Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Жолдауға қолдау

Басты бет | Жолдауға қолдау | Атамекенді дамудың даңғылына бағыттаған құжат

    Біз, Ресей қазақтары атаме­кен­нен жырақ жүрсек те, онда болып жатқан өзгерістерді сырттан қарап, қадағалап отырамыз. Өзге елде тұрып жатқаннан кейін бізге жырақ көрінеді, әйтпесе Ресей қашаннан Қазақстанның құдайы көршісі ғой. Сондықтан экономикада, әлеуметтік салада екі елдің алыс-берісі жеткілікті. Қазақстан қазір қай саланың дамуы болсын бұрынғы Кеңес Одағына қараған елдерден көш ілгері. Жақында интернеттен Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан хал­қына жолдаған «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын оқып шықтым. Әрине, мені атамекенім – Қазақстан экономикасының дамуы жотаға емес, көкке атылған шың­дарға ұмтылғандай әсер береді, даму қар­қыны таңдандырады. Ең бастысы, елді алға сүйреудің, дамудың нақты, сенімді әрі өршіл жоспар-мақсаты өзгеге үлгі алуға, үйренуге меңзегендей екен.

     Осыдан 25 жыл бұрын, Тәуелсіздігін енді алған кезде «Қазақстанға қиын болады, қашан зауыттар салады, өңдеу өнеркәсібін дамытады? Еуропаны айтпағанда, Кеңес Одағы құрамында бірге болған Ресей, Украина, Балтық бойлары елдерінің сол кездегі деңгейіне ол қай уақытта теңесер екен», деген ойды бәріміз де ойладық. Ал қазір Қазақстан ТМД елдерінің көбін шаң қап­тырды, алпауыттарға қарай адымдап келе­ді. Жолдауда бұл анық айтылады. Бүгін дү­ние жүзінде дамудың ерекше қарқыны бай­қалады. Дүние тез өзгеріп келеді. Жол­дауда Президент: «Еңбек өнімділігін айтар­лықтай арттыру керек. Бұл жердегі негізгі фактор Төртінші өнеркәсіптік революция эле­мент­терін жаппай енгізу болуға тиіс. Бұл – авто­маттандыру, роботтандыру, жасанды интел­лект, «ауқымды мәліметтер» алмасу, тағыс бас­қа міндеттер» деп көрсетеді. Соған орай тек экономикада ғана емес, өмірдің бар­лық саласында көптеген мақсат-міндеттер қояды.

       Сырттағы ағайынның байқауынша, бұрын Қазақстанда өнімді экспорттаудан гөрі импорттың үлесі басым болатын. Сырт­қа көбіне кен немесе астық секілді шикізатты шығарып отыратын. Қазір Қазақ­станда өндірілген тауарды дүниенің төрт бұрышы біледі. Мысалы, ауыл шаруа­шылығын алсақ, Қазақстанның сапалы ұнын Жер шарының алыс нүктелеріндегі ел­дер сұрап жатады. Бұл – шындық. Ал Жол­дауда Елбасы: «Үкімет алдында қазірдің өзінд­е 2025 жылға қарай шикізаттық емес экспортты 2 есе ұлғайту міндеті тұр» деп тапсырды. Демек, Қазақ­станда өңдеу кәсіпорны қарыштап дамуға беталды деген сөз.

       Дүниенің дамыған көп елдерін­де өңдеу кәсіпорны, орта және шағын бизнес экономиканың көп жүгін арқалайды. Қазақстанның экон­о­миканы осы жолға бағыт­таға­ны Елбасының бұрынғы Жолдауларынан да көрініс тапқан еді, бұл жолы нақтылаңқырап ай­тып­ты. Жолдауда бизнес-ортаны дамыту­ға екінші басымдық бере отырып: «Біздің стратегиялық мақ­саты­мыздың бірі – елдің ішкі жалпы өнімін­дегі шағын және орта бизнестің үлесі 2050 жылға қарай кем дегенде 50 пайыз болуын қамтамасыз ету», дейді. Кәсіпкерлікті дамы­ту­дың тетіктерін де тәптіштей айтады.

      Негізі Қазақстан Президенті бұрыннан кәсіпкерлікті дамытуға көп көңіл бөлгенін, тіпті кәсіпорындар еркін бел жазуы үшін тексеру орындарына мораторий жария­лағанын да білеміз. Бұл жолы да түсін­генім, Президент экономикадағы, оның ішінде бизнестегі мемлекеттің рөлін азайтып, кәсіпкерлікті барынша жаппай дамытудың мүмкіндіктер жолына бағыттайды, дүние жүзіндегі дамыған елдердің озық стан­дарттары мен тәжірибелерін енгізуді міндеттейді. Бизнес бәсекенің ісі, ол тек бәсекелі ортада дамиды. Мемлекеттік монополия бизнесті тек тұсайтыны белгілі, сондықтан Нұрсұлтан Әбішұлы бизнеске, кәсіпкерлікке барынша еркіндік беріп отыр.

          Тәуелсіздік алғанға дейін Қазақстан орталықтың шикізат қазанына айналғаны тарихтың ісі болып барады. Ал қазір Қазақстан экономикасының қарыштап дамығанын сол орталықтың мұрагер елі де көріп-біліп, мойындайды. Атамекеніміз, Қазақстанның, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық беделіне де сыртта отырып қуанамыз. Бұрынғы Кеңес Одағында ортақ қазанға қараған елдердің ешқай­сысында осы күнге дейін ең ірі сам­мит, Азия ойындары, Универсиада өт­кен емес. Мұның барлығы да алдымен Қазақ­стан­ды дүние жүзіндегі беделді ұйым­дар мен ірі елдердің мойындауы десек, екінші­ден экономиканың дамуына да байланысты.

         Қазақстанның Үшінші жаңғыруын, жаһандық бәсекеге қабілетті болуын міндет­теген Жолдауда айтылған мақсаттардың барлығы да орындаларына, Қазақстанның болашақта дамыған отыз елдің қатарынан орын аларына сенемін. Өйткені, осыған дейін Қазақстанның дамуы өзін дүние жүзі алдында дәлелдеді.

            Құрамыс НОҚАЕВ, кәсіпкер.  Ресей Федерациясы, Магнитогор қаласы

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті