Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Дүниежүзі қазақтарының V Құрылтайы

Басты бет | Дүниежүзі қазақтарының V Құрылтайы | Франциялық Мехмед Зенгиннің құттықтауы

         Аса мәртебелі Елбасы!

        Қадірлі құрылтай қонақтары!

     Біз, шеттегі қазақтар мәртебесі асқақ, қуаты зор Атамекеніміз барына шүкіршілік айтамыз және мақтан етеміз!   

    Мен өткен ғасырдың 30-ыншы жылдары өзгеше тағдыр кешкен Алтай қазақтарының ұрпағымын.

    Біздің бабаларымыздың сүйегі Гималайдың  шың-құздарында, Такла-Маканның шөлінде шашылып жатыр.

      Көз көрген ата-әжелеріміздің айтуынша, 18 мың қазақ Алтайдан көшіп, Тибет, Гималай, Үндістан, Пәкістан арқылы Түркияға жеткенде небәрі 2 мыңға жуығы қалыпты.

    Түрік ағайындардың қамқорлығының арқасында есімізді жиын, ел қатарына қосылдық.

       Бірнеше тіл игердік, қазақ тілін де ұмытқан жоқпыз.

    Шетте жүріп, латын әліпбиін еркін қолданатын болдық, бұл жазу біз үшін өркениет кілтіне айналды.

       Осы орайда, біз сіздің мақалаңызды қуана қарсы алдық.

      Тарихи отанымыз барша қазаққа ортақ латын әліпбиіне көшетін сәтті асыға күтеміз.

      Сонымен бірге, «Туған жер» жобасы туралы оқығанда өз басым қатты қуандым.  

      Түркия мен Еуропаның көптеген қазақтары ата кәсібі – тері өңдеп, былғары жасаумен айналысады.

     Францияның алпауыт «Армани» компаниясының брендтік тауарларында Алтай қазақтарының қолтаңбасы бар.

     Сонымен бірге, Еуропа қазақтары ұлттық бизнеске айналдырған тағы бір кәсіп бар.

      Мен бауырларыммен бірге ұлттық кестелеу өнерін қолдана отырып, перде тігумен айналысамын.

       Еуропаның, Таяу Шығыс пен Африканың 15 мемлекетіне өнімдерін шығаратын  «ZHENGIN BRODE» деп аталатын фирма құрып, 150 адамға жұмыс беріп отырмын. 

      Осындай табысты кәсібімді Қазақ еліне көшіруді армандап жүрген мен үшін «Туған жер» жобасы үлкен мүмкіндік ашар деген үміттемін.

        Бұл туралы жаңа, құрметті Елбасы, өзіңіз де айтып өттіңіз.

       Осыған байланысты, менің өтінішім бар.

       Биыл Алматыда тоқыма өнеркәсібінің халықаралық көрмесі өтті.

     Оған Түркиядан келген 40-қа жуық фирма жетекшілерінің арасында мен жалғыз қазақ болдым.

      Көрмеден кейін бизнесімді Атажұртқа көшіріп, Отаныма пайда әкелу туралы шешім қабылдадым.

      Бірақ, бұл біршама қиын шаруа екен, өндірісімді орналастыру үшін жер сатып алу мүмкін емес, жалға алудың да шаруасы оңай болмай тұр.

       Басқа да қағазбастылық кедергілер көп.

    Біз шетелдегі қазақтар Атамекенге оралғанда «оларға ерекше жағдай жасалуы қажет» деуден аулақпыз.

    Дегенмен, басқа уақытша инвесторларға қарағанда шетелдегі қазақтарға жеңілдіктер берілу керек сияқты.

       Олар елге бір келсе, түпкілікті қалады емес пе?

    Сондықтан, «Туған жер» жобасын жүзеге асырғанда елге келіп, кәсібін ашқысы келетін қазақтарды қолдаудың тетіктері жасалса деп ойлаймын.   

     Бүгінгі құрылтай әлем қазақтарының көкейкесті мәселелерін қозғап, ұлттың тұтастығын қамтамасыз ететін жайттарды шешетініне сенемін.

      Тыңдағандарыңызға рахмет!

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті