Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Жолдауға қолдау

Басты бет | Жолдауға қолдау | Қауымдастық Елбасы Жолдауын талқылады

      Үстіміздегі жылдың 26 қаңтар күні Астана қаласында Дүниежүзі Қазақтарының Қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Зауытбек Тұрысбекотың басшылығымен дөңгелек үстел жиналысы өтті. Онда Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2018 жылғы  «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды. Жиналысқа ғалымдар, өнерпаздар, кәсіпкерлер мен БАҚ өкілдерін қамтыған әр саланың мамандары қатысып, жолдаудың өзектідігі туралы пікір алмасты.

     Өз сөзінде Зауытбек Тұрысбеков Елбасы жолдауындағы «адами капитал – жаңғыру негізі» атты тарауға кеңінен тоқталып, әсіресе шетелдерде білім алып, жетістікке жеткен қазақ ғалымдары туралы ойларымен бөлісе отырып өзінің өткен аптадағы АҚШ мен Қытай мемлекеттеріне сапары туралы баян етті. Ондағы ағайындардың тыныс-тіршілігімен етене танысып, шетелде жүрседе ұлтымыз атын шығарып, жетістікке жеткен жекелеген тұлғалар туралы нақты мәліметтер алып, «Алыстағы ағайын» атты деректі филім дайынату үстінде екендігін жеткізді. Шетелде жүрседе Қазақ елімен мақтанып, Елбасы саясатына үн қосып, өздерінің білімдерін Қазақ елінің дамуына жұмсағысы келетін азаматтардың жалын жігеріне ризашылығын білдірді.

    Жиналысқа қатысқан зиялы қауым өкілдері де Елбасы жолдауының мән-маңызына тоқталып, әр тармақтары туралы ой талқы өрістетті.

     Сондай-ақ, Зауытбек Қауысбекұлы Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайында Елбасы шет елдерде тұратын қандастарымызды қолдау және атажұртқа оралған ағайындардың әлеуметтік-мәдени ортаға бейімделуіне барынша жағдай жасау жөнінде нақты тапсырмалар бергені таралы айта келіп, бұл тапсырмаларды жүзеге асыру барысындағы жоба жоспарларымен бөлісті. Ұлттық тұтастықты сақтайтын осы тектес ұйымдар өзге де дамыған елдерде бар, біз солардан тәжірибе ала отырып, жүрегі қазақдеп соғатын азамматтардың барлығын Қауымдастық төңірегіне топтастырып, жұмылып жұмыс жасау үшін заңды мүшелік ережесін қабылдауы керектігін баса айтты. Жиналғандар бұл ұсынысты бір ауыздан қолдап, Дүниежүзі Қазақтарының Қауымдастығына мүшелік қабылдау туралы үндеу қабылдады. Белгілі түрколог ғалым Қаржаубай Сартқожаұлы: Бүгінгі талқыланған тақырыптардың Еліміз дамуына, ұлтымыз тұтастығына қосар үлесі зор. Әсіресе шетелдегі ағайынның бүгінгі жағдайы көңіл алаңдатарлық, өз тарапыңыздан барып, ондағы бауырларымыздың жәй-күйімен танысып қайтқаныңыз көңіл қуантып отыр. Бұл жобаларыңыздың алдағы күнде де жалғасын табатына сенімдімін. Өз басым Қауымдастықтың бүгінгі бағыт-бағдарына дән ризамын, заңды мүшелікке қабылдау бастамаларымыз дер кезінде көтеріліп отыр, мұның ары қарай жалғасын табу үшін бәріміз жұмылып, қызмет жасауымыз керек,- деді. Белгілі қоғам қайраткері Жандарбек Мәлібекұлы да бұл пікірді жалғастырып: төрағасы Елбасы болғандықтан, барша қазақтың қарашаңырағы Қауымдастық болуы тиіс. Ал қазақтың тілін, дінін, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпының қаймағын бұзбай сақтап, келешекұрпаққа табыстауда бәріміздің ортақ борышымыз. Әрі бұл – «Мәңгілік ел» болуымыздың басты кепілі болмақ. Ендеше, жүрегі қазақ деп соғатын әр азаматтың осынау ұлы мақсатты жүзеге асыруға жұдырықтай жұмылып, Дүниежүзі Қазақтарының Қауымдастығына мүше болуға шақырамыз, - деген сөзі жиналғандарға Қауымдастықтың үндеуіндей қабылданды.

     Жиналыс соңында Зауытбек мырза зиялы қауым өкілдеріне Қауымдастықтың мүшелік билетін тапсырып, ортақ жұмылып жұмыс жүргізуге шақырды.

               Қауымдастықтың баспасөз қызметі

 

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті