Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Жолдауға қолдау

Басты бет | Жолдауға қолдау | Елбасы Жолдауында айтылған мәселелерден шетелдегі қандастармыз да сырт қалмайды

     ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа ұсынатын жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауы бүгінде жұртшылық асыға күтетін үлкен бір оқиғаға айналды. Өйткені қоғамның дамуы үшін маңызды реформалық өзгерістерге бұрын бір емес бірнеше жыл қажет болса, қазір оны жаңа технологияның жетістігімен қысқа уақыттың ішінде жүзеге асыруға мүмкіндік туып отыр.

        Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» деп аталатын биылғы Жолдауын: «Мен Қазақстан халқына жаңа дәуір қарсаңғында сөз арнап отырмын» деп бастауы тегін емес. Мемлекет басшысы –  «Болашағын айқындап, сын-қатерлерді күтіп отырмастан, оған табанды түрде қарсы тұра алатын халық қана жеңіске жетеді. әлемде кезекті, Төртінші өнеркәсіптік революция басталды. Экономиканы жаппай цифрландыру тұтас саланың жойылуына және мүлде жаңа саланың пайда болуына алып келеді. Біздің көз алдымызда болып жатқан ұлы өзгерістер – әрі  тарихи сын-қатер, әрі Ұлтқа берілген мүмкіндік» дегенді жайдан-жай айтып отырған жоқ.

     Елдің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін экономикалық өсімнің жаңа моделін жасауда шетелдегі 5 млн-ға жуық қандастармыздың әлеуметтік, демографиялық, мәдени, экономикалық және саяси әлеуеті де назардан тыс қалмайды деп үміттенеміз. Олармен мәдени қарым-қатынас орнатып, ұлттық рухани тұрғыдан қолдау көрсетіп жүрген Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Елбасы Жолдауында айтылған Қазақстанды жаңғыртудың бес негізгі басымдығын насихаттау және түсіндіру жұмысын жоспарға сай жүргізетін болады. Бұл бағытта жылдағы дәстүр бойынша, Жолдаудың мәтінін Қытайдағы қазақтар үшін Ахмет Байтұрсынов әдіпбиі бойынша, Ресейдегі қазақтар үшін кириллицамен, Еуропадағы қазақтар үшін латын әліпбиімен қазақша-орысша, қазақша-өзбекше, қазақша-мұңғылша, қазақша-ағылшынша және сұранысқа қарай өзге де тілдерге аударамыз. Оны шетелдегі ұлттық-мәдени орталықтар арқылы және Қауымдастық ұйымдастыратын және оның атсалысумен өтетін түрлі құрылтайлар, конференциялар, дөңгелек үстел жиындары мен мәдени, спорттық және тағы басқа да шараларда шетелдегі қандастарымызға тарататын боламыз. Сондай-ақ Қазақстанның жетекші ғалымдары мен қоғам қайраткерлерінің көмегімен түсіндіру, талдау, насихаттау жұмыстарын жүргізеді.

      Жалпы тәуелсіздік жылдары Атажұртқа оралған 1 млн-ға жуық қандастарымыз Қазақстанның дамуына қосқан үлесі қомақты болғанын бүгінде ешкім жоққа шығармайды. Оның ең маңыздысы олардың мемлекет құраушы ұлттық кеңестік дәуірде құлдырап кеткен үлесін,  өзінің тарихи орнына қайта шығаруы деуге болады. Шетелден келген қандастарымыз өзімен бірге адам капиталын ғана емес, шетелдік қаржы мен технологияны инвестициялауға жол ашты. Бұл үрдіс  алдағы уақытта да әлі талай уақыт бойы өз жалғасын таба беретін болады. Бабалармыздың «Елге ел қосылса құт» деген нақылы осындай жағдайға орай айтылғаны күмәнсіз. Елдігіміздің баянды, мемлекетіміздің бәсекеге қабілеттігінің  жоғары болуы тек қазақстандықтардың ғана емес, сыртта жүрген қазақтардың да асыл арманы. Ал оған өз үлесін қосу баршаның азаматтық парызы.

  Талғат Мамашев, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Төралқа төрағасының бірінші орынбасары     

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті