Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Дүниежүзі қазақтарының V Құрылтайы

Басты бет | Дүниежүзі қазақтарының V Құрылтайы | Ирландиядан келген Өзгежан Кесижидің құттықтауы

        Аса құрметті Елбасы!

       Құрметті құрылтайға қатысушылар!

     25 жылда әлемдік қоғамдастықтан мәртебелі орнын тапқан Қазақстанның жетістіктеріне  бүкіл әлем куә

      Бұл, құрметті Елбасы, Сіздің және барша қазақстандықтардың ортақ жеңісі болды.

      Қазақтың баянды болашағы жолындағы Сіздің орасан еңбегіңізге әлем қазақтары басын иеді.

       Аса мәртебелі Елбасы!

      Сіз биылғы халыққа Жолдауыңызда Қазақстанның үшінші жаңғыруына қажетті жаңа міндеттер қойдыңыз.

      Индустриялық даму үшін жастар білімді болуы керек. 

    Яғни, Жолдау мен Рухани жаңғыру туралы мақала өзара тығыз байланысты.   

    Сіз мақалаңызда «білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді» дедіңіз.

   Мен осындағы Еуразия ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар факультетінде 1 жыл дәріс бергенмін.

      Сол кезде Қазақстанның оқу орындары әлемнің әйгілі университеттерімен терезе теңестіре бастағанын көріп, көзайым болдым.

      Қазір «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы қолға алынуда.  

      Бұл жобаға қатысуға біз, шетелдегі қазақ ғалымдары зор қызығушылық танытып отырмыз.

      Себебі, біліміміз бен тәжірибемізді Қазақ елінің игілігіне жарату біз үшін үлкен мәртебе.

     Қазақстан латыншаға көшкен соң бұрын төте жазумен, кириллицамен шыққан құнды дүниелер латын әрпімен көптеп басылып, бәріміздің ортақ қазынамызға айналады деген үміттемін. 

       Сіз әрдайым жастарды қолдап, оларға барынша жағдай жасап келесіз.

      Бүгінгі құрылтайға да әлемнің әр түкпіріндегі жастарды жинадыңыз.

     Қазір ғаламторда порталдар ашып, қазақ тілі мен тарихына, мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне адал қызмет етуге талпынған жастар көп.

      Соларға барынша қолдау жасалса деген тілегім бар.

      Мағжан атамыз 1911 жылы былай деген еді:

Басқа жұрт аспан-көкке асып жатыр,
Кілтін өнер-білім ашып жатыр,
Бірі ай, бірі жұлдыз, бірі көк боп,
Жалтырап көктен нұрын шашып жатыр.

       Халқымыз 1 ғасыр бұрын өзгелерге осылай қызыға қараған.

       Қазір басқа елдер Қазақстан туралы осылай айтады.

   Білімі-ғылымы алға қарай даму үстіндегі Қазақстан “аспан-көкке асып жатқандай” күнге жеттік.

      Сөз соңыңда,  Сіздің “Руханый жаңғырұу” атты мақаласында көрсетілген бағыт-бағдарлардың толық іске асып, соның аясында атқарылатын жұмыстардың табысқа жетуіне тілектес екенімді айтқым келеді.

       Рахмет! 

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті