Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Отандастар

Басты бет | Отандастар | Еліне келіп елеулі болған – Сейтхан Азатұлы

c%d0%b9%d1%82%d1%85%d0%b0%d0%bd-%d0%b0%d0%b7%d0%b0%d1%82%d2%b1%d0%bb%d1%8b

     Сейтхан Азатұлы 1986 жылы, ҚХР, Үрімжі ауданында өмір есігін ашқан. 2004 жылы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің химия факультетіне оқуға қабылданып, 2008 жылы қызыл дипломмен бітірген. 2010 жылы аталған оқу орнында магистратураны, 2015 жылы, Қазақстандық танымал ғалым З.А.Мансуровтың жетекшілігімен «Наноматериалдар және нанотехнологиялар»мамандығы бойынша докторантураны «Development of the technology for fusicoccin preparation using nanocarbon sorbents and study of its  biological and cytotoxic activity»-тақырыбында ағылшын тілінде қорғады, осы сала бойынша PhD докторы атанды, 2015 жылдың қарашасынан бері, Назарбаев университеті, Инженерия мектебінде, танымал ғалым R.L.D.Whitby-дің жетекшілігімен постдокторлық зерттеу жұмыстарын жүргізуде, бұл жұмыстар Павлодар облысындағы Былқылдақ көлін сынаптан тазартуды мақсат етеді.

1

       Сейтхан Азатұлы 2009 жылдан бері РМК «Жану мәселелері институтында» аға ғылыми қызметкер болып жұмыс атқарады. Сонымен бірге, 2010 жылдан бері әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің химия және химиялық технология факультетінде доцент міндетін атқарады. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде сабақ береді.

      Ол өзінің жетекші ұстаздары З.А.Мансуров, М.К.Гильманов, R.L.D.Whitby, Vasileios Inglezakis-тармен бірге он шақты ірі ғылыми жобаларды іске асырды(Ұлыбритания, Бельгия, Индия елдерімен біріккен жобаларда бар), олардың ішінде егіс дақылдарының өнімін 20-30% арттыратын биотұрақтандырғыш, ракка қарсы дәрілік препарат, ағынды суларды тазартуға арналған сорбенттерді айырқша атап өтуга болады. Отандық биотұрақтандырғыш бұл күнде сатылмға шықса, сорбенттерді өндіруге арналған цех құрылысы аяқталуға жақын. Осы жылдың соңына, отандық су тазартуға арналған фильтрлер нарыққа шығады деп күтілуде.

2

       Сейтхан Азатұлы 2013 жылы Ұлыбританияның Брайтон университетінде жарты жылдай іс-тәжірибеден өтіп, өз зерттеулерін жасап қайтты, сонымен бірге Қытай, Малайзия, Индия, Вьетнам, Гон конг- қатарлы елдермен, қалаларды іскерлік іс-сапарда болды. Индияның, Кольката қаласында болған іс-сапарының нәтижесінде, Индия-Қазақстан біріккен су тазартатын фильтрлер өндіруге уағдаласты.

      Сейтхан Азатұлы қазірге дейін, «Нанохимия концепциялары», «Күн энергиясы мен жаңартылатын энергия нанофизикасы» – сынды оқу құралдарын әріптестерімен бірге, ал «Ақаба суларды тазартудың нанотехнологиясы» оқу құралын, жеке өзі ағылшын тілінен, қазақ тіліне аударды. Бұл кітаптар бұл күндері осы салада жұмыс атқаратын Қазақ тілді мамандармен, студенттердің жақсы көмекші құралына айналған.

       Ол 2014 жылдан бері АҚШ-та шығатын «Nanoscience and nanoengineering» журналының редакция алқасы құрамында,  http://www.hrpub.org/journals/jour_editorialboard.php?id=65.

     Ол Жану мәселелері институтындағы әріптестерімен бірге келесі халықаралық және жергілікті ғылыми конференцияларды ұйымдастырды және өткізді.

  1. International Symposium «Physics and Chemistry of Carbon Materials / NanoEngineering» (Almaty, September, 2010, 2012, 2014, 2016);
  2. International Scientific Conference of Students and Young Scientists «World of Science» (Almaty, 2010-2016.);
  3. International Symposium «Combustion & Plasmochemistry» (September, 2011, 2013,2015).
  4. Студенттер мен жас ғалымдарға арналған «Химиялық физика және наноматериалдар 2015 » ғылыми конференциясы.

       С.Азатұлы сонымен бірге, Гон конг, Малаизия, Қытай, Индияда өткен Халықаралық конференцияларда доклад жасады.

      С.Азатұлы 2017-жыл әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Үздік жас ғалымы» атанды және ректордың бұйрығымен университет дамуына қосқан үлесі үшін «ҚазҰУ-ға 80 жыл» төс белгісімен марапатталды.

         Дайындаған: Нұрбол Мұратбекұлы

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті