындырудың барлық қажетті жағдайлары жасалып отырғанын айтты. Бұл үшін Қазақстан халқының жалпыұлттық идеясы – «Мәңгілік Елді» басты бағдар етіп, тәуелсіздікті даму даңғылының   нұрлы жолына айналдырғанын атап көрсетті. Қазақстан Президенті «Мәңгілік Ел» идеясының бастауы тереңде жатқандығын осыдан 13 ғасыр бұрын Тоныкөк абыздың «Түркі жұртының мұраты - Мәңгілік ел» деп өсиет қалдырғанын айта келіп, «Мәңгілік ел» деген құдіретті ұғымның бүкіл елді біріктіруші күш екендігін, ал «Нұрлы жолдың» бірлікті бекемдейтіндігін, бұл үшін аянбай тер төгу қажетттігін қадап көрсетті. Қазақстанның қазірге дейін қол жеткізген барлық табыстарының береке-бірлік арқасында болып отырғандығын дәлелдеп,   Қазақстандағы әр ұлт халқын береке-бірлікке жалғасты табанды болуға шақырды.

     ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақ хандығы дүниеге келуінің 550 жылдығын еске түсіру мен тойлауды салтанатты өткізу туралы нұсқаулары аса маңызды деп қараймын. Мен өзім Қытайдағы бір қазақ тарихшысы ретінде Қазақ мемлекеттігін Қазақ хандығы құрылған 15 ғасырдан ғана емес, тіпті қазақ халқын қалыптастырған ертедегі ірі тайпалық ұлыстық елдерден, яғни біздің заманымыздан бұрынғы Үйсін, Қаңлы, Алан елдері дәуірінен   бастау керек  деген ойдамын. Қазақ халқы 15 ғасырда Қазақ хандығы құрылғанда аспаннан түсе қалмаған.  Мен өзім Қытайда  1980-1990 жылдары басылым көрген «Қазақ халқы және оның салт-санасы» атты монографиялық еңбегімде және «Қазақтың тегі және ұлт болып қалыптасуы» қатарлы ғылыми мақалаларымда бұл мәселе туралы тоқталғанмын. Қытайдағы түрлі ғылыми жиындарда да қазақтың тегі арыда жатқандығы, біздің арғы тегіміз Еуразияны ат тұяғымен дүбірлеткен  Еуразия көшпенділері, одан бергі сақтар мен ғұндар екендігін, ал өз аттарымен қазақ шежіресі бойынша үш жүз құрамындағы ірі тайпа, ұлыстар мәселен үйсіндер, қаңлылар, қыпшақтар, дулаттар, аландар, керейлер, наймандар, меркіттер, уақтар, тағы басқа ұлыстық тайпалық елдердің қазақтың елдігі, мемлекеттігінің басталуы екендігі туралы көзқарастарымды баяндамаларымда  жариялағанмын. Басқаны айтпағанда Қытай жылнамаларындағы төлбасы болған тарихи жазбалар мен ханнамаларда ежелгі үйсін елінің батыс өңірдегі, яғни кең мағынадағы Орталық Азиядағы  ең азулы ел екендігі, яғни күшті мемлекет деп жазылуы осы айтқандарымызға дәлел деген ойдамын. 

толығырақ

    Сұлтанәлі БАЛҒАБАЕВ, Дүниежүзі қазақтары  қауымдастығы төрағасының орынбасары,  Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері:

          Өткен жылдың соңындағы Қазақстандағы ең үлкен уақиғалардың бірі – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауының жариялануы болды.

    Елбасының Мемлекетіміздің алға басып, үздіксіз дамуына бағыт-бағдар беретін мұндай Жолдауларының жыл сайын үзбей жарияланып келе жатқаны баршаға мәлім. Бұл кездейсоқтық емес. Бүгінгідей бәсекелестік барынша қанат жайған, өте күрделі заманда кез-келген мемлекет үшін болашағын нақты айқындап, жаңа белестерге көтерілер жолды айқын көрсетіп беретін жүйелі жоспар-бағдарламалардың  маңызы айрықша. Қазақстан Республикасының жиырма жылдан сәл ғана асқан уақыт ішінде бүкіл әлем танып, мойындаған биік дәрежеге көтерілуінің басты себебі –тәуелсіздікке қол жеткізген алғашқы күннен бастап өзінің осындай айқын бағыт-бағдарын қалыптастырып, оны  нақты жоспар-жүйемен жүзеге асыра білуінде. Бұл ретте, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауларының алар орыны ерекше. Бұл Жолдауларда жас мемлекетіміздің алдында тұрған күрделі мәселелер дер кезінде нақты анықталып, оларды шешудің жолдары барынша айқын көрсетіледі.

         Міне, осындай жүйелі жұмыстардың нәтижесінде Қазақстан Республикасы аз жылдардың ішінде  толыққанды қалыптасқан, алдыңғы қатарлы дамыған елдердің арасынан бой көрсетіп, халықаралық бәсекелестікке белсене араласып, әлем елдері қызығатындай беделге ие  болды. Бұған Қазақстанның экономикалық қуатының Орталық Азиядағы барлық елдердің экономикалық табысын  қоса алғанда екі есе артық екендігі айқын дәлел. Ал жалпы өнімнің жан басына шаққандағы мөлшері 13,5 мың долларды құрайтыны да айтарлықтай үлкен жетістік.

         Міне, осы тұрғыдан келгенде, Елбасының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауы Қазақстанда одан әрі дамытудағы үлкен бағдарламалық белес екені даусыз.

         Жаңа Жолдаудың бұған дейінгі жарық көрген осындай бағдарламалық құжаттардан  басты бір  ерекшелігі – оның «Нұр Отан» партиясының Саяси Кеңесінің кеңейтілген отырысында бекітуге ұсынылуы.  Кеңес отырысына Үкімет мүшелері, Парламент депутаттары, облыс әкімдері мен қоғам зиялылары мен белсенділері қатысты. Мұның өзі Жолдаудың барынша ықпалды болып,  жүзеге асуын тездете түсетіні анық. Осыған орай, Елбасы бұл Жолдауда: «Біз Жалпыұлттық идеямыз – Мәңгілік елді басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің  даму даңғылын «Нұрлы жолға» айналдырдық. Қажырлы  еңбекті қажет ететін, келешегі кемел «Нұрлы жолда» бірлігімізді бекемдеп, аянбай тер төгуіміз керек. Мәңгілік ел – елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі.  Ол «Қазақстан – 2050»  стратегиясының ғана емес, XXI ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры» деп атап көрсетіп, еліміздің алдағы жылдарда жүрер жолын нақты анықтап берді.

      Жолдауда алдағы уақытта жүзеге асырылатын жаңа экономикалық саясаттың негізгі бағыттары анықталған. Яғни, бұл Жолдау елімізді ең дамыған 30 елдің қатарына  жеткізу жөніндегі жасалған жаңа бір батыл қадам. Жолдауда Елбасы мемлекетіміздің дамуының қазіргі қарқынын бәсеңдетпей, алдағы уақытта жаңа белестерге қарай нық қадам жасап, халқымызды алда кездесуі мүмкін қиындықтардан аман-есен алып шығу керектігіне де ерекше тоқталған. Қазір бүкіл әлем экономикалық дағдарыс пен қиындықты бастан өткеріп жатқаны баршаға мәлім. Оның салдары барлық мемлекеттерге саяси-экономикалық әсерін тигізуде. Бұл жағдайдың Қазақстанға да ықпал етуі әбден мүмкін. Осыған орай, Жолдауда елімізді бұл қиындықтан алып  шығу үшін Ұлттық қордан арнайы қаржы бөлінетінін, ол қаржы көліктік, энергетикалық, әлеуметтік салаларды дамытуға жұмсалатыныны да нақтыланған.

         Елбасы Жолдауда    елімізді өркендетуге байланысты Үкіметке бұған дейін   тапсырылған жұмыстардың ойдағыдай, нәтижелі жүріп жатқанын да ерекше атап өткен. Дегенмен, қазіргі қалыптасқан жағдайға орай,  таяу уақыттағы және ұзақ мерзімдегі атқарылар міндеттер мен жоспарлар әлде де нақтыланбақ. Яғни, Жолдауда Қазақстанның кейбір ұстанымдарын қайта қарап, алдағы уақыттағы жоспарларына біраз өзгерістер енгізу керек  екендігі  атап көрсетілген.

         Жолдауда еліміздің барлық аймақтарында инфрақұрылымдарды дамытуға қомақты қаржы қарастырылатыны да атап көрсетілген. Әсіресе,  көпір, автомобиль жолдарын  жөндеу мен жаңадан салуға ерекше назар аударылмақ. Мұның өзі  елдің ішкі әлеуетін арттырады, облыстардың бір-бірімен сауда-саттығын, экономикалық байланыстарын нығайтады.

     Елбасы Жолдауда шағын және орта бизнесті мемлекетімізді өркендетудің басты құралы ретінде пайдалануға айрықша көңіл бөледі.

      Жолдауда білім саласына да ерекше назар аударылған. Яғни, болашақ ұрпақ үшін заманауи әдістер мен технологияларды енгізу, білімге қолжетімділікті кеңейту, білім сапасын арттыру керек деген мәселеге де айрықша тоқталған.

       Елбасы алға қойған бұл асқақ та ауқымды мақсатты жүзеге асыруға Қазақстанның әлеуеті мен экономикалық мүмкіндігі  толық жетеді. Бұған  еліміздегі  саяси ахуалдың  барынша тұрақтылығы, көп ұлтты халқымыздың ауызбіршілігінің  мықтылығы  да өз әсерін тиізеді. Бұл қазіргі кезде кез-келген мемлекет үшін айрықша маңызды. Осы тұрғыдан келгенде Қазақстанда өзгелерге үлгі боларлық  тыныштық пен татулық  қалыптасқан. Осыған орай, қазір әлемдегі барлық елдер Қазақстанмен бірлесіп жұмыс істеуге, қазақ елінің алға қойған міндет-мақсаттарын жүзеге асыруға атсалысуға айрықша ынталы. Яғни, Қазақстанға келіп экономикамыздың дамуына қатысқысы келетіндер  күннен күнге көбеюде. Олардың арасында миллиардтаған қаржы шығарып, қазба байлықтарды игергісі келетін алпауыттардан бастап азды-көпті ақша тапсам дейтін  еңбек мигранттарына дейін бар.

     Шетелден келуге ынталы осы қалың топтың ішінен біз үшін қазақ диаспорасының алар орны ерекше. Өйткені, өзге шетелдіктер ең алдымен пайда табуды  көздейді. Пайда түспейтініне көздері жетсе  Қазақстанда бір күн де тұрмайды. Ал шетел қазақтарының Қазақстанға келуі мүлдем басқа. Олар пайда табуды емес, ең алдымен өз халқына қосылайын, өз ана тілімді, ұлттық қадір-қасиетімді сақтап, өзімнің тарихи Отанымның өсіп-өркендеуіне шамам жеткенше  үлес қосайын деп келеді. Сондықтан да олардың Қазақстанға тигізер пайдасы әлдеқайда маңызды, әлдеқайда салмақты. Қазіргі кезде Қазақстаннан сырт жерлерде төрт жарым миллионнан астам қазақ диаспорасының өкілдері бар. Міне, осы қалың халықты еліміздің болашағына тікелей қатысы бар «Нұрлы жол» Жолдауын жүзеге асырып, «Қазақстан – 2050» стратегиясы сияқты аса маңызды бағдарламаны қолға алуға  кеңінен қатыстыруымыз керек. Өйткені, шетелдегі қазақтар қай жерде, қай елде тұрса да  қазақ халқының құрамдас бір бөлігі. Қазақ елінің бүгіні мен болашағына байланысты қолға алынған кез-келген  іс-шара оларға да  тікелей қатысты. 

    Осыған орай, өркениетті мемлекеттердің бәрі сырт жерлердегі өз диаспорасына саяси-әлеуметтік, ұлттық-мәдени жағынан қолдау  көрсететінін, сонымен бірге оларды өздерінің әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани дамуына тиімді пайдаланатынын да айта кеткен жөн. Мысалы, Ресей 1999 жылы «Ресей Федерациясының шетелдегі отандастарға байланысты мемлекеттік саясаты туралы» Заң қабылдап, арнайы ұшан-теңіз қаржы бөліп, алыс-жақын шетелдердегі отандастарына қолдау жасауды жан-жақты жүзеге асыра бастады. Соған орай, сырт жерлердегі орыстар Ресейдің өсіп-өркендеуіне ұшан-теңіз үлес қосуда.

         Израиль  еврей мәдени орталықтарына жан-жақты  көмек көрсетеді. Соның нәтижесінде әлемнің әр түкпірінден тұратын еврей халқы Израйль мемлекетінің дамып, өркендеуіне өте зор ықпал жасауда.

         Қытай Халық Республикасы да мұндай мәселеге айрықша көңіл бөлуде. Міне, осының нәтижесінде шетелдерде тұратын қытай азаматтары Қытай елінің өркендеуіне белсене атсалысуда. Басқа елдерде де жағдай осындай. 

     Осыған байланысты Қазақстан Республикасы да шетелдегі ағайындарды тиімді пайдалана білуі керек. Шетел қазақтарының бұл жөніндегі мүмкіндігі өте мол. Олар Қазақстанның атақ-абыройы асқақтап, экономикасының өсіп,  дами беруіне тілектес. Бәрі де Нұрсұлтан Назарбаевты тек Қазақстан Республикасының Президенті ғана емес, жер жүзіндегі бүкіл қазақтың көшбасшы ретінде  бағалап, ерекше қадір тұтады. Бұл ретте Елбасы тәуелсіздік алғаннан бергі кезеңде өткізілген әлем қазақтарының төрт құрылтайында да дүниенің түкпір-түкпірінен жиналған ағайындарға Қазақ елін дамыту жөнінде жүзеге асырылуға тиіс мақсат-міндеттерді жан-жақты талдап, ортаға салған еді. Соған орай, шетелдегі ағайындар Қазақстанда қолға алынып жатқан жақсы істердің барлығынан да толық хабардар. Бұл ретте олар Қазақстан Президентінің жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауларына да айрықша қызығушылық танытады. Бұл бағдарламалық маңызды  құжаттарда қандай мәселелер алға қойылады, оларды жүзеге асыру қалай жүргізіледі дегенге ерекше көңіл бөледі. Сөз реті келгенде, шетелдегі ағайындардың осы сұраныстарына орай,  Дүниежүзі қазақары қауымдастығы Елбасының Жолдауларын бірнеше тілге аударып, оған қоса латын және арабша төте жазумен шетелдерге жеткізіп отыратын да айта кеткеніміз жөн. Бұл жақсы дәстүр биыл да өз жалғасын табады.

         Және бір қуанарлығы -  шетелдегі ағайындар Қазақстанда болып жатқан жаңалықтарға  сырттай қызығып қана қоймайды, сонымен бірге Елбасы қолға алған әрбір игілікті бастамаға Қазақстанға келіп  өздері де  үлес  қосуды армандайды. Олардың бұған шамасы да, мүмкіндіктері де толық жетеді. Демек,  шетелдегі қазақ диаспорасының осы мүмкіндіктерін толығымен тиімді  пайдалануымыз керек.

     Осыған орай, бүгінгі таңда шетелдегі қазақ диаспорасымен байланыс жасауды,  оларды атажұртқа көшіріп әкеліп, елімізді дамуына қатыстыруды жаңа деңгейге көтеру керек.  Яғни, бұл салада біраз мәселені түбегейлі қайта қарап, бұрын ескерілмеген іс-шараларды қолға алу қажет. Бұл ретте бізде шетелден келген қазақтардың бәрі міндетті түрде оралман болуға тиіс деген ұғым-түсініктің қалыптасқанын да айта кеткеніміз жөн. Ал шындап келгенде бүгінгі таңда шетел қазақтарының Қазақстанға келуінің жолы екі түрлі:

      Оның біріншісі – оралмандар көші,  яғни тұрақты қоныс аудару. Мұндай көші-қонмен келген ағайындар Қазақстан азаматтығын қабылдап, атажұртта біржолата тұрақтап қалуға тиіс. Соған байланысты олар мемлекет тарапынан белгілі бір көлемде әлеуметтік-қаржылық көмек алуға құқылы. Ал бірақ Қазақстан азаматтығын алып, квота бойынша түрлі жәрдемақыларға қол жеткізіп, сосын қайтадан кері көшіп кетуіне жол берілмейді.

     Шетелдік ағайындардың Қазақстанға келуінің екінші жолы –  түрлі жұмыс істеу, оқып, білім алу, шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысу үшін белгілі бір мерзімге уақытша келу. Бұл екінші жолмен келетіндер ешқандай да оралман емес; соған орай оралман мәртебесін сұрамайды да, Қазақстан үкіметінен қаржылық-әлеуметтік көмек пен қолдау да талап етпейді; тек оларға Қазақстанда  тұрақты тұрып, жұмыс істеуге, түрлі кәсіпкерлікпен айналысуға заңдық-құқықтық жағынан жеңілдіктер ғана керек. Ешкімге салмақ салмай, өз қаржыларын шығарып, өз күштерімен жұмыс істейтін мұндай ағайындар қазіргі жағдайда Қазақстан үшін айрықша маңызды. Өкінішке қарай, оларға Қазақстан тарапынан ешқандай қолдау жасалмайды. Керісінше, визасын созбай, тіркелуге, жұмыс істеуге рұқсат бермей, әуре-сарсаңға салып, ақыр соңында кері қайтып кетуге мәжбүр етеді. Этникалық көші-қон саласындағы қиыншылықтардың басым көпшіілігі осыдан туындайды. Алдағы уақытта бұл жөнінде нақты іс-шараларды қолға алу керек.  Бұл ретте 1992 жылы Қазақстан үкіметі «Ұлты қазақ шетел азаматтарын Қазақстанда болған кезінде  әлеуметтік-экономикалық   жеңілдіктермен қамтамасыз ету жөнінде» №791 қаулы  қабылдағанын айта кеткен жөн. Дүниежүзі қазақтарының тұңғыш құрылтайы қарсаңында дүниеге келген, көлемі бір беттей ғана бұл кішкене Қаулының күші мен ықпалы қазіргі Үкімет пен Парламенттің айлап, жылдап дайындап, қабылдайтын көші-қон туралы заңнан артық болмаса, ешқандай да кем емес еді. Осы Қаулының негізінде ҚР Сыртқы істер министрлігі мен шетелдегі елшіліктеріміз  шетелдік  қазақтарға «Қазақ диаспорасының өкілі» деген  арнайы куәлік беретін. Соған байланысты алыстан келген ағайындар ешқандай әуре-сарсаңға түспей, Қазақстанның кез-келген жерінде еркін жүріп-тұрып, жұмыс істеуіне, басқа да түрлі кәсіпкерлікпен айналысуына бірден құқылы болатын. Және бұл куәлікті алу барынша оңай еді – ұлты қазақ екенін дәлелдейтін құжаты болса, басқа анықтама талап етілмейтін. Кезінде  сан мыңдаған қазақ осы қаулығы сүйеніп, «Қазақ куәлігін» алып, үкіметтен ешқандай қосымша көмек сұрамай, өз күндерін өздері көріп, Қазақстанда жап-жақсы жұмыс істеп кетті.  Және олардың басым көпшілігі кейін  жаңа ортаға біртіндеп бейімделіп, азаматтық алып, Қазақстанда орналасып қалды. Бірақ, өкінішке қарай, кейін осы жақсы  қаулының күші жойылды. Енді алдағы уақытта осы жақсы тәжірибе қайтадан қолданысқа енгізілсе дейміз.

     Бұл ретте қазір дайындалып жатқан «Көші қон туралы» жаңа заңнан үлкен үміт күтеміз. Бұл жаңа заңда шетел қазақтарының Қазақстанға келуінің барлық жолдары мен түрлері тайға таңба басқандай айқын, анық  көрсетілуге тиіс. Оның ішінде, әсіресе, шетелдік қазақтардың Қазақстанға өз күштерімен келіп, «оралман» мәртебесін алмай-ақ жұмыс істеуіне, түрлі кәсіпкерлікпен айналысуына, оқып-білім алуына тиісті жеңілдіктер жасау бір жүйеге түсіріліп, нақты шешілгені жөн.

      Өткен жылы   ҚР Сыртқы істер министрлігі шетелде тұрып жатқан қазақ диаспорасын қолдау бойынша  «Мәдени-гуманитарлық жол картасын» әзірлеуді қолға алды деген жақсы хабар естіп едік. Және оған Қауымдастықтың атынан өз ұсыныстарымызды бергенбіз. Бірақ бұл мәселенің қалай аяқталғаны бізге әзірше белгісіз.

     Сондай-ақ, өткен жылы Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыруға шетелдегі отандастарды қатыстырудың тұжырымдамасын дайындап, Қауымдастық төрағасының бірінші орынбасары Талғат Мамашевтың атынан жоғарғы орындарға ұсынған еді. Тұжырымдамада шетел қазақтарын еліміздің дамуына қатыстырудың  мүмкіндіктері жан-жақты көрсетілген. Болашақта бұл Тұжырымдамада көтерілген мәселелер ескерілсе дұрыс болар еді.

      Сөзімізді түйіндей келе айтарымыз – Елбасының Жолдауын  жүзеге асыруға шетел қазақтарының да мүмкіндіктері мен әлеуетін   жан-жақты пайдалану  нақты ескерілгені жөн. Бұл мәселе оң шешімін тапса алыстағы ағайындармен байланысымыз бұрыңғыдан да жақсарып, жаңа деңгейге көтерілері анық. 

толығырақ

    «Mangilik El»  являясь национальной идеей нашей страны вмещает в себе много понятий. Это и вечность нашего будущего существования как нации, вечность будущего поколения и их будущего, вечность нашей ойкумены.  Понятие «Mangilik El» Лидер нации назвал стержнем великого национального направления Стратегии – «Казахстан – 2050».

     Впервые в истории национальную идею «Mangilik El»  объявил Тоныкок (приблизительно 646-731 гг.). Имя Тоныкока (Тоньюкука) связано с возрождением восточно-тюркского каганата, восстановлением его независимости в борьбе с Китаем, о чем свидетельствуют древнетюркские рунические памятники, письма. По источникам историка Ма Шан-шуа, Тоныкок является представителем племени Сабек Карлыкского государства. В юности, 13 лет живя в столице Китая, он получил блестящее образование. Тоныкок, отличаясь своей мудростью, занимал должность советников при каганах Елтерис, Канаган, Билге. Был соратником реформатора восточно-тюркского государства кагана Кутлуга, который принял титул Эльтериш кагана. При нем Тоныкок был главнокомандующим каганата, заняв после кончины кагана его место. Он отличался навыками хорошего полководца. Руководил многими победоносными военными операциями против тюргешей и китайцев вместе с сыновьями Эльтериша Бильге-каганом и Кюлтегином, возродившими, после возникшего из-за восстания огузов кризиса власти, вторую Тюркскую империю. Тоныкок воевал с китайцами 27 раз, с огузами — 5, с кутонами — 7 раз.

      Мудрый Тоныкок после получения независимости от тюргешей и китайцев вел стабильную дружественную внешнюю политику. Он считал, что с соседями надо всегда быть в хороших отношениях. Вел особо важные, судьбоносные переговоры с китайцами, когда от исхода встреч зависел мир между государствами.

       Он, наверное, единственный полководец, который оставил о себе след на каменных стелах (памятники орхоноенисейской письменности), где описывается каждый его бой с врагами. По ним историки могут определить силу противников, вооружение, место боя и, конечно же, время сражений.

      В орхоно-енисейском тексте имеется надпись в честь Тоныкока, где повествование идет в первом лице. Рассказ о героических военных событиях заканчивается таким образом: "Так как я, мудрый Тоныкок, той земли достиг, желтого золота, светлого серебра, женщин (и) девиц, попон (ковров) (и) драгоценностей без числа было принесено... Мой каган мои, мудрого Тоныкока, рассуждения выслушал и сказал... Я подчинился (ему как) сородичу по мудрости и сородичу по славе".

      Заветной мечтой Тоныкока был свободный, независимый от внешних и внутренних врагов тюркский народ и «Mangilik El» - страна вечности.

       Обращение Елбасы к столь далекой по времени великой и жизнеутверждающей  идее наших непосредственных предков – тюрков средневековья это признак мудрого политика, уверенно и умело ведущего общество в сложное геополитическое настоящее время. Для прогноза будущего Глава государства внимательно изучает прошлое, где находит рациональные зерна для своих прозорливых инициатив и решения сложных государственных задач современности.

      Преемственность – основа «Mangilik El» и поэтому необходимо нам крепить духовные связи и преемственность поколений от дедов к внукам и правнукам. В умах поколений мы должны взращивать инновационное мышление. Мы верим в будущее наших детей и будущих поколений, когда есть у нашего народа такая великая идея «Mangilik El»!

         Сагиндык Салмурзин, руководитель СКОФ РОО «Всемирная Ассоциация казахов», бакалавр политологии.

 

толығырақ

      Мен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың әрбір сөзін әрдайым мұқият тыңдап, оқып, қарап отырам. Үнемі оның астарын ойланам. Биылғы 11-қарашадағы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» деп аталатын Қазақстан халқына Жолдауын оқыған кезде осындай әсер алдым. Жасыратын ешнәрсе жоқ ҚР Президентінің халыққа айтатын әрбір сөзінің астары терең, мәні зор болып келеді.  Оны сөздің парқын түсінетін, түбіне терең бойлай алатын баяғы қазақ болмаса, кейбір адамдар толық қабылдап, түсіне бермеуі де мүмкін. Бүгін жастарда сөзді толық түсіну қалып бара жатыр ғой. Біздің қазақ “ымды түсінбеген, дымды түсінбейді” дейді.

      Осы арада Қарашаш сұлу мен Жиренше шешеннің қалай үйленгенін есіңізге алыңызшы? Жиренше шешен Қарашаштың үйінен аттанып бара жатқанда серіктеріне мен құда түсіп келетін болдым Қарашаш келісімін берді дейді. Олар қашан, қай кезде, бәріміз бірге отырдық қой, сөйлескен жоқсың ғой десе. Байқамадыңдар ма? Онда қараңдар Қарашашқа көзіне тіке қарап тұрдым да, аттың жалын сипадым. Ондағым Қарашаш сендей сұлуды алу үшін мына аттың жалындай қалыңмал берсем де жетпейтін шығар дегенім. Сонда Қарашаш тіке көзіме қарап жымиып күліп, басын сипады дейді. Ондағысы баспен бас жарасса онда тұрған не бар дейсің дегені депті. Міне біздің қазақ осылай тілдескен. Қазір жастарға аузына шайнап беріп отырсаң да түсінбейді. Неге? Бұл үлкен сұрақ. Оны зерттеу керек. Оның түбіне жету керек, сондықтан да бізге қазір қазақ психлогиясын дамытуымыз керек. Оның механизмдерін қазақи технологиялармен жеткізуміз керек.

   «Атажұрт» халықаралық қоғамдық қорының  «Кәсіптік бағдарлау» пилоттық жобасының жетекшісі Ғани Бейсембаев

 

толығырақ

Алимгереев У

    Өтепберген ӘЛІМГЕРЕЕВ, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы  Атырау облыстық филиалының төрағасы.

     Елбасы Жолдауларының әр­қай­­сының маңызы ерекше екені дау ту­дырмайды. Ал бұл жолғы Жол­­дау­дың бұрынғыларынан өзге­­ше­лігі айрықша байқалады. Өйт­ке­ні, Жолдаудың «Нұрлы Жол» аталуының өзінен келешекті бағдар­лаған, алдағы мақсатқа жету үшін басым бағыттарды айқындаған ба­ғ­дарлама екендігімен көңіл қуан­­тады. Экономиканың әр саласын өркендетудің жеті басым бағытынан ел экономикасының бүгінгі ырғақты дамуын бәсеңдет­пеу, тек бәсеңдетпеу ғана емес, үде­те түсудің маңыздылығын ай­қын­дап берді. Әрине, экономика әр бағытта дамиды. Оған Ұлт­тық қордан қомақты қаржы да бөліне­тіндігі айтылды.

     Менің айтайын дегенім, эконо­мика өздігінен өркендемейді. Мұны барша біледі. Экономиканы дамыту бағ­дарламасын жасақтайтын біл­гір экономистер болса, әр сала­ны өр­­кендететін қатардағы жұ­мыс­­шыдан бастап, басшысына дейін­гі мамандары жұмыс жасайды. Ал сол мамандардың жайлы бас­пана­сы болмаса, жұмысы да өн­бей­­тіндігі даусыз. Дегенмен, біз­дің елі­мізде әр кезеңде тұрғын үй құры­лысын дамытудың кешенді бағ­дар­ламалары іске асырылып келе­ді. Енді биылғы Жолдауда көрі­ніс тапқан бесінші бағыт – тағы да тұр­ғын үй құрылысын дамытуға арналып отыр.

     Рас, қазір тұрғын үй ешкімге тегін берілмейді, тұрғын үйді әркім жалға алуына болады. Десек те, жалға берілетін тұрғын үй баспанаға мұқтаждардың бәріне бірдей жете бермейді. Міне, енді Елбасы тағы да 2015-2016 жылдар аралығында жалға берілетін тұрғын үйлер құ­ры­лысын салуға 180 миллиард теңге бөлуге тапсырма берді. Және бір ерекшелігі, «Арендалық бас­па­на құрылысы тұрғысындағы қадам­дарды қайта қарастыру керек. Біз­де қолжетімді баспана бойынша көптеген әдістер бар. Елімізде Тұр­ғын үй-құрылыс жинақ, ипотека, арендалық бағыттар қамтылған. Енді бізге басқа қырынан қарау керек. Мемлекет әлеуметтік арендалық баспананы салып, оны халыққа сатып алу құқығымен ұзақ мерзімге жалға беретін болады. Қазіргі кезде қолданыстағы жүйе қомақты қар­жыны талап етеді. Бастапқы жар­наны төлеткізеді, содан кейін банк­тер кіріптарлық пайыздарды бекітеді, яғни оның деңгейі 20 пайызға жетеді. Адамдар оны төлеу­ге қауқарсыз және проблемалар туын­дайды. Бұл бағдарламалар қала­ды, олар дәулетті адамдар үшін қалыпты. Ал жаңа ба­ғыттағы бағдарламаны жас отбасы­лар үшін және баспанаға зәру аза­мат­тарға жасап жатырмыз», – деп Ел­басы мәселенің басын ашып берді.

    Біз бұдан жаңа бағдарлама бойынша енді жалға берілетін баспананы еш делдалдарсыз, барынша төмен пайызбен алуға болатынын түсінеміз. Ал несиелік қызмет ету 1-2 пайыз деңгейінде болып, тұрғын үйді сатып алу құны төмендетіледі, бастапқы жарнаға тыйым салынады екен. Бұл әсіресе, жаңадан жоғары оқу орнын бітіріп, шаңырақ көтерген жас отбасылар үшін үлкен қолдау болары даусыз. Биылғы Жолдаудың осы секілді өзге де бағыттары экономиканы жаңаша өркендетуге серпін береді дегенмен, тұрғын үй құрылысына қатысты тұсы баспанаға зәру отбасылардың үмітіне сәуле түсірді.

     http://egemen.kz/?p=42846  

 

толығырақ

         Елбасының Жолдауы жуырда түрік тіліне аударылып, қалың көпшілікке жол тартқалы Түркияда қызу талқыға түсті. 

       Алғашқылардың бірі болып, мемлекеттің дамуына бей-жай қарамайтын осы елдегі қазақ студенттері өз пікірлерлерін ортаға салды. Жиын барысында олар Жолдауда көтерілген тың идеялар мен Қазақстанның озық тәжірибелерін насихаттау үшін шетелдік достарымен де бөлісетіндіктерін атап өтті.

Қаракөз Жұмабек, Анкарадағы Гази университетінің докторанты
     - Жолдауды талқылау барысында ең басты мәселелердің бірі біз жастар үшін ол – тұрғын үй мәселесі. Делдалдардың азаюы, төмен пайыз және жалдамалы тұрғын үй мәселесі. Екіншісі, Қазақстанның ішкі аймақтарының өзара қарым-қатынасын арттыру. Ол үшін инфрақұрылымдарды арттыру. Транспорттық жаңа жобалар іске асқалы тұр. Биылғы Жолдаудың негізгі ойын былай деп түйіндеймін: елімізде ең бастысы бейбітшілік, тұрақтылық және бірлік болуы керек.

      Бүгінгі басқосуға Түркияның ең ірі жоғары оқу орындарында білім алып жүрген 200-ден аса студент жастар жиылды. Олармен кездесуге арнайы келген Қазақстанның Түркиядағы елшісі Жансейіт Түймебаев талқылауға қатысып, Президент Жолдауында көтерілген негізгі басымдықтарға кеңінен тоқтады. Оның ойынша, Елбасының биылғы Жолдауы ғаламдық экономикалық дағдарыстан аман өтудің ең тиімді жолы.

Жансейіт Түймебаев, Қазақстанның Түркиядағы елшісі
     - Университет ғалымдары, түрлі саясатшылар және Түркия басшылығы, түрлі министрлік Жолдауға үлкен көңіл бөліп отыр. Қысқа уақытта түрікшеге аударып, таратқан мәтінге байланысты олардың баса айтатын жағы «Нұрлы жол» Жолдауының қазіргі әлемдегі дағдарыс кезінде саяси-экономикалық қиыншылық кезеңінде Елбасымыздың көрегенділікпен, алдын ала үлкен болжауымен дайындық үстінде екенін көрсетіп отыр.

       Қазақстандық жастар оқу орындарын үздік бітіріп, елге білікті маман болып оралуын көздейді. Өйткені олар ұлттың әлеуетін көтеру үшін сапалы білім алудың маңыздылығын жақсы түсініп отыр. 

     Baq.kz 

толығырақ

    Ел беделі артып келеді Қазақстан Президентінің «Қазақстан-2050» стратегиясымен жан-жақты танысып шықтым. Бұл стратегияда көрсетілген басты міндет - 2050 жылы Қазақстанды әлемдегі дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосу. Бұған Қазақстанның әлеуметтік және экономикалық мүмкіндігі толық жетеді деп сенемін. Алға қойылған мақсаттардың толық жүзеге асуына шетелдегі 5 миллионнан астам қазақтар да тілектес болып мүмкіндіктерінше үлес қосуға дайын. Өйткені біз шетелдегі қазақтар - қай елде тұрсақ та өзімізді қазақ халқының ажырамас бөлігі деп білеміз және қазақ халқының бүгіні мен болашағы үшін атқарылған іс-шараларға қатысқымыз келеді.

    Стратегияда көп мәселелер қойылған. Оның ішіндегі тіл, мәдениет, дәстүр, ғылым және білім, әлеуметтік қолдау мәселелері біз үшін айрықша маңызды. Онда «Қазақ тілі - біздің рухани негізіміз, осы тілді дамытуға біз өз үлесімізді қосып ұрпақтарымызға қалдыруға тиіспіз» деп атап көрсетілген.

    «Біз үшін 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын әліпбиіне көшіру -принципті мәселе деп, бұл мәселені мәселені шешу мерзімін нақты көрсеткен Елбасымыз: «Тіл - Қазақстан халқын біріктіруші күш болуға тиіс. 2025 жылға дейін қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін білуге тиіс. Қазақ қазақпен қазақша сөйлесін», деп айрықша айтып өткен. Біз Қазақстанның тезірек қазақ тілінің латын әліпбиіне өтуіне тілектеспіз. Бұл үдерісте оған ертерек көшкен Өзбекстанның тәжірибесі ескеріліп, ондағы олқылықтар қайталанбаса екен деп тілейміз.

    Және бір көңіл қуандырар мәселе, мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызды әлеуметтік қолдау саласы болып отыр. Бізде ондай адамдарға қамқорлық көрсетілуге тиіс - бұл өзіміздің және қоғам алдындағы біздің парызымыз. Бүкіл әлем осы мәселемен айналысады. Мүмкіндігі шектеулі адамдар тұрмыстық қызмет көрсету, тамақ өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында жұмыс істей алады. Елбасымыздың барлық кәсіпкерлерге оларды жұмысқа орналастыруға көмектесіңіздер деп айтуы сондай-ақ, 5-10 адамға арналған арнайы квотаны енгізу мүмкіндігі көңіл қуантады.

    Қорыта айтқанда «Қазақстан-2050» стратегиясы бүкіл қазақ халқының алдына қойылған биік мақсат, үлкен міндет. Қазақ халқының бұл асудан қиындықсыз өтіп, әлемдегі алдыңғы өнеркәсібі дамыған 30 елдің қатарына қосылады деп сенеміз және шетелдегі қандастарыңыздың тілектестігін білдіреміз. Елбасымыздың «Мәңгілік ел» ұлтық идеясын толығымен қолдаймыз және де бұл салада жасап жатқан іс-шараларыңызда сәттілік тілейміз. Екі елдің арасындағы байланысты нығайтуда ұлттық мәдени орталықтар сырт қалмайды. Мәселен Өзбекстан қазақтарының кіші құрылтайы аясында мамыр айында Тәшкентте өтетін Әйтеке бидің 370 жылдығына арналған Достық фестивалі соның бір айғағы болмақ.

     Марат Үкібаев, Өзбекстандағы Қазақ Мәдени орталығының төрағасы

 

толығырақ

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті