Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Жолдауға қолдау

Басты бет | Жолдауға қолдау | Нақты іске кірісетін кез келді

Нақты іске кірісетін кез келді

    

Ауыт МҰҚИБЕК, ақын,
«Нұр Отан» партиясы республикалық
қоғамдық қабылдау бөлімінің кеңесшісі

      Президентіміздің мақаласын баршамыз болашаққа бағдар сілтейтін, оңымыз бен солымызды танытатын үлкен бағдарлама есебінде қабылда­ғанымыз айқын. Мақалада ерекше назарға алынған ұлттық код қазақ хал­қының бүкіл болмысын, жасам­паздық қасиетін жаңғыртумен астасып жатыр.
    Елбасы мақаласы бұрынғы таптау­рын түсініктерден арылып, мәдениет пен руханиятымызды жаңа дәуірге лайық дамытуға, сақтауға бағыт-бағдар беріп отыр.

       Қазақ үшін ауылдың жөні бөлек. Бәріміз ауылдан шықтық. Жаңа мемлекет құру барысында астана салуға, ірі қалаларға баса көңіл бөлініп келгенмен де, аймақтағы елді мекендерді ұмыт қалдыруға болмайтыны белгілі. Ауыл халқын толықтырудың бір жолы – шетелден келетін қандастарымызды қоныстандыру. Қазіргі кезде олардың келуіне толық мүмкіндік жасалған, балаларының білім алуы, азаматтыққа ие болу сынды мәселелер заң аясында шешілген. Шетелдік қандастар көшінің басталғанына міне, 30 жылға таяп қалды. Алғаш оралғандар елге сіңісіп, мүмкіндіктеріне қарай табысқа да жетіп жатыр. Ол ағайындар да жаңадан елге бет бұрғандарға қарайлап, ұлттық деңгейде қол ұшын созуы тиіс. Әсіресе еңбек күші аз, халқы аз қоныстанған аймақтарды анықтап, мүмкіндік жасасақ көштің қарқыны да жеделдей түседі. Тәуелсіздіктің 25 жылында атамекенге бет бұрған 1 миллион қазаққа келешекте келетін тағы бір-екі ­миллион ағайын қосылса, қазақ тілінің де қолданыс аясы кеңейіп, түйінді мәселелердің өздігінен шешілуіне тигізер септігі зор.

   http://anatili.kazgazeta.kz/?p=42695

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті