Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Жолдауға қолдау

Басты бет | Жолдауға қолдау | Әр азаматқа айқын бағдар

     Мен шет ел азаматы бол­сам да жуықта Қазақстан Рес­публикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев­тың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын оқып, ерекше әсерге бөлендім. Себебі, онда ғылым мен технологияның қарыштап дамуы қарсаңында, әсіресе, жаhандану заманында Қазақ елін, Қазақстанның әрбір аза­матын болашаққа бастайтын нақтылы сара жол көрсетіліпті.

     Қазақстан Республикасы жеке шаңырағын көтеріп, тәуел­сіз ел болған ширек ғасырда әлеуеті артып, айбары асып, әлемдік кеңістікте толағай табыстарға қол жеткізді. Осы уақытта экономикалық қуаты кемелденіп, ел іргесі бекіп, халықаралық қауымдастықта айрықша бет-беделі өсті. Әсі­ресе, БҰҰ Қауіпсіздік кеңе­ сінің тұрақты емес мүшесі бо­луы ғажайып қадам. Әрине, бұл жетістіктер, Нұрсұлтан Әбішұлы атап айтқандай, «та­рих тұрғысынан қас-қағым сәт болса да, Қазақстан үшін ғасырға бергісіз кезең». Елбасы осы қол жеткен табыстарды әрі қарай нығайтумен қатар, Қазақстанның Үшінші жаңғыру бағдарламасын ұсын­ғаны тарихи маңызы зор оқиға.

     Әлемдегі ең да­мыған 30 елдің қа­тарына қосылу мақ­саты аясында іске асып жатқан саяси және экономикалық рефор­ маларды жүзеге асыру үшін, ең бастысы, рухани жаңғыру немесе бұқаралық сананың өзгеруі аса маңызды мәселе. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық ма­қаласы тікелей осы салаға ба­ғытталғаны толғағы жеткен қо­ғам талабына дөп келеді.

    Бұл бағдарламада бәсеке­лестік қабілетін арттыру, адам­ның өмірлік қағидаларын өз­герту, ұлттық бірегейлікті сақтау, елдің эволюциялық тұрақты дамуын қолдау, сананың ашықты­ ғына мүмкіндік жасау қатарлы әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртуға бағытталған мақ­саттар атап көрсетіліпті. Осы бағыт-бағдарларды тұтас ұлт үшін де, кез келген қазақ азама­ты үшін де айпарадай анық бір межеге бет түзеп, соған жетуге талпынудың жолы деп ұғуға бо­лады. Шындығында, Елбасының «Егер жаңғыру елдің ұлттықрухани тамырынан нәр ала ал­ маса, ол адасуға бастайды» деп ескерткеніндей, бұл іске әрбір қазақстандық өз үлесін қосуы керек. Мысалы, ысырапшылдық пен астамшылыққа жол бермеу, жершілдік, жең ұшынан жал­ғасқан тамыр-таныс­тықтан аулақ болу, заман талабына сәй­кеспейтін кейбір ес­кілікті дағдылар мен әдеттерден арылу, керісінше, табиғат ор­тасын қорғау, ұстамды­лық, қанағатшылдық пен қарапайымдылық, үнем­шілдікке бейімделу, ұлттың салт-дәстүрін қастерлеу, озық білім, ғылымға ұмтылу – әр азаматтың қолынан келетін іс. Осы істерді жүзеге асыруда, әсіресе, көзі ашық, көкірегі ояу білімді жастарға жүктелетін міндет ауыр әрі олардың қосатын үлесі де қомақты болса екен деп тілеймін.

     Ұлттық, мемлекеттік тіл – қазақ тілін жетік меңгерумен қатар, жаhандану заманында сананың ашықтығының кепілі болып отырған ағылшын тілін жаппай үйреніп, кәсіби байла­ ныс құралы ретінде пайдалана білу – қазіргі жастарға қойы­ латын үлкен талап.

   Бағдарламаның жоғарыда аталған басты мақсаттарын жү­зеге асыру үшін таяу жылдары қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру, әлемнің үздік 100 оқулығын қазақ тілінде шығару, заманауи қазақстан мәдениетін өркендетуге бағыт­талған бірнеше жобаны ұсын­ғаны Қазақстан халқының ұлт­тық бірегейлігінің негізін қа­лау ісінде аса маңызды екені сөзсіз.

     Бәкей Ағыпарұлы, Моңғолия Аграрлық ғылымдар академиясының вице-президенті, Моңғолия Ғылым академиясының академигі, экономика ғылымдарының докторы

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті