Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Дүниежүзі қазақтарының V Құрылтайы

Басты бет | Дүниежүзі қазақтарының V Құрылтайы | Италиядан келген Әйгерім Болатқызының құттықтауы

          Аса мәртебелі Елбасы!

        Мен Әйгерім Болат, Италияның Милан қаласынан келдім. 

     Сондағы Европадағы үздік оқу орындарының бірі Боккони университетінің лекторы, әрі Мемлекетті Басқару магистірлік бағдарламасының директорымын.

    Сіздің ІІІ Құрылтайда «шетелдегі әр қазақ Отаныма не берем деп ойланатын кез келді» деген сөзіңізден кейін мен білімімді атажұртым Қазақстанға жұмсайын деп шешіп, cодан бері бар күш-жігерімді Қазақ Елінің игілігіне жұмсауға тырысып келемін. 

     Сингапурдың бірінші премьер-министрі болған Ли Куан Ю Сіздің сыйлас досыңыз болғанын білемін.

    Мен 7 жылдай Сингапур ұлттық университетіндегі Ли Куан Ю атындағы мемлекеттік саясат мектебінде қызмет істедім. 

    Сол уақытта Сингапур мен Қазақстан арасында білім саласы бойынша келісімдер жасауға тікелей қатыстым.

    Соның нәтижесінде Қазақстанның 150-дей мемлекеттік қызметкерлері –  министрлер мен басқа да жоғарғы лауазым иелерінің білімдерін жетілдіруін Астанада және Сингапурда ұйымдастырдым.

       2012 жылы Назарбаев университеті мен Ли Куан Ю атындағы мемлекеттік саясат мектебі 5 жылға келісім-шарт жасауына мұрындық болдым.  Бұл келісім-шарт осы Мамыр айында келесі 5 жылға тағы да ұзартылды.

   Сол келісімнің аясында, жоғарғы мемлекеттік саяси мектеп бүгінде мемлекеттік саясат мамандығын оның қыр-сырын тек Қазақ жастары ғана емес орталық Азия елдерінің жастарына үйретуде. 

     Қазір Италиядағы жұмысыммен бірге Ли Куан Ю жоғарғы мектебінің Назарбаев Университетіне жауапты  кеңесшісімін.

      Мен 2 жыл бұрын Сингапурдан Италияға қоныс аудардым.  

     Онда барысымен өзім жұмыс істейтін Боккони университеті мен Қазақстанның мемлекеттік басқару академиясы арасында тікелей ынтымақтастық орнаттым.

      Қазір екі оқу орны тығыз байланыста жұмыс жасап жатыр.

   Бұл еңбектерімді тарихи Отанымның дамуына қосқан кішкентай ғана перзенттік үлесім деп қабыл алыңыз. 

       Болашақта да қай жерде жүрсем де Атажұртыма жан-жүрегіммен қызмет етуге тырысамын. 

     Сіздің жолдауыңыздағы «Үш тілде білім беру» бағдарламасын мен қолдаймын. Өйткені бұл қазақ жастарын XXI ғасырдың талаптарына даярлаудың қамы.

       Мен Моңғолияда тудым, Чехия мен Сингапурда білім алып, Сингапур мен Италияда еңбек етіп жатырмын.

      Әлемнің 7 тілінде сөйлеймін. 

      Ағам Түркияда, інім Ресейде оқып, Қазақстанда қызмет істеп жүр.  

     Бірақ, қайда болсақ та біз қазақы болмысымызды, ата дәстүрі мен ана тілімізді берік сақтап келеміз. 

        Себебі, қанымыз қазақ, жанымыз қазақ.

     Өзіңіз айтқандай ұлттық дәстүр мен озық білімді құстың қос қанатындай қатар алып жүруге әбден болады.      

       Сөзімнің соңында, бір ауыз өтінішім де бар.

     Шетелдегі қазақ жастары дүниежүзілік стандардқа негізделген Назарбаев Университетінде оқып білім алса.

      Әсіресе мемлекеттік саясат мамандығы бойынша білім алған жастар тек Қазақстан ғана емес, орталық Азияның дамуына үлкен үлесін қосары сөзсіз.

     Бұл өзіңіз биылғы жылғы Жолдауыңызда айтқан, еліміздің «адами капитал сапасын жақсартуға» әсер етері анық.

      Аса құрметті Елбасы!

       Сіздің арқаңызда біз, шетелдегі қазақтар арқа сүйейтін, асқар таудай Атамекеніміз барын әрдайым сезініп жүреміз.

       Сол себепті, халқымыздың бағына берген, Өзіңізге шетте жүрген миллиондаған қазақ жастарының атынан басымды иіп, ілтипатымды білдіремін!

        Қазақ Елі Мәңгілік Ел болсын!

      Рахмет. 

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті