Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Жолдауға қолдау

Басты бет | Жолдауға қолдау | Шыңдалған шарболаттай шешімдердің бары ұнады

     Ащы шындық адам шамырқанғанда ғана шығады ғой әрқашан. Қазір әлемдегі жағдай,  еліміздің айналасындағы алыс-жақын шетел оқиғалары, ТМД ахуалы, бәрі де көңіл алаңдатарлықтай күйде. Осыған байланысты әлеуметтік-экономикалық жағдай да күрделене түсті. Қысқасы, дәл қазір саясаткерлердің нағыз шамырқанатын, ширығатын уақыты. Алыста жүрсек те көңіліміз ел жақта болғандықтан, көзіміз анық жететін бір жайт бар: дәл осы айтылғандай қиын-қыстау кезеңдерде біздің Елбасымыз шамырқану өз алдына, шыңдалған шарболаттай берік те кесек мінез танытатыны әрдайым байқалады. Осы жолғы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында қазіргі қысталаң шақта көңілге ширығу сыйлайтын, сенімділік әкелетін жайттар жиі айтылды.

      Елді қиын-қыстау кезеңнен табысты түрде алып өтуге тиіс нәрселердің бірі ретінде кәсіпкерлікті дамыту міндеті алдыға қойылды, ауқатты адамдардың елге көңіл бөлуін арттыру қажеттілігі атап көрсетілді. Дәл осы жайт менің де көкейімдегі көп ойға қозғау салғандай болды. Қазақстан Тәуелсіздік алғалы елде кәсіпкерлердің, ауқатты адамдардың қаншама тобы, қаншама буыны өсіп жетілді десеңізші... Ұлттық буржуазияны қалыптастыру (бұл өте дұрыс шешім) міндеті алдыға шығарылып,  сан мыңдаған орта және ірі кәсіпкерлер тобы қалыптасты. Мұның өзі ел дамуының жақсы алғышарты болатын. Алайда, соңғы уақыттарда өте ауқатты адамдар тобының елге қызмет етуден гөрі тапқан табысын шетелде, офшорлық аймақтарда ұстауға әуестенуі басым бағыт ала бастағандай. «Еліміз қазірдің өзінде көпшіліктеріңізге ақша табуға және іскерлік журналдардың бірінші беттерінен көрінуге мүмкіндік берді», деп атап көрсетті Елбасы. Шындығында, кәсіпкерлеріміз елден көрген жақсылығын  еліне еселеп қайтаратын уақыт жетті ғой. Елбасының шамырқана айтқан ойларының бірі осы болуы мені қуантты. Мен туып-өскен Ресейде, қазақ ұлты өкілдері ежелден жиі тұратын Омбы  жерінде кәсіпкерлердің ұлы күш екендігін жұртшылық жақсы түсінеді. Облысымызда жеке кәсіпкерлік жақсы жолға қойылған. Облыстағы салық түсімінің басым бөлігін жеке бизнес өкілдері береді. Оның үстіне Ресей Батыс және Еуропа елдері тарапынан санкциялық қысымға ұшыраған кезде ел басшылары ең алдымен ірі бизнес өкілдеріне, кәсіпкерлерге үн қатып, көмек қолын созуды сұрады. Осының өзі қиын жағдайға қарамастан, Ресей экономикасын қатты күйзелістен аман сақтауға мүмкіндік беріп отырғандығы басы ашық нәрсе. Тарихи Отанымыздың, Қазақстанның экономикасы да қазірге дейін ірі күйзелістен алыстау тұрғандығы біз үшін үлкен қуаныш. Ел экономикасының ішкі мүмкіндіктері ірі бизнес өкілдері мен ауқатты адамдардың қуатты қолдауына ие болса, Қазақстанның әлі де қарыштап алдыға дами беретініне біз сенеміз. Елбасының Қазақстан халқына жолдаған биылғы Жолдауымен танысқан  соң біздің көңілімізге осы жайт берік орнықты.  

              Алтынай Жүнісова,  «Мөлдір» қазақ мәдениеті Сібір орталығы Омбы аймақтық ұйымының  жетекшісі, Қазақстан Республикасының  еңбек сіңірген мәдениет қызметкері. 

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті