Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Дүниежүзі қазақтарының V Құрылтайы

Басты бет | Дүниежүзі қазақтарының V Құрылтайы | Серікбай Үсеновтің құттықтауы

         Аса мәртебелі Елбасы!

         Ардақты ағайын!

       Қазақстаннан тысқары жерде тұрып жатқан қазақтар көз жеткізген бір шындық бар.

     Ол – Қазақ жері барлық түркі халықтары үшін үлкен үй, қара шаңырақ екені.

      Тағы бір айдай ақиқат нәрсе – қара шаңырақты ұстаған елдің тектілігі.

    Біз осындай текті халықтың бір бөлшегі екенімізді сезінген сайын масаттанып жүреміз. 

       Біз елімізбен мақтанамыз, елімізбен шаттанамыз!  

   Іргедегі Өзбекстанда отырған соң біздің атажұртқа барыс-келісіміз көп, Отанымыздың тыныс-тіршілігінен хабардармыз

      Былтыр Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өткен Қазақстан осы уақытта 1991-жылы сөреден бірге шыққан елдердің бәрінен басып озды.

       Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне тұрақты емес мүшесі атанып отыр.

    Қастерлі атажұрттың төрінде өтіп жатқан ЕХРО-2017 көрмесі де халқымыз үшін шынайы мереке.

      Қазақ елі мәдени-рухани салада да зор табыстарға жетуде. 

      Бұл құрылтай қазақтың алпыс екі тамырында тулап жатқан ізгі қасиеттердің қайта түлер шағына тұспа-тұс келіп отыр.

    Дәл қазір әр қазақтың рухани жағынан түбегейлі өзгеріп, жансарайын жаңғыртатын шағы.

     Елбасының тынысы кең, мағынасы терең бағдарламалық мақаласы Қазақ Елі үшін рухани жаңғырудың нақты жоспарына айналуда.

     Мен басым Рухани жаңғыру туралы мақаланы өзбек тіліне аударып, сол жаққа таныстырдым.

     Қандастарымыздың ішінде көптеген басқосулар ұйымдастырып, мақаланың мәнін түсіндірдім.    

        Қадірлі Нұреке!

      Қауымдастықтың жарғысы бойынша, біз жиын соңында  Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Төралқа төрағасын сайлауымыз керек.

     Осыған байланысты айтарым: біз Қауымдастық төрағасы тек Өзіңіз болғаныңызды қалаймыз.

     Осындағы ағайынның бәрі, дұрысы бүкіл әлем қазақтары  осы шешімді қуана қолдайды.

      Себебі, Сіз – тек Тәуелсіз Қазақстанның ғана емес, бүкіл әлем қазақтарының Елбасысыз.

     Біз Сізді ғана білеміз, Сізге ғана сенеміз.  

     Қазір басқа біреуді талқыға салудың өзі орынсыз деп ойлаймын. 

     Сіздің ел игілігі үшін атқарып жатқан ерен істеріңізге табыс, деніңізге саулық тілейміз!

    Бүкіл әлем қазақтарының жолы түйісіп, тілегі тоғысар қасиетті Атамекеннің құт қонған төсі әрдайым аман болсын!

     Тыңдағандарыңызға рахмет!

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті