Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар

Жаңалықтар

  • Өскемен мен Баян-Өлгей бауырлас қалалар атанбақ

    15.08.2017

         Даниал Ахметов Моңғолияның Баян-Өлгей аймағы әкімі Ғылымхан Айыппен кездестіҚос тарап білім беру, туризм және бизнес салаларында өзара тиімді серіктестік орнату жайында әңгіме қозғады. Моңғолиялық деллегация Өскемен мен Баян-Өлгейді туыстас қалалар ету ниетімен бөлісті.

           Кездесу шеңберінде Баян-Өлгей аймағының басшысы аймақтарының туристік әлеуеті, онда жыл сайын өтіп тұратын халықаралық бүркітшілер фестивалі туралы сөз қозғап, бұл жарқын іс-шара шығысқазақстандықтардың да қызығушылығын оятуы мүмкін деген ойымен бөлісті.

           Сондай-ақ, кездесу барысында Баян-Өлгейдегі көшелердің біріне Өскемен немесе Шығыс Қазақстан атауын беру туралы да ұсыныс білдірілді.

    – Бауырлас қалалар болу туралы ұсыныстарыңызды қолдаймын, Өскемен қаласы әкіміне осы бағыттағы жұмыстарды тездеп қолға алуды тапсырамын, - деді Даниал Ахметов.

          Кездесу соңында Шығыс Қазақстан облысы мен Баян-Өлгей аймағы арасында серіктестік туралы меморандумға қол қойылды.

        https://baq.kz/kk/news/mongoliya_kazaktari/oskemen_men_bayanolgii_tuistas_kalalar_atanbak20170815_092000 

    толығырақ

  • National Digital History шетелде тұратын қазақтар туралы деректі фильм түсірмек

    28.07.2017

          «Қазконтент» АҚ National Digital History порталының шетелде тұратын этникалық қазақтар туралы «Қиырдағы қазақтар» атты 8 сериялы деректі фильмінің түсірілімі басталды. Деректі фильм 16 желтоқсан – ҚР Тәуелсіздік күні қарсаңында дайын болады. Бұл туралы ҚР ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында хабарлады.

          «Халқымыздың тағдыры тарихтың қиын-қыстау кезеңдерін қамтиды. ХХ ғасырдың бірінші жартысында болған қайғылы оқиғалар ата-бабаларымыздың алдына қиын таңдау қойды. Осы себептен бүгінгі күні Отанымыздан тыс жерлерде миллиондаған қазақтар тұрып жатыр. Алайда, арақашықтыққа қарамастан, олар бабаларынан қалған салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды сақтай алды. Бүгін біз «Қиырдағы қазақтар» атты өте маңызды жобаның тұсауын кесіп отырмыз», - деді министр.

           Дәурен Абаев айтып өткендей, министрлік және National Digital History порталы осы жобаны қоғамды, азаматтарымызды шетелдегі қазақтардың өмірімен, тұрмысымен және тағдырымен таныстыру мақсатында Ұлт жоспары аясында іске асырып отыр.  

    «Жоба ағартушылық сипатқа ие және Елбасымыз төрағасы болып табылатын Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығының 25 жылдығына арналады. Сериал 8 бөлімнен тұрады, түсірілімдер 8 елде өтпек. Фильмді мемлекеттік тілде түсіріп, кейін оны орыс және ағылшын тілдеріне аударуды жоспарлап отырмыз. Көрермендер осы фильмді Тәуелсіздік күні қарсаңында көре алады деген үміттеміз», - деп атап өтті Д. Абаев.

          «Қазконтент» АҚ төрағасы Евгений Кочетов түсірілімнің осы айда басталатыны туралы ақпараттандырды.

    «Бүгін біз еліміз, халқымыз үшін аса маңызды жобаны бастағалы жатырмыз. Бұл ауқымды, өршіл, керемет әсер қалдыратын жоба болмақ. Фильм өздерінің тарихи Отанынан тыс жерлерде тұрып жатқан отандастарымыз жайында. Ресей, ТүрікменстанӨзбекстан, ТәжікстанҚытай, Монғолия, Иран және Ауғанстандағы қазақтардың қалай тұрып жатқанын, олардың күнделікті өмірін көрермен назарына ұсынып, олардың тарихы, қайғысы, жетістіктері, ақсақалдардың естеліктері, күнделікті өмірі мен тұрмысы, жырақта құрметтеп, сақтап қалған дәстүрлері туралы айтып бермекпіз. Осы жолда біз алыс шет елдерде тұрып жатқан, бірақ рухы бізге жақын жүздеген адамдарды кездестіреміз», - деп атап өтті «Қазконтент» АҚ басшысы.

           Бұл фильм ҚР Тәуелсіздік күні қарсаңында толық дайын болатынын айта кеткен жөн.

    «Біздің әсерлі саяхатымыз шілде-қыркүйек аралығында өтеді. Осы фильмді 16 желтоқсанға дейін National Digital History порталында бағалай аласыздар. National Digital History жобасының жетекшісі Олжас Беркінбаевқа өз зерттеулерінде жаңа белестер ашуға деген өшпес ниеті үшін жеке алғыс айтқым келеді. Біздің алдағы барлық іс-әрекеттеріміз бен кездесулеріміз жайында әлеуметтік желілерде «Қиырдағы қазақтар» хэштегімен тұрақты түрде хабарлап отырамыз», - деп қорытындылады Евгений Кочетов.

    https://strategy2050.kz/news/46668/

    толығырақ

  • Қазақ тіліндегі латын әліпбиі жыл соңына дейін дайын болады

    26.07.2017

    Қазақ тіліндегі латын әліпбиі жыл соңына дейін дайын болады

            Қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру жөніндегі арнайы комиссия  құрылып, жұмыс істеп жатыр. Бұл туралы бүгін Үкімет үйінде «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының әлеуметтік және білім салаларында жүзеге асырылуына арналған брифингте ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мәлім етті.
          «Бұл маңызды жоба болғандықтан барынша абай болу қажет, қателіктерге бой алдырмау керек. Ағымдағы жылы жасалуы тиісті мәселе - бұл көңілге қонымды барлық әріпті қабылдау. Бірнеше нұсқа әзірлеп, оны талқылап, әліпбиді қабылдау қажет. Содан кейін латынға көшу жұмыстарының жоспарын түзу керек. Бұл мәселе бойынша арнайы комиссия құрылып жұмыс істеп жатыр», - деді министр БАҚ өкілдерінің сауалына орай.
         Айта кетерлігі, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев  2012 жылғы желтоқсан айында жария еткен «Қазақстан-2050» стратегиясында 2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін мәлімдеген болатын. Одан кейін ағымдағы жылдың сәуірінде жарық көрген «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында алдағы жылдарда мықтап қолға алу қажет болатын бірнеше жобанының ішінде қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастау керектігін көтерген еді.
          «2025 жылға қарай іс қағаздарын, мерзімді баспасөзді, оқулықтарды, бәрін де латын әліпбиімен басып шығара бастауға тиіспіз.  Ол кезең де таяп қалды, сондықтан біз уақыт ұттырмай, бұл жұмысты осы бастан қолға алуымыз керек. Біз осынау ауқымды жұмысты бастауға қажетті дайындық жұмыстарына қазірден кірісеміз. Үкімет қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің нақты кестесін жасауы керек», - деп атап өткен еді Елбасы.  

    толығырақ

  • Әлем қазақ жастарының шағын футбол турнирі өтеді

    14.07.2017

         

        Алматы қаласында 19-21 тамыз күндері шағын футболдан Әлем қазақ жастарының турнирі өтеді. Оны ұйымдастырып отырған «Жезбұйда» жастар қоғамдық бірлестігі.

         Дәстүрлі түрде жыл сайын ұйымдастырылатын бұл шара биыл  Алдатаудың баурайындағы әсем қаламызда үшінші жыл өткізілгелі отыр. Оған әлемнің түкпір-түкпірінде жүрген және шетелден келген республиканың түрлі аймақтарындағы қандастарымыздан құралған ерікті футбол командалары қатысады.

          Турнирге қатысатын командалар 1 тамызға дейін тіркеліп, ойыншылардың тізімі мен құжаттарының көшірмесін, команданың белгіленген жарнасын тапсыруы шарт.

         Аталған турнирдің ережелері мен командалар туралы толық мәліметті, сондай-ақ шараға демеушілік жасаған ұйымдар туралы мәліметті ұйымдастыру алқасынан білуге болады.

         Жоба жетекшісі Талапбек Тынысбектің ұялы телефоны +7701 47 18 357, электрондық поштасы: el-t.talapbek@mail.ru.

    толығырақ

  • Қазақстан УЕФА-ның клубтық рейтингінде Швецияны өкшелеп келеді

    13.07.2017

    Қазақстан УЕФА-ның клубтық рейтингінде Швецияны өкшелеп келеді

         Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңінде «Астана» Латвияның «Спартак» командасын жеңгеннен кейін Қазақстанның Еурокубоктағы қанжығасына бір ұпай түсті.

         Жалпы алғанда, Қазақстанда 5,5 ұпай  («Қайрат» пен «Ертісте» екі-екіден, «Астанада» - 1 және «Ордабасыда» - 0,5) бар. Бұл көрсеткіш 4 командаға бөлінеді, нәтижесінде Қазақстан ағымдағы маусымда 1,375 балл жинады.

          Соңғы бес маусымдағы ұпайлардың жалпы саны - 15,250. Бұл нәтижемен Қазақстан   УЕФА елдері рейтингінде 26-шы орынға орналасты.   25-ші орында - 15,600 балмен Швеция тұр.

     http://www.inform.kz/kz/kazakstan-uefa-nyn-klubtyk-reytinginde-shveciyany-okshelep-keledi_a3044984

    толығырақ

  • Қыздар университетін биыл бакалаврлық білім дәрежесі бойынша 1056 түлек аяқтады

    10.07.2017

           Мектептерге болашақ ұстаздарды дайындап жатқан ұжымдардың бірі Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті бүгін отандық білім-ғылым саласын жас мамандармен толықтырды. Бүгін 5 шілде күні қазақтың қара шаңырағына айналған Арулар ордасында өмір баспалдағының келесі бір сатысына жолдама алған бакалавр-бітіруші түлектерге салтанатты түрде диплом тапсыру рәсімі өтті.  Оның 264-і үздік дипломмен бітіріп, алтын орда ұясынан қанат қақты.

          Таңнан қызғалдақтай құлпырған қыздардың жүзі ерекше толқыныста болды. Өмірлерінің бір белесін аяқтайтын ерекше сәтті бөлісуге олардың ата-аналары мен достары, туған-туыстары келді. Қыздар университетінің «Ақ шатыр» жазғы алаңында ине шаншар жер болмады. Кеше ғана асқақ арманмен Қыздар университетінің табалдырыған аттаған қыздар, міне, бүгін жас маман атанып, қолдарына диломдарын алды.

            Қазақ қыздарының киелі шаңырағында білім алып қана қоймай, өнеге мен білім нәріне сусындап бітіргелі отырған түлектерді университет ректоры міндетін атқарушы Баходир Әлиев пен Әлеуметтік және тәрбие істері жөніндегі проректор Зәуреш Сабырова мерейлі күнмен барша қауымды құттықтап, ұлттың біліктілігі мен интеллектуалды ұлт қалыптастырудағы және жас ұрпақты тәрбиелеудегі жолдарына ақ жол тіледі.

            «Ұлы Отан соғысының қиын-қыстау кезінде – 1944 жылы ашылған бұл бірегей білім ұясының елімізде педагог кадрлар даярлаудағы алатын орны өлшеусіз үлкен», деп Елбасы атап өткендей, Қыздар университетінің орны қашанда ерек. Биыл Қыздар университеті – үздік педагогикалық ЖОО атанғанын атап өткім келеді. Бұл қара шаңырақ ел жылнамасында есімдері алтын әріппен жазылған мыңдаған көрнекті мемлекет, қоғам, мәдениет, ғылым қайраткерлерін тәрбиелеп шығарды. Кең байтақ еліміздің кез келген түкпірінде ұстаздық, қоғамдық және мемлекеттік қызметтерді абыроймен атқарып жүрген түлектерінде есеп жоқ. Болашақтың тұтқасын ұстар ұрпақ тәрбиешілері, ұлттың ұйытқысы болып, еңселі еліміздің болашағы – өскелең ұрпақты бағып-қағып, тәлім-тәрбие берумен бірге, қоғамымыздың әр саласында қажырлы қызмет жасап, республикамыздың түкпір-түкпірінде жемісті еңбек етіп келеді. Біздің университеттің құрметті түлектері – Социалистік Еңбек Ері, ҚазКСР-нің еңбек сіңірген мұғалімі Рафиқа Нұртазина, Социалистік Еңбек Ері, ҚазКСР оқу-ағарту ісінің үздігі Рыскүл Мақатова, белгілі қоғам қайраткерлері Зәуре Қадырова, Асылы Осман, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Оразкүл Асанғазы, министр болған, елімізге белгілі тұлға Шәмші Беркімбаева апаларың сияқты ел мақтанышы болыңдар! «Ұстаз болу ұлық емес, ұлы қызмет», білікті маман, жоғарғы дәрежедегі мұғалім болыңыздар! Білімді, зейінді шәкірттеріңіз көп болсын! Мерейлеріңіз үстем болсын! Ақ жол!»,-деп бітіруші түлектерге  сәттілік тілеген Б.Әлиев салтанатты түрде дипломдарды табыстады.  

           Әуелеген әнмен өріліп отырған салтанатты шара барысында барша бітіруші түлектер атынан сөйлеген Қазақ филологиясы және әлем тілдері факультетінің түлегі, қызыл диплом иегері Гүлім Садырбек оқу орнымен қоштасатын сәт келгендігін қимастықпен жеткізіп, 4 жыл бойы білім бірген ұстаздарына үлкен алғысын білдірді.

          Құшақтары гүлге, жүздері нұрға толған, қуаныш пен шаттыққа толы күні  біз де қанат қаққан қарлығаштарымызға ақ жол тілеп қала бердік.

           «Қыздар университеті» медиа орталығы

    толығырақ

  • Елбасы жайлы қызықты деректер

    10.07.2017

    *Галлактикадағы  Персеус RA 3h 23v Osd 40*43 нөмірлі жұлдызы Елбасының есімімен аталады.

    *Нұрсұлтан Назарбаев — әлемдегі әзірге  он  адамға берілген алтыннан да қымбат бағаланатын ниобийден медаль таққан  тұлға.

    * Елбасының  әкесі  Әбіш — бидің ұрпағы. Қазақ, орыс және балқар тілдерін жетік білген.  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  атасы  Назарбай  бидің 1880 жылдары су диірмені және оған  тартылған 214 метрлік арығы болған  екен.

    * Нұрсұлтан Назарбаев 1995 жылы Абайдың 150 жылдық мерейтойына  орай ұйымдастырылған  экспедиция құрамында өмірінде алғаш рет Абай шыңына (4010 м.) шықты.

    * Нұрсұлтан Назарбаев алғаш 5 жасында атқа мінген, 55 жасында тау шаңғысына тұрған.  1995 жылы үлкен теннисті үйренген, ал 1996 жылдан бері гольф ойнайды.

    * Иорданияда, Түркияда және Шешенстанда Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен  көшелер аталған.

    * Елбасы саяси мемуарлар оқуды ұнатады. Ш.Голль, М.Ататүрік, У.Черчилль өмірлерін түп-тұқиянына дейін зерттеген.

            (Деректер massaget.kz сайтынан алынды).

       http://almaty-akshamy.kz/2017/07/05/%D0%B5%D0%BB%D0%B1%D0%B0%D1%81%D1%8B-%D0%B6%D0%B0%D0%B9%D0%BB%D1%8B-%D2%9B%D1%8B%D0%B7%D1%8B%D2%9B%D1%82%D1%8B-%D0%B4%D0%B5%D1%80%D0%B5%D0%BA%D1%82%D0%B5%D1%80/

    толығырақ

  • Қазақстанның 18 миллионыншы тұрғыны дүниеге келді

    05.07.2017

           «ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің деректері бойынша 2017 жылғы мамырда Қазақстан халқының саны 18 миллион адамға жетті, ал 18 миллионыншы тұрғынның туған күні 2017 жылдың 11 мамырына сай келді», - деп мәлімдеді ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов.
         18 миллионыншы тұрғынның туған күнін анықтау барлық демографиялық оқиғаларды: халқы санының өсім (туу және иммиграция) және төмендеу (өлім және эмиграция) компоненттерін ескере отырып жасалды. Комитет 18 миллионыншы тұрғынды АХАТ органдары 2017 жылғы 11 мамырда тіркеген туу туралы акт жазбалары мәліметтері негізінде қалыптастырылған туған күндер базасындағы балаларды іздеу жолымен анықтады. Кандидатура олардың аналарының тұрғылықты жеріне (қалалық/ауылдық жер), олардың білім деңгейі мен кәсіптер түріне, сондай-ақ жаңа туған нәрестелердің жынысы, салмағы мен бойына қарамастан, тұтастай алғанда республика бойынша анықталды.
         Осылайша, Алматы облысы Талдықорған қаласында туған Муслима Саматқызы 18 миллионыншы тұрғын ретінде тіркелгені анықталды. Муслима отбасындағы екінші нәресте. Туған кезде нәрестенің салмағы 3300 грамм, ал бойы 51 см болды. Нәрестенің ата-анасы Талдықорған қаласында тұрады: анасы – Омарханова Диана Ерикқызы – дефектолог, 1991 жылы туған, әкесі – Бестыбаев Самат Еркинбекұлы – мұғалім, 1982 жылы туған.
         Облыс әкімі Амандық Баталов Қазақстан Республикасының 18 миллионыншы тұрғыны дүниеге келген Талдықорған қаласында тұратын Бестібаевтар отбасына арнайы барып құттықтап, жас отбасыға 3 бөлмелі пәтер берілетінін айтты.
          Елбасының атынан нәрестеге арналған құрал-жабдықтар, атап айтқанда бесік, төсек, коляска, ойыншықтар секілді қажеттіліктерді сыйға тартқан облыс әкімі А. Баталов: «Еліміздің он сегіз миллионыншы тұрғынының Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласында дүниеге келгені – бәріміз үшін ерекше қуанышты оқиға. Демографиялық өсімінің жылдан жылға ұлғайып келе жатқаны халықтың Елбасымыздың салиқалы саясатына, Қазақстанның болашағына деген сенімінің зор екенін білдіреді. Жас ұрпақтың алаңсыз өсіп, білім алуына елімізде барлық жағдай жасалып келеді. Елбасының атынан, Жетісу жұртшылығының атынан осы айтулы оқиғамен шын жүректен құттықтаймын. Кішкентай нәресте аман-сау өсіп, ер жетіп, елдің абыройлы азаматы болсын!», дей келе, қалада күзге таяу пайдалануға берілетін жаңа тұрғын үйден жас отбасына 3 бөлмелі пәтер берілетінін жеткізді.
          Муслиманың атасы Еркінбек Бестібаев пен әжесі Бибітай Жасыбаева кішкентай нәрестеге, жас отбасына, жалпы өз әулеттеріне көрсетілген үлкен құрмет пен сый үшін Президентке, облыс басшылығына ризашылығын білдірді.  

         https://egemen.kz/article/qazaqstannynh-18-millionynshy-turghyny-duniege-keldi

    толығырақ

  • Еламан Ерғалиев - 2017 жылғы «Қазақстан Барысы» атанды

    03.07.2017

          «Қазақстан Барысы-2017» турнирінің финалдық белдесуінде 2017 жылғы "Әскер барысы" атанған Еламан Ерғалиев 2011 жылы тұңғыш "Қазақстан барысы" атанған Ұлан Рысқұлмен белдесіп, қарсыласын таза жеңіспен ұтты. Сөйтіп, ол «Қазақстан Барысы-2017» турнирінің Жеңімпаз атанды. 
          Сонымен бірге Еламан Ерғалиевке алтын белбеу мен алтыннан құйылған «Тайтұяқ» және 25 миллион теңге табысталады. Сондай-ақ, бапкерінің қанжығасына 3,5 миллион теңге байланды. Ал, екінші орын иеленген Ұлан Рысқұлға күміс белбеу мен бес миллион 500 мың, бапкеріне бір миллион 800 мың теңге берілді.
         Турнирдің қола жүлдесін иелеген Айбек Нұғымаровқа "Қазақстан барысы-2017" турнирінің қола белбеуімен қоса бір миллион 800 мың табысталса, Бапкеріне 900 мың теңге сыйақы берілді.  Еламан Ерғалиев алғашқы айналымда 2014 жылғы "Қазақстан барысы" Мұхит Тұрсыновты ұпай санымен ұтса, екінші кезеңде маңғыстаулық Нұрдәулет Жарылғаповты таза әдіспен жеңді. Ширек финалда қарағандылық Асыл Бәрменовтан басым түсіп, жартылай финалда алық атыраулық Арман Қалиевті қапы қалдырып финалға шыққан болатын.
           Айта кетейік, биыл "Қазақстан барысы" жетінші рет ұйымдастырылған болатын.

     https://egemen.kz/article/elaman-erghaliev-qazaqstan-barysy-2017-turnirininh-zhenhimpazy

    толығырақ

  • Астанада XIV Еуразия Медиа Форумы өтеді

    14.06.2017

         22-24 маусым Астанада XIV Еуразия Медиа Форумы өтеді. Форум биыл ЭКСПО халықаралық көрмесі аясында Конгресс-орталықта  ұйымдастырылады. Басқосуға 60-тан астам елден сарапшылар, саясаткерлер, экономистер, беделді пікір иелері, сондай-ақ, отандық және шетелдік БАҚ өкілдері жиналады. Биылғы форум тақырыбы – «Мәміле іздейтін сценарийлер».

         Еуразия Медиа Форумы 3 күнге бойы, 2 алаңда өтеді. Жиында 8 пленарлық сессия болады. Әлемдік сарапшылар  шеберлік дәрісіне бір күн арналған. 

         22 маусымда тақырыптық шеберлік дәрісі;

         23-24 маусымда - пленарлық сессиялар өтеді.

        Форум қонақтарын  жаңа пікірталас алаңы,  қызықты тақырыптар, мазмұнды әңгіме, танымал спикерлер күтеді. Бұл жолғы Форумда дағдарыстар кезеңіндегі ұдайы даму стратегиясы, инвестицияны ынталандыратын факторлар, интеграция мен үдемелі индустриаландырудың ықпалы, ғаламдық және әлемдік нарықта лидерлікке жету  жолында бизнестің стратегиялық міндеттері, Қытай мен Азиядағы жаңа индустриалдық елдердің жоғары даму қарқыны, жасыл экономика тұжырымдамасы, «Болашақтың энергиясы» тұрғысынан алып қарағанда мемлекеттің тұрақты өркендеуі және өзге мәселелер талқыланады.

         Сонымен қатар, «Мессенжерлер мен әлеуметтік желі ғасырында ақпараттық шабуылға қалай ұшырамауға болады?; «Астана процесі»; күнделікті өмірде «блокчейн» технологиясын қолданудағы тәуекел; тағысын тағы қазіргі заманғы көкейкесті мәселелері талқыланады.

         Негізгі хэдлайнерлер – Абдулла Гүл, Жозе Мануэль Баррозу, Параг Ханна, Тэйлер Смит, Билл Ричардсон, Жанлука Вакки, Леонид Слуцкий, Артур Саудабаев, Грасиэла Чичилниски, Сергей Становкин, Джейн Даттон, Дәурен Абаев, Қайрат Келімбетов, Софико Шеварднадзе, Михаил Гусман, Мария Валовая, Дэвид Эплфилд, Гилад Шер, Алексей Пивоваров және басқалар.

    толығырақ

  • Бокстан Пәкістан құрамасын қазақ бапкері жаттықтырады

    13.06.2017

          Бокстан Пәкістан ұлттық құрамасын қазақ бапкері жаттықтыратын болды. Бұл туралы Пәкістан бокс федерациясының бас хатшысы Насир Танг TheNews.com.pk басылымына берген сұхбатында айтты.
          «Қазақстанның боксы мықты. Сондықтан біз осы елден маман шақыруды жөн көрдік. Қазақстан бокс федерациясы бізге көмек көрсететіндігін айтты. Жақын арада олар бізге лайықты маман жібереді деген үміттеміз», дейді Танг.
         Бас хатшының айтуынша, Пәкістан бокс федерациясы қазақ бапкеріне айына 2500 АҚШ доллар төлеуге дайын. Сондай-ақ, келісім шарт мерзімін үш немесе төрт жылға жасауға ниетті.  
          Айта кетейік, екі күн бұрын Непал құрамасының бас жаттықтырушысы болып отандасымыз Мұхтар Бердімбетов тағайындалған еді. Ал, Атланта Олимпиадасының қола жүлдегері Болат Ниязымбетов бүгінде Оңтүстік Корея елінің құрамасын баптайды. Ол Корея құрамасына дейін Ирак боксшыларын жаттықтырған.

     https://egemen.kz/article/bokstan-pakistan-quramasyn-qazaq-bapkeri-zhattyqtyrady

    толығырақ

  • Анкарада Жамбыл Жабаев атындағы көше ашылды

    12.06.2017

    Анкарада Жамбыл Жабаев атындағы көше ашылды

          Түркия астанасы - Анкара қаласында Жамбыл Жабаев атындағы көше ашылды. Бұл туралы Фейсбук-те біздің отандасымыз Ержан Жүнісов хабарлады.
        «Түркияның бас қаласында дүбірлі той! Бүгін Анкараның Кечиөрен ауданындағы көшеге жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың есімі берілді. Жаңа көше айтыс өнерінің дүлдүлі, ақиық ақын Сүйінбай Аронұлының саябағы жанынан салтанатты түрде ашылды. Құтты болсын!»,-  деп жүрекжарды  қуанышымен бөліседі Ержан Жүнісов.
    Анкарада Жамбыл Жабаев атындағы көше ашылды

    толығырақ

  • ЭКСПО-ның ашылу салтанаты таңғажайып отшашумен аяқталды

    10.06.2017

    ЭКСПО-ның ашылу салтанаты таңғажайып отшашумен аяқталды

       Астанада «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің ашылу рәсіміне орай ұйымдастырылған отшашу қала тұрғындары мен меймандарды таңғалдырды.

        Атап айтқанда, шамамен 15 минутқа созылған отшашу таңғажайып көрініске айналды. ЭКСПО-қалашыққа жиналған қауым бұрын-соңғы осындай отшашуды көрмегенін айтуда. Отшашу кезінде көрме ғимараттары мен павильондарында отырған адамдардың барлығы сыртқа шығып, тамаша көріністі жаппай смартфондарына түсіре бастады.


         Көрме аумағындағы Медиа-орталық қызметкерлерінің мәліметінше, фейерверкті ұйымдастыру үшін «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы шетел компаниясын тартқан көрінеді. Пиротехник мамандар мен отшашу снарядтары туралы ақпарат кейін белгілі болмақ.

          Айта кетейік, көрменің ресми ашылу рәсімі Конгресс-Орталығында өтіп, кейін ол Амфитеатрдағы концерттік бағдарламамен жалғасты. Концерт аяқталған соң көрермендер Сферадағы проекциялық лазерлі шоуды және таңғажайып отшашуды тамашалады.

        ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ашық деп жариялады.

        «Қадірлі қауым! Осымен ЭКСПО-2017 көрмесін ашық деп жариялаймын. Әлем  жұртшылығы мен барлық  отандастарымды көрмені  тамашалауға шақырамын. Ұлы даланың төріне қош келдіңіздер!» - деді Елбасы.

       Айта кетерлігі, ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің салтанатты ашылу рәсіміне бірқатар елдің мемлекет және үкімет басшылары қатысты. Олардың арасында Чехия Республикасының Президенті Милош Земан,Люксембург Ұлы Герцогтігінің Премьер-Министрі Ксавье Беттель, Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаев, Армения Президенті Серж Саргсян, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев,  Сербия Президенті Александр Вучич, Үндістан Премьер-Министрі Нарендра Моди, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Моңғолия Президенті Цахиагийн Элбэгдорж, Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұxамедов, Пәкістан Премьер-Министрі Наваз Шариф, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Испания королі Филипп VI, сондай-ақ Ресей Президенті Владимир Путин бар.  

          http://www.inform.kz/kz/ekspo-nyn-ashylu-saltanaty-tangazhayyp-otshashumen-ayaktaldy_a3034755

    толығырақ

  • Алматыда жеңіл атлетикадан Қазақстан чемпионаты өтеді

    09.06.2017

          12-14 маусым күндері Алматыда жеңіл атлетикадан Қазақстан чемпионаты өтеді. Оған еліміздің үздік атлеттерінің барлығы қатысады. Спортшылар Қазақстан біріншілігінде Бхубанешварда (Үндістан) өтетін Азия чемпионаты (6-9 шілде) мен Лондондағы әлем чемпионатының (4-13 тамыз) нормативін орындайды.

         Жарыс жүгірудің барлық бағдармалары бойынша өтеді. 100 және 200 метрге жүгіретін спринтерлерден бастап, 5000, 10000 метрге жүгіретін стайерлерге дейін сайысқа түседі. Сондай-ақ кедергілер арқылы жүгіру, спорттық жүріс, көпсайыс (жетісайыс, онсайыс), секірудің барлық түрі (ұзындыққа секіру, биіктікке секіру, үш қарғып секіру, сырықпен секіру) және диск, найза, балға лақтыру мен ядро серпу жарыс бағдарламасына енгізілген.

         Қазақстан құрамасының бас бапкері Григорий Егоровтың айтуынша, чемпионатқа  еліміздегі барлық атлеттердің қатысуы міндетті. Бұл талап халықаралық жарыстардан жүлделі оралып жүрген  бетке ұстар атлеттерімізге де қатысты. Сондықтан 12-14 маусымда Орталық стадионда Бүкіләлемдік Универсиада, Азия ойындары, құрлық біріншіліктері мен Азия Гран-приінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері өнер көрсетеді. Олардың арасында Роман Валиев, Евгений Эктов, Георгий Шейко, Тахиржан Қадырқұлов, Ольга Сафронова, Виктория Зябкина, Элина Михина, Әйгерим Шыназбековалар бар.

        Ұйымдастырушылар үш күнге созылатын Қазақстан чемпионаты тартысқа толы әрі қызықты болатынын айтып отыр. Көрермендер стадионға тегін кіре алады. Медальдардың көпшілігі 12-13 маусым күні сарапқа салынады. Чемпионат Астана уақыты бойынша 16:00-де басталады. 

    толығырақ

  • «Astana Arlans» WSB финалына шықты

    09.06.2017

    «Astana Arlans» WSB финалына шықты

        Лондонда өткен WSB-дің екінші жартылайфиналдық матчында қазақстандық «Astana Arlans» командасы «British Lionhearts»-ті 3:2 есебімен жеңді.
         Олжас Саттыбаев (52 кг) Ниалл Дин Фаррелді - 2:1 (48:47, 47:48, 50:45), Закир Сафиуллин (60 кг) екі раунд нәтижесі бойынша Чед Милнсті, Асланбек Шымбергенов (69 кг) Кумар Маноджоны 3:0 (48:47, 49:46, 49:46) есебімен жеңсе, Арман Рысбек (81 кг) Томас Уиттакер-Харттан жеңіліс тапты, есеп - 1:2 (45:40, 49:46, 45:50). Сондай-ақ Нұрсұлтан Аманжолов (+91 кг) Патрик Майлаттан ұтылды.
         Осылайша, жалпы есеп - 7:3 болды. Финалда «Astana Arlans» командасы «Cuba Domadores» - «Colombian Heroicos» жұбының қай жеңгенімен кездеседі.   

    толығырақ

  • Лондонда жұдырықтасатын «Арландар» белгілі болды

    07.06.2017

    Лондонда жұдырықтасатын «Арландар» белгілі болды

           Бүкіләлемдік бокс сериясы аясында (WSB) өнер көрсетіп келе жатқан «Астана арландары» сапында жартылай финалда «Бритиш Лайнхратс» командасымен қарымта кездесуге шығатын боксшыларымыз анықталды.
          Өткен сенбі күні Қостанай қаласында өткен алғашқы кездесуде қарсыластарын 4:1 есебімен ойсырата жеңген «Арландарымыз» екінші кездесуін сырт алаңда, яғни  Ұлыбританияның астанасы Лондон қаласында 8 маусым күні өткізеді.
         Бұл күні шаршы алаңға отандастарымыз арасынан 52 келі салмақта Олжас Сәттібаев, 60 келі салмақта Зәкір Сафиуллин, 69 келі салмақта Асланбек Шымбергенов, 81 келі салмақта Арман Рысбек және аса ауыр салмақта Нұрсұлтан Аманжолов ел намысын қорғамақ.
          Ал жергілікті боксшылардан төменгі салмақтан жоғары қарай реті бойынша Дин Фарелл, Чад Милнс, Кумар Манодж, Томас Уитаккер-Харт және Патрик Майлата есімді боксшылар шаршы алаңға шығады деп күтілуде.
        Қос команда арасындағы айқас Астана уақытымен 01:00-де басталады. «Арландар» қарсыластарын ұтатын болса финалға жолдама алады. Егер екі команда екі кездесудің қорытындысы бойынша тең нәтиже көрсетсе, жеңімпазды қосымша 52 келі салмақта сынға түсетін боксшылар анықтайды. Бұл салмақта Қазақстан намысын Анвар Мұзапаров қорғамақ. Жеңімпаз алдын ала белгіленген жағдайда, Анвар Мұзапаров шаршы алаңға шықпауы мүмкін.

    толығырақ

  • Астанада қазақтың дәстүрі мен мәдениетін ұлықтайтын қалашық бой көтерді

    07.06.2017

    Астанада қазақтың дәстүрі мен мәдениетін ұлықтайтын қалашық бой көтерді

          10 маусым күні Астанада қазақ халқының дәстүрлі мәдени қалашығы - «Этноауыл» ұлттық мәдени кешені өз есігін айқара ашады.

    Астанада қазақтың дәстүрі мен мәдениетін ұлықтайтын қалашық бой көтерді    Этноауыл ұлттық-мәдени кешені - Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырмасымен ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында туристерге қазақ халқының ұлттық мәдениеті мен өнерін насихаттау мақсатында құрылған бірегей орын.  Мұнда күн сайын қазақтың театр және музыка өнерінің фестивальдері, сәндік-қолданбалы өнер бойынша шеберлік сыныптары, қолөнер және көркемөнер көрмелері, этникалық музыка фестивальдері, ұлттық спорт жарыстары өткізіледі.

    Астанада қазақтың дәстүрі мен мәдениетін ұлықтайтын қалашық бой көтерді

        «Бұл өткенге саяхат жасап, көшпенділердің рухын сезінуге таптырмас мүмкіндік. Біздің кешен келушілерді қазақ халқының бай тарихымен, өнерімен және дәстүрімен таныстырады, кез келген адам көшпенділер өркениетінің этномәдени ортасына саяхат жасап, ауылдың күнделкті және мерекелік тұрмысынан ләззат ала алады», - дейді журналистерді күтіп алған жоба авторлары.    

    Астанада қазақтың дәстүрі мен мәдениетін ұлықтайтын қалашық бой көтерді

        Аумағы 2,5 мың шаршы метрді құрайтын этноауыл «Қазанат» ипподромы аумағында орналасқан. Онда отызға жуық ақшаңқан киіз үйлер алыстан көз тартады. Қазақтың әшекей бұйымдары, Алтын адам сынды көркемдік-декоративтік элементтер де этноауыл көрінісіне әр бере түседі. Одан бөлек, кешенде концерттік зал, спорттық және балаларға арналған алаңдар орналасқан.  

    Астанада қазақтың дәстүрі мен мәдениетін ұлықтайтын қалашық бой көтерді

       Кешен алуан түрлі бағыттағы бірнеше секторлардан құралған. Мәселен, «Дәстүрлі аңшылық түрлері» секторында қазақ халқының сүйікті аңшылық түрі - саятшылық, аңшы құстармен және дала тазыларымен аңға шығуы көрсетіледі. Сондай-ақ, бұл жерде «құралайды көзге атқан» мергендердің өнерін тамашалауға болады.

    Астанада қазақтың дәстүрі мен мәдениетін ұлықтайтын қалашық бой көтерді

      «Ұлттық ойындар» секторында келушілерге тәрбиелік, дәстүрлік, әскери-спорттық, көпшілік-эстетикалық және өзге қоғамдық міндеттерді атқаратын ойын-сауықтар мен ұлттық ойындарды тамашалай алады. «Сайыс», «Қыз қуу», «Күміс алу», «Алтыбақан» және өзге де ойындар қазақтың мәдени дәстүрін толыққанды сезінуге мүмкіндік береді.

         «Мұндағы ат шеберлері ЭКСПО көрмесі өтетін үш ай бойы күн ара келушілер алдында өнер көрсетеді. Бұдан бөлек әр облыс өздерінің мәдени күндерін өткізіп, өнерлерін көрсетеді. Сонымен бірге біздің ұлттық спорт түрлерін дамыту орталығы да тұрақты түрде өнер көрсетіп тұрады. Жалпы алғанда, қонақтардың көңілінен шығады деген ойдамын. Этноауылда еш демалыссыз, 93 күн бойы іс-шаралар өткізіледі», -   деп атап өтті ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Дене тәрбиесі және спорт істері комитетінің төрағасы Елсияр Қанағатов.

           ЭКСПО-2017 кезінде этноауылда ауқымды ат жарыстары өтеді. Атап айтқанда, 11 маусым күні ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жүлдесіне арналған ат спорты түрлерінен «ЭКСПО Кубогы» өтеді. Бәйге - көптеген түркі халықтарының тарихи және танымал ат спортының бірі.  

    Астанада қазақтың дәстүрі мен мәдениетін ұлықтайтын қалашық бой көтерді

        «Ат жарыстары аламан бәйге, топ бәйге, жорға жарыс, ұшқыр бәйге бойынша өтеді. Ұшқыр бәйгенің жалпы жүлде қоры 31 миллион теңгені құрайды. Ал 36 миллион теңге - ұлттық ат спорты түрлері бойынша барлық жарыстың жүлде қоры. Ұшқыр бәйге жарыстарына қатысу үшін Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей және Польшадан атбегілер келеді», - деді Е. Қанағатов.

    Астанада қазақтың дәстүрі мен мәдениетін ұлықтайтын қалашық бой көтерді

      «Ұлттық асхана орталығы» секторында қатысушылар мен қонақтар қонақжайлылығымыздың ежелгі және бай тарихына қанығып, ұлттық тағамдарымыздың сан түрлі қыры мен ерекшелігіне қаныға алады. Онда жайылған мерекелік дастарханнан ұлттық тағамдар мен қымыз, шұбат сынды дәстүрлі сусындардан дәм татып көруге мүмкіндік беріледі.

    Астанада қазақтың дәстүрі мен мәдениетін ұлықтайтын қалашық бой көтерді

         Этноауылда өтетін мерекелік іс-шаралар ішінде қазақтың музыкалық және театр өнері фестивалінің шоқтығы биік. «Қазақ музыкалық және театр өнері фестивалі» секторында қонақтар үшін көшпенділер мен заманауи Қазақстанның мәдениетінің көптүрлілігін көрсететін толыққанды бағдарлама ұсынылады. Ол үшін алып сахна мен 850 орындық көрермен залы жасақталған. Мұнда күнделікті Қазақстанның өнер майталмандары мен отандық эстрада жұлдыздарының, еліміздің барлық өңірінен келген шығармашылық ұжымдар қатысуымен түрлі жанрдағы концерттік бағдарламалар ұйымдастырылады. Әсіресе «The Spirit of Tengri» фестивалі мен Венгрия, Ресей, Түркия, Норвегия, Моңғолия, Қырғызстан, Өзбекстан музыканттары қатысатын «Nomadway» концерті айтулы оқиғалардың бірі болмақ.

    Астанада қазақтың дәстүрі мен мәдениетін ұлықтайтын қалашық бой көтерді

         «Шеберлер» секторында Қазақстанның барлық өңірінен келген қолданбалы өнер шеберлерінің экспозициясы орналасқан. Қонақтар бірегей ұлттық бұйымдарды сатып алып қана қоймай, оларды өз қолымен жасап көре алады. Жас суретшілер көркемсурет, графика, сәулет, гобеден, зергерлік бұйымдар, ағаштан мүсіндеу, керамика, сызба, кесте тігу, киіз басу секілді түрлі жанрда өз шығармашылықтары мен шеберліктерін паш етеді.

    Астанада қазақтың дәстүрі мен мәдениетін ұлықтайтын қалашық бой көтерді

       Сондай-ақ этноауылға Қазақстан мен шет мемлекеттерде танымал зергер Берік Әлібай шақырылған. Оның 10 мың доллар тұратын зергерлік әшекейін Иордания королі Абдулла ІІ әйелі Рания тағып жүр. Берік Әлібайдың Астанадағы музейіне шетелдік туристер жиі бас сұғады.

    Астанада қазақтың дәстүрі мен мәдениетін ұлықтайтын қалашық бой көтерді

      «Зергерлік бұйымдарды жасауға бірнеше жыл кетуі мүмкін. Ұлттық әшекей бұйымдарды жасау үшін тарихты оқимын. Әрине, халық арзанына жүгіреді. Бірақ, соңғы жылдары сапалы ұлттық зергерлік бұйымдарға деген сұраныс өсті, мұны халықтың жағдайының жақсаруы деп білемін. Ең қымбат бұйымым 10 миллион теңгеге сатылған, бірақ ол құпия күйінде қала берсін», - деді ол журналистерге берген сұхбатында. 

           Сонымен бірге, Мәдениет және спорт вице-министрі Ақтоты Райымқұлова бұл маусымдық жоба Астананың нағыз көркіне айналады деп үміттенеді. «Этноауыл кешені жыл сайынғы маусымдық жобаға айналады деп үміттенеміз.  Жыл он екі ай жалғастырғымыз-ақ келеді, бірақ оған қаһарлы қысымыз мүмкіндік бермейді. Қысқы уақытта да туристердің келуіне жағдай жасауға тырысамыз, дегенмен жазғы уақытта жобаға ерекше назар аударылады. Астанада бұл жобаны жыл сайын өткізу ойымызда бар», - деді вице-министр.        

         http://www.inform.kz/kz/astanada-kazaktyn-dasturi-men-madenietin-ulyktaytyn-kalashyk-boy-koterdi_a3033601

    толығырақ

  • Қазақстанның халық артисі Бәйтен Омаровты еске алу кеші өтеді

    05.06.2017

         

       Алматыдағы  Ғ.Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында 9 маусымда Қазақстанның халық артисі Бәйтен Омаровтың 90 жылдығына арналған еске алу кеші болады.

           Режиссер, киноактер, педагок Бәйтен Уәлиханұлы Омаров 1927 жылы 10 мамырда дүниеге келіп, 2008 жылы 19 ақпанда қайтыс болды.      

        1948 жылы Алматы қаласындағы киноактерлер мектебін,  1954 жылы Ташкент мемлекеттік театр-көркемсурет институтын бітірген  ол режиссер ретіндегі алғашқы қойылымын 1953 жылы Атырау облысы драма театрында  дипломдық жұмыс ретінде қойған  Гогольдің «Үйлену» комедиясынан  бастайды.  Одан кейін 1954-1989 жылдары Семей облысы драма театрында, Ұйғыр мемлекеттік музыкалы комедия театрында, Қазақконцертте, Талдықорған облысы драма театрында бас режиссер болды.  Онда А.Қаһардың «Ауру тістер», М.Әуезовтің «Еңлік – Кебек», «Қарагөз», Ғ.Мүсіреповтің «Ақан сері – Ақтоқты», Назым Хикметтің «Махаббат туралы аңыз», Гогольдің «Ревизор»,  Ә.Тәжібаевтың «Майра», І.Мұхамеджановтың «Бөлтірік бөрік астында», Ш.Айтматовтың «Жәмилә» («Махаббат жолы») сияқты  т.б. спектакльдерді сахналайды.  Ал 1972 жылдан киноға түсіп, Бадмаев («Жанталас», 1972), Ақан («Даладағы қуғын»), Бекбосынов («Қосымша сауалдар», екеуі де 1979),  Генерал-губернатор  («Жылан жылында», 1981) Махмұтов («Алаң шетінде», 1982), т.б. рөлдерді орындады.

    толығырақ

  • Ташкентте «Қазақстанның білім беру күндері» көрмесі өтті

    01.06.2017

       Ташкентте 22-23 мамыр күндері «Қазақстанның білім беру күндері» көрмесі өтті. «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ ұйытқы болған шара барысында аталған ел азаматтары оқуға түсе алатын еліміздің жетекші 37 жоғары оқу орны таныстырылды.

          «УзЭкспоцентр» кешенінде ұйымдастырылған көрмеде педагогикалық оқу орнының өкілдері өзбекстандық мектеп оқушылары мен студенттерге институт туралы жан-жақты әрі толыққанды ақпарат беріп, өз кеңестері мен мүмкіндіктерін ұсынды.

            Іс-шараның мақсаты – Орталық Азия елдерінің жастарына қазақстандық жоғары білім беру жүйесі мен еліміздегі бакалавриат, магистратура мен PhD докторантураның білім беру бағдарламаларымен жете танысуына мүмкіндік туғызу және отандық университеттерге студенттер тарту.

            

          Көрменің ашылу салтанатында Қазақстанның Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Ерік Өтембаев, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның вице-президенті Зүлфия Төребекова, Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің ректоры Әділбек Ботабеков, «ҚДСЖМ» қазақстандық медицина университетінің ректоры Гүлнар Тоқмурзиева, Ресей-Тәжік (Славяндық) университетінің ректоры Нұралы Салихов сөз сөйлеп, тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған шара екі елдің білім беру саласындағы ынтымақтастығының одан әрмен нығаюына зор септігін тигізетіндігін атап өтіп, бұл бауырлас мемлекеттердің әрі қарай дамуына жол ашатынын айтты.

        – Көрме аясында өзбекстандық 37 мектеп оқушысы ТарМПИ-ға оқуға түсуге ынта білдірді. Сонымен қатар, Өзбекстанның қазақтар көп шоғырланған Науаи облысының басшылығымен ынтымақтастық қарым-қатынас орнатылды. Бүгінде аталған өңірде 1 жарым миллионға жуық қазақ, 400 қазақ мектебі бар екен, – дейді Білім берудегі инновация және халықаралық байланыстар орталығының басшысы Назым Дүйсенова.

      http://www.tarmpi.kz/index.php?option=com_content&view=article&id=1821%3A2017-05-28-18-50-47&catid=34%3A2011-01-10-20-47-55&Itemid=1&lang=kz

    толығырақ

  • Астанада тұңғыш рет St. Regis Hotels & Resorts қонақ үйі ашылмақ

    01.06.2017

           

          Астанада 1 маусымда St. Regis Hotels and Resorts 2017 жылдың жазында The St. Regis Astana қонақ үйінің ашылатыны жөнінде қуанышпен хабарлап отыр. MG Holding девелоперлік компаниясы салған The St. Regis Astana қонақ үйі арқылы St. Regis бренді Қазақстан нарығына жол тауып, қазақтың өнері мен сәулетін заманауи үлгіде үйлестіре білген айтулы дизайны арқасында елорда тұрғындары мен қонақтарына сән-салтанаттың жаңа деңгейін ұсынбақ.

          Компанияның Нью-Йоркте тұңғыш ашылған қонақ үйі секілді,  The St. Regis Astana да елорданың ең айтулы орны саналатын Есіл өзенінің жағасындағы Орталық саябақта орналасқан. Өз дизайнында қазақтың ұлттық нақышын заманауи үлгіде айшықтап, әрбір қонаққа ең жоғарғы деңгейде қызмет көрсетуді көздеген бұл қонақ үй Қазақстан елордасының іскерлік әрі зиялы өмірінің орталығына айналады деп күтілуде.

           The St. Regis Astana қонақ үйі өз қонақтарын ең таңдаулы әрі кең 120 бөлмеде, сондай-ақ, люкс санатына жататын 23 бөлмеде жайғастыратын болады. Бөлмелердің ең шағын ауданы 68 шаршы метрге тең, бұл қаладағы ауданы ең үлкен бөлмелер саналады. Ауданы 512 шаршы метрді құрайтын Президенттік люкс ішінде қонақжай, кітапхана, шарап қоймасы бар, сондай-ақ, джакузимен жабдықталған 139 шаршы метрлік ашық террасаны, 8 адам түстене алатын үстелді табуға болады. Бұл бөлмелер талғампаз қонақтардың жайғасуы үшін   ең теңдессіз мекенге айналмақ. Сондай-ақ, қонақ үйге қарасты 50 жеке резиденцияда жайғасуға мүмкіндік бар.

          The St. Regis Astana өз қонақтарына Қазақстанда бірінші болып осы қонақ үйде ғана кездестіруге болатын Жеке көмекшілердің көмегін ұсынады. Көмекшілер әр қонақтың жеке тілін тауып, олардың тілектерін күн ілгері сезіп, қызмет көрсетеді. Соның ішінде жүз жылдан аса уақыттан бері қонақ үйдің ерекше белгісі саналатын тегін қызметтер, атап айтқанда, жүктегі заттарды орын-орнына қою, оларды жинап беру, eButler заманауи электрондық қызметі және нөмірге сусындарды ұсыну секілді қызметтер ұсынылатын болады.

           The St. Regis Astana интерьерінің дизайнымен сан алуан марапаттардың иегері атанған  британдық Wimberly Interiors компаниясы айналысты. Дизайнерлер өз жұмысында салт жүрісті қас өнерге айналдырған көшпенділердің ежелгі мәдениетінен, ұлттық өрнектерден шабыт алғанын байқауға болады.

          Қонақ үйдің лоббиі «эгломизе» техникасында көнертілген айнамен, хрустальдан жасалған аспашаммен, ою-өрнекті ағаш еденмен әшекейленген. St. Regis брендінің айрықша құрметке ие болған кітапханасы және кең жұртқа танымал бары қазақ қолөнер шеберлерінің туындысынан және елдің әсем табиғатынан шабыттанған пішінде безендірілген болса, қонақтар кіреберіс баспалдықты көре сала, бейне бір  St. Regis брендінің негізін салған отбасы – Астор әулетінің сәулетті жекежайына келгендей әсерде қалады. Ал бөлмелер мен залдарда ілінген қазақ пен шетелдің 400 заманауи өнер туындысы өзіне ерекше көз тартады.

          St. Regis брендінің фирмалық барының басты белгісі саналатын бар үстелшесінің артындағы фрескада Феникс құсының бейнесімен астасқан қазақтың аңызнамасында айрықша орын алатын алтын Самұрық құс бейнеленген. Аралас техникада әшекейленген бұл фреска – қазақстандық суретші Айғана Ғали және француздық Celine Alexandre дизайнерлерінің бірлескен өнерінің жемісі.

          «The St. Regis Astana дизайнында біз жергілікті мәдениетті ең жоғарғы талғамға сай әрі төл ұлттық нақышта қолдандық», - деп атап өтті  Wimberly Interiors компаниясының  вице-президенті  Рэйчел Джонсон.

            The St. Regis Astana Қазақстанның дәстүрлі тағамдары мен әлемнің ең үздік дәм-тұзын үйлестіре отырып, аса талғамды деген саяхатшының өзінің көңілінен шыға алатын асүйді ұсынып отыр. Қонақ үйде  la carte мейрамханасы және фирмалық бар орналасқан. Компанияның іргетасы қаланған сәттен бастап ұстанып келе жатқан дәстүрін жалғастыра отырып, The St. Regis Astana Қазақстандағы ең салтанатты әрі айтулы іс-шаралар өткізілетін орынға айналмақ. Бұл мақсатта The St. Regis Astana өз қонақтарына мыңдаған шаршы метр аумақты алып жатқан «Astor» бал залын және 7 конференц-залды ұсынады.

          Аумағында төбесі жабық бассейні бар, ауданы 2300 шаршы метрді құрайтын Iridium Spa орталығында сұлулық пен аман-саулық саласындағы озық қызметтерді табуға болады. Сондай-ақ, сапар кезінде белсенді өмір салтын ұстанғысы келсе, қонақтар «Атлеттер клубындағы» жаттығу құрылғыларын пайдаланып, өз денсаулықтарын нығайта алады.

            Толық ақпаратты www.thestregisastana.ru  сайтынан табуға болады.

               St. Regis Hotels & Resorts туралы

            Дәстүрлі сән-салтанатты заманауи сезімталдықпен үйлестіре отырып,  St. Regis әлемнің ең үздік жерлерінде орналасқан 40 дәулетті қонақ үйі мен шипажайында өз қонақтарына айрықша әсерлерді сыйлауда.  Джон Джейкоб Астор IV осыдан бір ғасыр бұрын тұңғыш рет Нью-Йоркте ең алғашқы қонақ үйін ашқан сәттен бастап, St. Regis қонақ үй желісі осы брендтің ажырамас белгісіне айналған,  қонақтардың тілек-қалауын күн ілгері сезіп, бұлжытпай орындайтын сарай қызметшілері арқылы жоғары деңгейдегі теңдессіз қызметтерді ұсынуды жалғастырып келеді. Премиум санатына жататын бұл бренд 2018 жылға қарай  өз желісін 50 қонақ үйге дейін жеткізуді жоспарлап отыр. Толығырақ ақпарат алу, соның ішінде ашылып жатқан қонақ үйлер жайында білу үшін  stregis.com сайтына кіріңіз немесе  Twitter,  Instagram  және Facebook-тегі парақшаларымызды қараңыз. St. Regis қонақ үй желісі бірталай марапаттарға ие болған Starwood Preferred Guest®  бағдарламасына қатысуды үлкен құрмет санайды. Бағдарлама мүшелері  Marriott Rewards® және The Ritz-Carlton Rewards® жүйелеріндегі аккаунттары арқылы өздерінің дегдар мәртебесін дереу растап, жинаған ұпайлары арқылы шексіз мүмкіндіктерге қол жеткізе алады.

           Marriott International, Inc. (NASDAQ: MAR) – қонақ үй бизнесімен айналысатын әлемдегі ең ірі компания. Штаб-пәтері АҚШ-ның Мэриленд штатындағы Вифезда (Bethesda) қаласында орналасқан. Компанияның әлемнің 110-нан аса елінде 5 700 меншігі бар.  Mariott қонақ үйлер мен шипажайларды басқарумен, олардың франчайзингімен, сондай-ақ, шипажай меншігіне иелік ететін көптеген тұлғаларды лицензиялаумен айналысады. Компанияға тиесілі жетекші отыз брендтің ішінде келесілер бар: Bulgari Hotels and Resorts®, The Ritz-Carlton® and The Ritz-Carlton Reserve®, St. Regis®, W®, EDITION®, JW Marriott®, The Luxury Collection®, Marriott Hotels®, Westin®, Le Méridien®, Renaissance® Hotels, Sheraton®, Delta Hotels by MarriottSM, Marriott Executive Apartments®, Marriott Vacation Club®, Autograph Collection® Hotels, Tribute Portfolio™, Design Hotels™, Gaylord Hotels®, Courtyard®, Four Points® by Sheraton, SpringHill Suites®, Fairfield Inn & Suites®, Residence Inn®, TownePlace Suites®, AC Hotels by Marriott®, Aloft®, Element®, Moxy Hotels®, and Protea Hotels by Marriott®. Сондай-ақ, компания түрлі марапаттарға ие болған  ниеттестік бағдарламаларын басқарады, соның ішінде The Ritz-Carlton Rewards® және Starwood Preferred Guest® жүйелерінен тұратын Marriott Rewards® бағдарламасы бар. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің www.marriott.com веб-сайтымызды қарауыңызды сұраймыз. Компанияның соңғы жаңалықтарымен танысу үшін  www.marriottnewscenter.com  және  @MarriottIntl ақпарат көздерін ашып қараңыз.

           WATG

             WATG сәулеттік бюро арасында бүкіл әлем бойынша 2-орында тұрған жетекші біріккен дизайнерлік фирмалардың бірі болып табылады. WATG фирмасының интерьер дизайнымен айналысатын Wimberly Interiors атты еншілес компаниясы  Hospitality Giants 2016 зерттеуіне сәйкес Interior Design Magazine журналында 10-орынды иемденген. Дәл сол жылы WATG және Wimberly Interiors 6 құрлықтағы 46 ел аумағында атақты брендтер атынан 200-ден аса жобаны дайындады. 1945 жылы Гавайда құрылған сәтінен бастап WATG стратегия, жоспарлау, сәулет, ландшафт дизайны, сондай-ақ, қала, туризм және шипажай саласына арнап интерьерді әзірлеу сынды кешенді дизайнерлік қызметтерді көрсете отырып, қарқынды өсімді байқатты. WATG және Wimberly Interiors компанияларының Ирвин, Беверли-Хиллз, Сиэтл, Чикаго, Нью-Йорк, Лондон, Майами, Ыстамбұл, Дубай, Сингапур, Шанхай және Гонолулуда орналасқан кеңселері  6 құрлықтағы 160 елде дүние жүзіне әйгілі туристік нысандарды салғанымен аты шыққан. WATG  жобалары өз дизайны мен айрықша атмосферасымен ғана емес, сондай-ақ, айнымас коммерциялық табыстарымен де белгілі.

            MG HOLDING

             MG HOLDING - 2012 жылы негізі қаланған қазақстандық компания. Компания Қазақстан Республикасында және ТМД аумағында инвесторлар мен әлеуетті бизнес серіктестердің кең қызығушылығын тудыруы тиіс бірқатар ірі жобаларды  дамытуда. Сондай жобалардың қатарына компанияның ең басты озық жобасы - The St. Regis Astana қонақ үйі мен резиденциялары жатады.  

    толығырақ

  • Алматыда ашаршылық құрбандарына арналған ескерткіш ашылды

    31.05.2017

    Алматыда ашаршылық құрбандарына арналған ескерткіш ашылды

         Алматыда ашаршылық құрбандарына арналған ескерткіш ашылды. Мәдени нысанды қала әкімі Бауыржан Байбек ашты.

        «Ашылғалы отырған ескерткіш өскелең ұрпақтың, жазықсыз шейіт болған ата-бабамыздың рухына бас иіп, тəуелсіздігіміздің баға жетпес байлық екендігін ұғындыра білетін киелі орын болары сөзсіз. Елбасының тарсырмасымен өткен жылы осы ескерткішті салуға байқау жариялаған едік. Оған жалпы саны 21 жоба арнайы мамандардың талқылауынан өтті. Астанадағы мемлекеттік комиссияның ұйғаруымен баласын кеудесіне қысқан ана бейнесі жеңімпаз деп танылды. Ана - бар тіршіліктің қайнар көзі, келешек кепілі. Ана қасіреті - ел қасіреті. Аштықтан бұратылған болашағын, сәбиін құшақтаған ана халі сол замандағы өмір мен өлім арасындағы қазақ халқының басынан кешкен тағдырын шынайы бейнелейтіндей», - деді Бауыржан Байбек.

         Алматыда ашаршылық құрбандарына арналған ескерткіш ашылды

         Қола мен граниттен жасалған биіктігі үш метр ескерткіш авторлары Қанат Бигулиев, Айдос Бүркітбаев, Дулат Үсембаев.

         Айта кету керек, бұдан ширек ғасыр бұрын осы жерге «1931-33 жылдардағы ашаршылық құрбандарына ескерткіш орнатылады» деген белгітас қойылған болатын.

          Естеріңізге сала кетейік, Голощекиннің күштеп ұжымдастыру саясатының салдарынан 1931-33 жылдары қазақ даласын аштық жайлады. 1931-1933 жылдары бүкіл Қазақстан бойынша аштықтан 6,2 млн халықтың 2,1 млн-ы қырылды.

        http://www.inform.kz/kz/almatyda-asharshylyk-kurbandaryna-arnalgan-eskertkish-ashyldy_a3031417

    толығырақ

  • Қазақстанның шөген командалары Еуропадағы халықаралық турнирлерде жеңімпаз атанды

    30.05.2017

       

        Қазақстанның шөген командалары «Astana Polo Club» пен «Almaty Polo Club» 25-28 мамыр аралығында Мюнхенде  өткен «Munich Polo Cup 2017» және  «Munchin Gold Cup 2017» халықаралық турнирлерінен жеңіспен оралды, - деп хабарлайды Қазақстан шөген федерациясының баспасөз қызметі.

         «Astana Polo Club» командасы Голландия, Швейцария және Германия секілді алпауыт елдерді артта қалдырып, «Munich Polo Cup 2017» (25-26 мамыр) халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды.

         Ал «Munchin Gold Cup» (27-28 мамыр) халықаралық сайысында «Almaty Polo Club» жеңіске жетіп, Голландия, Германия және Швейцарияны шаңында қалдырды.

           «Бізге бұл жеңістер оңай келді деп айта алмаймыз. Қарсыластарымыз өте мықты болды, Еуропада шөген аса танымал ойын, бірақ біз де дес бермейміз», - дейді Қуаныш Мұсабеков, «Almaty Polo Club» командасының капитаны.

           «Бұл біздің халықаралық аренадағы бірінші жеңісіміз емес. Мәселен, «Astana Polo Club» командасы 2016 жылы Аргентинаның Лухан қаласында өткен халықаралық турнирден I орынмен оралған болатын. Сондай-ақ, 2017 жылы Аргентинадағы «Santa Catalina Summer Cup» және «Torneo Summer Polo Match» халықаралық турнирлерде біздің командалар шетелдік шөгеншілерді басып озып, I орыннан көрінді. Биыл өз елімізде өткен «Almaty Snow Polo Cup» халықаралық додадада - I орын өзімізге бұйырды. Ал, 2017 жылы Аргентинаның Лухан қаласындағы халықаралық сайыста «Almaty Polo Club» бірінші орынға шығып, ең үздік командалардың қатарына қосылды. Міне, Мюнхендегі жеңіс те біздің еншімізде»,  – дейді  Сәрсен Құранбек, Халықаралық шөген федерациясының бірінші вице-президенті. 

    толығырақ

  • Руслан Әбдіразақов «Алматы барысы» атанды

    29.05.2017

    Руслан Әбдіразақов «Алматы барысы» атанды

           Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында 28 мамырда қазақ күресінен «Алматы барысы» турнирі өтті. Сайыс нәтижесі бойынша 3 шілдеде Астанада өтетін республикалық «Қазақстан барысы» турниріне оңтүстік астанадан 2 балуан жолдама алды.
         Тартысты дода басталмас бұрын қала әкімі Бауыржан Байбек пен «Қазақстан барысы» президенті Арман Шураев сөз сөйледі.  Сайыста шаһардың 8 ауданынан 24 балуан бақ сынады. Алғашқы іріктеу кезеңдерінен-ақ балуандар тартысты өнер көрсетті. Іріктеу кезеңінен сүрінбей өткен  төрт балуан жартылай финалға жолдама алды. Олар: Виктор Демьяненко, Әлімжан Жұмахметов, Руслан Әбдіразақов және Дәурен Нұралинов.
         Жартылай финалдың алғашқы кездесуінде боз кілемге Виктор Демьяненко мен Руслан Әбдіразақов шықты. Руслан қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп, финалға жолдама алды.
         Екінші жартылай финалдық бәсекеде Дәурен Нұралинов пен Әлімжан Жұмахметов белдесіп, Дәурен ақтық сынға шықты. Үшінші орын үшін өткен кездесуде турнирдің былтырғы чемпионы Виктор Демьяненко қарсыласын қапы қалдырып, қола жүлдеге қол жеткізді.
         Финалдық кездесуде Руслан Әбдіразақов Дәурен Нұралиновтен  айласын асырып, «Алматы Барысы» атанды. Екінші және үшінші орын алған балуандар арнайы белбеу мен ақшалай сыйлыққа ие болды. Ал Руслан Әбдіразақовқа белбеу мен «Лада Гранта» автокөлігі сыйға тартылды.

    толығырақ

  • Орталық музейде «Қылмыс орындары: алғашқы найзағай» атты көрме болады

    25.05.2017

       Алматыдағы ҚР Мемлекеттік орталық музейінде 25 мамыр күні швед суретшісі Туве Крабоның «Қылмыс орындары: алғашқы найзағай» атты жеке көрмесі ашылады. Швецияның Қазақстандағы Елшілігімен бірлесіп ұйымдастырылған бұл шара ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Семей ядролық сынақ полигонын жабу және ҚР Ұлтық ядролыұқ орталығын құру жөніндегі шешімінің қабылданғанына 25 жыл толуына арналған ядролық қарудан азат Әлем құру идеясы аясында өткізіліп отыр.

          1974 жылы Гетеборг қаласында туған Туве Крабо Франция, Австралия мен Иорданияда 16 жыл тұрып, Марсельде тұрған кезінде бейнелеу өнерінің қыр-сырын оқып, зерттеді. 2003 жылы Париждегі Бейнелеу өнерінің мектебін бітірді. Кино, әдебиет, бейнелеу өнгері, кескіндеме, сондай-ақ фосфор ыдыстарына сурет салу сияқты өнердің түрлі саласымен шұғылданды. 2013 жылдан бастап суретші техногенді апат аймақтарының көріністерін салуды бастап, жұмыстарын «Эмоциялардағы жыл мезгілдері» және «Қылмыс орындары» серияларына топтастырды.

          Швеция, Франция, Қазақстан елдерінде өткен көптеген көрмелерге қатысқан. «Мен өз тәжірибемде мәтінмен жеткізу мүмкін емес нәрсені, мәтіннен айтарлықтай өзгеше бір дүниені салуға тырысамын. Ол мен жұмыс жазып жатқан кезде шығармашылық үстінде, көңіл-күйдің әуеніне қарай пайда болуы мүмкін. Нәтижесінде соңғы шешімді акварель мен сия қабылдайды. Менің өнерім кино секілді, онда драма, көңіл-күй, қозғалыс, жарық пен көлеңке бар. Көбіне өз образдарымды интернет желісінен аламын, олардың басым бөлігі адамзат трагедиясы мен экологиялық зардап шеккен орындар. Мен қазіргі қоғамдағы апатты оқиғалар ағымы адамзатты мейірімсіз ете ме деп қорқамын. Адамзатқа қасірет әкелетін құбылыстар мен оқиғаларға жаңа, шынайы мән-мағына беретін жанашырлық пен түсіністік секілді сезімдерді бейнелеу өнері арқылы қайтарғым келеді»,  – дейді Т.Крабо. Оның айтуынша, «Қылмыс орындары: алғашқы найзағай» көрмесі жұмыстарының көпшілігі осы экспозияға арнайы салынып, халық назарына тұңғыш рет ұсынылуда. Олардың арасында Семей жеріндегі атом бомбасынан зардап шеккен бейбіт тұрғындардың ауыр халі мен тіршілігін баяндайтын «Катастрофа 1», «Катастрофа 2», «Полигон 1», «Полигон 2», «Шаған көлінің бетінде», «Гюисман жекежайны», «Көлік», «Бала», «Егіздер», «Жетім», «Қылмыс орындары» атты акварель, сия, акрилмен орындалған картинар сериялары қойылады. Кеңестік жүйе 1949 жылы «Первая молния» құпия сөзі арқылы бейбіт халықты қауіпсіз жерге көшірместн Семей даласында атомдық сынақтар жүргізді.  

    толығырақ

  • Омарғазы Айтанның «Құстар қайғысы» кітабының тұсаукесері өтеді

    25.05.2017

    Ерлік Кебекбай суреті.

         Алматыдағы ҚР Ұлттық кітапханасы «Ер Жәнібек» халықаралық қоғамдық қорымен бірлесіп 26 мамыр күні Омарғазы Айтанның «Құстпар қайғысы» атты жыр жинағының тұсаукесерін өткізеді. Ол көрнекті ақын, жазушы, драматург О.Айтанның туғанына 85 жыл толуына орай жарық көріп отыр. Онда әр жылдары жазылған ойы терең, бояуы келісті, сарыны өзгеше өлеңдері мен арыны асау, айтары салмақты, құлашы аса кең дастандары топтастырылған.

          О.Айтан 1931 жылы 20 қарашада Қытайдың Шыңжаң өлкесіндегі Тарбағатай аймағының Толы ауданының Майлы тауында дүниеге келген. 1957 жылы шыңжаң университетінің әдебиет факультетін бітірген. 1957-1959 жылдар аралығында «шұғыла» әдеби журналында редакторлық қызмет атқарған.

         Қытайда жүргізілген «Мәдениет төңкересі» науқанында әсіре қызыл саясаттың салдарынан 1959-1978 жылдар аралығында жер аударылып, ауыр еңбек майданында қатаң бақылауда болған. 1978 жылғы Қытай саясатының оңала бастауына орай, ақынның да нақақ жалалы өмірі ақталып, саяси құқығы мен қоғамдық қызметі қалпына келтірілді. Артына «Құс жолы», «Түйе», «Сәукеле» қатарлы жыр жинақтарымен бірге, «Аң шадырын оқ табар», «Таразы» романдары және көптеген драммалық шығармалар қалдырған ұлы қаламгер 1997 жылы 26 мамырда Үрімжі қаласында қайтыс болды. 

    толығырақ

  • Ислам шамшырағы Халифа Алтай дәріптелді

    25.05.2017

         

         Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ түрік университетінде 23 мамырда «Халифа Алтай  исламның көрнекті ғұламасы» атты танымдық конференция өтті. Ғұлама ғалым, діни ағартушы қайраткер Халифа Алтай Ғақыпұлының 100 мерейтойына орай ұйымдастырылған бұл шараға «Ер Жәнібек» халықаралық қоғамдық қоры қолдау көрсетті. Оған Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Төралқа төрағасының бірінші орынбасары Талғат Мамашев арнайы құттықтау хат жолдаған болатын. 

           Халифа Алтай Ғақыпұлы жайлы деректі фильммен басталған конференция жұмысында «Ер Жәнібек» халықаралық қоғамдық қорының президенті Жеңіс Түркия, Түркістан қаласының әкімінің орынбасары Ғани Рысбеков, асылдың сынығы, ұлы А.Алтай сөз сөйлеп, бұл шараның маңызын, Халифа Алтайдың өшпес өнегесін айтты. Мемлекет тарихы институтының жетекші ғылыми қызметкері, т.ғ.к. Қ.Ерімбетова «Қазақтың тектілік феномені (Халифа Алтайдың арғы атасы Шахабай батыр туралы)» баяндама жасады.

         Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшесі, исламтанушы А.Қуанышбаев  «Құран Кәрім. Қазақша мағына және түсінігі» кітабына дін тарапынан жоғары баға берді: «Бүкіл Құран 114 сүреден, 6300 ден аса аяттан, 77 мың 400-ден аса кәлимадан тұрады. Бұның бәрін сөзбе-сөз аудару дұрыс болмайды. Мысалы, мен сені жақсы көремін деген сөзді тура мағынасында орыс тіліне аударса, я тебя хорошо люблю деген мағына болады. Ал, тілді түсінбеген адамдар құранды осылай аудара бастады. Ал, негізінде олай сөзбе-сөз аудару дұрыс емес. Сол үшін ислам ғалымдары қарсы шықты. Халифа Алтай аудармасы – нағыз ғылыми-акдемиялық аударма. Аудармада діни сөздерге дұрыс мағына берілген. Қиын жерлерінде, Ибн Кассир, Әл Табари, Жалалайн  секілді ғалымдардың еңбегіне сілтеме беріп үлкен ғұламалардың еңбегіне жүгініп, тығырықтан шыға білгені керемет даналығы. Ал, басқа аудармашылардың қателігі, осылайша ірілердің етегінен ұстамағаны, өзім білемдікпен жасағаны. Ондай аудармаларда қате кездеседі, тіпті тура жолдан адасуға апаруы да мүмкін» – деп, барша мұсылман қауымы қауышатын қасиетті Рамазан айымен құттықтады.

         «Түрік әлемінің ғұламасы» және Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері дін қайраткері Халифа Алтай Халықаралық Ислам қайырымдылық қорын құрған қайраткер. Х.А.Ғақыпұлы ислам дінін уағыздап, діни кітаптар аударып, имани кітаптарды таратуға көп еңбек сіңірген. Қасиетті Құранды қазақ тіліне ең алғаш аударған ғұлама ақсақалымыз халықтың рухани санасын жаңғыртты. «Құран Кәрім. Қазақша мағына және түсінігі» кітабы Ресей, Моңғолия, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан елдерінде тұратын қазақтардың үлкен рухани байлығына айналды. 

          Конференция кезінде ғұламаға арналған Құран жарысының жеңімпаздары марапатталып, Түрік тілдес халықтар кітапханасында Х.А.Ғақыпұлының, Ә.Қ.Дербісәлінің жеке кітапханаларының таныстырылымы өтті. Ал кешке қарай «Ер Жәнібек» Халықаралық қоғамдық қорының атынан студенттерге ас берілді. бұл шараларға ұйтқы болған Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Түркістан қаласындағы белсенді өкілі, "Тұран" жастар орталығының жетекшісі Нөсербек Заңәділ болды.  

    толығырақ

  • Қазақстан мен Өзбекстан арасында қатынайтын пойыздарға билеттер арзандайды

    24.05.2017

    Қазақстан мен Өзбекстан арасында қатынайтын пойыздарға билеттер арзандайды

          «Жолаушылар тасымалы» АҚ халықтың сұранысын қанағаттандыру мақсатында билетті сатып алу мерзіміне қарай Қазақстан мен Өзбекстан арасында тікелей қатынайтын және Өзбекстаннан Ресейге Қазақстан арқылы жүретін пойыздарға жеңілдіктер енгізілетінін хабарлайды.
         Аталған жеңілідктер 2017 жылдың 27 мамыры мен 28 желтоқсанына дейін төмендегідей көлемде қарастырылған;
    Купе және СВ вагондар үшін:
    • Пойыздың жүруінен 45 тәуліктен 31 тәулік бұрын сатып алса 45 пайыз жеңілдік. • Пойыздың жүруінен 30 тәуліктен 6 тәулікке дейін сатып алса 35 пайыз жеңілдік. Плацкарт вагондар үшін:
    • Пойыздың жүруінен 45 тәуліктен 31 тәулік бұрын сатып алса 35 пайыз жеңілдік. • Пойыздың жүруінен 30 тәуліктен 6 тәулікке дейін сатып алса 25 пайыз жеңілдік.      «Бұл жеңілдіктер бір мемлекет ішіндегі бағыттарда және бір топ жолаушылар бірге билет алған жағдайда қолданылмайды»,-делінген хабарламада.

    толығырақ

  • Ақын Әсел Оспанның жинағы жарыққа шықты

    23.05.2017

       

        Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде 19 мамыр күні Ғылыми кітапхана қызметкері, ақын Әсел Оспанның «Ұшқан ұя» атты жыр кітабының тұсаукесері өтті. Аталмыш кешке Қазақстан Жазушылар Одағы және «Қаламгер-Media» орталығының атқарушы директоры Жанарбек Әшімжан, сезімтал ақын Шәмшия Жұбатова, талантты актер Бекжан Тұрыс, ҚР Мәдениет қайраткері Нұржан Жанпейісов, сазгер, бард әнші Қадырғали Көбентай, ақындар Мақпал Мыса, Мұратхан Шоқан және жырсүйер қауым қатысты. Ақынның анасы мен туған-туысы кеш иесінің қуанышысын бөлісуге арнайы келген. 

         Кешті ұйымдастыруға ұйытқы болған Ғылыми кітапхана директоры Бақытжамал Бағашарова: «Бұл шығармашылық кешін киелі шаңырақ Қыздар университетінде өткізіп отырған себебіміз, Әсел Оспан нәзікжанды сыршыл ақын ғана емес, осы киелі орда Ғылыми кітапхананың белсенді қызметкері. Қарашаңырақ Қыздар университетінде ақын-жазушы болғысы келетін талапты да, дарынды, өнерге бейім жас қыздар оқиды. Оларға мұндай мәдени іс-шаралардың берер тәлім-тәрбиесі, үлгі-өнегесі мол. Қазақтың қаймағы бұзылмаған ауылды өлкелерінен келген бұрымдылары осындай шығармашылық ортаны іздейді, қалмауға тырысады. Бізде соңғы кезде кітап оқитын оқырман азайды дегенді көп айтады, негізі ол азайған жоқ. Тек оларды қызықтыра отырып, тарта білу қажет. Сол себептен осындай игі дәстүрді үнемі ұйымдастырып, оқырманмен жиі-жиі бас қосып отырған дұрыс», – деді.

        Аспантаудың қарлығашы Әсел Оспанның туған елінен небір дүлділ ақын-жазушылар, жыршы-жыраулар шыққаны дүйім жұртқа белгілі. Сондай текті өңірдің тұқымы, жаны нәзік, сезімтал қызы Әсел де жыр бәйгесінде бақ сынамақ. «Ұшқан ұя» – ақынның өлең өлкесіндегі тұңғыш жыр жинағы.  

          Жүрек қылын тербер жыр кешінің тізгінін  ақын, журналист Жанарбек Әшімжан ұстап, өлең-жырдан шашу шашып, жұтындыра жүргізді. Ақын Шәмшия Жұбатова, өнер тұлғалары Бекжан Тұрыс пен Қадырғали Көбентай ақынның сиясы кеппеген тұңғыш жыр жинағы «Ұшқан ұя» атты кітабының қызыл лентасын кесумен қатар, ізгі-лебіздерін білдіріп, өнерлерін ортаға салды. Ясондай-ақ, талантты әнші Нұржан Жанпейісов, «Алатау» дәстүрлі өнер театрының әртісі Жасұлан Мұсағали, жас әнші Әліби Бекайдар сынды өнерпаздар домбырамен күмбірлете ән салып, керемет көңіл-күй сыйлап, кештің көркін қыздырды. Ал, Қыздар университетінің студенттері ақынның жырларынан құрылған композицияны орындады.

        Сөз алған ақындар Ш. Жұбатова, М. Шоқан жыр алыбындағы әріптесі Әсел Оспанның шығармашылығының поэзиялық қырына өзіндік баға беріп, «бұл бастамасы, алда әлі бағындырар биік белестер» тұрғанын айта отырып, сәт-сапар тіледі. Ал, жаңадан бүршік жарып келе жатқан жас жауқазындар Алтыншапақ Хаутай мен Ұлмекен Лесбекова арнау-жырларын тарту етті.

           

          Жыр кеші соңында сөз алған Ә. Оспан: «Бұл – менің бірінші туындым. Мұндағы жыр шумақтарымда адал көңілім мен пәк сезімім жатыр. Аталмыш еңбегімді әкем Бақыт Оспановтың рухына бағыштаймын. Қателігімді кешіріп, мерейімді үстемдетіп, менің жетістігіме жиналып отырған дүйім жұртқа алғысым шексіз. Ризамын», – деп толқи сөйлеп, маржан жырларын оқыды.

         Ақиық ақын Мұқағали Мақатаев «Тұңғышым» деген бірінші жарыққа шыққан өлеңіне:

    «...Не болар екем, япырай!

    Қызбысың әлде ұлмысың?

    Болмады тыныш көңіл жай,

    Туғанша қашан тұңғышым», – дейтіні бар. Расымен, ақын Әсел Оспанның ең алғашқы жыр жинағының болмысы бөтен һәм оттай ыстық. Алда тағы да кітаптары өмірге келіп, қуантып жатар. Ал, мұның орны ересен бөлек болып қалатыны хақ. Поэзия әлемінде ұясынан ұшқан Ә. Оспанға қанатыңыз талмасын, бақ пен бап қатар шапсын деп, ақ жол тілейміз.

             Арай Жұмашқызы

    толығырақ

  • Қазақстанның садақшылары әлем кубогын жеңіп алды

    22.05.2017

    Қазақстанның садақшылары әлем кубогын жеңіп алды

          Қытайдың Шанхай қаласында садақ ату спортынан әлем кубогының бірінші кезеңі өтті. 16-21 мамыр аралығында болған  бәсекеге әлемнің ең үздік мергендері жиналған.
         Құрамында Санжар Мұсаев, Денис Ганкин және Ойбек Саидиев бар Қазақстан ерлер құрамасы командалық жарыста жеңіске жетті, деп хабарлайды dodasport.kz.
    Қазақстанның садақшылары әлем кубогын жеңіп алды
          Ең алғашқы бәсеке АҚШ құрамасымен өтті. Қазақстандық команда 3:5 есебімен басым түсті. Ресейліктер мен жапондықтар 4:5 есебімен біздің жігіттерге есе жіберді. Финалда тартысты өткен бәсекеде қазақстандықтар олимпиада чемпиондары Оңтүстік Корея спортшыларын 11:12 есебімен ұтып, алғашқы рет әлем кубогының жеңімпазы атанды.

    толығырақ

  • Бішкекте «Қазақстанның білім беру күндері» көрмесі өтіп жатыр

    18.05.2017

        Қырғызстанның Бішкек қаласында 18 мамырда «Қазақстанның білім беру күндері» халықаралық білім көрмесі өтуп жатыр. Оған 40-тан астам жоғары оқу орындары қатысуда. Олардың арасында Назарбаев университеті, Қазақстандық менеджмент, экономика және болжау институты сияқты халықаралық деңгейдегі оқу орындары бар.  

         Қазақстандық білім беруді насихаттау мақсатында ұйымдастырылған бұл шараның ашылу рәсіміне Қырғызстандағы Қазақстанның Төтенше және Өкілетті Елшісі А.Бозжігітіов, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның вице-президенті З.Төребекова қатысып, құттықтау сөз сөйледі. 

    толығырақ

  • Қанат Ислам мен Жанқош Тұраров қатысатын бокс кешінде рингке шығатындар белгілі болды

    18.05.2017

    Қанат Ислам мен Жанқош Тұраров қатысатын бокс кешінде рингке шығатындар белгілі болды

           26 мамырда Бок-Ратонда (АҚШ, Флорида штаты) Қанат Ислам (23-0, 19 КО) мен Жанқош Тұраров (20-0, 14 КО) қатысатын бокс кешінде рингке шығатындар белгілі болды.
        Boxrec.com порталаының ақпаратына қарағанда, айқас алты салмақ санатында: Джастин Райт (дебют) - Кристофер Солерно (0-1) (екінші орта салмақ)
    Тайрон Спонг (8-0, 8 КО) - Освальдо Ортега (2-5, 1 КО) (аса ауыр салмақ)
    Майк Бэлоган (10-0, 8 КО) - қарсыласы әзірге анықталмаған (ауыр салмақ) Веллингтон Ромеро (12-0-1, 6 КО) - Вилфридо Буэльвас (18-7, 12 КО) (жартылай орта салмақ)
    Дагоберто Агуэро (11-0, 8 КО) - Густаво Молино (24-14, 9 КО) (жеңіл салмақ)
    Чжан Чжилэй (15-0, 11 КО) - Кертис Харпер (12-4, 8 КО) (аса ауыр салмақ) Жанқош Тұраров (20-0, 14 КО) - Густаво Гарибай (13-8-2, 5 КО) (жартылай орта салмақ)
    Қанат Ислам (23-0, 19 КО) - Норберто Гонсалес (23-8, 13 КО) (бірінші орта салмақ) (WBO NABA мен WBA Intercontinental титулы үшін айқас).   

    толығырақ

  • «Мен қазақпын» байқауының іріктеу турлары Ресей, Қытай мен Моңғолия елдерінде өтеді

    11.05.2017

    «Мен қазақпын» байқауының іріктеу турлары Ресей, Қытай мен Моңғолия елдерінде өтеді

          "Қазақстан" РТРК" басқарма төрағасы Ерлан Қарин "Мен қазақпын" xалықаралық байқауы аясында көрші елдерде өтетін іріктеу турлары жайында айтып берді.
        "Біз Алтай республикасының Қосағаш ауданында іріктеу турларын өткізуді көздейміз. Ол жерде қазақ диаспорасының біраз өкілдері тұрады. Бұдан бөлек, Баян-Өлгей мен Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесінде іріктеулер ұйымдастырылады. Дәл осы аймақтарда қазақтың дәстүрлі музыкасы жақсы сақталған. Сосын күй, терме сияқты жанрлардың бірнеше мектебі әлі де бар. Қазақстанның кейбір жерлерінде ондай жанрлар сақталмаса да, қандастарымыздың арқасында оны қайта қалпына келтіруге мүмкіндік бар. Осының өзі музыканы зерттеп жүрген ғалымдар үшін үлкен азық болады", - дейді Қарин.
         ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев та "Мен қазақпын" xалықаралық байқауы арқылы дарынды өнерпаздардың ғана емес, қолға түспей жүрген шығармалардың да табылатынына сенімді. Байқаудың алғашқы іріктеу турлары 5 маусым күні Алматы облысында басталады. Ал шет елдердегі конкурстар шілде айында ұйымдастырылады. Осыдан кейін көрермен қауым байқаудың күнделігі мен негізгі конкурсын теледидардан көре алады. Жеңімпаздар "Жылдың ең үздік дәстүрлі әншісі", "Жылдың ең үздік термешісі" және "Жылдың ең үздік күйшісі" аталымдары бойынша марапатталады.
         Айта кетейік, бүгін Астанада өткен баспасөз мәслиxатында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев "Мен қазақпын" атты xалықаралық мегажобаның басталатынын жариялады. "Қазақстан" РТРК" басқарма төрағасы Ерлан Қариннің айтуынша, байқаудың түпкі мақсаты - шалғай ауылдарда жүрген өнерпаздарды үлкен саxнаға шығару. Министр аталған бастамаға ақшаны аямау қажет деп санайды. 

    толығырақ

  • Кәкей Жаңжуңұлы - Алтай шыңындағы өшпес із

    11.05.2017

    Кәкей Жаңжуңұлы - Алтай шыңындағы өшпес із

         ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында қазақтың көрнекті ақыны, қазақ диаспорасы әдебиетінің дамуына елеулі үлес қосқан қайраткер, ұстаз ақын Кәкей Жаңжуңұлының туғанына 70 жыл толуына арналған «Алтай шыңындағы өшпес із» атты дөңгелек үстел өтті.          
         Шараға ақынның Астана қаласындағы шәкірттері мен үзеңгілес әдебиетші достары, жерлестері және зиялы қауым өкілдері қатысты.  Өнерпаздар ақын өлеңіне жазылған әндерді орындап, жырларын жатқа  оқыды.
         Кәкей Жаңжұңұлы 1947 жылы Моңғолияның  Баян-Өлгий аймағы, Бұлғын елдімекенінде дүниеге келген. Алматыдағы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын бітірген соң туған аулының орта мектебінде оқытушы, директор қызметтерін атқарады. 1982-1993 жылдар аралығында  Моңғолиядағы қазақ әдебиетінің бөлімшесін басқарады, «Шұғыла» әдеби журналының бас редакторы болған.
         Моңғолиядағы қазақ орта мектептеріне арнап әдебиет оқулығын дайындаған әдіскер ғалым, айтыс өнерінің қанат жаюына, ауыз әдебиетінің үлгілерін жинауға және  этно ән өнерінің тобын құрып, халыққа насихаттауда өлшеусіз үлес қосқан. Моңғолиядағы қазақ әдебиеті кеңесін басқарған және Моңғолия Жазушылар одағы сыйлығының лауреаты. Ол талай жасты әдебиет деген киелі әлемге тартып, оның қыр сырына баулыған еді. Ақынның тіл, әдебиет, тарих, этнография, өнер саласындағы білімінің телегей теңіз тереңдігіне талай жандар тәнті болды. Қаламынан туған оншақты жыр жинақтары мен әзіл-сықақ әңгімелері, қазақ және моңғол тілдерінде жарияланған.
        Шығармалары: «Жауқазын»,  «Маусым», «Жебе», «Қош бол, көктем!», «Мен - Қазақпын», «Жұмаққа апарар жол». Алтай қазақтарының арасынан шыққан ағартушы ақын Ахыт Үлімжіұлы ақынның шығармалар жинағын құрастырды (1991, 1994, Қ. Қалиасқарұлымен бірге).
         1993 жылы ұшақ апаты салдарынан мезгілсіз қаза тапқан ақынның артында құнды әдеби мұрасы мен қазақ руханияты үшін жасаған еңбегі қалды. Атажұрты оны «Барам, апа, көктемде» деген әні арқылы жақсы таниды. 

    толығырақ

  • «Мен қазақпын» xалықаралық байқауы үздік күйшілер мен термешілерді анықтайды - Абаев

    11.05.2017

    «Мен қазақпын» xалықаралық байқауы үздік күйшілер мен термешілерді анықтайды - Абаев

          Бүгін Астанада өткен баспасөз мәслиxатында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев "Мен қазақпын" атты xалықаралық мегажобаның басталатынын жариялады.
        Байқаудың басты мақсаты - қазақ xалқының төл өнері, соның ішінде жыр-термелер мен күйлерді бүгінгі заман талабына сай жаңартып, өскелең ұрпаққа жеткізу. Ол үшін арнайы топ әрбір облысты аралап, жобаға қатысушыларды іріктейді. Оқ бойы озық шыққандар телевизиялық байқауға жолдама алады. Байқауға қатысушылардың жас ерекшелігі  - 18 бен 40 жас аралығы. Сондай-ақ саxнаға шығатын өнерпаздардың киімі қазақы үлгіде әрі бүгінгі заман талабына сай болуы тиіс. Жобаға Қазақстан азаматтарынан бөлек, Ресей, Қытай мен Моңғолия жерінде тұратын қандастарымыз да қатыса алады.
          "Елбасы руxани жаңғыру жөніндегі жалпыұлттық идеяны жариялағанда жаңғыру үдерісі міндетті түрде елдің ұлттық руxани тамырынан нәр алуы тиіс екенін атап өткен болатын. Біздің руxани тамырымыз - ата-бабадан мирас болып қалған салтымыз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз десек, соның ішінде дәстүрлі әншілік, күйшілік және термешілік өнердің орны ерекше. Осы бірегей өнерді лайықты дәріптеу - елдік, бірлік идеясын іске асырудың аса ұтымды құралы. Осыны ескере отырып, біз, министрлік пен "Қазақстан"ұлттық арнасы, "Мен қазақпын" атты телевизиялық мегажобаны ұсынып отырмыз. Жобаның мақсаты - дәстүрлі әнші, термеші мен күйшілерімізді, еліміздің әрбір аймағында қалыптасқан өнер мектебінің өкілдерін кеңінен дәріптеу, таңдаулы туындыларды өскелең ұрпаққа заманауи форматта насиxаттау. Сондықтан "Мен қазақпын" жобасының түпкі нәтижесі руxани мұраны ұрпақ кәдесіне жарата отырып, ұлттық тұтастықты нығайту болуы тиіс, яғни бұл барша xалқымыздың басын қосып, жұдырықтай жұмылдыратын жоба болуы керек. Міне, сол үшін біз жобаға тек еліміздің өнерпаздарын ғана емес, жырақтағы қандастырымызды да қатыстыруды көздеп отырмыз", - дейді министр Абаев.
          "Қазақстан" РТРК" АҚ басқарма төрағасы Ерлан Кариннің айтуынша, байқаудың алғашқы іріктеу турлары 5 маусымда Алматы облысында басталады. Ал шет елдердегі конкурстар шілде айында ұйымдастырылмақ. Осыдан кейін көрермен қауым байқаудың күнделігі мен негізгі конкурсын теледидардан көре алады. Жеңімпаздар "Жылдың ең үздік дәстүрлі әншісі", "Жылдың ең үздік термешісі" және "Жылдың ең үздік күйшісі" аталымдары бойынша марапатталады.

    толығырақ

  • Бауыржан Момышұлы туралы деректі повесть жарыққа шықты

    10.05.2017

    Бауыржан Момышұлы туралы деректі повесть жарыққа шықты

           
         Алматыда «Бауыржан Момышулы. История одной книги» атты деректі повесть басылып шықты. Бұл еңбек - 1993 жылы аз таралыммен шыққан жазушы, журналист Жүніс Ыбыраевтың «Майдан жыры мен сыры» атты кітабының орыс тіліндегі аудармасы.
         Аталмыш кітапта Бауыржан Момышұлының Мәскеу түбіндегі шайқасты баяндайтын бүкіл әлемге танымал Александр Бектің "Волоколам тас жолы" xикаясының шығуына атсалысқандығын дәлелдейтін Орталық арxивтегі майдан күнделігі, xаттары мен баяндамалары жүйеге келтірілген. 
         Журналистік зерттеудің авторы Бек пен Момышұлының кітапті жазу барысындағы драматикалық әріптестігі, әдеби шығармаға, соғыстың өзіне деген көзқарастарының қақтығысуы туралы әңгімелейді.
          "Журналистік зерттеудің тақырыбын таңдауда менің әкеме еш қиындық әкелген жоқ. Себебі әскери оқу орнында оқып жүргенде-ақ ол Александр Бектің "Волоколам тас жолы" туындысын оқып, кітаптан да, оның басты кейіпкері - Бауыржан Момышұлынан да үлкен әсер алады. Кітап жай ғана көркем шығарма емес, соғыс жүргізу және қорғану өнерінің керемет оқулығына айналғандығын ол сол кезде түсінді. Көптеген мемлекеттер бұл кітапқа қызығушылық танытты. Оның үстіне талантты командирлердің бірі, Мәскеу түбіндегі жеңісті шайқастардың ұйымдастырушысы көзі тірі еді, үлкен қоғамдық жұмысты атқарып жүрді. Балалық шақтары соғысқа тұспа-тұс келген менің әкемнің қатарластары Момышұлын пір тұтты. Оның кітаптары бір емес, бірнеше мәрте оқылатын. Әр үйде "Артымызда Мәскеу" кітабі болатын. Батырға деген осынау құрмет кейін бізге, балаларына дарыды", - дейді автордың ұлы Әділ Ыбыраев. Оның сөзінше, Бауыржан Момышұлы туралы xикая Жүніс Ыбыраевтың шығармашылығында маңызды рөл атқарды.
         "Әкем "Волоколам тас жолы" романына журналистік зерттеу жүргізген уақытта ол зейнетте болатын, бірақ қаламын тастамай, журналис ретінде, жазушы ретінде де қызмет етіп жүрді. (...) Өкінішке орай, деректі xикая бойынша жүргізілген көп жылғы еңбек аяқталған кезде Кеңес Одағы да құлады. Ақша тапшы болғандықтан, кітапті басып шығару жұмысы да тоқтап қалды. Деректі xикая жарыққа шыға ма, жоқ па, белгісіз күйде қалды. Бірақ әкем қанша жерден жұмсақ, салиқалы кісі болса да, діттеген мақсатынан танбайтын. Көмек көп ұзамай табылды. Алматы қаласы Медеу аудандық әкімдігінің басшысы Александр Ануфриевич Слободянюк кітапты басып шығаруға қаражат бөлгізді. Әкем балаша қуанып, кітаптің алғашқы сынақ данасын қолына алып, тіміскілене өзгерістер енгізіп, әр бетін, әр парағын сипап отырғаны әлі күнге дейін есімде. Әкеме бұл еңбекті ғылыми диссертация ретінде рәсімдеп, филология ғылымдарының кандидаты атағын алуды ұсынды. Алайда ол одан бас тартты", - дейді Ә. Ыбыраев. Көп жылдардан соң Ыбыраевтар әулеті бұл құнды дүниені орыс тіліне аударуды шешіпті.
         "Отанымыздың қорғанышы, аса білгір әскери басшы, Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының құрметіне арналады. Мәселе "Волоколам тас жолы" туындысын шығарудағы жарты еңбек біздің отандасымызға тиесілі болғанында емес, журналистік зерттеуді оқып шыққан оқырмандар қазақ жері қандай ұлы адамдарды дүниеге әкеле алатындығын, біздің xалықтың керемет әлеуетін біліп түсінгендігінде. Біз сөздің, уәденің, абыройдың адамы бола алатындығымызды көрсету, өз Отанымыздың бостандығы мен бақыты жолында күресетіндігімізді ұқтыру", - деп атап өтті ол.
         Ыбыраев Жүніс Ақатайұлы - жазушы, журналист (1928-2002). 12 қазанда Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Мақпал ауылында туған. 1959 жылы ҚазМУ-дің филология факультетінің журналистика бөлімін бітірген. Шығыс Қазақстан облыстық «Коммунизм туы», «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газеттерінде, «Агропромышленный комплекс Казахстана» - «Қазақстан агроөнеркәсібі» журналында жауапты қызметтер атқарған. «Қазақстан» баспасында бөлім меңгерушісі болған. Бірқатар көркем очерк кітаптарының авторы, көптеген жинақтар құрастырған. М.Слуцкистің, А.Курчаткиннің роман, әңгімелерін қазақшаға аударып, кітап етіп бастырған. 2002 жылы Алматы қаласында қайтыс болған.

    толығырақ

  • Қытайда өзге ұлт өкілдері қазақтың тілін, мәдениетін білуден жарысты

    06.05.2017

    Қытайда өзге ұлт өкілдері қазақтың тілін, мәдениетін білуден жарысты

            Қытайдың жоғары оқу орындарында оқып жатқан  өзге ұлт студенттері арасында қазақ тілінің шетелдегі мәртебесін көтерген жарыс өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат kazakh.cctv.com сайтына сілтеме жасап.
         Қазақ тіліне үлкен қызығушылық танытып, құрмет көрсеткен бұл шараны Шыңжаң тіл-жазу комитеті, Бейжіңдегі Орталық  ұлттар университетінің қазақ тілі және әдебиеті факультеті, Шынжаң университеті, Іле педагогика университеті және Қытай тілдер университеті сынды білім ордалары ұйымдастырды.

            Үрімжі қаласындағы Шыңжаң университетінде өткен  жарысқа Қытайдың жоғары оқу орындарында қазақ тілі мамандығы бойынша білім алып жатқан өзге ұлт жастары қатысты. Қазақ тілінің аламан бәйгесінде 24 студент бағы мен бабын сынады. Қатысушылардың деңгейін әр қырынан сынаған байқау бірнеше кезеңге бөлінген. Олар жазбаша, ауызша емтихан тапсырып, қытай, қазақ тілдерінде ауызекі аударма жасау, берілген қазақша мәтінді жатық оқып, мазмұндап беру, берілген тақырып аясында мақала жазу түрлері бойынша сынақтардан өтті. Байқау барысында қазақ мәдениеті мен ұлттық дәстүріне және қазақша жаңа атау, терминдерге басымдық берілген.

        Осылайша, екі күнге жалғасқан шара соңғы мәресіне жетіп, қазылар алқасы қазақтың тілін, ұлттық дәстүрін жақсы меңгеріп, шын жүйрік екендігін дәлелдеген жеңімпаздарды анықтады. Олар Бейжіңдегі Орталық  ұлттар университетінің студенті Го Хау, Шынжаң университетінің студенті Го Шужуән, Іле педагогика университетінің студенті Уаң Зыли.  

        Шара соңында Орталық  ұлттар университеті, қазақ тілі және әдебиеті факультетінің деканы, қазақ тілінің маманы, профессор Жаң Диңжың қазақ тілін ұлықтаған келесі жарыс Бейжіңдегі Орталық  ұлттар университетінде өтетінін хабарлады.

     http://www.inform.kz/kz/kytayda-ozge-ult-okilderi-kazaktyn-tilin-madenietin-biluden-zharysty_a3024019

    толығырақ

  • Түркістанда «Сарасөз» әдеби-танымдық журналының тұсаукесері өтті

    05.05.2017

    Түркістанда «Сарасөз» әдеби-танымдық журналының тұсаукесері өтті

         Мамырдың 4-інде Түркістан қаласындағы Түрік тілдес халықтар кітапханасында әдеби-танымдық «Сарасөз» журналының тұсаукесер рәсімі өтті.

         Жаңа журналдың тұсаукесер лентасын Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Ғани Рысбеков, ҚР-ның Халық әртісі, профессор Қ.Бекбосынов қиып, басылым редакторына игі тілектерін жеткізді. Журналдың сүйінші нөмірі сәуір айында 2000 данамен жарық көрген болатын.

          Шараға келген қонақтар арасында, әдебиет сыншысы, профессор Қ.Ергөбек, ҚР Мәдениет қайраткері, доцент С.Елеуов, ұлағатты ұстаз, профессор С.Садықов, шараның жүргізушісі, профессор Б.Сердәлі, филилогия ғылымдарының кандидаты, доценттер Б.Оспанова, Ж.Исмаилова мен тағы да басқа азаматтар бар. Барлығы да журналдың жарық көруіне орай жылы лебіздерін білдіріп, құттықтауларын жеткізді. Өнер тарландары Қ.Бекбосынов, С.Елеуов ән-жырдан шашу шашты.

        Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы «ХХІ ғасырдағы ұлттық сана туралы» аталатын І бөлімде Ұлттық бірегейлікті сақтау туралы Мемлекет басшысы: «Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс. Абайдың даналығы, Әуезовтің ғұламалығы, Жамбылдың жырлары мен Құрманғазының күй¬лері, ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үні - бұлар біздің рухани мәдениетіміздің бір парасы ғана», - деген болатын. Осыған қарай журналдың жарыққа шығуы Мемлекет басшысы алдыға қойып отырған міндеттердің үдесінен шығады деуге болады.

        Түркістан - түркі әлемінің мәдени астанасы атануымен бір мезетте тұспа-тұс келiп отырған мерейлi шақта жарық көрген журналдың алғашқы санында «Тұтас түркінің тойы тарқамасын» деген редактор мақаласында түркі бірлігі паш етілген. Редактор Г.Қарыбек: «Мақсатымыз - дүйім жұртты материалдық игілік иектеп, руханият құндылығы әлсіреп кеткен осы бір тұста қазақты өркениетке бастау. Қазіргі жаһандану заманында ұлттық болмысымызды бағалап, ұлттық құндылығымызды көздің қарашығындай сақтай отырып адамзаттық үдеріске қосылу. «Сарасөз» ұстанымы - өркениет биігіне жол тарту. Арзан сөздің уақыты өтті, ендігі кезек ұлттың жадын қаузайтын, жанын марқайтатын сарасөздікі болар. «Сарасөздің» айтпағы - тыңдаушы түзелді, сен де түзел қазақ баласы! Арзан сөз ұсынбауға - біз, асыл сөзді қабылдауға - Сіз уәде беріселік!»- дейді зиялы қауымға арнауында. 

            http://www.inform.kz/kz/turkistanda-sarasoz-adebi-tanymdyk-zhurnalynyn-tusaukeseri-otti_a3023633

    толығырақ

  • Ғалия Қайдауылқызымен тағылымы мол кездесу өтті

    04.05.2017

         

        Алматыдағы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде ҚР білім беру ісінің үздігі, «Қазақ ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүр академиясының» академигі, «Алтын арқау» мәдени-этнографиялық қоғамдық бірлестігінің төрайымы, этнограф, ақын, қаламгер-журналист Ғалия Қайдауылқызымен тағылымы мол кездесу өтті.

             «Мыңнан бір түйін» деген атпен өткен шара «Мәдени-тынығу жұмысы» мамандығының 4 курс студенті Жапарова Жұлдыздың ұйымдастыруымен өткізілді. Шараға оқу орны студенттері мен ұстаздары, жас ақын қыздар мен «Қыз Жібек» клубының мүшелері қатысты.

         

         «Бұл менің дипломдық жұмысым әрі «Тұлғатану» жобасы аясында өмірі жастарға үлгі жандармен кездесу ретінде өткізіп отырмын.  Ғалия Қайдауылқызымен бұл кездесуімізді өткізудің үлкен мәні бар. Қашанда бар білгенімен бөлісіп жүретін апайымыз Қыздар университетінің барша қыздарының жанашыры, бағыт берер бағдаршамы, ақылшысы, рухани апамыз. Кейінгі буын үлгі алатын тұлға, қазақ әйелдерінің эталоны, қоғамдық оқиғалардан қалыс қалмай, өз пікірін білдіріп отыратын қоғам қайраткері, сондай-ақ, этнограф-ғалым, қаламгер-журналист, ақын ретінде де ерекше құрметтейміз», дейді Ж.Жапарова.

         Жастарға үлгі болып, еліне қызмет етуден еш аянбай, мемлекетіміздің өсіп-өркендеуіне өз үлесін қосып келе жатқан  Ғалия  Қайдауылқызы «Киелі кимешек», «Жүректегі тәтті мұң», «1001 түйін», «Мыңнан бір түйін» кітаптарының авторы. Әр түрлі өзекті тақырыптарда бұқаралық ақпарат құралдары арқылы пікір қозғап, тұщымды ой түйіндейтін сөз зергері. Сонымен қатар, көптеген қалалық мәдени шаралардың сценарисі және қоюшы режиссері.

        Қаламгер-журналист 1951 жылы маусым айында Алматы облысы Нарынқол ауданы Қайнар  ауылында дүниеге келді. 5 жасынан мектеп табалдырығын аттаған. Орта мектепті бітіргеннен кейін  1968-1971 жылдары Кеген аудандық радиохабарлар тарату комитетінде жүргізуші-диктор, жергілікті халық театрының негізін қаласқан өнерпаз ретінде елге танылып, қаламгерлік, шығармашылық жолын  бастады. 1971-76 жылдары С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеттің журналистика факультетін тәмамдап, республикалық теле-радио комитетінде журналистік қызмет атқарды. 1985  жылдан бастап мектептен тыс тәрбие  жұмыстарына белсене атсалысып, республикалық деңгейде өткізілген көпшілік-мәдени шаралардың сценарисі әрі қоюшы режиссері  болды. 1990-2001 жылдары Қазақстан мұсылман әйелдері қоғамдық бірлестігінің негізін қалауға атсалысып, оның  көшбасшыларының қатарына енді. «Алтын Қазық» журналының Бас редакторы болды. Қазіргі таңда «Алтын арқау» мәдени-этнографиялық қоғамдық бірлестігінің төрайымы. Ғалия  Қайдауылқызы «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздік қызметкері» (1995 ж.), Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен (2011 ж.), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен және «Тіл жанашыры» төсбелгісімен марапатталған.            

          Халқымыздың ұлы мұраты жолында аянбай еңбек етіп, ақыл-ой қуатын, жүрек отын еліміздің білімі, әдебиеті мен тілінің, мәдениеті мен өнерінің өсіп, өркендеуіне арнап, қоғамдық сананың жаңаруына, ұлттық идеяның салтанат құруына,  ұлттық рух туының биікте желбіреуіне, қазақ әйелдерінің мәртебесін көтеруге, мемлекеттігіміздің нығаюына үлес қосып келе жатқан Ғалия Қайдауылықызы кездесуде балалық, жастық шағы, туған жері, білім алған мектебі, қызмет жолы, студенттік кезеңіндегі қызыққа толы әңгімелерін айтып, өмірден көрген, түйгенімен сыр бөлісті. Негізгі әңгіме қыз тәрбиесі, қыз әдебі, отбасы, дін, тіл, салт-дәстүр тақырыптары аясында өрбіді.

         Қыз тәрбиесіне үлкен мән беретін қаламгер-журналист сырлы-сұхбатта ұлттық құндылықтарды, ұлттық болмысты сақтау, мықты отбасын құру, жақсы ана, инабатты келін атану, қыз тәрбиесіне қатысты ой-пайымдарын, ғибратты өнегесін айтып, ақыл-кеңес берді. Өз кезегінде жастар осы тақырыптар аясында қойған сұрақтарына тұщымды жауап алды.

          «Өмір деген Алланың сыйы. Тек қана алдыға ұмтылу керек. Жүрген жолдарыңда тек жақсылық жасаңдар. Жасай бер, жасай бер, жасай бер... Ол өзіңе қайтып келеді. Өмірде не нәрсе болса да қайтарымы болады. Әдеп деген-әдет. «Бір күнгі жаман әдетің, өзіңе болар жендетің», деп Абай аталарың айтып кеткендей жамандықтан аулақ болыңдар. Өз елі, өз Отанында оянған адам – ең бақытты адам. Бар асыл, бар бақытымыз, бар қазынамыз Отанымыз бар. Еліміздің амандығын тілеуден асқан біз үшін ешнәрсе жоқ. Дүние, мал жинау емес, еліме не істей аламын, халқымның бақытты болу үшін не із қалдырсам дегенді ойлау керек. Бізге жеткен, ата-бабадан қалған мұрамызды сақтап, аманат ету біздің парызымыз болуы керек», деп атап өткен Ғ.Қайдауылқызы жастарды Отанын сүюге, ел үшін қызмет етуге, жаман әдеттерден аулақ болуға шақырды.

          4 сыныптан бастап өлең жаза бастаған ақын кеш барысында студенттерге Отан, туған жеріне арнап жазған өлеңдерін оқып берді. Ақынның мектеп қабырғасында шығарған тундылары көбіне Отан, мектеп, ұстаз, ана, туған жер тақырыптарына арналған.

          Ғалия Қайдауылқызы 1989 жылдан бері Қыздар университетімен тығыз-қарым-қатынаста жұмыс істейді. Оқу орнының ірі мәдени шараларының сценариін жазып, әдемі өтуіне атсалысып келеді. «Мен үшін Қыздар университеті – киелі мекен. 1989 жылы алғаш рет Наурыз мерекесін ұйымдастырдым. Содан бері бірнеше басшы ауысты. Қаншама мың түлек ұшып шықты. Бұл шаңырақ мен үшін ыстық, туған үйімдей. Мұнда менің мың қызым бар. Өнегелі, өнерлі қыз көрсем қуанам. Өздеріңнен бақытты болашақты көремін. Сіздер ұлттың болашағысыздар. Бір қызды тәрбиелеу – бір ұлтты тәрбиелеумен бірдей. Қыз балалардың қазақта алар орны ерек», деді Ғ.Қайдауылқызы.  

            Ғибратты әңгімеге толы болған кездесуде жастар сегіз қырлы, бір сырлы қаламгер тұлғасымен танысып қане қоймай, өнеге болар өмір жолы мен шығармашылығы хақында көп мағлұматтар алып, кеш қонағының тағылымды әңгімесінен өмірлеріне серік болар мол азық ала алды.

           Кеш соңында Ғ.Қайдауылқызы:

     «Бал ара балын береді, шағатынын ұмытпа,

    Ит соңыңнан ереді, қабатынын ұмытпа.

    Ат шапсаң да көнеді, тебетінін ұмытпа,

    Өмір бір-ақ рет келеді, соны бір ұмытпа!», деген сынды нақылмен нақышталған, ой салатын «Мыңнан бір түйін» кітабынан үзінділер оқып беріп, жан жүрегіндегі қазынасынан ақтарылды.   

          Өз кезегінде студенттер кездесудің мазмұнды өтіп, өздері үшін өте әсерлі болғандығын айтып, ризашылықтарын білдірді.

          Кешті жүргізген Маржан Ахтаева шара соңында кездесудің тақырыбы «Мыңнан бір түйін» атты Ғалия Қайдауылқызының кітабының атымен атауының сыры неде екендігін атап өтіп: «Бүгін рухани азық болар мол дүние алғандарыңызға сенімдіміз. Тәрбиелік мәні зор кеш болды. Естір құлақ, түсінер сана болса, бүгін талай мың дүние айтылды. Содан бір түйін жасасаңыздар, біздің мақсаттың орындалғаны», деп кешті түйіндеді.

             Кездесу соңында «Мәдени-тынығу жұмысы» кафедрасының меңгерушісі Дана Қарамолдаева университеттің тілеулесі Ғалия Қайдауылқызына алтын уақытын бөліп, сырлы әлемімен бөлісуге келгені үшін үлкен алғысын білдіріп, қазақы дәстүр бойынша сый-сыяпат жасады. Өз кезегінде ақын өз қолтаңбасы қойылған кітаптарын жастарға тарту етті.

           «Қыздар университеті» медиа орталығы

    толығырақ

  • Қазақстан-Моңғолия қатынастарының 25 жылдығына орай фотокөрме ұйымдастырылды

    02.05.2017

    f05cd5dd7710409a8550f63f7aa7ef50.jpg
            

         2017 жылы 27 сәуірде Ұлан-Батырда Қазақстан Республикасы мен Моңғолия арасындағы дипломатиялық қатынастардың 25 жылдық мерейтойына орай фотокөрме ұйымдастырылды.
        Көрменің ашылу салтанатына Моңғолия Сыртқы қатынастар министрінің орынбасары Б.Батцэцэг, Қазақстанның Елшісі Қ.Қобландин, Парламент депутаттары, жергілікті билік органдарының, дипломатиялық корпус және қазақ диаспорасы өкілдері, сондай-ақ Моңғолияның белгілі қоғам қайраткерлері қатысты. 
           Өз сөзінде Моңғолия сыртқы қатынастар ведомствосы басшысының орынбасары Б.Батцэцэг аталған көрменің екі ел достық қарым-қатынастарын ілгерілетуде маңызды рөл атқарып, Қазақстан мен Моңғолия арасындағы тату көрші екендігінің көрінісі болып табылатындығын ерекше атап өтті.
          Шара барысында Елші Қ.Қобландин Моңғолияның Қазақстандағы бұрынғы елшілеріне екі жақты байланыстарды дамытуға қосқан үлестері үшін ҚР Сыртқы істер министрлігінің алғашқы қазақ дипломаты Нәзір Төреқұлов атындағы медалін табыс етті.


         Анықтама: Нәзір Төреқұлов (1893-1937) – алғашқы қазақ дипломаты, белгілі қоғам қайраткері.
         2003 жылдан «Қазақстанның сыртқы саясатына қосқан үлесі үшін» берілетін Нәзір Төреқұлов атындағы медаль ҚР Сыртқы істер министрінің ведомстволық марапаты болып табылады.


          http://kaznews.mn/news.php?nid=933

    толығырақ

  • Айгүл Қосанова дәстүрлі ән кешін сыйлады

    02.05.2017

       

      Алматыдағы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде «Тұлғатану» жобасы аясында елімізге белгілі дәстүрлі әнші, Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясының ұстазы, «Дарын» жастар сыйлығының иегері, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Айгүл Қосановамен кездесу өтті.

           Кездесу аясында әншілікпен қатар ұстаздықты бірге алып жүрген Айгүл Қосанова өз шәкірттерімен концерт беріп, дәстүрлі ән кешін сыйлады.

         Сыр сұхбат түрінде өткен кездесуде студент жастар әншілік пен эстраданы қатар алып жүрген талант иесінің өмірі, өнерлік жолымен танысып қане қоймай, халық әндерімен де сусындап қайтты. Дәстүрлі әндерді нақышы мен мәнеріне сай орындап, ата-бабамыздан келе жатқан дәстүрлі ән мектебін жалғастырып, өнерсүйер қауымның үлкен ықыласына бөленіп жүрген Айгүл Қосанова кездесуде өнерге баулып жүрген талантты шәкірттерін таныстырып, жас өнерпаздардың тұсауын кесті.

          «Дәстүрлі өнердің қаймағы саналатын қазақтың ән өнері – халқымыздың мерей тұтып, мақтаныш етер асыл мұрасы. Бүгінде рухани жәдігерлердің  ішінде замана сүзгісінен өтіп, халқымыздың ежелгі рухын, тарихын, жан дүние сұлулығын, мейірімін, ізденісі мен махаббатын, іңкәр ықыласын, дәстүрлі ән өнерін бүгінгі ұрпағымызға жеткізу біздің мақсатымыз», дейді А.Қосанова.

           Сан ғасырлық тарихы бар халық музыкасының терең бір арнасы дәстүрлі ән өнері. Қазақтың дәстүрлі әндері, аймақтық ерекшеліктеріне байланысты, мектептерге бөлінген. Арқа, Батыс, Жетісу, Сыр өңірі. Соның ішіндегі Батыс әншілік мектебінің ізін қалыптастырушы, дарабоз әнші, ақын   Мұхит Мералыұлының халық арасына кең тараған «Паңкөйлек»,  «Үлкен Айдай», «Көк Айдай», «Дүние», «Ақ Иіс» әндері концертте жас дәстүрлі әншілердің орындауында шырқалды. Дауыс ырғағы ерекше, кең диапозонымен ерекшеленетін Мұхит әндерінен «Айнамкөз» әнін Айгүл Қосанова өз орындауында шырқап, көрермендердің үлкен қошеметіне ие болды. Кеште сонымен қатар, «Адайдың жеті қайқысы» атанған маңғыстаулық  7 өнерпаздың:  Жаңай Өскінбай, Медет Жылкелді,  Мая Досат,   Кенже Әділ, Майлан Шолтаман, Сүйіндік Тастемір, Қаржау Тұрсынның әндері орындалды.

         Маңғыстау мектебі Батыс ән мектебіне кіргенмен саздарында, қағыстарында, сөздерінде өзіндік ерекшеліктері басым. Көбіне Маңғыстау әндері кең тыныста, жәй ырғалып орындалады. Өнер адамдарын Сарыарқа жағы «сал-сері» десе, Сыр бойы Оңтүстік жағы «Сүлей» дейді. Ал Батыста, оның ішінде Маңғыстауда әйел өнерпаздарды «сәйкі», ер адамдарды «қайқы» дейді. Адайдың жеті қайқы әндерінен соң көрермендер Маңғыстау ән мектебінде жеті қайқыға кірмейтін, тарих бетінде есімі қалған Қайып Қорабайұлы, Бақажан Қойшыбайұлы, Хамит Өскінбайұлы, Ақтан Керейұлы, Беріш Қазихан, Қожантай Қойбас сынды әншілердің «Жадау көк», «Сусар-ай», «Көк жөтел», «Дауылымпаз» әндерін тыңдады.

          Айта кетейік, Маңғыстау өңірінде сонымен қатар жыршылық дәстүр жақсы дамыған. Маңғыстау өңіріндегі жыраулық дәстүрдің қалыптасуына үлкен себеп болған адайдың 5 жүйрігі. Олар: Абыл, Ақтан,Нұрым Қашаған, Аралбай. Кеш ажарын атадан балаға мирас болып келе жатқан киелі өнер түрі – терме-толғаулар орындалған бөлім аша түсті. Жас дәстүрлі әншілер Исаев Нұрболат «Махамбеттің термесін», Құлжарасова Әйгерім «Сартайдың термесін», Тұрғалиев Ғибадат «Наурызбектің термесін» нақышына келтіре орындап, батыс термелеріннен шашу шашты.

           Кеште сондай-ақ,  әйгілі әнші Ғарифолла Құрманғалиевтің «Желкілдек», «Сүйген жар», «Шымыр», «Ахау құмған», «Асыл қарға», «Айтжан-ай», «16 ыз», «Әдемі қыз», «Сәлем» атты бізге жеткен әндері шырқалды.

          «Ғарифолла Құрманғалиев Батыс Қазақстанның әншілік мектебін бүгінгі заманға дейін мүлтіксіз жеткізіп, кең тынысты әннің асқан шебері болған Мұхит әншінің өнерін жалғастырды. Батыстағы көптеген өңірдің ұмытылып бара жатырған әндерін, халық арасына қайтадан жоғарғы деңгейде насихаттап, Батыс әншілік мектебіне жаңа толқын болған әрі әнші, әрі термеші әрі композитор сонымен қатар көптеген рөлдерді сомдаған Қаратөбе өңірінің тумасы. Ғарекеңнің өзіндегі асқан шеберлікті айқындайтын тағы бір қыры бұл Батыс ән мектебінен бөлек Арқа, Жетісу ән мектебіндегі әндерді Батыс қағысы мен иіріміне салып ерекше қырын танытқан», деді қазақ мәдениетіне өшпес із қалдырған дарын иесі туралы  А.Қосанова.

          Тағылымды-тәлімді кеш соңында Өнер және мәдениет факультетінің деканы Гүлнұр Өмірбаева қазақтың көркем әндерімен сусындатып, алтын уақытын бөліп келген елімізге әйгілі әнші Айгүл Қосановаға және қазақтың салт-дәстүрін, дәстүрлі ән өнерін жаңғыртуға үлес қосып жүрген жас әншілерге үлкен алғысын білдіріп, гүл шоғын табыс етті.

           Кездесу арқылы отансүйгіштік қасиетті дарытатын, тәрбиелік мәні терең ұлттық мұрамыз – ән мен күйді, терме, толғауларымызды дәріптеу, насихаттау және жақсы көңіл күй сыйлау мақсатындағы шара жастарды отансүйгіштік рухта тәрбиелеуге бірден-бір септігін тигізері сөзсіз.

            «Қыздар университеті»  медиа орталығы

    толығырақ

  • ЭКСПО-2017 аясында әлемдік бокс жұлдыздарының жекпе-жегі өтеді

    28.04.2017

       

          Астана қаласында 27 сәуірде WBC (Бүкіләлемдік бокс кеңесінің) Конвенциясының туын Көрме ұйымдастырушысы кеңсесінің штаб-пәтеріне табыстау рәсімі өтті.

             Бұл WBC 55-ші мерейтойлық Конвенциясы Астана қаласында 2017 жылдың 25 тамызынан бастап 1 қыркүйек аралығында ЭКСПО-2017 Көрмесімен тұспа-тұс өтеді дегенді білдіреді. Шараға 500 делегат қатыспақ, олардың қатарында әлем чемпиондары, меценаттар, менеджерлер мен промоутерлер бар. Кәсіби бокс Федерациясының президенті Ерлан Бекхожиннің айтуынша, қазақстандықтар мен Көрме қонақтары әлемдік бокс майталмандарын жақыннан көруге мүмкіндіктері болмақ.

             «WBC басшылары Астанаға келуге ынталы былғары қолғап шеберлерінің тізімін жіберді. Олар: Флойд Мейвейзер, Мэнни Пакьяо, Майк Тайсон, Мұхамед Әлидің қызы Лейла Әли. Әйгілі жұлдыздар мен WBC белбеуіне ие барлық чемпиондар, сондай-ақ Геннадий Головкин де төбе көрсетпек. Ол уақытта Головкин өз жекпе-жегіне дайындық кезеңін бастап кетеді, дегенмен, біз  оның осы шараға қатысу мүмкіндігі жайлы келіссөздер жүргіземіз» – деп  атап өтті Е. Бекхожин.

             Конвенция аясында қазақстандық және әлемдік жұлдыздардың қатысумен ЭКСПО-2017 төңірегінде кәсіби бокс кеші өтеді. WBC дәрежесіндегі әлем чемпионы атағын иелену үшін өткізілетін жекпе-жек әлемнің 40-тан астам елінде эфирден көрсетіледі.

            «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ 2013 жылдың 15 қаңтарында ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындық және оны өткізу мақсатында құрылды.

           Қосымша ақпарат үшін Қоғаммен байланыс департаментіне хабарласыңыздар: тел: +7(7172)938765, e-mail: pr@expo2017astana.com, www.expo2017astana.com

    толығырақ

  • «Оралман» Азияның үздік фильмі атанды

    28.04.2017

     «Оралман» Азияның үздік фильмі атанды

            Иран астанасы Тегеранда өткен 35-ші Халықаралық Фаджр кинофестивалінде режиссер Сәбит Құрманбековтің «Оралман» фильмі шетелдік фильмдер арасынан топ жарып, Бас жүлдені - «Азияның үздік фильмі» жүлдесін жеңіп алды.
     
    «Оралман» Азияның үздік фильмі атанды
          Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсірген аталған фильм осы фестивальдің «Шығыс Панорамасы» секциясында 12 елден келіп түскен 15 толықметражды картинамен бақ сынаған.  
    «Оралман» Азияның үздік фильмі атанды
         Еске сала кетейік, «Оралман» фильмі туған жерінен кетуге мәжбүр болған, алайда ондаған жылдар өткен соң Ауғанстаннан еліне қайта оралған қандастарымыз жайлы баяндайды. Фильмге Дулыға Ақмолда, Есім Сегізбаев, Ержан Түсіпов, Шынар Асқарова, Баян Қажнабиева сынды қазақстандық танымал актерлер түскен.

    толығырақ

  • Қызылордада журналистика мамандығы бойынша ІХ пәндік олимпиада басталды

    21.04.2017

       

        Қызылорда қаласында 20 сәуір күні  Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде журналистика мамандығы бойынша ІХ пәндік олимпиадасы басталды. Бұл шара  9 жылдан кейін тұңғыш рет сырт жерде өтіп отыр. Оған Қорқыт ата атындағы ҚМУ   былтырғы олимпиаданың  жеңімпазы ретінде ие болған болатын.  

         

        Салтанатты ашылу рәсімінде  университеттің өнерлі жастары концерттік бағдарлама ұсынып, келген қонақтарға тамаша көңіл-күй сыйлады. Кеш аясында дүбірлі додаға республиканың әр түпкіріндегі 13 жоғары оқу орнынан келген топтар таныстырылды. Олардың ішінде  Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,  Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ,  С.Торайғыров атындағы ПМУ, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті,  Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті, Сүлейман Демирел атындағы университет  бар.

         

       Командаларды бағалауға жиналған Қазылар алқасына  Қорқыт Ата атындағы ҚМУ проректоры А. Жүнісов төрағалық етуде. Оның құрамында жоғары оық уорындарының оқытушы ғалымдары мен БАҚ өкілдері бар. 

    толығырақ

  • «Астана» футбол клубы «Елорда көктемі» балалар турнирін өткізеді

    21.04.2017

           

       Астанада жексенбі күні, яғни 23 сәуір «Тарлан Арена» спорт кешенінде 2008 жылы дүниеге келген жасөспірімдер арасында «Елорда көктемі» балалар турнирін өтеді.       

           Жарыстың басты ұйымдастырушысы «Астана» футбол клубы. Ал турнир Қазақстан футболы күніне арнайы ұйымдастырылып отыр.

           «Елорда көктемі» турнирі қаламыздың барлық жасөспірімдер футболы өкілдерінің басын бір жерге тоғыстырады деп күтілуде. Турнирде елорда футбол орталығының командалары,  СДЮШОР№8 және қаламыздың бірнеше жекеменшік командалары бақ сынайды.

            Турнир таңғы сағат 8:45 пен 12:40 аралығында өтеді. Жарыс жеңімпаздарына дәстүр бойынша кубоктар мен медальдар, Lego конструкторлары және «Астана» футбол клубының естелік сыйлықтары табыс етіледі.  

           Турнирдің арнайы қонақтары: «Астана» футбол клубының атқарушы директоры Қайсар Бекенов, «Астана» футбол клубының спорт директоры Александр Коночкин, Жасөспірімдер футболын дамыту бағдарламасының басшысы, «Жеңіс» футбол клубының және Қазақстан Ұлттық құрамасының экс-жартылай қорғаушысы Костантин Котов, қазіргі Қазақстан Ұлттық құрамасы бапкерлер құрамының қызметкері Қайрат Нұрдаулетов.

            Мекен-жайы: «Тарлан Арена» СК: Астана қ., Г.Алиев көшесі 21

          Баршаңызды балалар футболының мерекесіне шақырамыз!          

    толығырақ

  • Астанада каратэ додан Азия чемпионаты өтеді

    20.04.2017

    Астанада 10-17 шілде күндері каратэ додан Азия чемпионаты жалауын желбіретеді. Елімізде тұңғыш рет өткелі тұрған біріншіліктің бүгін ұйымдастыру комитетінің отырысы өтті.

           Жиын барысында беделді бәсекені жоғары деңгейде өткізуге қатысты бірнеше мәселе талқыланды. Жарысқа 30 елден 800-ден аса қонақ келеді. ЭКСПО халықаралық көрмесі аясында өтетін біріншілікке қатысушылар 9-шы шілдеден бастап келеді. 10-13 шілде аралығында жасөсіпірімдер арасында жүлделер сарапқа салынса, 14-17 шілдеде Астана татамиіне ересектер шығады. Сонымен қатар, осы күндері Елордамызда төрешілер семинары өтеді. Халықаралық емтиханды 200-ден аса маман тапсырады.

          Каратэ додан Азия чемпионатының ашылу салатанатына дайындық қазірден басталып кетті. Салтанатты шарада еліміздің тарихы, мәдениеті таныстырылатыны және оған белгілі композитор Еркеш Шакеев атсалысатыны белгілі болды. Оған қоса жиында қонақтардың қауіпсіздгі, виза мәселесі талқыланып, Азия чемпионатының медаль үлгісі бекітілді.

                Ұйымдастыру комитетінің отырысына қатысқан «Қазатомпром» ҰАК» АҚ төрағасы Асқар Жұмағалиев, ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов, Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев, ҚР мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбеков, «Қазақстан» телеарадиокорпорациясының төрағасы Ерлан Қарин Азия чемпионатына жан-жақты қолдау көрсетіп, жарыстың жоғары деңгейде өтуіне ықпал ететіндерін жеткізді.

                Қазақстан Республикасы каратэ до федерациясы 1991 жылы құрылған. Халықаралық турнирлерді айтпағанда, биыл Астанада өтетін Азия чемпионаты осы спорт түрінен еліміздегі  тұңғыш ірі шара болмақ. 2016 жылы Халықаралық Олимпиада Комитеті каратэ WKF Олимпиада Ойындарының бағдарламасына енгізілгенін жариялаған болатын.

           ҚР Каратэ до федерациясының баспасөз қызметі

    толығырақ

  • «Сырлы сазды – Сазсырнай» атты концерттік кеш өтеді

    20.04.2017

       Алматыдағы Ықылас атындағы республикалық залық аспаптар музейінде 25 сәуірде Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық концерваториясының Халық музыкасы факультеті Домбыра кафедрасының аға оқытушы Гүлфайруз Далбағайдың «Сырлы сазды – Сазсырнай» атты белгілі аспаптанушы ғалым Болат Сарыбаевтың 90 жылдығына арналған концерттік кеші өтеді.

         Қазақ халқының көрнекті ғалымы, өнертану кандидаты Болат Шамғалиұлы Сарыбаев (1927-1984) ұлт музыка аспабын жинау, қалпына келтіру, тану, қайтадан кең қолданысқа енгізу ісіне ерекше үлес қосқан бірегей тұлға. Оның артында қалдырған мұрасы күні бүгінге дейін өзінің құндылығын жоғалтпай, әрі қарай даму үстінде. Көп санды қазақтың дәстүрлі аспаптарының ішінен саздан жасалатын үрлемелі аспаптарда орындаушылық шеберлігін жетілдіру, аспаптың  дыбыстытық, диапазондық шеңберін жетілдіру, репертуарын  дамыту ісіне сазсырнайшы-ұстаз Гүлфайруз Далбағай өз үлесін қосып келеді. 

           Сазсырнай фольклорлық аспабын өткен ғасырдың 80-ші жылдары алғашқылар қатарында игеріп Республикада орындаушылық мектебінің негізін қалаған Сүйінбай атындағы  Алматы облыстық филармониясының жанынан құрылған «Адырна», «Сазген» фольклоры-этнографиялық ансамблі құрамында солист-инструменталист сазсырнайшы болып жұмыс істеп осы шығармашылық ұжымдар құрамында қазақтың дәстүрлі музыкасы мен көне аспабы – сазсырнайды дүние жүзінің көптеген елдеріне (Ресей, Украина, Индия, Италия, Польша, Германия, Мексика, Ливия, КХР, Түркия т.б.) насихаттап, көптеген  халықаралық, аймақтық фольклорлық фестивальдердің лауреаты атанды.

            Белгілі музыкант-ұстаз, зерттеуші, өзінің шәкірттерімен бірге аспапты жетілдіруге жасаған жұмыстары нәтиже беріп бүгінде әр алуан дыбыстық диапазоны бар сазсырнай аспаптарын жетілдіру ісін тұрақты жүзеге асырып келеді. Г.Далбағайдың жетекшілігінде тұңғыш «Saz.Art.Grоup» сазсырнайшылар ансамблі құрылып, еліміз тарихында бүгінге дейін болмаған сазсырнай және өзге де окарина тектес қазақтың дәстүрлі аспаптарының жаңа тынысы ашылды. Кеште ансамбль халық әндері мен күйлерін, кәсіби композиторлар шығармалары, және өзге халықтардың музыкалық туындыларын орындайды.

          Ұзақ жылдар бойы жүргізілген практикалық және теориялық зерттеу жұмысының нәтижесінде осы кеште «Сазсырнай және окарина тектес үрлемелі аспаптар» - атты монографиясының тұсауы кесіледі. Концерттік бағдарламада дәстүрлі музыка өнер шеберлерінің орындауында халық ән күйлері мен кәсіби композиторлар шығармалары орындалады.

        Фойеде Сазсырнай аспабын жасаушы шеберлер Азамат Бақия мен Ержан Мұқышевтың саздан музыкалық аспап жасау шеберлік сыныбы және сазсырнай аспаптарының көрмесі болады.     

    толығырақ

  • Лондонда тұратын қазақ қызы «Астана Опера» театрында өнер көрсетеді .

    19.04.2017

          Биылғы жыл ол үшін қызыққа толы оқиғалардан – Үндістан қалаларында өткен үлкен турнеден басталды, содан кейін Ұлыбританияның ең беделді залдарында өнер көрсетті. Дарынды скрипкашы Ғалия Бейсенғалиеваның әрбір күні, әр минуты есептеулі. Алайда қайда жүрсе де, оның жүрегі әрдайым қазақстандықтармен бірге. Бүгінде Лондонда тұратын отандасымыз 4 мамырда «Астана Опера» камералық залында «Таңғажайып Моцарт...» концертінде өнер көрсетеді.
         Концертке Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері маэстро Абзал Мұхитдиновтің жетекшілік етуімен «Астана Опера» камералық оркестрі қатысады.

          Ғалия Бейсенғалиева кеш бағдарламасын марқұм әкесі – көрнекті скрипкашы, Қазақстанның симфониялық оркестрінің концертмейстері, профессор Сағадат Бейсенғалиевке арнаған. Сағадат Бейсенғалиев көзі тірі болғанда биыл 60 жасқа толар еді. Концерт бағдарламасына енген В.А.Моцарттың шоқтығы биік туындыларының бірі – Скрипкалық концерт оның сүйікті шығармасы болған.       

             «Маған өз Отанымда өнер көрсеткен қымбат, бұл менің туған топырағым. Әсіресе мен оны өмірі қайнап жатқан және ғаламшардың тыныс-тіршілігі сезілетін жас әрі қарқынды дамып келе жатқан Астанада жақсы сезінемін. Бұл менің тамаша ұжыммен төртінші рет өнер көрсетуім, әрбір кездесу ерекше естелік қалдырады. Маэстро Абзал Мұхитдиновпен бірге жұмыс істегенді өте жақсы көремін, ол шабыт беретін, нәзік және терең ойлы музыкант. Оның кәсіби дарыны мен шеберлігі әртістерге сенімділік пен еркіндік береді. Сонымен қатар, мені «Астана Опера» театрының көрерменге толы залдары қуантады, көпшілік қауым арасында менің құрдастарым көбірек байқалады. Жас ұрпақ үйлесім мен сұлулықтан құралған, бізді игілік пен ізгілікке шабыттандыратын классикалық музыкаға және өнерге қызығады. Уақыт зымырап, заман өзгерген сайын еліміз әлемдік интеграцияға ұмтылуда, ал өнер – әлемдік мәдениеттің маңызды бөлігі», - деп атап өтті Ғалия Бейсенғалиева.

          «Астана Опера» театрындағы концерттен кейін скрипкашыны Нью-Йорк пен Лос-Анджелестің көрермендері күтеді. Содан кейін Әбу-Дабида Заманауи лондондық оркестрдің сүйемелдеуімен қазақ қызының жеке шығармаларының тұсауы кесіледі.

       https://baq.kz/kk/news/oner/londonda_turatin_kazak_kizi_astana_opera_teatrinda_oner_korsetedi20170419_144100

    толығырақ

  • «Жан сарайы» театры «Қара шекпен» қойылымын қойды

    14.04.2017

        Алматыдағы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің студенттік «Жан сарайы» театры өнерсүйер қауым назарына «Қара шекпен» атты қойылымды ұсынды.

            Спектакль осетиялық драматург Георгий Хугаевтың «Қара шекпен» пьесасы негізінде сахналанды. Қойылымды жас режиссерлар Даулет Арипов пен Мерхат Жонусов қойды. Қойылымның ұзақтығы – 1 сағат. Айта кетейік, студенттік «Жан сарайы» театрының актерлері оқу орынның «Өнер және мәдениет» факультеті «Мәдени-тынығу жұмысы» мамандығының 1-2 курс студенттерінен құралған.          

    Г.Хугаевтың аталмыш пьесасы көптеген елдердің сахнасында қойылған.  Ертегі ретінде де, әфсана ретінде де ұсынылған. Шығарманың кейіпкерлері жабайы аң-құс пен үй жануарлары. Туындының басты мақсаты – жан-жануарлардың бейнелері арқылы адам бойындағы әртүрлі кемшіліктерді көрсету, ой салу, адамның шынайы бет пердесін ашып көрсету. «Қара шекпен» – махаббат пен достық, адалдық пен сатқындық тоғысқан философиялық әфсана. Спектакль өмірдің ақ пен қарасын, адалдық пен арамдықты, жақсылық пен жамандықтың бітіспес күресін қойылымның басты кейіпкерлер: Тұзар-ит, Көкжал-қасқыр, Қаншық, Данышпан-қарға, Қосүрей-қоян, Сылаң-түлкі, атшабар-Шибөрі,  үй жануарлары есек, теке, қойлар мен қозы арқылы  көрерменге жеткізе білген. Адам кейпін хайуан арқылы сатиралық түрде жасыру - эзоптық әдісті қолданып, бүгінгі түлкiдей құбылған заманның ащы шындығын түрлі образдар арқылы жеткізген. Мысалы, Қарға арқалы байсалдылықты, қасқыр арқылы зұлымдық пен айланы, Төбет арқылы сенімділік пен адалдықты, Есек-қырсықтықты, түлкі арқылы қулық пен екіжүзділікті, теке арқылы билікқұмарлылық сынды адам бойындағы қасиеттерді көрсете білген.

           «Рөлдерді ойнаушылар студенттер болса да, актерлар ойыны жоғары деңгейде ұсынылып, өзіндік ерекшелігімен көрермендерді баурай алды. Ең бастысы көрерменге жеткендігі. Бізге де, залда отырған барша көрерменге әсер етті. Режиссердің айтатын ойы ашылды. Менің өзіме қоян, қарға, шибөріні сомдаған актерлердің рөлі көңілімнен шықты. Негізінен, бұл қойылымның айтар ойы терең. Қазіргі заманда өзекті тақырыптардың бірі. «Жан сарайы» театрына тек сәттілік тілеймін. Репертуарлары тәрбиелік мәні зор қойылымдарға толы болсын!», деді қойылымнан кейінгі әсерімен бөліскен Т.Жүргенов атындағы өнер колледжінің, «Актер шеберлігі» мамандығының оқытушысы, актер Айдос Әуесбаев.

             Адами қасиеттер мен құндылықтарды алға тартқан қойылымның жастарға  айтары көп, ой салатын, идеясы терең, тәрбиелік мәні зор заманауи спекталь. Осындай құнды дүниені ұсынып отырған жас дарындардан құралған театр ұжымының қашанда өз көрермені болатыны сөзсіз.

              «Қыздар университеті»  медиа орталығы

    толығырақ

  • Алматы қаласы зиялылары республика жұртшылығына үндеу жариялады

    13.04.2017

         Алматыдағы Достық үйінде «Мирас» қоғамдық кеңесі мен  Нұр Отан партиясының Алматы қалалық филиалының ұйымдастыруымен зиялы қауым өкілдерінің ҚР Президентінің 12 қазақ күні «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» деп аталатын мақаласын талқылауға арналған алқалы жиыны өтті. Оған Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Төрағасының бірінші орынбасары Мамашев та қатысып, сөз сөйледі.

          Пікірталас кезінде Өмірзақ Айтбаев, Ерден Қажыбек, Дандай Ысқақов, Бексұлтан Нұржекеев, Есенғали Раушанов, Асанәлі Әшімов, Дос Көшім сияқты қоғамның түрлі саласында еңбек ететін қоғам қайраткерлері мақалада көтерілген мәселелер мен ұснылған жобаларға қатысты өз ой-пікірлерін ортаға салды. Жиын соңында олар қорытындыланып, Алматы қаласының зиялылары атынан республика жұртшылығына үндеу қабылданды.

    толығырақ

  • Қазақстандағы ата-аналардың 18%-і өз балаларының Желідегі іс-әрекеті жайлы ештеңе білмейді

    12.04.2017

       +18 ақпарат, әлеуметтік желілердегі қауіпті топтар, онлайн-қудалау: «Касперский зертханасы» Интернетте балаларға төнетін қауіп-қатерлер туралы айтып берді.

           Ғаламдық желінің қазіргі кішкентай қолданушыларының белсенділігі ата-ананы алаңдатып отыр: «Касперский зертханасы»* жүргізген сауалнамаға қарағанда, Қазақстанда ата-аналардың 57%-і балаларының интернетке тәуелді болуынан қауіптенеді. Ересектердің тағы осыншасы балалары Желіден олардың жасына сай келмейтін ақпаратты көреді деп қорқады. Солай бола тұра, зерттеуге қарағанда, көпшілігі балалардың интернет-қауіпсіздігі мәселесіне жеткілікті көңіл бөлмейді, ал Қазақстандағы ата-аналардың 18%-і өз балаларының Желідегі іс-әрекеті жайлы ештеңе білмейді.

          Интернетте кішкентай қолданушыларды көптеген қауіп-қатер торуылдап жүреді: балалар +18 контентпен кездейсоқ немесе әдейі жолығысуы мүмкін, бұл жерде әңгіме порнографиялық парақшалар туралы ғана емес, наркотиктер мен суицид, зорлық-зомбылық көріністері мен қауіпті хобби туралы да болып отыр. Әлеуметтік желілерде жасөспірімдер бейтаныс адамдармен жиі сөйлеседі: мұның өзі оларға қауіп төндіреді: монитордың ар жағында отырып алып, баламен оның құрдасы ретінде танысатын адамның кім екені беймәлім. Ойынқұмарлық, фишинг, зиянды бағдарламалар сияқты ересектерге тән, дегенмен балалар үшін де өзекті кең тараған қауіп-қатерлерді де ұмытпаған абзал.

          «Касперский зертханасы» сарапшылары Қазақстандағы жас интернет-қолданушылар қызығатын жайттарды зерттей отырып, олардың интернет-белсенділігінің 77%-і қарым-қатынас құралдарына, яғни көп жағдайда әлеуметтік желілерге қатысты екенін анықтады**. Қазақстандағы нөмірі бірінші әлеуметтік желі – «ВКонтакте» (оған барлық осындай сайтқа кіру көлемінің 65%-і тиесілі). Салыстырар болсақ, «Одноклассникиге» әлеуметтік желілерге қосылудың жалпы көлемінің 25%-і, Facebook-ке тек 6%-і тиесілі. Әралуан қауіп-қатердің көп бөлігі осы әлеуметтік желілерде шоғырланған. Балалар үшін ең кең тараған әрі жылдам күшейіп келе жатқан қауіптің бірі – «ВКонтакте» желісіндегі наркотиктер, алкоголь, қатігездік, анорексия, порно, суицид, қару-жарақ және «впискалар» - кей жағдайларда кез келген адам қатысуы мүмкін үй кештері жайлы ақпараттары бар топтар.

          «Әлеуметтік желілердің балалар үшін барып тұрған жамандық емес екені сөзсіз.

          Керісінше, бұл – олардың өз құрдастарымен қарым-қатынасы мен өзара әрекеттесуінің табиғи жалғасы және әлемді тануының ерекше әдісі. Бірақ өмірлік тәжірибесінің жоқтығынан балалар әлеуметтік желілердегі әрекетінің келеңсіз салдары болуы мүмкін екенін ұғына бермейді. Бұл жайт баланың психологиялық жайлылығына және тән қауіпсіздігіне нұқсан келтіруі мүмкін, - дейді «Касперский зертханасының» балалардың интернет-қауіпсіздігі жөніндегі сарапшысы Дарья Лосева. – Ата-аналардың негізгі міндеті – балаға әлеуметтік желілер арқылы кіммен сөйлесуге болатынын, кіммен сөйлесу өте қауіпті екенін үйрету. Бұл орайда Kaspersky Safe Kids сияқты арнайы бағдарламалар цифрлық әлемдегі балалар үшін сақтандырудың өзіндік бір түрі болып қана қоймай, ересектерге нағыз қауіп-қатерді дер кезінде байқауға да көмектеседі».

            «Мен «Синий кит» және басқа да топтар пайда болғанда интернет-қауіпсіздік туралы ойлана бастадым. Ең алдымен үлкен ұлыммен сөйлестім. Бұл жайында балалар 9-10 жасқа келгенде әңгімелесуге болады деп ойлаймын. Баланың әлеуметтік желіде отыру уақытын шектеуге болады деп есептеймін, топтардың қандай болатынын, нені қарауға болмайтынын, қандай сілтемелерді мүлдем ашпаған дұрыс екенін түсіндіру қажет. Желіде баланың әрекетін бақылаған дұрыс, бірақ байыппен. Сондықтан баланың қандай сайттарға қашан кіргенін білуге мүмкіндік беретін бағдарламаны қолданған өте тиімді, оны талдап, қандай да бір әрекеттерді қолға алуға болады», - дейді «Касперский зертханасының» жас интернет-қолданушыларды қорғау талпынысын қолдайтын белгілі журналист, қоғам қайраткері Жанна Ахметова.

           «Касперский зертханасының» шешімдер қорында балаларды Интернетте қорғауға бағытталған Kaspersky Safe Kids атты арнайы өнім, сонымен қатар Барлық құрылғыға арналған Kaspersky Internet Security-де және Барлық құрылғыға арналған Kaspersky Total Security-де «Ата-ана бақылауы» атты модуль бар. Бұл бағдарламалар ата-аналарға құрылғының пайдалану уақытын бақылауға, Интернетке кіру кестесін реттеуге және баланың өз гаджетін қолдануға кетіретін уақыты туралы есеп алуға көмектеседі. Бұған қоса, олар баланы ересектерге арналған контентті қараудан қорғап, ата-ананы кибербуллинг белгілері туралы ақпараттандырады, шалынған қоңыраулар, СМС-тер мен тағы басқалардың статистикасын ұсынады. Жуырда Kaspersky Safe Kids-де баланың «ВКонтакте» әлеуметтік желісіндегі топтары мен пабликтарына мониторинг жүргізу функция пайда болды. 

           Желідегі балаларға төнетін қауіп-қатерлер мен жас қолданушыларды олардан сақтандыру әдістері туралы kids.kaspersky.ru сайтынан көбірек білуге болады.

          *Зерттеуді «Касперский зертханасы» 2016 жылдың тамызында жүргізді. Сауалнамаға әлемнің 21 елінен, соның ішінде Қазақстаннан да, 12546 интернет-қолданушы қатысты.

           ** Kaspersky Security Network бұлттық қорғау сервисінің статистикасы. Қазақстан Республикасында 2016 жылдың ақпанынан 2017 жылдың ақпанына дейінгі аралықта «Ата-ана бақылауы» қосылған дербес компьютерден түрлі өте қауіпті интернет-ресурсқа кіру.

            Александра Санатарчук

     

    толығырақ

  • Таразда республикалық ақындар айтысы өтті

    11.04.2017

     Таразда республикалық ақындар айтысы өтті

          Тараз қаласындағы «Баласағұн» орталық концерт залында «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі аясында «Туған жер - тал бесігім!» атты республикалық ақындар айтысы өтті.
        Сөз додасына Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Жамбыл облыстары мен Астана қаласынан 20 ақын қатысып, шашасына шаң жұқпаған ақындар ұлттық өнерді ұлықтады.
         Бір күн бойы «Баласағұн» сарайында көрермен мен тыңдарманын ерекше думанға бөлеген айтыстың бас жүлдесін жамбылдық жас ақын Дархан Әбдіманап иеленді.
          Жүлделі бірінші орын қызылордалық Мұхтар Ниязов пен Жамбыл облысының дүлділі Нұрлыбек Құрмановқа бұйырды. Ал, екінші орынға Шығыс Қазақстан облысының ақыны Рүстем Қайыртайұлы мен жамбылдық ақын Алтынкүл Қасымбекова лайық деп танылды. Үшінші орынды елімізге белгілі  азулы ақындар  Айбек Қалиев пен Нұрмат Мансуров өзара бөлісті.  

    толығырақ

  • Ауыр атлетика: Зілтеміршілер әлем чемпионатын үш «алтынмен» қорытындылады

    11.04.2017

    Ауыр атлетика: Зілтеміршілер әлем чемпионатын үш «алтынмен» қорытындылады

           Қазақстандық жас зілтеміршілер әлем чемпионатын үш «алтынмен» қорытындылады. Біріншілік Таиландта өткен болатын. Аталмыш додада 2018 жылы Аргентинада өтетін жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарына жолдамалар сарапқа салынды. Жерлестеріміз жалпы Таи елінен үш алтын, бір күміс және екі қола медальға ие болып, жарысқа қойылған басты мақсатты толығымен орындады.
          Енді жас зілтеміршілеріміз 2018-ші жылы Аргентинада өтетін жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарында өнер көрсетеді. Қазақстан құрамасының Бангкоктағы нәтижесі:
    Ерлер: 
    56 келі:
    7-орын - Ерасыл Ергенбай - 220 келі (95+125)
    22-орын -  Сайрамкез Ақмолда - 200 келі (90+210)
    62 келі:
    1-орын - Анатолий Савельев - 281 келі (127+154)
    22-орын -  Сайхан Тайсуев - 237 келі (105+132)
    69 келі:
    8-орын - Еламан Сейітқазы - 284 келі (123+161)
    14-орын -  Максим Ню - 270 келі (120+150)
    77 келі:
    3-орын -  Асылжан Бектай - 306 келі (140+166)
    85 келі:
    1.Артем Антропов - 323 келі (138+185)  
    Қыздар:
    48 келі:
    13-орын -  Диана Серебрякова - 149 келі (65+84)
    58 келі:
    8-орын -  Гүлдана Жүніс - 166 келі (73+93)
    23-орын -  Махаббат Серікболқызы - 163 келі (76+87)
    63 келі: 2-орын - Дарья Павлова - 201 келі (90+111)
    69 келі:
    3. Карина Құзғанбаева - 207 келі (94+113)     
    75 келі:
    1-орын - Ольга Пастухова - 211 келі (91+120)
    6-орын - Мария Базаркина - 188 келі (83+105)
    + 75 келі:
    8-орын -  Гүлжан Құмарбекова - 202 келі (87+115)  

    толығырақ

  • Батыр Жүкембаев IBO International титулын жеңіп алды

    07.04.2017

    Жүкембаев мексикалықты нокаутқа жіберіп, IBO International титулын жеңіп алды

         Бірінші орта салмақ санатындағы қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев (8-0, 7 КО) Монреальдағы бокс кешінің басты жекпе-жегінде мексикалық Косме Риверамен (41-23-3, 28 КО) кездесті.
          Айқас он раундқа созылуы тиіс еді, алайда, жетінші раундта төреші жекпе-жекті тоқтатып, жеңісті қазақстандыққа берді. Осылайша, Жүкембаев IBO International дәрежесіне ие болды. Бірінші орта салмақтағы дәреже үшін жекпе-жек «Метрополистегі» бокс кешінің басты оқиғасы болды.
          Одан бөлек, Монреальдағы бокс кешінде қазақстандық Абылайхан Хусаинов (5-0, 4 КО)  мексикалық Кристиан Аррасоламен (23-13-2, 16 КО) кездесті. Екінші раундта, яғни 2 минут 38 секундта қазақстандық Хусаинов мексикалық Аррасоланы нокаутқа түсірді.

    толығырақ

  • Астанада қолөнер шеберлерінің орталығы ашылады

    06.04.2017

    %d0%b5%d0%bb%d0%bc%d2%b1%d1%80%d0%b03

      Астанада «ЭКСПО-2017» xалықаралық көрмесі қарсаңында қолөнер шеберлерінің орталығы ашылмақ. Оны Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Астана қаласындағы филиалы мен «Елмұра» ұлттық қолөнер компаниясы бірлесіп ұйымдастырып отыр.

             %d0%b5%d0%bb%d0%bc%d2%b1%d1%80%d0%b04

         «Біздің мақсатымыз әлемдік деңгейдегі ЭКСПО көрмесін пайдаланып ұлттық қолөнерді насихаттау. Бұл үшін өзіміздің қолөнер шеберлеріміздің қолынан шыққан түрлі бұйымдарды сауда дүңгіршектеріне шығаруды жоспарлап отырмыз. Тері, жүн, ағаш, сүйек, кесте, сырмақ, кілем тоқитын шеберлерді Астана қаласына шақырамыз. Сандық, жұмсақ диван жасайтын ұсталар да керек. Шеберлерді біз өз тарапымыздан жатын және жұмыс орынмен қамтамасыз етеміз»,  – дейді «Елмұра» ұлттық қолөнер компаниясының басшысы Салтанат Өмірәліқызы.

          Оның айтуынша, келешекте Қолөнер шеберлері орталығында Шеберлер мектебі құрылатын болады. Мақсат – ұлттық дүниелеріміз әр үйден өз  орнын табу үшін қолжетімді  бағада базарға шығару. Бұл идеяны жүзеге асыруға атсалысып, оған өз үлесін қосуға ынталы жандар ұйымдастырушылармен хабарласуына болады.  Біздің мекенжайымыз Астана қаласы Шиелі көшесі №23. Байланыс тел: 8701752 11 83 (Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Астана қаласындағы филиалының жетекшісі Қарлығаш Бекпатшақызы),  87013714774 («Елмұра» ұлттық қолөнер компаниясының директоры Салтанат Өмірәліқызы), 87757713959 (Алтын Мәден Шеберлер академиясының басшысы).       

    %d0%b5%d0%bb%d0%bc%d2%b1%d1%80%d0%b01

    толығырақ

  • Депутат шетелдерде тұратын қандастарымыздың жанайқайын жеткізді

    06.04.2017

    Депутат шетелдерде тұратын қандастарымыздың жанайқайын жеткізді

             Бүгін ҚР Парламенті Сенатының отырысында палата депутаты Қуаныш Айтаханов Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаевқа Ресей қазақтарының мұң-мұқтажына қатысты депутаттық сауал жолдады.
           «Құрметті Бақытжан Әбдірұлы! Менің депутаттық сауал жолдауыма, 2017 жылғы 5 сәуірдегі «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған басылым тілшісі Қарашаш Тоқсанбайдың «Шүй қазағының» тілі немесе атажұртқа айтар наз» деген Ресейдің таулы Алтай Республикасында қазақ тілінде шығатын «Шүйдің нұры» газетінің редакторы Арқалық Солтановпен жіргізген сұхбаты себеп болып отыр», - деп бастады сөзін Айтаханов.
         Оның сөзінше, қандасымыз Арқалық Солтанов өзінің сұхбатында Ресейдің таулы аймағында Алтай өңірінің Қосағаш ауданында 10 мың ғана қазақ тұратынын, олар өңір халқымен береке-бірлікте, бауырласып өмір сүріп жатқанын айта келе, ата-бабалары қанша қасіретті өткізсе де, ана тілі мен дінін сақтап, өздеріне аманат етіп жеткізгенін, қанша қиыншылықтар болса да, ана тілін сақтап қалуға бар күш-жірегін жұмсап жатқандарын айтады. Алайда өңірде арнайы қазақ мектебі болмағандықтан, қазақ тілінің сабағы пән есебінде өткізіледі. Осы орайда, олар шалғайдағы және шетелдегі қандастарына қамқоршы болып, қазақ тіліндегі оқулықтарды тегін жеткізіп беріп жатқаны үшін ата-жұрты - Қазақстанға, Елбасымызға шексіз ризашылығын білдіреді.
          «Сонымен бірге Қазақстаннан келіп жатқан қазақ тіліндегі оқулықтардың шаңға батып, пайдалана қоймайтындықтарына да қынжылады. Оның негізгі себебі, Ресей мемлекетінің заңы бойынша бұл оқулықтар сараптамадан өтпейінше, қолданысқа тыйым салынған екен. Ресей территориясында қазақ тілінде оқулықтар шығарылмайды. Қазақ тілі оқулығы туралы Ресейдегі қазақ мәдени орталықтарына, Қазақстанның Ресейдегі Елшілігіне, Алтай Республикасына арнайы Қазақстаннан келген өкілдерге де өтініштерін жеткізгенін, алайда бұл өтініштерден еш нәтиже шықпағанын айтады. «Ресей мемлекеті, Алтай Республикасының білім министрлігі бізге туған тілдеріңді оқымайсыңдар деп қысым жасап отырған жоқ», - дейді. Алайда Ресей заңында егер мектептерде оқылатын пәндердің оқулықтары жоқ болса, сол пән жабылуға ұшырайды деп жазылған. Енді жаңа оқу жылына дейін қазақ тілі оқулықтарының мәселесі шешілмесе, қазақ тілі сабақтары толық жабылып қалуы мүмкін дейді», - деп атап өтті сенатор.
        Сондықтан депутат ҚР Білім және ғылым министрлігі, Ресейдің Білім министрлігімен бірлесіп, Қазақстаннан келген оқулықтарды емін-еркін пайдалануға жол ашып берсе, бұл тек Ресейдің Алтай өлкесінде тұратын 12 мың қазақтың ғана емес, бүкіл РФ-да тұратын миллионға жуық қазақтың мәселесінің шешілетіндігін айтады.
        «Құрметті Бақытжан Әбдірұлы, қандас бауырларымыздың қазақ тіліне деген жанайқайынан, Ресей мемлекетінде қазақ тілінде оқылатын мектептердің жоқ екендігі, қазақ тілі тек пән ретінде оқылатындығы, бірақ ол да оқулықтардың болмауынан тоқтап тұрғаны, Қазақстаннан барған оқулықтардың шаң басып, пайдаланылмай жатқаны, Ресейдің оқу бағдарламасына сай, қазақ тілі оқулықтарын шығаруға ешқандай құлығы жоқ екендігі, бұл мәселелерді тек үкіметаралық келісімшарт арқылы ғана шешуге болатынын түсінуге болады», - деді депутат. Оның сөзінше, мұндай жағдайлар біздің қандастырымыз тұратын басқа да елдерде орын алуы мүмкін.
          «Әрине, бұл мәселелер тиісті елдердің ішкі жұмысы екені белгілі, дегенмен шет елдегі қандастарымыздың өз ана тілдерін оқуларына жағдай жасау үшін қол беру, басқа да рухани мұң-мұқтаждарын өтеуде екі елдің тиісті министрліктеріне бірлесіп шешуіне болады ғой деп ойлаймын. Осыған байланысты, құрметті Бақытжан Әбдірұлы, шетелдерде тұратын қандастарымызды қазақ тілі оқулықтарымен қамтамасыз етуге назар аударып, отандық оқулықтардың кедергісіз оқытылуына немесе тиісті мемлекеттік оқу бағдарламаларына сай, қазақ тіліндегі оқулықтар шығаруға методикалық көмектер беру арқылы, сол елдерде тұратын қандастарымыздың ана тілінде оқуына, тағы басқа рүхани мұң-мұқтаждарын өтеуге жағдай жасауға ықпал етуіңізді сұраймын!», - делінеді аталмыш сауалда.

    толығырақ

  • Спорт федерациялары ҚР ҰОК тарапынан танылу сертификаттарын алды

    05.04.2017

    Спорт федерациялары ҚР ҰОК тарапынан танылу сертификаттарын алды

         Олимпиадалық және олимпиадалық емес спорт түрлерінен қазақстандық федерациялар ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінің жаңа үлгідегі танылу сертификаттарын алды.
           ҚР ҰОК Бас директоры Серік Қасқабасов салтанатты жағдайда Қазақстандық велосипед спорты федерациясына, «Қайық» федерациясына, Киокушинкай-кан каратэ республикалық ұлттық федерациясына, «Жекпе-Жек» ұлттық спорты федерациясына және NOMAD MMА федерациясына сертификаттарды табыстады.
         ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінің федерацияны тану туралы сертификаты - Қазақстанда аталған спорт түрін дамыту бойынша федерацияның нақты, шынайы және ұзақ мерзімді жұмыс атқарып жатқандығын растайтын құжат.
         Федерацияда Ұлттық Олимпиадалық комитетімен танылуы «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінде салалық аккредитациялаудан өту тәртібінің бір шарты болып табылады. Және федерацияға спорт түрін Қазақстан Республикасы аумағында дамыту құзыреттілігі беріледі.
         Айта кетейік, жаңа үлгідегі танылу сертификаттарын бұған дейін Қазақстан бокс федерациясы, грек-рим, еркін және  әйелдер күресі федерациясы, Қазақстан таеквондо (WTF) федерациясы, дзюдо федерациясы, Қазақстан Республикасы су спорты түрлері федерациясы, Қазақстандық шайбалы хоккей федерациясы, ауыр атлетика федерациясы, ҚР қазақ күрес федерациясы, муайтай федерациясы, ҚР ұлттық спорт түрлері қауымдастығы, ҚР ат спорты федерациясы, республикалық кёкусин-кан каратэ-до федерациясы, ҚР спорттық би федерациялары қауымдастығы алған болатын. 

    толығырақ

  • Маусым айынан бастап «Эйр Астана» Астана-Ұлан-Батыр арасында әуе рейсін ашады

    04.04.2017

    Астанадан Ұлан батыр, Ереван, Сингапур, Токио, Шанхай мен Нью-Йоркке ұшатын рейстер ашылады

        ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек әлеуметтік желідегі парақшасында Астанадан Ұлан батыр, Ереван, Сингапур, Токио, Шанхай мен Нью-Йоркқа ұшатын жаңа рейстер ашылатындығын мәлімдеді.
         Министрдің айтуынша, өткен жылы елімізде 7 халықаралық бағыт бойынша әуе рейстері ашылған. «Министрлік халықаралық бағыттардағы әуе тасымалын арттыру мақсатындағы жоспарын жалғастырады. Өткен жылы 7 халықаралық бағытта әуе рейстері ашылды. Олар - Астанадан Амстердамға, Алматыдан Сиань, Шарм-Эль-Шейх және Тегеран қалаларына, Ақтаудан Батуми және Сочи қалаларына, сондай-ақ, Шымкент-Ыстамбұл арасында ашылған әуе рейстері.
         Халықаралық бағыттағы сұраныстар жыл сайын артып келеді. Мәселен, биыл Астанада өтетін ЭКСПО-2017 көрмесін өткізуімізге байланысты, «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамытуға байланысты Қазақстан мен Еуропа елдері арасында шетелдік әуе компанияларымен бірлесіп жаңа бағыттар ашу жоспарланып отыр», - деп мәлімдеді министр.
          Оның ақпаратына сүйенсек, 2017 жылдың 8 мамырында польшалық LOT Polish Airlines әуе компаниясы Астана-Варшава бағытында аптасына 4 рет қатынайтын жаңа әуе рейсін ашады. «Сондай-ақ, Астана-Будапешт арасындағы алғашқы әуе қатынасы осы жылдың 1 маусымында ашылады.
          Кеше Орталық және Шығыс Еуропадағы ең ірі лоу-кост әуе тасымалдаушысы «Wizz Air» Астана мен Будапешт арасындағы жаңа әуе қатынасының іске қосылатынын жариялады. Жаңа әуе қатынасы аптасына екі рет, бейсенбі және жексенбі күндері жұмыс істейтін болады. Бұл Қазақстан мен Венгрия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 25 жылдығына орай жасалған керемет тарту. 19 маусымнан бастап, «FinnAir» әуе компаниясы Астана-Хельсинки бағытында аптасына 2 рет қатынайтын жаңа бағытты іске қосады», - деді Жеңіс Қасымбек.             Сондай-ақ, ағымдағы жылдың маусым айынан бастап Астана-Бейжің бағытында аптасына 3 рет «Air China» ұшақтары қатынайтын болады. «Қазақстандық әуе компаниялары да халықаралық бағыттар бойынша өрісін кеңейтпек. 2017 жылдың маусым айынан бастап, «Эйр Астана» Астана-Ұлан-Батыр арасында, «SCAT» әуе компаниясы Астана-Ереван арасында жаңа әуе рейстерін ашады. «Эйр Астана» әуе компаниясы халықаралық бағытта жаңа әуе рейстерін ашу үшін үлкен жұмыс атқарып жатыр. 2019 жылы Астанадан Сингапур мен Токиоға, 2020 жылы Шанхай мен Нью-Йорк бағытындағы жаңа рейстер ашу жоспарда бар», - деп хабарлады министр Қасымбек.

    толығырақ

  • Қазақстандық шорт-трекшілер Еуропаның абсолютті чемпиондары атанды

    04.04.2017

     Қазақстандық шорт-трекшілер Еуропаның абсолютті чемпиондары атанды

          Литваның Электренай қаласында шорт-трек спортынан жастар арасындағы Еуропа чемпионаты өтті. Қазақстандық шорт-трекшілер бұл бәсекеде қарсылас шақ келтірмеді, деп хабарлайды dodasport.kz.
            Спортшылар 500, 1000 және 1500 метрлерде үздіктерді анықтады. Кейін жалпы есептегі жеңімпаз белгілі болды. Қыздар арасында Тайшманова Әсел абсолютті чемпион атанды. Отандасымыз барлық қашықтықта да жеңіске жетті. Одан кейінгі екінші орында тағы бір отандасымыз Бақыткереева Қадиша. Қадиша барлық қашықтықта да Әселден кейін екінші орынды иеленді.
         Ұлдар арасында Нұрлыбек Бейсеев жалпы есепте чемпион атанды. Екінші орында тағы бір жерлесіміз Ифченко Глеб. Осылайша жас шорт-трекшілеріміз Еуропа чемпионатында тамаша жеңіске қол жеткізіп отыр.

    толығырақ

  • Талғат Мамашев Моңғолияның Бас Консулын қабылдады

    03.04.2017

        Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Төралқа төрағасының бірініш орынбасары Талғат Мамашев Алматыдағы Қауымдастық үйінде Моңғолияның  Қазақстандағы Бас Консулы Энэбиш Мөнхбаяр мен оның көмекшісі Гончигсүрэн Алтангинжді өз өтініштері бойынша қабылдады. 

        Онда Моңғолия қазақтарының бүгінгі жағдайы мен Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының қызметі туралы мәліметтер айтылды. Екі елдің арасындағы қарым-қатынас пен байланыс мәселесі кезінде әуе қатынасы да сөз болды. Т.Мамашев Мөнхбаяр мырзаны  консулдық жаңа қызметімен құттықтап, бұдан былай тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасау жайын қозғады.

    толығырақ

  • Әзербайжанның Баку және Шеки қалаларында Сыр елінің мәдениет және өнер күндері өтеді

    31.03.2017

    Әзербайжанның Баку және Шеки қалаларында Сыр елінің мәдениет және өнер күндері өтеді

          Алдағы сәуір айының 10-16 күндері аралығында Қызылорда облысының Әзербайжан Республикасындағы мәдениет және өнер күндері аясында Баку және Шеки қалаларында гастрольдік сапары ұйымдастырылады.  Оған облыстық театр және филармонияның шығармашылық ұжымдары қатысып, өнер көрсетеді. Сондай-ақ, Астана қаласында ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі аясында Қызылорда облысының өнер күндері өтеді деп жоспарлануда.  Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ержан Әбдірахманов мәлімдеді.
          Аймағымызда Елбасы Жолдауы облыстық мәдениет және өнер мекемелері қызметкерлерінің арасында кеңінен насихатталып, түсіндірме жұмыстары жүргізіліп келеді. Осы Жолдаудан туындайтын басым бағыттардың бірі «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында «Электронды архив», «Электронды кітапхана», «Виртуальды музей» ақпараттық жүйелерін қалыптастыру, жетілдіру, азаматтардың тиісті ақпараттарға қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында арнайы іс-шаралар әзірленіп, жұмыстар атқарылуда. 
           Брифинг барысында басқарма басшысы бүгінгі күнге дейін архивте сақталған 96 мың 917 құжаттың 10 млн.ға жуық парағы сандық форматқа көшіріліп, сақтандыру қорлары жасалғандығын айтты. «Цифрлық жүйеге бірінші кезекте құнды құжаттар енгізілуде. Қазір облыс бойынша өлкетану бағытындағы 3343 кітап, 1941-1969 жылдары басылып шыққан «Ленин жолы», «Путь Ленина» газеттері цифрлық форматқа көшірілген. Жаңа технологияларды пайдалану мақсатында алдағы уақытта театр, филармония, облыстық тарихи-өлкетану мұражайларының билеті онлайн режімінде жүргізілмек», - деп атап өтті ол.
        Ержан Ахметұлының сөзіне қарағанда, биылғы мәдениет саласындағы жоспарланған шаралар ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі мен Мемлекеттік рәміздердің 25 жылдығы, таяу және алыс шетелдермен дипломатиялық қарым-қатынастың 25 жылдығына арналып отыр.  

    толығырақ

  • Алматыда Дәулет Тұрлыхановтың жүлделеріне арналған дәстүрлі Республикалық турнир өтеді

    30.03.2017

         

           Сәуір  айының 1-2 жұлдызы аралығында Алматыдағы «Достық» спорт кешенінде 2000-2002 жылы туылған жасөспірімдер арасында грек-рим күресінен атақты палуан, республикалық күрес федерациясының вице-президенті,  қоғам қайраткері Дәулет Болатұлы Тұрлыхановтың жүлделеріне арналған грек-рим күресінен дәстүрлі XVIII турнирінің жалауы желбірейді.

         Бұл турнирге спортшылар Қазақстанның барлық аймақтарынан, сондай-ақ, Алматы мен Астана қалаларынан қатысады. Атап айтқанда, Дәулет Тұрлыхановтың, Жақсылық Үшкемпіровтың, Болат Тұрлыхановтың, Хаис Аққалиевтың спорт мектептері мен «Жас Кыран» мемлекеттік мекемесі, Қазалы ауданының БЖСМ, «Даулет-Жаркент» ПСК (Алматы облысы) және өзге спорт ұйымдары өзара мықтыны анықтайды.

          Республикалық турнирде палуандар он салмақ дәрежесінде белдеседі:

     - Сәуірдің 1-і күні 09:00-ден – алғашқы кездесулер: 42, 50, 58, 69, 85 кг;

    - Сәуірдің 2-і күні 09:00-ден – алғашқы кездесулер: 46, 54, 63, 76, 100 кг;

           Турнир қатысушыларының салмақ өлшеу рәсімі 31 наурыз күні сағат 18:00 – де (42, 50, 58, 69, 85 кг) және 1 сәуір күні сағат 14:00-де (46, 54, 63, 76, 100 кг) өтеді.

           Сәуірдің  1- күні   сағат 16:00-де жарыстың салтанатты ашылу рәсімі өтеді.  Спорттық шараға республикалық күрес федерациясының вице-президенті Дәулет Тұрлыханов, екі дүркін әлем чемпионы, үш дүркін Еуропа жеңімпазы, Олимпиада чемпионы беларус Камандар Маджидов, Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әбіл Дөңбаев, Олимпиада және әлем чемпионы, Қазақ КСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Жақсылық Үшкемпіров сынды қонақтар қатысады.

           Жарыс (UWW) ережелері бойынша өтеді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге медаль мен диплом, сондай-ақ бағалы сыйлықтар табысталады.

              Алматы қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен жыл сайын өткізілетін дәстүрлі турнирдің басты мақсаты салауатты өмір салтын насихаттау; Азия чемпионаты мен Әлем чемпионатына қатысу үшін Қазақстанның жастар құрамасына іріктеу, грек-рим күресін елге таныту.

    толығырақ

  • Динара Сәдуақасова шахматтан ерлер арасындағы ҚР чемпионатына қатысады

    30.03.2017

    Динара Сәдуақасова шахматтан ерлер арасындағы ҚР чемпионатына қатысады

          Алматыда Қазақстан шахмат федерациясының жаттықтырушылар кеңесі өтіп, 2-22 сәуір аралығында өтетін 2017 жылғы ел чемпионатының финалына қатысушылардың тізімі бекітілді. 
           Сайысқа Қазақстанның 22 үздік шахматшысы қатысады. Әйелдер арасындағы ақтық сында жақында ғана ерлердің халықаралық спорт шебері атағына ие болған Жансая Әбдімәлік, Гүлісхан Нақбаева, Мәдина Дәулетбаева, сеньорлар арасындағы әлем чемпионы Елена Анкудинова мен соңғы уақытта жақсы ойын нәтижелерімен көзге түсіп жүрген Айсезім Мұхит пен Арнаш Бауыржан қатысады.         Ерлер арасындағы финалда Қазақстан чемпионы атағы үшін еліміздің қазіргі чемпионы Петр Костенко және Қазақстан шахматшылар рейтингісінде 1-ші орында тұрған Ринат Жұмабаев, Мұртас Қажғалиев, Кирилл Кудеринов және юниорлар Денис Махнев пен Жанат Саин, Жандос Ағманов бақ сынайды.  
              Қазақстан шахмат федерациясының Қоғаммен байланыс бөлімінің маманы Роман Райфельдің айтуынша, тұңғыш рет Қазақстанның ерлер арасындағы чемпионатына Динара Сәдуақасова қатысады. Динара Садуақасова - әлемнің үздік 40 шахматшысы тізіміне енген, жақында ғана ерлердің халықаралық спорт шебері атағын алған Қазақстан шахмат федерациясының арнайы номинанты.
            «Мен Қазақстан шахмат федерациясына өтініш жазып, ерлер арасындағы ел чемпионатына қатыстыруды сұрадым. Менің өтінішімді қабыл алғанына қуаныштымын. Мен көптен бері әртүрлі турнирлерде ер адамдармен сынасып келемін. Бұл жерде айтарлықтай ерекшелік көріп тұрғаным жоқ», - деді Динара Сәдуақасова. 

    толығырақ

  • Димаштың фотосы Нью-Йорктің орталық алаңындағы экранда жарқ ете қалды

    30.03.2017

    Димаштың фотосы Нью-Йорктің орталық алаңындағы экранда жарқ ете қалды

          Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің фотосы АҚШ-тың Нью-Йорк қаласының орталық Манхэттен ауданында орналасқан Тайм Сквер алаңындағы үлкен LED экранында көрінді. Бұл туралы әншінің PR - менеджері Алпамыс Шаримов өзінің инстаграм жеке парақшасында жариялады.
          «Бұл фотошоп емес! Бұл әлемнің ең жарқын қалаларының бірі Нью Йорк қаласы, Тайм Сквердегі ең үлкен БАСТЫ ЛЭД дисплей! 101 FM радио медиа орталығы танымал жұлдыздар арасында осы құрметке ие болу үшін бәйге жариялаған болатын. Қазақ баласының әлемдік жанкүйерлері, Dears-тың ықпалымен дауыс беру арқылы Американың төрінде Димаш Құдайбергеннің @kudaibergenov.dimash суреті миллиондарға жария болды! Түрлі ұлт өкілдері, Тайм Сквердің көпшілігі енді осынау басты экраннан Қазақ әншісін тани алады!»,- деп жазды Шаримов.
        Еске сала кетейік, Димаш қытайдың «Singer 2017» ән байқауына қатысып, ерекше талантымен әлемге танымал болған. Бұл күнде әншіге қытайлық жанкүйерлері ерекше ықылас білдіруде. Оның қытайлық weibo әлеуметтік жеке парақшасына жазылушылар саны 3 миллион 300 мыңнан асса, үлкен мерекелік шаралар мен концерттер Димашсыз өтпейтін болды. Әнші 27 наурыз күні Шанхай қаласындағы 24-кезекті «China Top music Awards» шарасының «Азияның ең танымал әншісі» (Best Asia popularsinger) номинациясы бойынша марапатталды.  
       

    толығырақ

  • Бакуде Абайдың шығармалар жинағы таныстырылды

    30.03.2017

      Бакуде Абайдың шығармалар жинағы таныстырылды

        Әзербайжандағы Қазақстан Елшілігінің қатысуымен Баку мемлекеттік университетінде қазақтың ұлы ақыны, философ, жазушы Абай Құнанбаевтың әзербайжан тіліндегі шығармалар жинағы таныстырылды.
          «Профессор Рамиз Аскеров қазақтың «Қыз Жібек» халықтық лиро-эпостық поэмасын әзербайжан тіліне аударды», - деді шарада сөз сөйлеген Әзербайжандағы ҚР Елшілігінің кеңесшісі Дархан Көшербаев. 

         Сондай-ақ ол 2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдығына, Абайдың 170 жылдығына арналған халықаралық конференция өте жоғары деңгейде  өткенін атап өтті. Бұл әзербайжан ғалымдары мен студенттері тарапынан Қазақстанның тарихына, мәдениетіне деген қызғушылықты оятты.

         Дипломат Баку университетінде 6 жыл бойы Қазақ тілі, Атай атындағы тарих және мәдениет орталығы сәтті жұмыс істеп тұрғанына тоқталды. Орталық басшысы - филологиялық ғылымдар докторы Фатима Дурсунова. Таныстырылып отырған кітап Орталықтың жемісті еңбегінің кезекті дәлелі болып табылады.

             Айта кеткен жөн, Астанада Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-де Гейдар Алиев атындағы осындай мәдени орталық жұмыс істейді. Бұл факті елдердің және халықтардың бір-бірінің тарихына, мәдениетіне, дәстүріне деген құрметті білдіреді.

     http://www.inform.kz/kz/bakude-abaydyn-shygarmalar-zhinagy-tanystyryldy_a3012157

    толығырақ

  • Қазақстан әлемнің әдеби картасына енді

    29.03.2017

    Қазақстан әлемнің әдеби картасына енді - Фото

         Британдық The Independent басылымы әлемнің әдеби картасын жариялады. Әлемнің 197 елі енген картадағы әрбір мемлекет белгілі жазушылардың бір кітабымен белгіленген. 
        Әлемнің әдеби картасына енген Қазақстан Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясымен көрсетілген. 

           Сонымен қатар картаға Орталық Азия елдері де енген. Мысалы, Қырғызстан – Шыңғыс Айтматовтың «Жәмила» повесімен, Тәжікстан – Андрей Волостың «Хуррамабад» романымен, Өзбекстан ­– Том Бисселдің «Теңізді іздеу: Орталық Азияның елестер арасында ғайып болған империясы» («В погоне за морем: Потерянная среди призраков империя в Центральной Азии») еңбегімен ұсынылған.

            Өкінішке қарай, Түркіменстан бұл картаға енбей қалған.

         Моңғолияны Чинагийн Галсанның алғаш рет неміс тілінде жарияланған «Көк аспан» романы таныстырады.

    Қазақстан әлемнің әдеби картасына енді - Фото

            Сонымен қатар, картаға енген басқа елдерге тоқталып өтсек: Ресей – «Соғыс және Бебітшілік» («Война и Мир» (Лев Толстой), АҚШ – «Қылжақбасты өлтіру» («Убить пересмешника» (Харпер Ли), Қытай – «Қызыл теремдегі ұйқы» («Сон в красном тереме» (Цао Сюэцинь), Канада – «Жасыл мезонинде тұратын Аня» «Аня из Зелёных Мезонинов» (Люси Мод Монтгомери), Украина – «Мұз үстіндегі пикник» («Пикник на льду» (Андрей Курков), Беларусь – «Чернобыль дұғасы» («Чернобыльская молитва» (Светлана Алексиевич), Ұлыбритания – «Тәкаппарлық және теріс ұғым» («Гордость и предубеждение» (Джейн Остин), Швеция – «Дракон татуировкалы бойжеткен» («Девушка с татуировкой дракона» (Стиг Ларссон), Чехия – «Тұрмыстың төзгісіз жеңілдігі» («Невыносимая лёгкость бытия» (Милан Кундера), Германия – «Превращение» (Франц Кафка), Франция – «Шеттетілгендер» («Отверженные» (Виктор Гюго), Түркия – «Менің атым – қызыл» («Имя мне – красный» (Орхан Памук), Оңтүстік Корея – «Вегетариан қыз» («Вегетарианка» (Хан Канг), Жапония – «Желікпе құстың хроникалары» («Хроники заводной птицы» (Харуки Мураками).

    толығырақ

  • Алаш қайраткерлеріне арналған оқулық жарық көрді

    28.03.2017

         

       Алматыдағы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогиткалық университетінің ұстазы, ҚР Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы, Ы.Алтынсарин атындағы төсбелгінің иегері, филология ғылымдарының докторы Руда Зайкенованың «ХХ ғасыр басындағы әдебиет және Алаш ұстанымы» атты кітабы жарық көрді.

             Ғалымның бұл еңбегі ХХ ғасырдың басындағы тәуелсіздік жолында мерт болған Алаш қайраткерлерінің ұлттық ұстанымына негізделген. Онда ХХ ғасырдың басындағы әлеуметтік жағдай мен рухани өмірдегі  өзгерістер және сол кезеңнің қайталанбайтын тұлғалары арқылы ұлттық дамудың көркемдік кеңістігі ғылыми-әдістемелік тұрғыдан сарапқа салынған.

             «Тәуелсіздік тізгініне ие болған ширек ғасырға жетпейтін уақыт ішінде әлемдік ауқымда танылып үлгерген еліміздің мемлекеттік бағдарламаларында ұлттық руханиятқа кең өріс берілуі жыл сайын ұсынылатын оқу басылымдарының да ауқымын ұлғайтып келеді. Соның нәтижесінде әдебиетіміздің «ақтаңдақ беттері» түгенделіп, Алаш пен Алашордаға байланысты көзқарастың жаңа тынысы ашылды. Елінің ертеңін ойлаған Алаш алыптарының ұстанымын заманның көкейкесті мәселелерімен сабақтастыра отырып, қазақ топырағындағы бүгінгі жаңғырығын әлемдік әдебиет ауқымында түлете білу – өте күрделі мәселе. Бұл оқулықтың ерекшелігі, біріншіден,  үш бағыт: күрескер-ұлтшылдық, діни-милләтшілдік бағыт, ағартушы-демократтық бағыт өкілдері бойынша алып тұлғалардың өмірбаяндары мен шығармашылық еңбектері жүйеленіп берілді. Яғни, үш топқа бөліп, жіктеп берілді. Екіншіден, ХХ ғасыр басындағы әдеби үрдіс пен оның тұлғалары бір шоқатқа шоғырландырылды. 50-ге жуық қаламгердің өмірі мен шығармашалығы бүгінгі оқытудың инновациялық талабына сай бірінші рет тұтас ұсынылып отыр.  Сонымен қатар, кітапта Алаш ұранды әдебиеттің көшбасшыларымен бірге тізе қосып, келешек ұрпақ қамы үшін көптеген мақала жазып, тауқыметті өмір азабын бірге көтеріскен С.Асфендияров, Х.Ғаббасов, М.Шоқай, М.Тынышбайұлы, С.Аманжолов, Б.Құлманов, Б.Мәметов сынды   көрнекті тұлғалар туралы да мәліметтер бердім. Оқулықта сондай-ақ, ХХ ғасырдың басындағы баспасөз мәселесі мен  сал-серілер поэзиясы да толық қамтылып, біршама шығармалар контекстік оқу әдісі бойынша берілді», деді автор Р.Зайкенова. Ұзақ жылдар еңбегін арнаған ғалымның айтуынша, бұл оқулық Алаш Орданың 100 жылдық мерейтойына арнайы тартуы.

             Кітап «Қазақ әдебиеті тарихы» курсы бойынша жоғары оқу орындарында оқылатын дәрістерде, семинарларда, практикалық сабақтарда пайдалануға және арнаулы курс жүргізуге көмекші құрал ретінде қазақ әдебиеті мен тарихы пәндерінің мұғалімдеріне, студенттерге, жоғары сынып оқушыларына, сондай-ақ жалпы әдебиет сүйер  көпшілік қауымға арналған.

             Атап өте кетейік, бұл еңбек Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Ғылыми кеңесінде және Абай атындағы ҚазПУ-дың «Білім» тобындағы мамандықтар бойынша оқу-әдістемелік бірлестігінде талқыланып, ҚР Білім және ғылым министрлігінің мемлекеттік грифін алған.

             Оқулық «Мектеп» баспасынан 500 данамен жарық көрді.

            Келешек ұрпақтың азаттығы жолында қасық қанын аямай, арманда кеткен арыстарымыздың ерлік істерімен, олардың ұлттық мәдениетіміз бен әдебиетімізге қосқан өлшеусіз үлестерімен жете танысуда бұл оқулықтың маңызы зор. Өткен күніңді, тарихыңды білмей, келешектің кемел боларына сену қиын. Өткенімізді өшірмей, келешекке аманат ету парызымыз. Сонда ғана біздің жастарымыз жаһанданудың шылауына кетпей, елін, жерін шын сүйетін патриот болып қалыптасып, азаттық пен бодандықтың ара жігін ажыратып, сол арқылы тарихтың ащы сабағын салмақтай отырып, егемендігімізді бағалап, тәуелсіздіктің іргесін бекітуге қызмет етері сөзсіз.

           «Қыздар университеті»  медиа орталығы

    толығырақ

  • Ереван қаласында «Наурыз мейрамы» мерейтойлық концерті өтті

    28.03.2017

    Ереван қаласында «Наурыз мейрамы» мерейтойлық концерті өтті

        2017 жылғы 24 наурызда Ереван қаласында Арно Бабаджанян атындағы мемлекеттік филармонияда «Наурыз мейрамы» атты қазақ фольклорлық және классикалық музыкасының концерті өтті. Іс-шараны Армениядағы Қазақстан және Түрікменстан елшіліктерінің өкілдері ұйымдастырды.

        Аталған іс-шараға министрліктер мен ведомстволардың өкілдері, қоғам қайраткерлері, шетелдік дипмиссиялардың басшылары және Армениядағы Қазақстанның диаспора мүшелері келді.

         Концерттік бағдарламаға арнайы Алматы және Қостанай қалаларынан келген көркемөнерназдар ұйымының мүшелері қатысты. Мәселен, Алматы қаласының №18 мектебінің оқушысы Ашот Мхитарян «Ортеке», «Саранжап», «Балбырауын», «Әлқисса», «Әке толғауы» және «Секіртпе» сияқты қазақ күйлерін домбрада орындады. Сондай-ақ, концерттік бағдарламада «Мен қазақтын қызымын» атты әнімен «Қазақстан-Қостанай» телеарнасының редакторы Гаяне Мартиросян, «Көзімнің қарасы» әнімен Дилижан қаласының Біріккен әлем колледжінің оқушысы Арнұр Сабет және Ғазиза Жұбанова мен Арно Бабджанянның музыкалық шығармалардың орындауымен П. Чайковский атындағы музыкалық мектептің қазақстандық оқушысы өнер көрсетті.

          Концерттен кейін іс-шараның қонақтары наурыз-көженің дәмін татып, Қазақстан мен Түркменстанның дәстүрлі ұлттық тағамдарынан ауыз тиіп, қазақтың киіз үй ішіндегі бұйымдарды тамашалады.  

        http://www.inform.kz/kz/erevan-kalasynda-nauryz-meyramy-mereytoylyk-koncerti-otti_a3011455

    толығырақ

  • Шахматшы Сәдуақасова әйелдердің әлемдік рейтингінде ТОП-30 қатарына енді

    27.03.2017

    Шахматшы Сәдуақасова әйелдердің әлемдік рейтингінде ТОП-30 қатарына енді    Қазақстандық Динара Сәдуақасова ТОП-30 шахматшы қыздар қатарына енді. Бұл туралы БАҚ өкілдеріне Сәдуақасованың атындағы шахмат академиясы хабарлады.

           Онда «Қазақстандық шахматшы Динара Сәдуақасова халықаралық турнирде бірінші орын алып, әлемдегі мықты шахматшы әйелдер қатарына енді. HDBank Cup Internasional Open Chess 2017 халықаралық турнирі Вьетнамда өткен. Турнирге 21 елден 103 шахматшы қатысты. Осы жарыста жеңімпаз атанған Сәдуақасова шахматтан әлемнің үздік 30 әйелі қатарына енген алғашқы қазақстандық шахматшы атанды», - деп жазылған.

        http://www.inform.kz/kz/shahmatshy-saduakasova-ayelderdin-alemdik-reytinginde-top-30-kataryna-endi_a3011123

    толығырақ

  • Экология еріктілері Қазақстан бойынша 18 млн көшет отырғызбақ

    27.03.2017

    Экология еріктілері Қазақстан бойынша 18 млн көшет отырғызбақ

             «Байтақ-болашақ» экологиялық альянсы осы жылы Қазақстан бойынша 18 млн. көшет отырғызады.
          Хабарламада атап өтілгеніндей, Қазақстан жер көлемі жағынан әлем бойынша 9-шы орында тұр, алайда ормандарда ағаш аз. Ағаштың 68 түрі ғана бар, бұл небары 1,2%-ды құрайды, жабайы бұталар мен сексеуіл ағаштарын қосқанда, 4,2%.
        «Бұл климат пен ауаға, адам денсаулығына теріс ықпал етеді. Қазақстанның 58%-ы шөл, жартылай шөл дала, 10 пайызы тау», - дейді альянс өкілдері.
        «Біз «Байтақ-болашақ» экологиялық альянсы - әріптестерімізді қолдағымыз келеді. 18 млн көшет егу Қазақстан ормандары мен бақшаларын қолдау деген сөз. Біз ағаш егуді бастап кеттік», - деп атап өтті «Жасыл экономика» және G-Global дамыту жөніндегі коалиция басқармасының төрағасы Салтанат Рахымбекова.               «Байтақ-болашақ» экологиялық альянсының басшысы Азаматхан Әміртаевтың айтуынша, осы жылдың соңына дейін 18 млн ағаш егіледі. Олар қазақстандықтарды елін көгалдандыру ісіне атсалысуға шақырды.

    толығырақ

  • Түркістанда өткен аламан айтыста Айбек Қалиев жеңімпаз атанды

    27.03.2017

    Түркістанда өткен аламан айтыста Айбек Қалиев жеңімпаз атанды

              Түркістанда өткен аламан айтыстың жеңімпаздары белгілі болды. Түркітілдес мемлекеттер арасындағы ұйымдастырылған жыр додасында бас жүлдеге Қостанай облысының ақыны Айбек Қалиев ие болды.
            Оған арнайы Алғыс хат пен 3 млн теңгенің сертификаты табысталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі. Айта кетейік, екі күнге созылған аламан айтыста аты алты алашқа мәлім Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия және Қазақстан елдерінің 20 ақыны қатысты. Олардың арасында көрші қырғыз елінен Асылбек Маратов пен Болот Назаров келсе, Құлмахан Дүйсенов Өзбекстан Республикасынан қатысты. Ал, Сара Тоқтамысова (Астана қаласы), Сырым Әуесхан (Астана қаласы), Айбек Қалиев (Қостанай облысы), Ботагөз Мұхиддинқызы (Қарағанды облысы), Алтынкүл Қасымбекова (Жамбыл облысы), Бибігүл Тілепалдинова (Алматы қаласы), Бекарыс Шойбеков (ОҚО), Жарқынбек Наушабеков (ОҚО), Карима Оралова (ОҚО), Қажымұхан Абзалов (ОҚО), Біржан Байтуов (ОҚО), Нұрлан Есенқұлов (ОҚО), Анар Жаппарқұлова (ОҚО), Дәурен Полатбаев (ОҚО), Нұрлыбек Мейірманов (ОҚО), Тұрар Тілеулиев (ОҚО), Нұрғали Әнапия (ОҚО) сынды 12 ақын елдің атынан шығып, айтысты. Ақындар елдің бірлігі мен ынтымағы, бауырлас елдер арасындағы берік ымыра мен ауызбіршілік жайында кеңінен жырлай келе, қағытпа әзіл, қисыннан жол тапқан тапқырлықтарымен елдің ықыласына бөленді.
        Қазылар алқасының шешімімен айтыстың бірінші орны Оңтүстік Қазақстан облысының ақыны Жарқынбек Наушабековке бұйырып, ол 2 миллион теңге көлеміндегі сыйлықты иеленді. Сонымен қатар, Қырғызстан Республикасынан келген Асылбек Маратов пен оңтүстікқазақстандық Нұрлан Есенқұловтар екінші орынға лайық деп танылды. Қос ақын да 1,5 миллион теңгеден жеңіп алды. Қырғыз ақыны Болот Назаров пен арқа жұртының арқалы ақындары Сара Тоқтамысова мен Сырым Әуесхан үшінші орынды иемденді. Оларға да ақшалай сыйлық ретінде 1 миллион теңгенің сертификаты берілді. Бұдан бөлек, «Қазыбек би» атындағы арнайы жүлде Анар Жаппарқұлованың еншісіне тиесілі болса, «ТҮРКСОЙ» ұйымы атындағы жүлде Түркістанның азулы ақыны Бекарыс Шойбековке бұйырды. Аламан айтыста айрықша сөз саптаған ақындар Біржан Байтуов пен Қажымұқан Абзалов және Нұрғали Әнапияларға арнайы жүлде ретінде 500 мың теңгеден табысталды.
          Еске салайық, «Түркістан - Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылы аясында өткен айтыс Қазыбек би Келдібекұлының 350 жылдығына және «Наурыз» мейрамына орай ұйымдастырылды. Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Мәдениет орталығында өткен айтыстың құрылтайшысы - Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі мен ТҮРКСОЙ Халықаралық ұйымы, ОҚО әкімдігі мен өңірдің мәдениет басқармасы болды.

    толығырақ

  • Ішкі және сыртқы көші-қон мәселелері талқыланды

    27.03.2017

               Мәжілісте палатаның Әлеуметтік-мәдени даму комитеті мен «Нұр Отан» партиясының фракциясы жанындағы Экономикалық саясат жөніндегі кеңесінің бірлескен отырысы өтті, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.


          Тақырыбы − «Ішкі және сыртқы көші-қон мәселелері туралы» деп аталады. Парламент Мәжілісі Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің хатшысы, Мәжілістегі «Нұр Отан» пар­тия­сының фракциясы жаны­н­дағы Экономикалық саясат жө­нін­дегі кеңестің төрағасы Бей­біт Мамраев Мемлекет бас­шы­сының «Қазақстанның Үшін­ші жаңғыруы: жаһандық бә­секеге қабілеттілік» атты Қазақ­стан халқына Жолдауында қо­йыл­ған еңбек нарығын жаң­ғыртуға байланысты кешенді тапсырманы іске асыру аясын­да қарастырылып отырған мәсе­ленің маңыздылығын атап өтті.
              Отырысқа қатысушылар 2015 жылға қарағанда өткен жылы ішкі көші-қонның 25 па­йыз­ға, елімізде тіркелген шет ел азаматтары санының 25 па­йызға және олар жасаған құқық бұзушылықтың 5,9 пайызға артқанын алға тарта келіп, сонымен қатар, заңсыз көші-қон және азаматтардың, соның ішінде жоғары білікті мамандардың, шет елдерге кету үрдісінің орын алып отырғанына назар аударды.
             Депутаттар сондай-ақ этнос­тық қазақтарды қабыл­дау, оларға Қазақстан аза­мат­тығын беру кезiнде құқықтық рәсімдерді оңайлату және оралмандарды еңбек күші қажет аймақтарға қоныс аудару мәсе­лелері бойынша қонымды ұсыныстар білдірді.                   Бірлескен отырыстың жұмы­сына Еңбек және халықты әлеу­меттік қорғау, Ішкі істер, Білім және ғылым, Сыртқы істер, Ұлттық экономика министр­ліктерінің, жергілікті атқарушы орган­дардың, Халықаралық көші-қон ұйымының, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының өкілдері қатысты.
            Отырыс қорытындысы бо­йынша тиісті ұсыныстар қабыл­данды.

    Толығырақ: https://egemen.kz/article/ishki-zhane-syrtqy-koeshi-qon-maseleleri-talqylandy

    толығырақ

  • Астанада әлем қазақтары бас қосады

    27.03.2017

       Биыл маусым айының орта шенінде Астанада Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен әлем қазақтарының V құрылтайы өтеді.                Үлкен басқосуға әлемнің 40 елінде күн кешіп жатқан қазақ диаспорасының 350 өкілі мен Қауымдастықпен тікелей байланыста жүрген Түркі кеңесі, Қыпшақтар қоғамы, Әзербайжанның диаспорология ісі жөніндегі мемлекеттік комитеті, Әлем моңғолдары конгресі, Өзбекстанның ұлтаралық мәдениет орталығы сияқты халықаралық ұйымдардың адамдары шақырылады. Құрылтайға республикалық мәртебесі бар Астана, Алматы қалалары мен барлық облыстардан, Үкімет пен Парламенттен және түрлі саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар және БАҚ өкілдері қатысады.

          ЭКСПО көрмесімен тұспа-тұс өтетін бұл құрылтайдың тек қазақ халқы үшін ғана емес, өзге ұлт пен ұлыс өкілдері үшін де маңызы зор. Өйткені, түркітілдес халықтар арасында бүгінде Қазақ елінің аты да, абыройы да озып тұр.

        Дүниежүзі қазақтары қауымдасты­ғының мәліметтеріне қарағанда, бүгін­де Қазақстаннан сырт жерде өмір сүретін қазақтардың жалпы саны 4-4,5 миллион адамды құрайды. Олар әлемнің 40-тан астам мемлекетінде тіршілік кешуде. Бұл – Қазақстан халқының төрттен бірінен астамы. Сондықтан тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап, шеттегі қазақтың ата­жұ­ртқа оралуына және оларға қатысты дербес көші-қон саясатын қалыптастыруға мүдделі болған Қазақстанның диаспо­раға қатысты ұстанымы ешқашан өзгер­ген жоқ. Оны Елбасы «Ұлы Дала ұлағаттары» деп аталатын жаңа еңбегі­нің «Қиырдан келсе қандастар» деген бөлімінде де тоқталды.

          «Ағайынға арнап көп нәрсе айтқым-ақ келеді. Алайда, іштегінің бәрі сыртқа шыға бермейді ғой. Ел тірлігі, көпұлтты Қазақстанның бірлігі мен тыныштығы жатсам-тұрсам көкейімнен кетпейтін маған жалғасып жатқан қазақ көшінің тағдыры тіпті де оңай сезіліп тұрмағанын айтқым келеді. Жырақтағы жұртың туған жерге жаутаңдап қарап отырса, кісінің жаны қалай жай табады?!» – деген сөздері еріксіз жүректі селт еткізері күмәнсіз. Сон­дықтан да 25 жылдың ішінде сырт­тағы 1 миллионға жуық ағайынның ел­ге оралуына түрткі болып, оған жағдай ту­ғызған Қазақстанның алдағы уақытта бұл ба­ғытта атқарар іс-қимылы қандай болмақ және ол қалай жүзеге асады деген сауал бү­гінде көпшіліктің көкейінде жүр. Бұл сұрақтар жауабы Астана төрінде өтетін әлем қазақтарының V құрылтайында тағы да талқыланатын болады.

        Дүниежүзі қазақтарының тұңғыш құрылтайы 1992 жылы қыркүйек айында Алматыда өткен болатын. ІІ құрылтай 2002 жылы қазан айында Түркістанда, ІІІ құрылтай 2005 жылы қыркүйек айында, ал IV құрылтай 2011 жылы мамыр айында Астанада өтті.

          Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ. АЛМАТЫ
     https://egemen.kz/article/astanada-alem-qazaqtary-bas-qosady

    толығырақ

  • Муай-тай: Дәулет Отарбаев Таиланд королінің кубогын жеңіп алды

    27.03.2017

    Муай-тай: Дәулет Отарбаев Таиланд королінің кубогын жеңіп алды

        Қазақстандық муай-тай шебері Дәулет Отарбаев Таиланд астанасы Пхукет қаласында өткен тай боксынан «Bangla FC» турнирінде жеңімпаз атанды.
         Дәулет Отарбаев «Bangla FC» турнирінің финалында қытайлық қарсыласын алғашқы раундта нокаутқа түсірді.
           Осылайша, тай боксынан әлемдегі ең мәртебелі жарыс саналатын «Thai Fight» турниріне қатысқан Отарбаев чемпион атанды. Ол осыған дейін муай-тайдан еліміз бен Ресейдің бірнеше дүркін чемпионы атанған болатын. Міне, бүгін Таиланд королінің кубогын да ұтып алды.
            Айта кетейік, әлемдегі муай-тай шеберлерінің басын қосатын бәсекеге Қазақстан атынан тек Дәулет Отарбаев қана барады. Бұрын-соңды біздің жігіттер бұл сынға қатысып көрмеген болатын.   

    толығырақ

  • Димаш Singer 2017 байқауының финалына жолдама алды

    17.03.2017

    Димаш Singer 2017  байқауының финалына жолдама алды

             Димаш Құдайберген "Singer 2017" жобасының 10-кезеңінде үшінші орынға ие болып, байқаудың финалына жолдама алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
           Димаш бұл кезеңде О.Байсеңгірдің сөзіне жазылған өз әні «Ұмытылмас күнді» шырқаған болатын. Қытайлық hupu.com сайтының мәліметінше Димашпен бірге қытайлық әнші Лин Илиан және қытайлық «Арыстан» тобы ақтық кезеңге шыққаны жария етілді. 
          Димаш осымен байқаудың барлық іріктеу кезеңін артта қалдырып, соңғы межеге сүрінбей өтті. Оныншы кезеңнен кейін жарыс жолынан шығып қалған әншілерге жұбату бәсекесі болады. Финал екі кезеңге бөлініп, соңғы финал тікелей эфирден көрсетіледі.
         Ертең Singer 2017 байқауының 9-кезеңі эфирден көрсетіледі. Онда Димаш канадалық әнші Селин Дионның «All by myself» әнін орындайды. Бұл кезеңде Димаш екінші орын алған болатын. Ал 10-кезең эфирге 25 наурыз күні шығады. Сондай-ақ, Димаш Құдайбергеннің Қытайдағы ән байқауындағы сайысын отандық телеарна көрсетеді. Бұл туралы «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасының орынбасары Ринат Кертаев мәлім етті.

    толығырақ

  • Қанат Исламның Астанадағы жекпе-жегінің өтетін күні белгілі болды

    17.03.2017

    Қанат Исламның Астанадағы жекпе-жегінің өтетін күні белгілі болды

          Бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұxамедиұлы кәсіпқой боксшы Қанат Исламды және танымал кәсіпкер Бауыржан Оспановты қабылдап, ЭКСПО аясында Қанат Исламның кәсіпқой бокс кешінің алдын ала күнін жария етті, деп xабарлайды ҚазАқпарат.
         "Біз қазіргі уақытта 9 қыркүйекке белгіледік. Сіздерді білмеймін, біз дайындалып жатырмыз", - деді министр Бауыржан Оспанов пен Қанат Исламға қаратып айтқан сөзінде.
          Өз кезегінде, Б. Оспанов Астанадағы ЭКСПО алаңында өтетін жекпе-жекке дайын екендіктерін мәлім етті.
          "Біз толық дайынбыз. Бізге ана жаққа көрсету үшін, Сіздермен келісімшартқа отырып алуымыз керек. Олар келісімшартқа отыруға келісім беру үшін, біз мына жақтан растауымыз керек алдымен. Өйткені ол үлкен деңгейдегі шара ғой. Ол тендер сияқты болады. Әйтпесе, ескеретін жұмыстары көп", - деді Б. Оспанов. Оның айтуынша, жоспар бойынша бокс кешінде бірқатар қазақ боксшылары өнер көрсетпек.
          "Біраз боксшылармен келісіп қойдық, Майамида жинап, біздің дайындап жатқан балалармен сөйлестік. Шүменовпен телефон арқылы келісіп қойдық. Олар да шығамыз деп дайындалып жатыр. Біз олардың қаражат жағын, барлығын келісіп алуымыз керек, әрине ертең олар патриот ретінде келе салуы мүмкін, мәселе қарсыластарында ғой. Үлкен деңгейде жекпе-жек өткізу үшін, үлкен белбеуге таласу үшін мықты қарсылас тартуымыз керек. Шүменов, Жанқош Тұраров немесе Жақиянов сынды боксшыларды дайындап қоюымыз керек", - деді Б. Оспанов.
        Айта кеткен жөн, министрліктің баспасөз қызметінің xабарлағанындай, бұл кәсіпқой бокс кешінің алдын ала мерзімі. Жұмыс барысында бұл дата әлі өзгеруі де мүмкін.

    толығырақ

  • Ыстамбұлда Халифа Алтайдың 100 жылдығы аталып өтіледі

    17.03.2017

        Биыл түркі әлеміне танымал дінтанушы ғалым, қоғам қайраткері Халифа Алтайдың туғанына 100 жыл толып отыр. Осыған орай Түркияның Ыстамбұл қаласында іс-шаралар өтеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

            Түркиядағы Мимар Синан көркемөнер университетінің профессоры, шоқайтанушы ғалым Abdulvahap Kara өзінің facebook-тағы жеке парақшасына: «2017 жылы 25 наурыз күні белгілі ғұламаның туғанына биыл 100 толуына орай өтетін шараға Қазақстаннан Халифа Алтай туралы түрік тілінде Ыстамбұлда шыққан кітаптың авторы Қазыбек Исламбек, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы хатшысы Ботакөз Уатқан, Еуразия Университеті Отырар ғылыми зерттеу орталығы директорының орынбасары профессор, т.ғ.д. Данагүл Махат, Халифа Алтайдың Алматы, Париж және Ыстамбұл қалаларынан Әбдірахим Алтай, Әбдісамат Алтай, Мешкүре және Шекүре сынды перзенттері мен жақын туыстары қатыспақ.

          Түркиялық ғалымдар мен қоғам қайраткерлері де бұл шараға қатысып, Халифа Алтайдың өмірі мен еңбектері, Түркі дүниесіндегі орны және 100 жылдығына байланысты Түркия, Қазақстан және Еуропа елдерінде атқарылатын іс-шаралар туралы мәліметтер беріледі.

           Шара аяғында Халифа Алтай және түркі-мұсылман әлемінің ұлы тұлғалары үшін Құран хатым сауабы бағышталып, дұға етіледі. Қонақтарға қазақ тағамдарынан дәм татқызылатын болады», деп жазды.

    толығырақ

  • Алматыда қазақ күресінен Қазақстан чемпионаты өтеді

    16.03.2017

        18-19 наурыз күндері Алматыдағы «Халық Арена» спорт сарайының кіші аренасында қазақ күресінен ересектер арасында Қазақстан чемпионаты өтеді. Жарысқа еліміздің 14 облысы және Алматы мен Астана қалаларынан 200-ден аса балуан қатысады.

                Қатысушылар сапында белгілі балуандар да аз емес. Соның ішінде үш дүркін «Қазақстан Барысы» Бейбіт Ыстыбаев, әлем чемпиондары Мұхит Тұрсынов, Айбек Нұғымаров, Айбол Айтбек және Ғани Сейділдаев, тұңғыш «Қазақстан Барысы» Ұлан Рысқұл, сонымен қатар Руслан Әбдіразақов, Мұрат Кентонов және тағы басқа білекті балуандар бар.  

                Қазақстан чемпионаты ҚР мәдениет және спорт министрлігі, Қазақстан қазақ күресі федерациясы және Алматы қаласы Әкімдігінің ұйымдастыруымен өтеді.

         Қазақстан чемпионатының бағдарламасы:

    18 наурыз

    10:00 82 кг, 90 кг, 100 кг және +100 кг салмақ дәрежелері бойынша іріктеу белдесулері

    12:00 Жарыстың салатанатты ашылу рәсімі

    16:00 82 кг, 90 кг, 100 кг және +100 кг салмақ дәрежелері бойынша ФИНАЛ

    19 наурыз

    10:00 55 кг, 60 кг, 66 кг және 74 кг салмақ дәрежелері бойынша іріктеу белдесулері

               55 кг, 60 кг, 66 кг және 74 кг және түйе балуан дәрежесінде ФИНАЛ

    толығырақ

  • Дүниежүзі қазақтарының V Құрылтайына қатысатын делегаттарға қатысты ұсыныс қабылдау рәсімі аяқталды

    16.03.2017

          Дүниежүзі қазақтарының V Құрылтайына қатысқысы келетін, шетте жүрген атақ-мансабы бар қандастарымыздың аты-жөнін беруге ұсыныстар алу туралы хабарламаны үстіміздегі жылы қаңтар айының 10-ы күні осы фейсбук – әлеуметтік желісінде жариялаған едік. Соның нәтижесінде түрлі елдерден және жеке азаматтардан көптеген ұсыныстар келіп түсті. Өзін өзі ұсынған ағайындар да бар. Тізім негізінен бітті. Сондықтан бүгіннен бастап аталмыш ұсынысты қабылдау тоқтады. 

          40-тан астам елдегі  қазақ диаспорасының 350 және де Қауымдастықпен тікелей байланыста жүрген халықаралық ұйымдардың (Түрк кеңесі, Қыпшақтар қоғамы, Әзербайжанның диаспора ісі жөніндегі мемлекеттік комитеті, Әлем моңғолдары конгресі, Өзбекстанның ұлтаралық мәдениет орталығы) өкілдері шақырылады. Сондай-ақ, Алматы, Астана қалаларынан, облыстардан, Үкімет пен Парламенттен және  түрлі саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың, БАҚ-ның өкілдері қатысады. 

          Комиссияның алғашқы отырысында бұрынғы өткен Құрылтайларға қатысқан (қоғам басшыларынан басқа) адамдар шақырылмайды деп шешілді, негізінен жастар көбірек қамтылмақ.

          Құрылтай Астанада маусым айының 22-25-і күндері өтеді.
         Құрылтайдың дайындық жұмысына сәттілік тілеймін және де ұсыныстар беріп, ой бөліскен, белсене қатысқан барлық ағайындарға алғысымызды білдіреміз.

    толығырақ

  • Ұлы Даланың әуендерi болгар көгiн кернемек

    16.03.2017

         19-26 наурыз аралығында Болгария Республикасының Пловдив, София, Варна қалаларында тұңғыш рет Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттiк академиялық халық аспаптары оркестрiнiң «Ұлы дала әуендерi» атты гастрольдiк концерттерi өтедi. Бұл шара Қазақстан мен Болгария арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнатылғанына 25 жыл толуына орай ұйымдастырылып отыр.

         Елбасымыздың өзi «Қазақтың iнжу-маржаны» деп баға берген оркестр өзiнiң 83 жылдық тарихында әлемнiң 80-ге жуық елiнде өнер көрсетiп, мәңгiлiк елдiң мәңгiлiк мұрасын насихаттап келедi. Бүкiл әлемге ұлы дала елiнiң музыкалық өнерiн, бiрегей қазақ музыкалық аспаптарын дала әуенiмен танытқан оркестр бүгiнде Тәуелсiз елiмiздiң өнерiн дамытуға үлкен үлесiн қосып келедi. 


    толығырақ

  • Астанаға Олимпиадалық қозғалыстың көшбасшылары келіп жатыр

    15.03.2017

        Елордамыз Астанаға Ұлттық Олимпиадалық комитеттің 25 жылдық мерейтойына арналған салтанатты шараға қатысу үшін әлемдік Олимпиадалық қозғалыстың көшбасшылары мен беделді қонақтар келіп жатыр.

         Қазіргі таңда Астанаға 15 Ұлттық Олимпиадалық комитеттің президенттері мен өкілдері келді. Сонымен қатар, Ұлттық Олимпиадалық Комитеттер қауымдастығы және  Азия Олимпиада кеңесінің президенті Шейх Ахмад Аль-Фахад Аль-Сабах, Халықаралық спорттық федерациялар президенттері - Хулио Сезар Маглионе (Халықаралық жүзу федерациясы, FINA), Клаус Шорманн (Халықаралық қазіргі бессайыс одағы,  UIPM),   Ненад Лалович (Біріккен күрес әлемі, UWW),  Тамаш Аян (Халықаралық  ауыр атлетика федерациясы, IWF) және Мариус Визер (Халықаралық дзюдо федерациясы, IJF) келеді деп күтілуде.

          Ширек ғасырлық мерейтойға сынды  әлемдік дәрежедегі спорт жұлдыздары, Олимпиада ойындарының  чемпиондары мен жүлдегерлері атанған қазақстандық спортшылар шақырылған.

            Салтанатты шара 17 наурызда елордадағы Бейбітшілік және Келісім сарайында болады. Онда сонымен қатар Азия Олимпиадалық кеңесінің вице-президенті Тимур Құлыбаевтың төрағалығымен  Азия Олимпиадалық кеңесі Орталық Азия аймағы елдерінің Бас Ассамблеясы өтеді. Жиын барысында  Саппорода өткен Азия ойындарына қатысқан ұлттық құрамалардың көрсеткіштері қорытындыланып, қысқы спорт түрлерінің дамуына қатысты мәселелер талқыланады. 

    толығырақ

  • Экономиканың ұйымдастырылуы Қазақстанда ғана емес, Ресейде де әлі күнге дейін өз деңгейінде емес

    15.03.2017

        Экономиканың ұйымдастырылуы бүгінгі таңда өз деңгейінде емес, бұл үрдіс алдағы уақытта да біршама уақытқа жалғасады. Бұл бүгін Алматыда өтіп жатқан CFO Idea Exchange & Networking Event Саммитінде айтылды.         

           Биыл төртінші рет өтіп отырған дәстүрлі бұл шараны «Сентрас Иншуранс» АҚ-ы ұйымдастырып отыр. Биыл ол серіктес «Грант Торнтон» қаржылық және бухгалтерлік кеңесшілер» фирмасының  Корпоративтік даму жөніндегі вице-президенті, Стратегиялық талдаулар институтының директоры Игорь Николаев «Турбуленттіктің үдеуі жағдайында  әлемдік экономика дағдарыстан қашып құтыла ала ма?» деген тақырыптағы баяндамасымен ашылды. И.Алексеевичтің айтуынша, өз экономиканың ұйымдастырылуы Қазақстанда да, Ресейде де жақсы емес. Ол әлі де біршама уақытқа жалғасатын болады. Бұл екі елдің экономикалық көрсеткіштері ұқсас. 

           Ерлік Ержанұлы

    толығырақ

  • Шымбұлақ балалармен барып демалуға болатын тау курорттарының үздік үштігіне енді

    14.03.2017

    Шымбұлақ балалармен барып  демалуға болатын тау курорттарының үздік үштігіне енді

            RoomGuru.ru қонақ үй іздеу қызметі көктемгі сноубордқа арналған және балалармен бірге демалуға болатын танымал тау курорттарының тізімін жасады.             Рейтинг 2017 жылдың 25-31 наурыз күндері балалармен тұруға арналған қонақ үйлерді брондау деректері бойынша құрылды.
         ТурСтат агенттігінің деректеріне сүйенсек, 2017 жылы балалармен саяхат жасау саны өткен жылмен салыстырғанда 10%-ға өскен.
            Шымбұлақ көктемгі тау-шаңғы демалысы бойынша үшінші орынға табан тіреді.
          Шерегеш (РФ Кемеров облысы), Ливиньо (Италия), Шымбұлақ  (Алматы, Қазақстан), Хибины (РФ Мурманск облысы) және Шахдаг (Гусар, Әзербайжан) көктемгі уақытта балалармен қыдыруға арналған танымал тау курорттарының алғашқы бестігіне кіреді.
          RoomGuru.ru қызметінің хабарлауынша, Шымбұлақта туристер отбасылық демалыс үшін қонақ үй, тамақтану және ски-пассты қосқанда тәулігіне шамамен 150 доллар жұмсайды.
        Балалармен баруға арналған шетелдік қалалардың үздік бестігіне Прага, Таллин, Минск, Будапешт және Барселона қалалары енген.
           RoomGuru.ru -  HotelsCombined.com қызметінің ресейлік сайты, World Travel Awards сыйлығы соңғы төрт жылда үздік қонақ үй іздеуші деп таныған. 

    толығырақ

  • Нұрлан Оразалин: «Қазақ этнографиясы» – қазақтың халықтың білімінің жалпы жиынтығы әрі ұлт болмысын танудың негізі

    14.03.2017

    Ерлік Кебекбай суреті.

        Алматыдағы ҚР Ұлттық кітапханасында 13 наурызда жазушы, тарихшы, этнограф Зейнолла Сәнік пен этнограф, мәдениеттанушы Жанат Зейноллақызының «Ан Арыс» баспасынан жарық көрген «Қазақ этнографиясы» атты кітабының таныстырылымы өтті. Кітап Алматыдағы 2016 жылы шыққан. Бұған дейін бұл кітап Қытайдағы Ұлттар баспасынан 2012 жылы А.Байтұрсынов әліпбиімен басылып шыққан болатын.        

    Ерлік Кебекбай суреті.

       Бірінші бөлім «Этнография дегеніміз не?»  деп аталады. Ол «Этнография жөніндегі жалпы түсінік» деген тараудан тұрады. «Заттық этнография туралы түсінік» деп аталатын екінші тарау:  «Қазақтар», «Қазақтардың тұрғын үйлері», «Ауыл шаруашылығы», «Басқа кәсіптер», қазақтың ұлттық киімдері», «Қазақтың ұлттық қолөнері», «Қазақтың ұлттық тағамдары», «Қазақтың ұлттық ойындары» деген сегіз тараудан тұрады. «Рухани этнография» деп аталатын үшінші бөлім де: «Қазақ қоғамының құрылымы», «Ежелгі наным-сенімдер», «Қазақтың халықтық ғылымы», «Қазақ заңдары», «Қазақтың бала тәрбиелеу дәстүрі», «Тұрмыс-салт тәрбиесінің нақты ережелері», «Қазақтың өлім ұзату дәстүрі», «Қазақтың этнопедагогикасы» деп аталатын сегіз тараудан тұрады. 

         Кітаптың «Халықтың асыл көмбесі...» деп аталатын алғысөзінде ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Жазушылар одағының басқарма төрағасы, сенатор  Нұрлан Оразалин: «көкірегінде сәулесі бар, елінің ертеңі үшін алаңдайтын қара орман қазақ оқырмандарына жол тартқан «Қазақ этнографиясының» мақсаты мен мұраты – халқымыздың ұлт болып қалыптасуының тарихи және оның ХІХ – ғасырдан бергі зерттелу барысының жалпы жиынтығының ұшан-теңіз тарихи фактілермен дәлелдеу, соған жан-жақты түсінік бере отырып қазақ деген халықтың дүниеге қалай келгенін, қалай дамып, ұлт болып қалыптасқанын егжей-тегжейлі саралап талдау. Бұл жаһандану жағдайында өмір сүріп отырған жаңа буын, жас ұрпақ үшін аса қажет. Сайып келгенде Мәңгілік Ел болу жолына бет түзеген  Ұлы Дала жұртының рухын сақтауда, өрістетуде этнография ғылымының орны айрықша.

             «Қазақ этнографиясы» – тарихи санамыздың қалыптасуы мен өзгеріп, түлеуіне ықпал етер бірден-бір қуатты рухани күш. Әрі-беріден соң бұл – ұлттың ойлау, пайымдау қабілетінің орасан кеңдігі мен ересен тереңдігін танытар, дүниелік құбылыстардың күнгейлі, көлеңкелі сипаттарын екшеуге, саралауға мүмкіндік берер өмір сүру салтымыз бен дүниетану қалпымыздың көрінісі,  айшықты нысаны.

            Айтулы танымдық еңбек – мазмұнына қарай екі үлкен салаға бөлінген. Ұлт болмысы ен кескінін, тұтастық білімін аңғартар салт-сана мен әдет-ғұрып үлгілері әрі мен бояуын жоғалтпастан осы күнге қалай жеткенін талдап түсіндіреді. Біріншіден, бұл бір ұлттың заттық мәдениетін, оның бұрынғысы мен қазіргісін зерделеуге, екіншіден, сол заттық мәдениетпен бірге рухани мәдениеттің рухани мәдениеттің жаратылысын тануға көмектеседі. Осы мағына тұрғысынан айтқанда, этнография – танымдық сипаттағы көп салалы іргелі ғылымның халықтық көмбесі. Бір сөзбен айтқанда, кез келген халықтың өзге жұртқа ұқсай бермейтін өмір-тіршілігін қамтитын, анықтайтын үлкен сала. Құндылық атаулының асылы, ұлттың ұлы байлығы десек те жарасады.

         Қолдарыңыздағы «Қазақ этнографиясы» деп аталатын сүбелі еңбектің ұлтты тануға, ұлттық құндылықтарымызды жан-жақты талдауға, саралауға себі тиер деген ойдамыз. Кітап – ел өткені мен тарихын жан-жүрегімен сезіне отырып, халқымыздың салт-дәстүрлерін, бай фольклорын, шежірелі кешегісін таусыла зерттеген, соны шұрайлы тілмен әдемі өрнектеген үлкен ізденістің жемісі» деп жазыпты. 

    толығырақ

  • «Алтын сақа» жаңа қойылымдар фестивалі өтеді

    14.03.2017

        Алматыда 14-19 наурыз аралығында Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында халықаралық театр күні мен Ғ.Мүсіреповтің 115 жылдығына арналған «Алтын сақа» атты жаңа қойылымдар фестивалі болады. 

         Театр репертуарындағы 2016 жылдың наурызы мен 2017 жылдың наурызы аралығында сахналанған балалар қойылымдары және кешкі қойылымдар сайысқа түсетін болады.

           Фестиваль жүлделері:

          1.     «Жыл актеры»

    1. 2.      «Үздік ер кісі бейнесі»
    2. 3.     «Үздік әйел бейнесі»
    3. 4.     «Екінші қатардағы үздік ер кісі бейнесі»
    4. 5.     «Екінші қатардағы үздік әйел бейнесі»
    5. 6.     «Эпизодтық рольдегі үздік ер кісі бейнесі»
    6. 7.     «Эпизодтық рольдегі үздік әйел бейнесі»
    7. 8.     «Көрермен көзайымы»
    8. 9.     «Театр үміті»

         Фестивальдің қазылар алқасы:

     Еркін Жуасбек - Өнертану ғылымдарының кандидаты

     Есмұхан Обаев - Қазақстанның халық артисі, профессор

     Сатыбалды Нарымбетов - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ КСР-нің Мемлекеттік сыйлығының лауреаты

     Сәуле Әбединова - Өнертану ғылымдарының магистрі

             24 наурыз күні, сағат 18.30-да фестиваль нәтижелері жарияланып, концерттік бағдарлама ұсынылады.

    толығырақ

  • 1905 жылғы қазақ әуендерінің таспасы Берлинде табылды

    09.03.2017

     1905 жылғы қазақ әуендерінің таспасы Берлинде табылды

        Алғашқы қазақ музыкасының бірегей жинағы Германиядан Қазақстанға қайтарылды, деп хабарлайды mir24.tv.
         Қазақ музыкасы ең алғаш рет 1925 жылы Францияда жазылған деп айтылып келген еді. Алайда, Берлиндегі мұрағатта бұдан әрідегі, яғни 1905 жылғы аудиотрек табылды. Оны неміс ғалымы Рихард Карутц фонограф пен балауыз валиктің көмегімен жасаған.
         «Дыбыстарды тыңдап көрсеңіз, керемет әсерге бөленесіз. Көз алдыңызға бұл таспалардың  ауыр еңбекпен келгенін елестетіңіз. Бұл әуендердің бізде сақталғандығы және оны таңдай алатынымыз, мен үшін таңқаларлық жағдай», - деді Визуалдьді антропология және этнология мұражайындағы Рихард Карутц жинақтарының кураторы Рихарда Копал.
         Валиктердің дыбысын ең бірінші болып 2015 жылы «Мир» телеарнасының көрермендері «Соңғы ханды іздестіру» атты деректі фильмде естіген болатын. Сол кезде түркітанушы Ефим Резван Карутц таспаларының көшірмесімен бөліскен.
         Жүздеген жыл өткеннен кейін 16 аудиотаспадан тұратын жинақтың сандық нұсқасын Алматыға жеткізді. Енді бұл дыбыстарды қазақстандық сарапшылар зерттейді.
         Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясының профессоры Сәуле Өтеғалиева: «Ол тек жұмысты тапсырып қана қоймай, зерттеуші ретінде өзіне түсіріп алған. Ол тек қазақтарды жазбаған. Сонымен қатар, түркімендерді де түсірген», - деп атап өтті.   

    толығырақ

  • Польшаның бас консулдығы Варшавадағы Қазақ көшесін көрсетті

    09.03.2017

    Польшаның бас консулдығы Варшавадағы Қазақ көшесін көрсетті

         Алматыдағы Польшаның бас консулдығы өзінің Фейсбуктағы парақшасында Варшавадағы Қазақ көшесінің суреттерін жария етті.

    Польшаның бас консулдығы Варшавадағы Қазақ көшесін көрсетті

          «Ол польяк астанасының ең қымбат әрі ең сұлу аудандарының бірі Вилановта орналасқан. Қазақ көшесіне тақау жерде Варшаваның ең үлкен көрікті жері король Ян ІІІ Собесскийдің бұрынғы жазғы резиденциясы Вилянувский сарайы орналасқан», - делінген хабарламада.           

    Польшаның бас консулдығы Варшавадағы Қазақ көшесін көрсетті

         Естеріңізге сала кетсек, Варшавадағы ең қымбат аудандардың біріндегі көшеге Қазақ атауы  2006 жылдың шілде айында берілген болатын. Польяк елордасы билігінің пайымынша, Қазақ көшесі  бұл Варшаваның Қазақстан Астанасына деген нышандық сыйы, сонымен қатар жер аударылған польяктарға көмек беріп, қамқорлық танытқан қазақ халқына деген алғыс. Айта кетерлігі, Қазақ атауы берілген көшелер Ресейдің Волгоград, Орынбор, Дондағы Ростов, Қазан, Пермь қалаларында, сондай-ақ Түркия, Тәжікстан елдерінде де бар.

        http://www.inform.kz/kz/pol-shanyn-bas-konsuldygy-varshavadagy-kazak-koshesin-korsetti_a3006030

    толығырақ

  • Қыздар Оразгүл Асанғазықызымен кездесу өткізді

    06.03.2017

        Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде 3 наурыз күні Қазақстан Республикасы Мәжілісінің экс-депутаты, белгілі қоғам қайраткері, тіл жанашыры, университет түлегі Оразгүл Асанғазықызының 65 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған «Өмірінің өзі өнеге» атты салтанатты жиын өтті. Салтанатты кештің шымылдығы халқымыздың қадірлі қызы Оразгүл Асанғазықызының өмірі мен шығармашылығына арналған деректі фильм көрсетілуімен ашылды. Еңбек жолын қарапайым мұғалімдіктен бастап, қызметтің өрлеу баспалдағына өзінің қажыр қайратымен көтерілген  Оразгүл Асанғазықызы күллі кейінгі толқынға, студент-жастарға үлгі екені сөзсіз. Ол – қазақ қыздарының қара шаңырағынан түлеп ұшқан, өсиетті өмір жолымен әрқашан оқу ордасының беделін өсіріп, мерейін асырып, өскелең өрендерге өміршең тәрбиенің бастауындай нәр беріп, ұлтымыздың рухани биігін аласартпай келе жатқан дара тұлға.

          Сөз кезегін алған университет ректоры Д. Нөкетаева басты кейіпкер О. Асанғазықызының жүріп өткен өнегелі өмір жолына шолу жасап, өте мазмұнды баяндама жасады. Сондай-ақ, осы уақытқа дейін «Құрмет» ордені, «Еңбектегі Ерлігі үшін», «ҚазКСР ағарту ісінің үздігі» төсбелгісі иегері, «Мәдениет қайраткері», ұшқан ұясының  70 жылдық мерейтойлық «Ұлағат» алтын медалімен марапатталған кеш иесі Қыздар университетінің «Құрметті профессоры» атағына ие болды. Мұндай зор құрметке лайық тұлғаны университет басшысы Д. Жүсіпәліқызы арнайы құттықтап, мантия кигізіп, куәлігін табыс етті.

            Содан кейін көрермен қауымға Өнер және мәдениет факультетінің ән-күймен өрілген сазды бағдарламасы керемет көңіл-күй сыйлады. Әсіресе, өнерлі жастардың сонау өткен ғасырдың аяғындағы жатақхана өміріне саяхат жасап, әзірлеген қойылымы дүйім жұртты дүр сілкіндірді. Әдемі сезімдерін бастарынан қайта өткізгендей күй кештірді. Бұл Оразгүл ханым мен оның жұбайы Жора Тайлыбайұлының қалай танысқаны, жүрек қылын тербейтін небір ыстық ықыластары, мөлдір махаббаты жайында болатын. Сахна төріне «Інжу-маржан» үйірмесінің студенттері шығып, кеш иесіне арнау-толғауларын оқыды. «Қыздар, қыздар», «Студенттік қоштасу», «Әдемі қыз», «Ой, жайлау», «Алматы» сынды әндер тамылжыта орындалып, «Томирис» би ансамблі мың бұрала би биледі.    

           «Тұлғатану жобасы» аясында ұйымдастырылып отырған салтанатты жиын студент-жастардың әуелі маман, сосын қоғам үшін қажетті тұлға ретінде қалыптасу үшін университет қабырғасында осындай мазмұнды кездесулердің өтуі өте орынды. Ұяда көргенін қияда қағидаға айналдырып, өткенді бүгінмен жалғай, қанаты талмай замананың көш керуенінен қалмай, елім деп елжіреп, халқым деп қалжырап, қайратына айбатын, ақылына абыройын таған етіп, еңбегі мен еңсесін тіктеп ұстаған Оразгүл Асанғазықызының өмірі мен еңбек жолы талай жасқа үлгі болғаны анық. Өзінің даңғыл дара жолы бар, көпшілікке өнеге болар айтулы тұлға сүйікті мамандығымен жұмыс істеп, қызметі мен отбасын қатар алып жүрді. Иә, Оразгүл Асанғазықызы өзінің еңбек жолында қарапайым, бірақ ең ұлы қызмет – мұғалімдіктен бастап, үлкен лауазымды қызметке дейін сатылай көтерілді. Ерінбей еңбек етті, талмай тер төкті. Өмір ағыны – түзу емес, бұралаң. Онда кездескен кез келген қиындықты табандылығымен жеңіп, сабырлығымен күте білді. Үнемі ел адамы бола жүріп, әйел адамның басты міндеті – өз отбасы жай-күйі, оны әсте ұмытпады, есте ұстады. Төрт қыз, бір ұл тәрбиелеп, оларды оқытып-тоқытты. Үлгілі, көпбалалы отбасының іргетасын жолдасы Жора ағамен бірге қалады.

          Өз кезегінде дүйім жұрттың қолпаштауымен сахна төріне көтерілген Оразгүл Асанғазықызы көпшілікке алғысын жаудыра келіп, «Өмірде бәрі қажырлы еңбек пен тынбай талаптану нәтижесінде келеді. Әр адам өз ісіне адал болып, жұмысын сүйіп істеуі керек. Жастар жалынды болып, бар жігерлеріңді жақсылыққа жұмсаңдар, білім алыңдар. Көп тіл уйренуге талпыныңдар. Оқудан еш жалықпаңдар. Сонымен қатар, қызбаланың басты мұраты қызметі мен отбасылық өмірін қатар алып жүруі керек. Жақсы жар тілеймін», – деп ақ тілегін білдіре кетті. Журналист Нәзира Байырбектің «Қайсарлық пен қайраткерлік» атты ғұмырнамалық жазбасы кітабын сыйға тартты.

         Ұлтымыздағы небір аңызға бергісіз ұлы дала қыздары болғаны тарихтан белгілі. Әр заманның өзіне сай тұлғасы болатын болса, біздің заманымыздың қайсар қызы – Оразгүл Асанғазықызы. Ұлт тағдырын ойлап, күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айрылып, қазақ көші алға жүрсе екен, ұрпағымыз өрлей өссе екен, көсегесі көгерсе екен деп жүретін мақтаулы жан. Біз осындай айтулы түлегімізді мақтамаймыз, онымен мақтанамыз.

             «Қыздар университеті»  медиа орталығы

    толығырақ

  • Қазақстан спортының тарихынан сыр шертетін көрме ашылды

    03.03.2017

         Астанада Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің музейінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитетінің 25 жылдығына арналған «Олимпиадалық қозғалыс» көрмесі ашылды.

          Экспозицияның ашылуына ҚР ҰОК Бас хатшысы Данияр Абулгазин, сонымен қатар Жақсылық Үшкемпіров, Бақтияр Артаев, Гузель Манюрова сияқты танымал қатысты. Осы және өзге де спортшылардың жеке заттары көрмеге қойылған.

          «Осы көрмеге қазақстан спортының жетістіктерінен сыр шертетін жәдігерлер қойылған. Біздің ардагерлер мен спортшыларымыздың жеңістері жас ұрпақты биік шыңдарды бағындыруға жетелеп жүр», - деді ҚР ҰОК Бас хатшысы Данияр Абулгазин.

           Көрмеге келушілер спорт ардагерлері мен ҰОК президенттерінің жеке заттарын тамашалауға мүмкіндік алады. Экспозицияда тәуелсіз Қазақстан спортшылары қатысқан әрбір Олимпиада ойындары туралы мағлұмат ұсынылған. 

           «25 жыл ішінде тәуелсіз Қазақстан зор спорттық жетістіктерге жетті. Сол тарихпен осы жерде танысуға болады. Олимпиада ойындарының жарқын сәттерін тағы бір мәрте еске түсіруге мүмкіндік берген біздің Олимпиадалық комитетке алғысымыз шексіз. Астаналықтарға, әсіресе болашақ чемпиондар – балаларға қызықты болатынына сенімдімін», - деді Гузель Манюрова

        Көрменің ашылу салтанатында, Ұлттық Олимпиадалық комитеттің 25 жылдығына арналған пошта маркаларының ресми түрде айналымға шығару рәсімі де өтті. Айта кетейік, осылайша бүгіннен бастап ҚР ҰОК мерейтойына арналған іс-шаралар басталып кетті. Наурыздың 17 спорт ардагерлері, олимпиадашылар мен шетелдік қонақтардың қатысуымен салтанатты концерт өтпек. Көрме 2017 жылдың 2 мамырына дейін жұмыс істейді. 

    толығырақ

  • Қазпошта ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінің 25 жылдығына арналған маркаларды шығарды

    03.03.2017

      Астанадағы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің музейінде «Қазпошта» АҚ-ның «Естелік және мерейтойлық даталар» сериясы аясында «ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетіне 25 жыл» тақырыбындағы пошта маркаларын бастыру салтанаты өтті.

         Пошта маркасы 4 бояулы офсетті тәсілмен басылған, перфорациясы жоталы. Шығарылым түрі – маркалы парақ. Парақтың өлшемі 140 х 120 мм. Марканың өлшемі 28 х 40 мм. Парақта 8 (сегіз) марка. Таралымы – 40 000 дана. Суретші К. Плужникова. Белгіленген бағасы 200 теңге. Пошталық маркалар «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот Фабрикасы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнында басып шығарылды. Номиналы – 100 теңге.

          ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінің Бас хатшысы Данияр Абулгазин елімізде олимпиадалық қозғалыстың дамуына қолдау көрсеткені үшін «Қазпошта» АҚ алғысын білдіріп, қос ұйым арасында орнатылған ынтымақтастықты атап өтті.

           Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы «Казпошта» АҚ ҚР Ұлттық Олимпиадалық Комитетімен бірлесіп «Спорт» топтамасындағы «Рио-де-Жанейродағы XXXI-ші Олимпиадалық ойындар» тақырыбындағы маркаларды айналымға енгізді.

            Шараға Жақсылық Үшкемпіров, Бақтияр Артаев, Гузель Манюрова сияқты танымал спортшылар қатысты.

           Бүгін сондай-ақ, ҚР Тұңғыш Президенті музейінде еліміздің тәуелсіздігі жылдарындағы қазақстандық спорттың тарихынан сыр шертетін “Олимпиадалық қозғалыс” экспозициясы ашылды.    

    толығырақ

  • Бүгін – Дүниежүзілік жазушылар күні .

    03.03.2017

           

          Бүгін – Дүниежүзілік жазушылар күні! Бұл атаулы күн 1986 жылғы қаңтардың 12-18-і аралығында өткен Халықаралық ПЕН-клубтың 48-ші конгресінің шешімімен атап өтіледі.

           ПЕН-клубтың негізі 1921 жылы қаланды. Ұйымның атауы - ағылшын сөзінің бірінші әрпінен құралған poets - ақындар, essayists - эссешілер, novelists - новеллашылар аббревиатурасы. Бұл қысқартылған сөз ағылшын тілінен аударғанда pen - қалам сөзімен сәйкес келеді.

          Ұйым атауы ағылшындық жазушы Кэтрин Эми Доусон-Скоттқа тиесілі. ПЕН-клубтың алғашқы президенті - Джон Голсуорси. 1923 жылы Лондонда ПЕН-клубтың алғашқы халықаралық конгресі өтті. Сол уақытта ПЕН-орталық әлемнің 11 елінде бар болатын. Ал қазір дүниенің 130 елінде, соның ішінде Қазақстанда да бар.

          ПЕН-клуб - халықаралық жазушылар бірлестігі, оның Хартиясында «әр елдің ішіндегі және барлық елдер арасындағы ақпарат бостандығы принциптерін қорғауға жақтасу» деп көрсетілген.

            Қазақстанда 800-ден астам отандық кәсiби әдебиетшілерді бiрiктiретiн қоғамдық, шығармашылық ұйым - Қазақстан Жазушылар одағы жұмыс істейді.

            Қазақстан Республикасы Жазушылар одағының бастауында мемлекет және қоғам қайраткері, жазушы Сәкен Сейфуллин тұрды. 1925 жылы республикада жас дарындарды біріктіретін және оларды қолдайтын Қазақстанның пролетарлық жазушылар қауымдастығы құрылды, ол 1934 жылы Қазақстанның кеңес жазушылары одағы болып өзгертілді.

          Бұл ұйымды 80 жыл бойы Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Ғаббас Тоғжанов, Сәбит Мұқанов, Мұхамеджан Қаратаев, Дихан Әбілев, Әбділда Тәжібаев, Ғабиден Мұстафин, Ғабит Мүсірепов, Әди Шәріпов, Әнуар Әлімжанов, Жұбан Молдағалиев, Олжас Сүлейменов, Қалдарбек Найманбай сынды марқасқалар басқарды. Қазіргі таңда Нұрлан Оразалин төрағалық етеді.

          Бүгінде Жазушылар одағы - Қазақстанның бұрыннан келе жатқан бірлестіктерінің бірі. Жазушылар одағының құрамында - қазақ, орыс, ұйғыр, немiс және кәрiс әдебиетінің шығармашылық секциялары, Қарағандыда, Семейде, Оралда, Астанада, Шымкенте 5 облысаралық бөлiмшелері бар.

             adebiportal.kz 

    толығырақ

  • Тәжікстанда Қаныш Сәтбаевқа ескерткіш тақта орнатылады

    03.03.2017

        Қазақстанның Тәжікстандағы Елшісі Нұрлан Сейтімов Тәжікстан Ғылым академиясының президенті Фарход Рахимимен кездесті.

          Сейтімов кездесу барысында Қазақстанның қазіргі кезеңдегі дамуының негізгі басымдықтары жайында кеңінен сөз қозғады. Сонымен қатар, Қазақстандағы билік тармақтары  арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа үндеуі мен «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауының негізгі мазмұнымен таныстырды.

           Әңгімелесу барысында тараптар екі ел ғалымдарының ғылыми маңызды ортақ зерттеулері жайында пікір алмасты. Осы орайда, Рахими Тәжікстанның астрофизика және сейсмология саласында үлкен тәжірибесі бар екеніне назар аудартты.

           Ал Қазақстан Елшісі әйгілі геолог, Қазақ КСР Ғылым академиясының негізін қалаушы, Тәжік КСР Ғылым академиясының тұңғыш құрметті мүшесі Қаныш Сәтбаевтың Тәжік КСР Ғылым академиясын ашуға тікелей атсалысқанын баса айтты. Сондықтан Сейтімов Фарход Рахимиге бауырлас мемлекеттің жас ұрпақтары академик Қаныш Сәтбаевты мәңгі есте сақтауы үшін Тәжікстан Ғылым академиясы ғимаратына ғалымның ескерткіш тақтасын орнату туралы ұсыныс жасап, ол қолдау тапты.

            Сұхбат соңында қазақстандық дипломат Фарход Рахимиге кездесу үшін алғысын білдіріп, Қазақстан мен Тәжікстанның ғылым саласындағы ынтымақтастығының одан әрі нығаюына сенімін білдірді.

          https://www.egemen.kz/2017/03/02/106266

    толығырақ

  • Алматыдан «Эйр Астананың» халықаралық рейстеріне мобильді тіркеу басталды

    02.03.2017

        Бүгіннен бастап «Эйр Астана» Алматыдан ұшатын жолаушыларына халықаралық рейске ұялы телефон арқылы тіркелуге ұсынады. Мобильді отырғызу талоны бар жолаушыларға шекаралық бақылаудан өту үшін FAST TRACK жеке үстелше белгіленген. Бұл қызмет Алматы халықаралық әуежайымен және ҚР ҰҚК шекара қызметімен өзара әрекеттестік арқасында мүмкін болды. Сөйтіп «Эйр Астана» осындай қызметті ұсынатын Қазақстандағы бірінші әуекомпания болды. Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылы шілде айында ішкі рейстерге мобильді тіркелу енгізілген болатын.

            Мобильді тіркелу үшін air astana қосымшасын жүктеп, отырғызу алдында телефонды сканерлейтін құрылғыға жақындату керек. Тіркелу рейске дейін 24 cағат бұрын басталып, бір сағат бұрын жабылады.

          Бірінші жарты жылдықта «Эйр Астана» бұл қызметті Қазақстанның басқа да қалаларында қосуды жоспарлап отыр.

          Мобильді тіркеуді қосу қызмет сапасын және экономикалық тиімділікті жоғарылатуға септігін тигізеді.       

    толығырақ

  • «Астана арландары» мен «Қытай айдаһарлары» кездесуінде жұдырықтасатын боксшылар тізімі

    02.03.2017

                  

           Бүкіләлемдік бокс сериясында (WSB) кездесетін «Астана арландары» мен «Қытай айдаһарлары» арасындағы бокс кешінде жұдырықтастан боксшылардың тізімі белгілі болды.

         «Астана арландары» мен «Қытай айдаһарлары» арасындағы кездесу 4 наурыз күні Атырау қаласында өтеді. Жекпе-жектен Астана уақытымен 18:00-де басталады.

    49 келі: Теміртас Жүсіпов - Дзюньдзюнь Хэ
    56 келі: Ілияс Сүлейменов - Лун Ван
    64 келі: Ділмұрат Мижитов - Ян Лю
    75 келі: Сапарбай Айдаров - Минган Жао
    91 келі: Антон Пинчук - Сергей Новиков.

          Айта кетейік, Қытай командасына қарсы «Астана арландары» биылғы жобадағы үшінші жекпе-жек болмақ. Бұған дейін елордалық клуб «Өзбек жолбарыстары» мен «Ресей патриоттары» командасымен кездесіп, жеңіске жеткен еді.

    толығырақ

  • Алматыда шетелдегі қазақтардың Атажұртқа оралуы мен әлеуметтік жағынан қорғалуы талқыланды

    02.03.2017

       

        Алматыда 2 наурыз күні Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы қызметкерлерінің қатысуымен «Шетелдегі қазақтардың Атамекенге оралуы және олардың әлеуметтік жағынан қорғалуы (білім саласындағы мәселелері)» деген тақырыпта дөңгелек үстел жиыны өтті. Тарих және құқық институтының Әлем тарихы кафедрасы ұйымдастырған бұл шараны кафедра меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы Мереке Төлекова жүргізіп отырды.

           

        Онда Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Төралқа төрағасының орынбасары Сұлтанәлі Балғабаев шетелдегі қазақтардың Атамекенге оралуы мен олардың әлеуметтік жағынан қорғалуының қазіргі жай-күйі мен ондағы қордаланған мәселелерді түйіндеп айтып берді. Оның ішінде отандастарды қолдау бағдарламасының тоқтап тұрғаны, шетелдегі қазақ мектептері мұғалімдерінің білімін жетілдірудің ақсап жатқаны, диаспора балаларын жалпы білім беретін орта мектеп пен кәсіптік арнайы оқу орындарына қабылдау ережелерінің жоқтығы, жоғары оқу орындарының дайындық бөлімін бітірген жастардың жағдайы жан-жақты сөз болды.      

            Қауымдастықтың ұйымдастыру бөлімінің басшысы Ботакөз Уатқан Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Қазақстандағы және шетелдегі филиалдары мен өкілдіктері туралы мағлұматпен бөлісті.

        Талдау орталығының директоры Күлғазира Балтабаева диаспоратанудың көкейкесті мәселелерін қозғағап, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығынан осы бағытта жарық көрген бірқатар ғылыми еңбектерді оқу орнының кітапханасына тарту етті.

          Жастар орталығының жетекшісі Талапбек Тынысбек шетелдегі қазақ жастарының  Қазақстанда өз мүмкіндігін жүзеге асырудағы артықшылықтарын түсіндірді, ал Қауымдастықтың www.qazaq-alemi.kz  сайтының редакторы Ерлік Ержанұлы қоғамның әртүрлі саласында қызмет жасап, көзге түсіп жүрген  шетелден келген отандастарымыздың еңбегін насихаттау жайын көтерді.

            Ерлік Ержанұлы

    толығырақ

  • Бүгін Қазақстан халқы Алғыс айту күнін атап өтеді

    01.03.2017

    Бүгін Қазақстан халқы Алғыс айту күнін атап өтеді

           Бүгін, яғни сәрсенбі, 1 наурызда Қазақстан халқы Алғыс айту күні мерекесін атап өтеді.
        2015 жылдың 15 қаңтарында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы № 3827 Жарлығына өзгеріс және толықтыру енгізу туралы» Жарлығына қол қойды. Оған сәйкес, 1 наурыз - Алғыс айту күні болып бекітілді.
         Айта кетейік, бұл күнді таңдаудың өзіндік орны бар. 1995 жылдың 1 наурызы күні Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. 2015 жылы Ассамблеяның жиырма жылдығын атап өту шаралары аясында Мемлекет басшысы бұл күнді Алғыс айту күні деп жариялауды ұсынды. Осылайша, елдегі барлық этностардың өкілдері бір-біріне және қазақтарға алғыс айта алады. 
         «Сталиндік режим кезінде түрлі жылдары Қазақстанға көптеген халықтар жер аударылды - 800 мыңға жуық неміс, 102 мың поляк, 550 мың Солтүстік Кавказ халқының өкілдері, 18,5 мың Қиыр Шығыстағы корей отбасылары көшіп келуге мәжбүр болды. Оларды пойыз вагондарынан жапан далаға түсіріп кетті. Ол кездері мұнда тек қазақтар өмір сүрді. Сондықтан, олар қабыл алып, көмек көрсетті. Қиын уақыттарды бастан өткеріп жүрген қазақ отбасылары балшық үйлеріне кіргізіп, қабылдады. Біздің жанұямыз да үш баласы бар ерлі-зайыптыны қабылдады. Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнін - 1 наурызды жыл сайын барлық этностардың бір-біріне және мейірімділік көрсетіп, түрлі халықтарды туғанындай қабылдаған қазақтарға Алғыс айту күні деп атап өткен дұрыс болар еді. Бұл бізді одан әрі жақындастырар еді. Бұл күн барлық қазақстандықтардың бір-біріне мейірімділік, достастық және махаббат таныту мерекесі бола алады», - деп мәлімдеді ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2015 жылдың 22 сәуірі күні ҚХА-ның XXII сессиясы барысында.

    толығырақ

  • «Қар барысы ізімен» атты мультимедиялық сурет көрмесі өтеді

    28.02.2017

        2017 жылғы наурыз айының 1-14 күндері аралығында Carlsberg Kazakhstan DostykPlaza сауда ойын-сауық орталығы мен ҚР БҒМ ҒК Зоология институтымен бірлесе «Қар барысы ізімен» мультимедиялық сурет көрмесіне шақырады. Мұнда арнайы техникалық мүмкіндіктердің көмегімен сирек кездесетін аңдар, құстар, өсімдіктер әлемі мен Іле Алатауының еліктірер әсем табиғатының көрінісінен ерекше әсер алуға болады.

            Дәл Іле Алатауы тауларының аумағында компанияның серіктесі Зоология институты 2016 жылы қар барысын зерттеу бойынша арнайы экспедиция жүргізген болатын. Экспозицияда ғылыми-зерттеу жобасының басты нысаны – қар барысының суреттерімен бірге, экспедиция барысында Қазақстандағы бірегей аң-құстарды фото және видотүсірілім жасауға машықтанған, белгілі қазақстандық фотограф Салтөре Сапарбаев түсірген тұмса табиғаттың өзге де ғажайып тұрғындарының бейнесін тамашалай аласыздар.

          Сурет көрмесінің мақсаты – 2015 жылы Carlsberg Kazakhstan  компаниясы қолға алған әлеуметтік жобаны ақпараттық қолдау. Соңғы үш жылда ҚР ҒБМ ҒК Зоология инстуты мен Қазақстанның биоалуантүрлілігін сақтау  Қауымдастығымен (ҚБСҚ)  бірлесе қолға алынған «Қазақстанның ұлттық нышаны ретінде қар барысын сақтау» жобасы осы аса жұмбақ хайуан мен оның өмір сүру ортасы жайлы көптеген деректерді жинады.

           Ең бастысы, қар барысын сақтау мәселесі қоғамның ерекше назарына ие болып отыр. Сондықтан осы көрме арқылы Алматы сияқты үлкен мегаполиске жақын орналасқан Іле Алатауының тау сілемдеріндегі экологиялық мәселелері жайында ортаға салуды дұрыс деп таптық.  Көрнекті суреттер мен мультимедиялық құралдар арқылы экспедиция нәтижесінің негізінде ұйымдастырылған көрме, табиғат аясын зерттеумен айналысатын кәсіби мамандарға, қарапайым жандар мен жасөспірімдер үшін де қызықты болары сөзсіз.

           Бұл жоба – мемлекет, бизнес және қоғамның бірлескен күшімен еліміздегі бірегей хайуанаттар мен өсімдік әлемін сақтап қалуға мүмкіндік беретін жобалалардың бірі.

           Алексей Грачев, Зоология институты, териология ғылыми-зерттеу бөлімінің меңгерушісі:

             «Зерттеу барысында алынған бірегей ақпараттар біздің қолға алған осы табиғатты қорғау жөніндегі бастаманың аса ауқымды екендігін көрсетіп отыр!  Екі миллионға жуық  тұрғыны бар мегаполис аумағында әлі күнге дейін қар барысының өмір сүруі – әлемнің ешбір нүктесінде кездеспейтін құбылыс. Оған қоса, біздің тауларымыз әлемдегі қар барысы қоныстарының ең шеткі аймағы болып табылады. Бастапқы кезеңде бізге қолдау көрсеткен, Carlsberg Kazakhstan компаниясы, еріктілер мен қарапайым азаматтардың көмегімен, жойылып бара жатқан бұл хайуанды сақтап қалуға тағы бір мүмкіндік туып отыр».

            Надежда Овсянникова, Сarlsberg Kazakhstan коммуникация жөніндегі менеджері: «Қазақстанның бірегей табиғатын сақтау, таулар мен жазық далалардағы жануарларды қорғау – біздің ортақ ісіміз және ортақ жауапкершілігіміз екеніндігіне қазақстандықтардың назарын тағы да осы фотокөрме арқылы аударуға мүмкіндігіміз пайда болғандығына біз өте қуаныштымыз. Әрбір адам қоршаған ортаны қорғауға өз үлесін қоса алады. Ол - табиғатқа шыққанда қоқыс қалдырмау, сенбіліктерге қатысу, үйде және жұмыста қуат үнемдейтін құралдар мен технологияларды қолдану».

            Жобаның алғашқы кезеңін 2015 жылы Carlsberg Kazakhstan жүзеге асырған болатын. «Қар барысы» жобасын қолға алуға компанияның атына ғалымдар, зерттеушілер мен түрлі эко-қауымдастықтар еріктілерінің тарапынан жазылған хаттар себеп болған еді. Осы хаттар арқылы Carlsberg Kazakhstan дүние жүзінде қар барысының таралу аумағы күрт азайып бара жатқанынан хабардар болды. Экология мен қоршаған ортаға қамқорлық көрсету компанияның тұрақты даму саласындағы негізгі бағыты болғандықтан, Carlsberg Kazakhstan осы мәселені шешуге көмек көрсетуді ұйғарды. 2015 жылдың сәуір, шілде және қыркүйек айларында компанияның серіктесі Қазақстанның биоалуантүрлілігін сақтау  Қауымдастығымен (ҚБСҚ) бірлесе Жоңғар Алатауына (Шығыс Қазақстан) экспедиция ұйымдастырылды. Ал 2016 жылы ҚР Зоология институтымен бірге Алматы маңындағы Іле Алатауына экспедиция жасалып, оның барысында белсенділік суреттері орнатылды. Оған қоса, жобаны қаржылай қолдау мақсатында қаражат жинау үшін www.saveirbis.kz краудфандинг сайты іске қосылды. Бұл мәселеге қосымша қоғам назарын аударуға жобаның елшілері – белгілі актер Максим Акбаров пен видео-блогер Нұрлан Батыров көмектесті.

    толығырақ

  • Ыстамбұлдағы кітап жәрмеңкесінде «Халифа Алтай» және «Қаралы көш» кітаптары ұсынылды

    27.02.2017

              Ыстамбұл қаласында халықаралық кітап жәрмеңкесі ашылды. Биыл осымен төртінші мәрте өткізіліп жатқан айтулы шарада әлемнің 19 елінен 300-ге жуық баспа үйінің өнімдері оқырман қауымның назарына ұсынылды. Олардың арасында Түркиядағы қазақ диаспорасының қолдауымен түрік тілінде жарық көрген «Халифа Алтай» және «Қаралы көш» кітаптары да бар.
          Бүгін жәрмеңке аясында сиясы кеуіп үлгермеген жаңа туындыларды таныстыру рәсімі өтті. «Енді түрік оқырмандары Алтайдан Анадолыға жеткен қазақ көшінің тарихы мен жол бастаған белгілі дін және қоғам қайраткері Халифа Алтайдың шығармашылығымен жақыннан танысуға мол мүмкіндік алып отыр», - дейді тарихшы Әбдіуақап Қара.

         Әбдіуақап Қара, Мимар Синан көркемөнер университетінің профессоры:

    - Ғұламаның туғанына 100 жыл толып отыр. Кітап та соған арналып шығарылды. Енді осы ғұламаның тек қазақтардың арасында ғана емес, бүкіл түркі дүниесіне танылуы үлкен мақтаныш. Бұл кітапта қазақтың көш тарихы бар. Халифа Алтай тек ғұлама ғана емес, сол көштің басында жүріп, кейде жетекшілік еткен. Сондықтан бұл кітапта қазақтардың Түркияға көшуі кеңінен қамтылған. Бұл кітаппен танысқан оқырман ғұламаның діни қызметін ғана емес, Қазақстанның, қазақтың тарихымен де танысады.

         Хабар 24.kz 

    толығырақ

  • Ақ Азиада аяқталды

    27.02.2017

             

            Кеше Жапонияның Саппоро қаласында VIII қысқы Азия ойындары салтанатты түрде жабылды. Бір апта бойы алақандай аралды дүбірге бөлеген Ақ Азиада додасында 32 елдің атынан келген атлеттер спорттың 11 түрі бойынша 64 медаль жиынтығын сарапқа салды.

           Қазақстан құрамасы Сары құрлық спортшыларының бұл сайысында жаман өнер көрсеткен жоқ. Рас, үздік үштіктің ішіне кіре алмадық. Бір жағынан мұның да кешіріммен қарарлықтай өзіндік себептері болды. Мәселен, Саппородағы бұл сайыс Алматы қаласында өткен XXVIII Дү­ниежүзілік қысқы Универсиададан соң іле басталды да, біздің мықты деген спорт­­шымыздың көбі Ақ Азиада алдында ты­нығып үлгермеді. Оның үстіне, ел құ­ра­масындағы көшбасшы саналатын бір­қа­тар спортшымыз дәл осы уақыт ара­­лығында өтіп жатқан әлем чемпионат­та­ры мен Әлем кубогы сындарында өнер көрсетті…

         Ақ Азиаданың жетінші күні фристайл шебері Юлия Галышева қосарланған могул бойынша сайыстың алтын жүлдесін жеңіп алды. Іріктеу сынында Юлия жапонның екі бірдей спортшысы – Хинако Томитаки және Кисара Симиошиді артқа қалдырды. Ал алтын медаль үшін болған айқаста Галышева Күншығыс елінің тағы бір өкілі Арису Муратудан мықты екенін дәлелдеді. Қола жүлде жапон қызы Мики Итоға бұйырды.
          Ал бұдан бір күн бұрын биатлоннан өткен аралас эстафета сынында (2х6 +2+7,5) өнер көрсеткен екі бірдей құрама командамыз ел қоржынына алтын және күміс медаль салған болатын. Құрамында Азиаданың бірнеше дүркін чемпионы Галина Вишневская, Дарья Усанова, Максим Браун және Ян Савицкий сынды саңлақтар бар бірінші құрама үздік шығып чемпион атанса, Алина Райкова, Анна Кистанова, Василий Подкорытов және Антон Пантов сияқты шеберлерден құралған екінші командамыз күміс жүлдеге қол жеткізді. Ал бұл сында жапондық командаға бұйырғаны қола жүлде болды.

         Жалпы, бұл Азиада сынын Г.Виш­нев­­скаяның бенефисі десе де болады. Жарыстың соңғы күні биатлоншы қызымыз 12,5 шақырымдық масс-старт бәсекесінде 39 минут 26,6 се­кун­д көрсеткішпен тағы да қар­сы­лас­та­рын қапы қалдырды. Со­нымен, Г.Виш­невская мұның алдында спринт, қу­да­лау жарысы және аралас эстафета сынын­да алған үш алтын жүлдесінің санын төртке жеткізді!
         Ал бұдан бұрын ерлер арасындағы 15 шақырымдық масс-старт сынында Ян Савицкий нысанаға үш мәрте тигізе алмағанына қарамастан, қашықтықты 44 ми­нут 12,2 секунд көрсеткішпен жүгіріп өтіп, алтыннан алқа таққан болатын.
           Ақ Азиаданың соңғы күнінде шайбалы хоккей додасында алтын жүлде иегері анықталды. Финалдық жекпе-жекте Жапония хоккейшілерімен күш сынасқан Қазақстан құрамасы 7:0 есебімен ірі же­­ңіс­ке жетіп, Азия ойындарының чем­­пионы атанды. Біздің құрама са­пы­нан Ярослав Евдокимов (1-ші және 30-минуттар), Илья Ковзалов (3-ші және 59-шы), Кирилл Савицкий (5-ші), Никита Ми­хайлис (13-ші) және Константин Са­венков (36-шы) сынды хоккейшілер мер­ген­діктерімен көзге түсті.
           Ал хоккейші қыздар арасындағы үшін­ші орын үшін болған бәсекеде Қазақстан құрамасы Таиланд командасын 8:0 есебімен ойсырата жеңіп, қола жүл­деге ие болды.
         Сонымен, спорт тарихының қой­на­у­ы­­на кеткен бұл Ақ Азиада сынында Қазақстан құрама командасы барлығы 32 ме­даль (9 алтын, 11 күміс және 12 қо­ла) алып, жал­пы­командалық есеп бойын­ша Жа­пония (74 ме­даль – 27, 21, 26), Оң­түс­тік Корея (50 – 16, 18, 16) және Қытай (35 – 12, 14, 9) елдерінен кейін төртінші орынға табан тіреді.

          https://www.egemen.kz/2017/02/27/104920

    толығырақ

  • Ы.Алтынсарин олимпиадасы тұңғыш рет халықаралық деңгейде өткізілмек

    22.02.2017

        2017 жылдың 3 наурызында Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің ұйымдастырумен еліміздің мектеп бітіруші оқушылары арасында «Ы.Алтынсарин-2017» республикалық пәндік олимпиадасы өтеді. Мектеп түлектеріне тегін білім, яғни грантты ұтып алуға мүмкіндік беретін, сонымен қатар  қабілетті де дарынды оқушыларды қолдау мақсатындағы байқау биылғы жылы осымен алтыншы рет ұйымдастырылып отыр. Бұл байқау өзге байқаудан өзгерек болмақ.

           Атап өте кетейік, Қыздар университетінің басшысы  Динар Жүсіпәліқызы Нөкетаеваның бастамасымен дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан байқау биыл тұңғыш рет республика бойынша ғана емес, халықаралық деңгейде өткізілмек. Осыған орай биылғы байқау екі кезең бойынша өтеді.

           Республика бойынша өтетін олимпиада облыстық білім Басқармаларымен, аудандық білім бөлімдерімен бірлесе отырып Алматы облысы бойынша Алматы, Талдықорған, Жаркент қалалары, Кеген ауылдық округі, Жамбыл облысы бойынша Тараз қаласы мен Қордай ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысының Шымкент, Түркістан, Жетісай қалаларында, Қызылорда облысы бойынша Қызылорда қаласы, Қазалы, Жаңақорған, Қармақшы аудандарында, Шығыс Қазақстан облысы бойынша Семей қаласында, Қарағанды облысы бойынша Қарағанды қаласында, Батыс Қазақстан облысы бойынша Атырау, Орал қалаларында 2017 жылдың 3 наурызында өткізіледі. Білім сынағы республиканың барлық аумағында бірдей уақытта сағат 12.00-де басталып 15.30-да аяқталады.

             Ал, халықаралық деңгейде өтетін Ы. Алтынсарин олимпиадасы 2017 жылдың 17 наурызында 5 мемлекетте өткізіледі: Өзбекстан, Қырғызстан, Монғолия, Қытай және Ресей елдерінде. Қазіргі уақытта олимпиадаға қатысуға тілік білдіруші оқушыларды тіркеу жалғасуда. Айта кетейік, ниет білдірушілір ҚазМемҚызПУ ресми сайтында бекітілген форма бойынша онлайн режиминде тіркеле алады және олимпиада туралы толық мағлұматпен  Қыздар университетінің сайтынан таныса алады (www.kazmkpu.kz). 

             Биыл олимпиадаға математика пәні қосылып отыр. Байқау әдеттегідей сегіз пән бойынша емес, тоғыз пән бойынша өткізіледі: қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, физика, биология, география, тарих, химия және метематика.  Олимпиада жұмысының максималды көрсеткіші – 160 балл.

            Шетелдік талапкерлер үшін Олимпиада  ІІІ кезең бойынша өткізіледі:

    1-тур – Қазақ тілінен тест тапсыру;

    2-тур – Берілген тақырыптардың біреуін таңдап эссе жазу;

    3-тур – Мәнерлеп оқу.

          Жеңімпаздар мен жүлдегерлер сәуір айында анықталып, марапатталады. Олимпиададан жоғары нәтижеге қол жеткізген қыз балаларға Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетіне түсуге жол ашылады. Олимпиаданың әр пәнінен 1, 2, 3 орынды иеленген оқушы таңдаған пәні мамандығына сай келген және тестілеуге қажетті өту балын алған жағдайда оқу ақысына 90% жеңілдік беретін дипломмен марапатталады. Жүлделі орын алмағанымен, олимпиаданың жоғары деңгейінен өткендер ҚазМемҚызПУ-дың оқу төлемақысына 10% жеңілдікке құқық беретін сертификаттармен марапатталады. Ол оқу орнына бірінші кезекте қабылдануға құқық береді.

            Олимпиаданың салтанатты жабылу рәсімінде, жеңімпаз атанған 11 сынып оқушыларымен қатар, оларға сапалы білім берген пән мұғалімдері, сондай-ақ, аймақтарда олимпиаданың өтуіне жағдай жасаған аудандық білім бөлімдері мен облыстық білім басқармалары қызметкерлері Ректордың алғыс хатымен марапатталады.

           Олимпиаданың бірегей ерекшелігі – оған тек қана қыз балалар қатысады.

            Естеріңізге сала кетейік, былтырғы өткен «Ы.Алтынсарин-2016» олимпиадасына 3500-ден аса мектеп бітіруші оқушылар қатысқан болатын Оның 24-і  Ректор грантына ие болса, 10 пайыздық жеңілдікке 548 оқушы ілікті.

                  «Қыздар университеті» медиа орталығы

    толығырақ

  • Халықаралық қазақ күресі федерациясының басшысы сайланды

    21.02.2017

    Халықаралық қазақ күресі федерациясының басшысы сайланды

        ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Халықаралық қазақ күресі федерациясының (ХҚКФ) президенті болып сайланды.

            Атап айтқанда, бүгін Астанада Халықаралық қазақ күресі федерациясының құрылтай конгресі өтіп, оған әлемнің 35 елінен өкілдер қатысты. Конгресс кезінде федерацияның жарғысы бекітіліп, оған қоса жаңа ұйымның қазақ күресін алдағы төрт жылда дамыту жұмыстарының жоспары қабылданды.  

        Шара барысында қатысушылардың барлығы Халықаралық қазақ күресі федерациясының президентігіне Қанат Алдабергенұлының кандидатурасын қолдады. Айта кетейік, ол сонымен қатар ҚР Қазақ күресі федерациясының құрметті президенті қызметін де атқаруда.

          Жиын барысында ХҚКФ президентінің орынбасарлары да сайланды. Жарғыға сәйкес, 5 вице-президент лауазымы қарастырылған. Осы орайда федерацияның бірінші вице-президенттігіне грек-рим күресінен қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы, әлем чемпионы, әлем кубогінің иегері, даңқты балуан Жақсылық Үшкемпіров бекітілді. 

           Мұнымен қоса, вице-президенттер болып даңқты балуан Дәулет Тұрлыханов, Қытайдағы қазақ күресі федерациясының президенті Айдархан Қабдоллаұлы, «Қазақстан Барысы» қазақ күресін дамыту қорының төрағасы Арман Шораев, сондай-ақ Еуропа атынан Ункас Галек (Польша) сайланды. Шараға қатысқан 35 елдің өкілдері Халықаралық қазақ күресі федерациясының логотипін де бірауыздан бекітті.

     http://www.inform.kz/kz/halykaralyk-kazak-kuresi-federaciyasynyn-basshysy-saylandy_a3001527

    толығырақ

  • Есенқұл Жақыпбековтың өлеңдеріне жазылған әндерден байқау өтеді

    21.02.2017

           Алматы облысының Қарасай ауданындағы Қаскелең қаласында  23-24 ақпан күндері «Ер еркесі – Есенқұл» атты әншілер байқауы өтеді. Есенқұл Жақыпбековтың өлеңдеріне жазылған әндерді орындаушылар арасындағы бұл шараға 15-35 жас аралығындағы үміткерлер қатысады. Олар онда ақынның сөзіне жазылған 1 әнді және өз қалауы бойынша 1 әнді орындайды. Байқауда Бас жүлдеге – 500 мың теңге, І орынға – 300 мың теңге, ІІ орынға – 150 мың теңге, ІІІ орынға – 100 мың теңге және «Жаңа ән» аталымы бойынша 100 мың теңгелік арнайы жүлде тағайындалып отыр.

           Е.Жақыпбеков 1954 жылы 10 ақпанда Алматы облысының Жамбыл ауданындағы Бірлік ауылында туып, 2013 жылы 14 қарашада көз жұмған болатын. Айтыс арқылы танылған ақын 1984 жылы өткен телевизиялық ақындар айтысының тұңғыш лауреаты атанды. Өлеңдері сол жылы «Жалын» баспасынан шыққан «Қарлығаш» атты жинаққа енді. Одан кейін оның 1986 жылы «Ағымнан жарыоламын», 1990 жылы «Біз екеуміз», 1994 жылы «жеріңе табын», 1996 жылы «Жанқисса», 1999 жылы «Есіл дүние-ай», «біздің елдің жігіттері», 2001 жылы «Бұл жаз да өтер,» «Тау басында кәрі қар», «тазқара құстың тағдыры» атты өлең жинақтары жарық көрді.  1990 жылы бүгінгі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген Есенқұл 1995 жылы Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі атанды.  Жұртшылық арасында оның «Алдай-ау», «Өзіңді аңсап», «Бақ пен қызыр қонса да» деген сияқты ән-термелері кең тараған.

    толығырақ

  • Қорқыт ата мұрасы ЮНЕСКО тізіміне енуі мүмкін

    21.02.2017

    Қорқыт ата мұрасы ЮНЕСКО  тізіміне енуі мүмкін

            Қызылорда облысының әкімдігінде ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне «Қорқыт ата мұрасы» көпұлттық номинациясын дайындау бойынша сараптамалық кездесу өтті.
          Шараға облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов, ҚР ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссияның бас хатшысы Әсел Өтегенова, Ұлттық комиссия жанындағы Материалдық емес мәдени мұраларды қорғау комитетінің төрайымы Ханзада Есенова, Халықаралық түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, Әзербайжан, Қырғызстан және Түркия елдеріндегі Юнесконың ресми өкілдері мен Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғалымдары қатысты.
        Кездесу барысында номинацияны дайындау жұмысының іс-әрекет жоспары бекітіліп, ағымдағы жылдың наурыз айына дейін оны бүкіләлемдік мұралар орталығына жеткізу қажеттігі айтылды.
          «Ұлттық құндылықтарды ардақтап, сақтап, өскелең ұрпаққа сабақтастық ретінде табыстау, мәдени мұрамызды әлемдік ғылыми орталықтарға таныту бағытында түрлі шаралар қолға алынды. Аймақ басшысы Қырымбек Көшербаевтың бастамасымен ҚР ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссияның облыстағы жұмысы жемісті нәтиже беруде. Айта кету қажет, материалдық емес мәдени құндылықтарды қорғау туралы конвенция 2003 жылы қабылданып, 2011 жылы біздің елде ратификацияланды.
         2003 жылы Елбасы тапсырмасымен «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы да қабылданды. Осылайша, Қазақстан ТМД елдерінің ішінде алғашқылардың бірі болып ауқымды жобаны жүзеге асырды. Соның нәтижесінде ЮНЕСКО-ның мәдени мұралар тізіміне көптеген ұлттық құндылықтарымыз енді. Мәселен, 1-2 жыл көлемінде бүкіләлемдік мұралар тізіміне қазақтың киіз үйі, айтыс және күй өнері қосылды. Бүгінгі Ұлттық комиссия отырысының келесі кезеңінде де Қорқыт Ата атындағы ҚМУ ұсынған Қорқыттың күй-мұраларын әлемдік мәдени құндылықтардың қатарына қосу жұмысы таныстырылды. Әріптестік байланыс арта берсін деген ниетпен семинар жұмысына сәттілік тілеймін, - деді Рүстемов.
          Келесі кезекте сөз алған Дархан Қыдырәлі философиялық мазмұны терең аңыз кейіпкері Қорқыт баба рухани болмысымыздың алтын арқауы екенін, оның қалдырған «Мәңгілік өмір» идеясы Елбасы Н.Назарбаев тұжырымдаған «Мәңгілік ел концепциясымен сабақтасатынын айтып өтті. Сондай-ақ, спикер Түркияның Байбұрт қаласында да, Кавказда да Қорқыттың мазары болғанымен, Қорқыт мазарларының негізгісі - Сыр бойында тұрғанын, күйлерінің тек қазақ арасында сақталуы, басқа түркі халықтарында кездеспейтін Қорқыт аңыздарының бүгінге дейін қазақ арқылы жетуі - Қорқыт мұрасының мұрагері қазақ екенін көрсететініне тоқталды. Жалпы, маңызы мол кездесуде бірқатар мәселенің басы ашылды.

    толығырақ

  • Азиада ойындары тарихында Қазақстан медаль саны бойынша үздік үштікте

    17.02.2017

    Азиада ойындары тарихында Қазақстан медаль саны бойынша үздік үштікте

         19 ақпан күні Саппоро қаласында (Жапония) VIII қысқы Азия ойындарының жалауы желбірейді.
         Естеріңізге сала кетейік, Астана мен Алматы қалаларында VII қысқы «Азиаданы» өткізу кезінде Азия Олимпиадалық Кеңесі Бас Ассамблеясының отырысында келесі байрақты бәсекені ұйымдастыру құқығын Жапонияның Саппоро және Обихиро қалаларына беру туралы шешім қабылданды.
        Бұл дода Саппоро қаласында үшінші рет өткелі отыр. Жалпы Азиада ойындарын Жапония төртінші мәрте қабылдайды. 
         11 ақпанда Алматы қаласында қазақстандық делегацияны Жапонияда өтетін VIII қысқы Азия ойындарына салтанатты шығарып салу рәсімі өткен болатын. Бұл мерекелі іс-шарада біздің ту ұстаушымыз - шаңғышы Ердос Ахмадиев спортшылар атынан ант оқып, жеңіспен оралуға уәде берді.
          Негізі бұл ойындар 2015 жылы өтуі тиіс еді. Алайда, 2009 жылғы 3 шілдеде Сингапурде өткен Азия Олимпиадалық Кеңесінің (АОК) Бас Ассамблеясы оны  қысқы Олимпиада ойындары қарсаңындағы жылға ауыстыруға шешім қабылдады.          Қысқы Азия ойындары - Азия Олимпиадалық Кеңесінің мүшелері арасында өтетін қысқы спорт түрлерінің жарысы.
           Бұл жарыстардың тарихы мынадай: Жапонияның Олимпиада комитеті 1982 жылы Азия ойындарының қысқы нұсқасын ұйымдастыруды ұсынады. Олардың бұл бастамасы қолдау тауып, бірінші қысқы Азиада 1986 жылы Саппоро қаласы (1972 жылғы қысқы Олимпиада ойындарынан кейін қалада қажетті инфрақұрылым бар еді) өтті. Алғашқы Ойындарға бар-жоғы жеті елдің өкілдері қатысса да, кейіннен олардың саны артып, 2007 жылғы Ойындарда Азия Олимпиадалық Кеңесіне мүше 45 мемлекеттің 27-сі қатысты.              
         Бұған дейінгі Ойындардың 2011 жылы қаңтар-ақпанда Алматы мен Астана қалаларында өткенін тағы да еске саламыз. 
           Қазақстан аталған жарысқа алтыншы рет қатысқалы отыр. Біздің елдің қысқы спорт өкілдері тәуелсіз команда ретінде 1996 жылғы Харбиндегі (Қытай) «Ақ Азиадаға» алғаш рет қатысып, 14 алтынмен, 2-орынды иеленген болатын.                  Қазақстандықтар 1999 жылғы құрлықтық қысқы «Олимпиадада» 10 алтын медальмен, 3-орынға тұрақтады. Төрт жыл өткен соң, Қазақстан делегациясы Жапонияның Аомори қаласында жүлдегерлер қатарынан шығып қалып, 4-орынды иеленді. Қазақстандық спортшылар 2003 жылғы сәтсіздікті 2007 жылғы Қытайдың Чанту қаласында өткен VI Ойындарда да қайталады. Ал 2011 жылғы VIІ Ойындарда жалпыкомандалық есепте бірінші орынға шықты. 
           Азия ойындары өткен барлық уақыт ішінде кешенді жарыстар төрт елде өтті. Олар: Жапония, Қытай, Оңтүстік Корея және Қазақстан. Ойындар Жапонияда төрт рет, Қытайда екі мәрте және Корея мен Қазақстанда бір-бір рет жалауын желбіретті.  Осы өткен 7 Ойындарда Азияның 10 елінің өкілдері медальдар иеленді. Қысқы спорт түрлерінен мықты саналатын Жапония, Қытай, Қазақстан және Оңтүстік Кореядан басқа, Моңғолия, Иран, Қырғызстан, Ливан, Өзбекстан және КХДР спортшылары да жүлдегерлер қатарынан көрінген. 
            Барлық 7 Азиаданың тарихын зерделеп қарасақ, Жапония құрамасы ең көп медаль иеленді. Екінші орында - Қытай. Үшінші орында Қазақстан (69 алтын, 51 күміс, 44 қола, барлығы 164 медаль).
             Осылайша, жалпыкомандалық есепте біз медаль жағынан басты қарсыласымыз Оңтүстік Кореядан озып тұрмыз.  2017 жылғы Саппоро қаласында өтетін Ойындарда спорттың 11 түрінен 64 медаль жиынтығы сарапқа салынады.  Қазақстан делегациясы осы ойындарға кейбір спорт түрлері бойынша екінші құраммен барады. Оның себебі, біздің көшбасшыларымызда бұл уақытта бірқатар спорт түрлерінен Әлем чемпионаты, Әлем кубогының кезеңдері өтеді. Кейбір оза шабатын спортшыларымыз 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиададан (Алматы қаласы, 29 қаңтар-8 ақпан) кейін аз уақыт ішінде спорттық бабына келіп, толыққанды дайындыққа кірісе алмайды.  Соған қарамастан, біздің команданың құрамында Денис Тен, Элизабет Тұрсынбаева (мәнерлеп сырғанау), Роман Креч, Денис Кузин, Екатерина Айдова, Дмитрий Бабенко (бәрі - конькимен жүгіру спорты), Дмитрий Рейхард (фристайл-могул), Алина Райкова, Галина Вишневская (екеуі де - биатлон), Николай Чеботько (шаңғымен жүгіру), Айдар Бекжанов (шорт-трек), Марат Жапаров (шаңғымен тұғырдан секіру) сынды атақты спортшыларымыз бар. 
         Ашылу салтанатында ту ұстаушы, шаңғы жарысынан Қазақстанның 5 дүркін чемпионы Ердос Ахмадиев Қазақстан спорттық делегациясын бастап шығады. 2014 жылғы Сочидегі Олимпиадада да Ердос Қазақ елінің туын көтеріп шыққан еді.                    Жалпы Қазақстан құрама командасының осы ойындарда барлық 11 спорт түрі бойынша 116 спортшысы қатысады. Ел құрамасының жаттықтырушылар штабының Қазақстанның таяу арадағы резервін-ізбасарларын сынаққа салып, байқап көруге мүмкіндігі бар. Ал спортшыларымыз өздерінің құрлықтық ең ірі жарысқа қатысып, өз өнерлерін көрсетіп, нәтижелерін жақсартуға оңтайлы сәт туып тұр. Ендеше, спортшыларымызға жанкүйер болайық! 

    толығырақ

  • «Алтын қалам» әдеби жүлдесі жаңа маусымын жариялайды

    16.02.2017

         Алматыда, ақпанның 16-да Қазақстан баспасөз орталығында «Алтын қалам» әдеби жүлдесі жаңа маусымын жариялайды. Биылғы шара Алаш қозғалысының 100 жылдығына арналады. 6-шы рет ұйымдастырылып отырған байқау жұмыстарды ақпанның 17 бастап, қыркүйектің 15-не дейін қабылдайды. «Алтын қалам 2017» әдеби жүлдесі Бауыржан Оспанов жетекшілік ететін  «ZHERSU»  өндірістік-инвестициялық корпорациясының, Мұхамеджанова Нұржан Жалауқызының, Арман Шораевтың, Қазақстан баспасөз орталығының, «Аруна» баспасының қолдауымен өтеді.

          «Алтын қалам 2017» әдеби жүлдесінің бас ақпараттық серіктесі «Русское радио». Сондай-ақ 31 телеарна ақпараттық қолдау көрсетеді.  

          Биыл байқауға қазақ және орыс тілінде жазылған жұмыстар ақпанның 17 бастап, қыркүйектің 15-не дейін қабылданады. Оқырмандар қыркүйек айының 30-не дейін дауыс бере алады. Әдеби туындыларды ұйымдастыру комитетінің adebiet2014@gmail.com,   kenze2002@mail.ru электрондық поштасына жолдауға болады. Конкурс жайлы толық мәліметті  жүлденің www.akalam.kz ресми сайтынан біле аласыздар. Сайысқа түскен барлық шығарма аталған сайтта орналастырылады. Оқырмандар төмендегі аталымдар бойынша дауыс береді: 

    1. ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ПОЭЗИЯСЫ

    2. ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ПРОЗАСЫ

    3. «ДАРАБОЗ»  - ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК БАЛАЛАР ЖӘНЕ ЖАСӨСПІРІМДЕР  

       ШЫҒАРМАСЫ

    4. ЕСЕНЖОЛ ДОМБАЕВ АТЫНДАҒЫ ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК САТИРАСЫ

    5. ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ФАНТАСТИКА ЖӘНЕ ДЕТЕКТИВ ШЫҒАРМАСЫ

    6. ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК КИНОСЦЕНАРИЙІ ЖӘНЕ ДРАМАТУРГИЯСЫ

    7. ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНЕ ҚОСҚАН ЕЛЕУЛІ ЕҢБЕГІ ҮШІН

    8. ШЕТЕЛ АВТОРЛАРЫНЫҢ ҮЗДІК ШЫҒАРМАСЫ

    9. АЛАШОРДАНЫҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН АРНАЙЫ ЖҮЛДЕ

          Алаш қозғалысының 100 жылдығына орай арнайы номинацияның  жариялануын биылғы жүлденің ерекшелігі ретінде атап өтуге болады. Осы аталымның жеңімпазы ұйымдастырушылар атынан 1 000 000 млн теңге сыйақы алады. Бұл сайысқа проза, поэзия, драматургия, сатира, яғни, кез келген жанрда жазылған жұмыстар қатыса алады. Ең бастысы шығарма еліміз  тарихын арқау етіп алып, оқырмандарды елін, дәстүрін сүюге, құрметтеуге шақыруы тиіс.

          Алғашқы кезеңде шығармалар www.akalam.kz веб-сайтында іріктеледі. Оқырмандар өзіне ұнаған жұмысқа дауыс бере алады. www.akalam.kz сайтындағы онлайын-дауыс беру 7 ай бойы жалғасады. Дауыс беру аяқталған соң, қазылар әр аталым бойынша 5 шығарманы таңдап алады. Сайыстың екінші кезеңіне оқырмандар тарапынан ең көп ұпай жинаған шығармалар өтеді. Одан кейін жүлдені ұйымдастырушылар мен жоба серіктестерінен құралған қазылар әрбір номинация бойынша жеңімпаздарды анықтайды. Өткен жылдардағыдай сайыс барысында шығарма авторлары көрсетілмейді.     

           «Алтын қалам 2017» әдеби жүлдесі жеңімпаздарының есімдері күзде өтетін  марапаттау шарасында жарияланады. 

    КОНКУРС ЖАЙЛЫ:

          Қазақ әдебиетінің бүгіні мен болашағына бей-жай қарай алмайтын, қоғамдық қызметтің әр саласында еңбек етіп жүрген Досым Сатпаев, Қуат Домбай, Кенже Жұманұлы, Расул Жұмалы және Айдос Сарым секілді азаматтар ақылдаса келіп, 2009 жылы «Алтын қалам» әдеби жүлдесін өткізу туралы бастама көтерген болатын. Мақсат – еліміздің  рухани-мәдени дамуына Қазақстан азаматы ретінде өз үлесін қосу және жас дарындар мен жаңа есімдердің қалың жұртқа танылуына ықпал ету.

        Кейін байқауды ұйымдастыру комитетінің құрамына «КТК» телеарнасының бұрынғы жетекшісі Арман Шораев қосылды.  Сондай-ақ, ұйымдастыру жұмыстарына Татьяна Филипчик қолдау көрсетіп отыр. Үздіктерді анықтауға оқырмандардың ат салысуы байқаудың басты ерекшелігі саналады. Шығармаларды бағалау екі кезеңнен тұрады. Айта кететін жәйт, қазылар құрамында  кәсіби қаламгерлер, әдебиетшілер жоқ. Көптің талқысына ұсынылған әдеби шығармалардың авторы да көрсетілмейді. Мұндай талаптар жүлденің әділ өтуіне кепіл бола алады. Айта кететін жайт, «Алтын қалам» байқау жұмыстарына жазушылар емес, оқырмандар  баға беретін Қазақстандағы бірінші әдеби жүлде.

          «Алтын қалам» ұлттық әдеби жүлдесі алғаш рет 2010 жылы ұйымдастырылды. Үміткерлерден әдеби туындылар «Жылдың үздік прозасы», «Жылдың үздік поэзиясы», «Жылдың үздік ғылыми басылымы», «Жылдың үздік іскерлік басылымы», «Жылдың үздік балалар кітабы», «Блогомания» («E-Kiтап»), «Жылдың үздік аудармасы» аталымдары бойынша қабылданды. Үш ай ішінде еліміздің әр өңірінде тұратын 75 автордан 92 шығарма келіп түсті.

         Ерекше атап өтетін жайт, «Алтын қалам» жүлдесінің ұйымдастыру комитеті  саяси қылмыскер деп айыпталып, Қытай түрмелерінде 40 жыл отырған, «Қылмыс» атты 6 томдық кітапты абақтыда жазып шыққан, Қытай өкіметі  тарапынан саяси себептерге байланысты қудаланған қазақтың арда азаматы, талантты қаламгер, бүкіл ғұмыры азаттық үшін күреспен өткен Қажығұмар Шабданұлын  «Қазақ әдебиетіне қосқан зор үлесі үшін» марапаттады. Бұл Қажығұмар Шабданұлының туған жерінен алған алғашқы әдеби сыйлығы және осы сыйлықты ұйымдастырғанымызды мақтаныш етеміз. 

          2016 жылдан «АРУНА» баспасы «Алтын қалам» әдеби жүлдесімен ынтымақтаса бастады. Конкурсқа қатысушылардың бірі Тұмар Мұқаштегінің балаларға арналған «Шимай-шатпақ» кітабын баспадан шығарды. Енді баспа өткен жылдың қорытындысы бойынша «Жылдың үздік балалар шығармасы» номинациясының үздік шығармаларының бірін кітап етіп шығаруды жоспарлап отыр.

     ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІНІҢ ЭЛЕКТРОНДЫҚ МЕКЕН-ЖАЙЫ:  adebiet2014@gmail.com БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ  87013366053 

    толығырақ

  • Үндістан қазақстандық «Әл-Фараби-1» жер серігін ұшырды

    16.02.2017

    Үндістан қазақстандық «Әл-Фараби-1» жер серігін ұшырды

          15 ақпан күні сағат 09.28-де Үндістан ғарыш зерттеу ұйымы (ISRO) 103 спутникпен қоса, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті соңғы технология үлгісімен жасаған салмағы 1,7 келілік наноспутникті ұшырды, деп хабарлады Үндістан елшілігінде.
          104 спутник зымыран тасығыш көмегімен Шрихарикота аралында орналасқан Сатиш Дхван атындағы ғарыш орталығынан орбитаға (PSLV-C37) ұшырылды. ISRO аталмыш құрылғыны ұшырғаннан кейін, бір уақытта ең көп жерсерікті ұшыру бойынша әлемдік рекорд орнатты.
        Үндістанның 714 келілік «Cartosat-2» серігі ұшырылымның негізгі спутнигі атанды. Бір мезетте ұшырылған 103 спутниктің тек екеуі Үндістанға тиесілі. Қалғаны Израиль (1), Қазақстан (1), Нидерланды (1), Швейцария (1), Біріккен Араб Әмірліктері (1) және Америка Құрама штаттары (96) секілді елдердің серіктері болып табылады.
           PSLV-C37 бортына тиелген 104 спутниктің жалпы салмағы 1 378 келіні құрайды. Аппараттар 16 минут 48 секунд бойы ұшқаннан кейін орбитаға жеткен. Кейінгі 12 минутта барлық 104 құрылғы жеке жеке бөлініп шықты. 
        Үндістан мен Қазақстан ғарыш қызметі саласындағы серіктестік туралы меморандумға 2009 жылдың қаңтар айында қол қойған.            

    толығырақ

  • Қазақстанда тұңғыш рет қар үстіндегі шөгеннен халықаралық турнирі өтеді

    14.02.2017

        Қазақстанда тұңғыш рет қар үстіндегі шөгеннен «Almaty Snow Polo Cup» халықаралық турнирі өтеді. Ол 17-19 ақпан күндері Алматы облысының Талғар ауданы Т.Рысқұлов ауылындағы «Ақбұлақ» спорттық-сауықтыру кешені аймағындағы ат спорты кешенінде болады. Қазақстан шөген федерациясы ұйымдастырып отырған бұл турнирге  Қазақстан, Аргентина, Германия және Швейцариядан келген алты команда жарыстың жүлделерін сарапқа салмақ.

         Алатау бөктеріндегі турнирге «Munich Polo Club» (Германия), «Polo Match Club» (Аргентина) және «Cosmo Polo Club» (Швейцария) сынды шетелдік тәжірибелі клубтарымен қатар, Қазақстанның үш командасы: «Әулиеата» шөген клубы, «Astana Polo Club» және «Almaty Horse & Polo Club» қатысады.  Жарыстың бас төрешісі қызметін Германиядан арнайы шақыртылған маман Джей Вульф-Вирнэр атқарады. Елімізде енді ғана қанат жайып келе жатқан шөген спортынан халықаралық турнир тұңғыш рет өткелі тұр, 2016 жылы қар үстіндегі шөгеннен Республикалық турнир ұйымдастырылған болатын. 

          Қазақстан шөген федерациясы 2012 жылы құрылды. 2014 жылы Халықаралық федерацияға мүше болды. 2015 жылдың қыркүйек айынан бері Қазақстан құрамасы және бірнеше отандық клуб шетелде, соның ішінде аталмыш спорт түрінде көш бастап тұрған Аргентина елінде тұрақты түрде жаттығу жиындарын өткізіп, халықаралық турнирлерде жүлде салуда.

           Шөген спортын Қазақстанда кеңінен дамыту мақсатында 2017 жылы федерация балаларға тегін шөген секциясын ашты. «Ақбұлақ» спорттық сауықтыру кешені аймағындағы ат спорты кешенінде өткізілетін жаттығуларға 9-15 жас аралығындағы жасөспірімдер қатыса алады. Шөгеннің қыр-сырын еліміздің білікті бапкерлері үйретеді.   

    толығырақ

  • Оңтүстік жігіттері шетелдік қыздармен көбірек некелеседі

    14.02.2017

    Оңтүстік жігіттері шетелдік қыздармен көбірек некелеседі

        Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, Оңтүстік Қазақстан облысы азаматтары көбіне шетелдік қыздарға үйленеді.
         ҚР Ұлттық экономика министрлігінің «ҚазАқпарат» ХАА-ның ресми сауалына берген жауабында, 2016 жылдың қаңтар мен қараша айларында қазақстандық 2154 қыз бен 3112 ер адам шетелдік азаматтармен некеге отырған.  
          Өзге елдің азаматшаларымен көбіне ОҚО-лықтар некелескен. Аталған аймақтың 658 азаматы өзге елдің қызын жар еткен. Мысалы, сондай отбасының бірі түркістандық Күлсановтар жанұясы. Тәжікстаннан келген Муниса Қ. Ясауи атындағы қазақ-түрік университетіне 2014 жылы оқуға түседі. Оның жары Қайрат сол кезде өз бизнесін енді бастаған кезі болатын. Ол студент қызды көріп, онымен танысады.

          «Танысқаннан бастап біз айырылмауға бекіндік. 2 жылдан кейін тойымызды өткіздік. Той екі қалада Душанбе және Түркістанда болды. Қазақ, тәжіктің дәстүрінде, ұлттық тағамдарында бір ұқсастықтар бар дер едім. Тойымыз жақсы өтіп, барлығы риза болды», - деді Муниса. Қазір жастар Түркістан қаласында тұрады. Муниса оқуын жалғастырып жатса, Қайрат өз ісімен айналысып келеді. Жас отбасы қазақ-тәжік дәстүрін бірдей ұстап, болашақта 5 балалы болуды армандайды. «Мен тамақ істегенді ұнатамын, сондықтан үйде түрлі тағамдар әзірлейміз. Мен бауырсақ пісіріп, ет асамын, тәжік палауын да басамын. Жалпы, асхана кез келген шығыс әйелінің өмірдегі басты дүниесі деп есептеймін. Оқуымды аяқтаған соң өмірімді отбасыма, балаларыма арнағым келеді. Қазақ елі мен тәжік халқының мақтан тұтар ұл-қыздарын тәрбиелегім келеді», - дейді Муниса.

          Сондай-ақ, Алматы мен Астананың қыздары шетелдіктерге көбірек тұрмысқа шығады. Өткен жылы Алматыдан - 510, Астанадан 260 қыз шетелдікпен некеге тұрған. Мысалы, алматылық Жанна Байзрахманова-Бриеде әлеуметтік желі арқылы 2014 жылы Мартин Бриедис деген латышпен отасып, қазір Лондонда тұрады.    

     http://www.inform.kz/kz/ontustik-zhigitteri-sheteldik-kyzdarmen-kobirek-nekelesedi_a2999075

    толығырақ

  • Шетелден келіп Қазақстанда PHD докторлығын қорғаған қазақ жастары Дүниежүзі қазақтары қауымдастығында бас қосты

    13.02.2017

        Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Жастар орталығының жетекшісі Талапбек Тынысбектің ұйымдастыруымен 13 ақпан күні Қазақстанда PHD докторлығын қорғаған шетелден келген қазақ жастары Алматыда бас қосып, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Төралқа төрағасының бірінші орынбасары Талғат Мамашевпен кездесті. 

         

         Онда жалпы, орта, арнаулы, жоғары және жоғарыдан кейінгі білім беру мәселелері, ғылымды меңгеру, дайындық бөлімінде оқу, азаматтық алу мәселелері жан-жақты сөз болды. Т.Мамашев сұрақтарға жауап беріп, Қазақстанның көші-қон саясаты мен түрлі салаларға қатысты заңнамаларына өзгерістер мен түзетулер енгізудің жай-күйін және алдағы жаз айында жоспарланып отырған Дүниежүзі қазақтарының 5-құрылтайын ұйымдастыруға дайындықтың барысымен таныстырды.

    толығырақ

  • Қанат Ислам жас боксшыларды «Қазақ» командасына шақырды

    10.02.2017

    Қанат Ислам жас боксшыларды «Қазақ» командасына шақырды

             Кәсіпқой бокстан бірінші орта салмақ бойынша WBA Fedelatin, WBO Inter-Continental, UBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы, жерлесіміз Қанат Ислам видеоүндеу жасап, қазақ боксшыларын командасына шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
    Ол "Қазақ" командасына ауыр салмақтағы боксшымыз Руслан Мырсатаевтың да қосылғанын хабарлады. Қазір Руслан АҚШ-та Қанат Исламмен бірге бір залда жаттығу жасауда. «Міне бүгін Kazakh team командасына Руслан Мырсатаев келіп қосылды. АҚШ-тағы ортамыз тағы бір қазаққа көбейді. Америкадағы  Kazakh team командасы қазақтарды әлемге танытуды мақсат етіп отыр. Қазақтың жастары, қазақтың батырлары келіңдер, біздің командаға қосылыңдар! Қазақтың туын бірге көтерейік, Алға Қазақстан!» - деді видео жолдауында Қанат Ислам. Видеоны желіге Қанат Исламның ақпараттық көмекшісі Берік Сұлтан жүктеді.   Естеріңізге сала кетейік, Қанат Ислам 17 ақпанда бразилиялық Робсон Ассиспен жұдырықтасады. Қазір қызу дайындалып жатыр. Жекпе-жекті "Қазақстан" арнасы тікелей эфирден көрсетеді деп жоспарлануда.

    Кәсіпқой бокстан бірінші орта салмақ бойынша WBA Fedelatin, WBO Inter-Continental, UBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы, жерлесіміз Қанат Ислам видеоүндеу жасап, қазақ боксшыларын командасына шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

         Ол "Қазақ" командасына ауыр салмақтағы боксшымыз Руслан Мырсатаевтың да қосылғанын хабарлады. Қазір Руслан АҚШ-та Қанат Исламмен бірге бір залда жаттығу жасауда. «Міне бүгін Kazakh team командасына Руслан Мырсатаев келіп қосылды. АҚШ-тағы ортамыз тағы бір қазаққа көбейді. Америкадағы  Kazakh team командасы қазақтарды әлемге танытуды мақсат етіп отыр. Қазақтың жастары, қазақтың батырлары келіңдер, біздің командаға қосылыңдар! Қазақтың туын бірге көтерейік, Алға Қазақстан!» - деді видео жолдауында Қанат Ислам. Видеоны желіге Қанат Исламның ақпараттық көмекшісі Берік Сұлтан жүктеді.  

         Естеріңізге сала кетейік, Қанат Ислам 17 ақпанда бразилиялық Робсон Ассиспен жұдырықтасады. Қазір қызу дайындалып жатыр. Жекпе-жекті "Қазақстан" арнасы тікелей эфирден көрсетеді деп жоспарлануда.

     http://www.inform.kz/kz/kanat-islam-zhas-boksshylardy-kazak-komandasyna-shakyrdy_a2997948


    Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз http://www.inform.kz/kz/kanat-islam-zhas-boksshylardy-kazak-komandasyna-shakyrdy_a2997948

    толығырақ

  • БҰҰ ЭКСПО-2017 базасында жасыл технологиялар орталығын ашу туралы Елбасы бастамасын қолдады

    09.02.2017

        «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов ЭКСПО-2017 көрмесінің ұйымдастырушы кеңсесінде Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының көмекшісі, БҰҰ Даму бағдарламасы Еуропа мен ТМД елдері бойынша Өңірлік Бюросының директоры, БҰҰ ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің Бас Комиссары Джихан Сұлтаноглумен кездесіп, ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысу келісімшартына қол қойды. Кездесу барысында тараптар ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық жобасын талқылады.

            Ахметжан Есімов бүгінгі таңда 115 ел мен 18 халықаралық ұйым көрмеге қатысатындығын растағандығы туралы мәлімдеді. 18 ел павильондарын тақырыптық безендіруге кірісті. Жаңартылған энергия көздері саласында БҰҰ экспозиялары ең үздік жобалар мен жетістіктерін көрсететініне сенімділік білдірді.

             Өз кезегінде, Султаноглу ханым Қазақстанның Тұрақты Даму Мақсаты дамуында, сондай-ақ, мемлекеттің тұрақты және рационалды энергия саласында ықпал ететін шаралар қоладануы мен келісім жүргізе алуы  көшбасшылықтың белгісі ретінде бағалады.

     

    «Біз Н.Ә.Назарбаевтың жасыл технология орталығын ашу жайлы бастамасын қолдаймыз. Сонымен қатар, осы жобаға өз көмегімізді көрсетуге дайынбыз. Тұрақты энергия тақырыбында бұл көрме Қазақсатан үшін таптырмас мүмкіндік болатынына сенімдімін. БҰҰ өз үлесін қосуға дайын» - деді Султаноглу ханым.

           Джихан Сұлтаноглу ЭКСПО-2017 Бас Комиссар рөлін  атқарып, бүкіл БҰҰ қатысуы жүйесінің жұмысын үлестіреді.  

    толығырақ

  • 1 наурыздан бастап ескі 1000 теңге айналымнан шығады

    09.02.2017

            Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2017 жылғы 1 наурыздан бастап 2006 жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік банкноттардың айналыста болуын аяқтайтынын және төлем құралы болуын тоқтататынын еске салады.
           Аталған күнге дейін бұл банкноттар заңды төлем құралы болып табылады және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төлемдер және банк операциялары үшін қандай да болмасын шектеусіз пайдаланылады.

    «2006 жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік банкноттарды Ұлттық Банктің барлық филиалдарында олардың айналыста болуының аяқталу күнін күтпей айырбастауға болады. Одан кейін 12 ай ішінде – 2017 жылғы 1 наурыз – 2018 жылғы 28 ақпан аралығында қоса алғанда – көрсетілген банкноттар кез келген екінші деңгейдегі банкте айырбасталады. ҚР Ұлттық Банкінің барлық филиалдарында 2006 жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік банкноттар айырбастау үшін 2021 жылғы 28 ақпанға дейін қабылданады. Ұлттық Банк филиалдары бұл банкноттарды комиссия алмай айырбастайды. Бұл ретте Ұлттық Банк заңды төлем құралы болып табылатын номиналы 1000 теңгелік ескерткіш банкноттардың айналыста», - делінген хабарламада.

         Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес айналыстағы банкноттарды қабылдаудан бас тарту шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың банкноттарды қабылдаудан, ұсақтаудан және айырбастаудан бас тартуы елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

              https://baq.kz/kk/news/ekonomika/1_naurizdan_bastap_eski_1000_tenge_ainalimnan_shigadi20170209_101500

    толығырақ

  • Бокстан Қазақстан қыздар құрамасы Швецияда үш алтын алды

    09.02.2017

        

           Швецияның Бурос қаласында өтіп жатқан Golden Girl турнирінде Қазақстанның боксшы қыздары 3 алтын, 2 күміс және 6 қола медаль алды, деп хабарлайды Қазақстан Бокс федерациясы.

            Турнирде алғашқы алтынға 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі Елдана Тәліпова ие болды. Жас боксшы финалда ирландиялық Лорен Райанды бірінші раундтың 90-секундында-ақ төрешілер шешімімен жеңген болатын.

             Жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионы 16 жастағы Надежда Рябец (69 келі) ақтық сында канадалық Чарли Каваноны жеңді. Ал турнирде үшінші алтынға Алматы облысынан шыққан 16 жастағы Гүзалия Садықова ие болды. Финалда ол тағы бір жерлісіміз Салтанат Естаевамен сынға түсті.

            Рябец пен Садықова 2018 жылдың қыркүйегінде Буэнос-Айресте өтетін жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарына қатысуға үміткер болып саналады.

             Айта кетейік, Швецияның Бурос қаласында өтіп жатқан жарысқа әлемнің 22 елінен 254 спортшы қатысты.

              https://www.egemen.kz/2017/02/08/99808

    толығырақ

  • Универсиада-2017. Қазақстан құрамасы командалық есепті екінші орынмен аяқтады

    09.02.2017

          Алматыда өтіп жатқан қысқы Универсиада ойындарында Қазақстан құрамасы 11 алтын, 7 күміс және 17 қоламен жалпы есепте екінші орынға тоқталды.

           Ал 29 алтын, 27 күміс және 15 қола, жалпы саны 71 медаль алған Ресей құрамасы жарысты бірінші орынмен аяқтады. Үздік үштікті Оңтүстік Корея спортшылары түйіндеді. Олардың еншісінде 11 алтын, 5 күміс және 5 қола медаль бар.

          Ел құрамасы бұған дейін 36 медаль алып көрмеген. Осылайша Универсиада тарихындағы өз көрсеткішін үш есе жақсартты.

            Соңғы рет Испанияның Гранада қаласында өткен жарыста жерлестеріміз бес алтын және алты күміс медаль жеңіп алған болатын. Алайда, бұл көрсеткіш Алматыда өткен Универсиаданың төртінші күнінде-ақ жаңарып үлгерді. Бұл күні спортшыларымыз алты алтын, екі күміс және жеті қола медаль алған болатын.

             https://www.egemen.kz/2017/02/08/99875

    толығырақ

  • Бұл күні қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаев дүниеге келген

    09.02.2017

    Бұл күні қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаев дүниеге келген

          86 жыл бұрын (1931-1976) дәл осы күні ақын, аудармашы, драматург, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Ғасыр ақыны» атағының иегері Мұқағали Мақатаев дүниеге келді.
         Алматы облысы Райымбек ауданында туған. М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) бітірген.
         1952-1969 жылдары Қарасаз бастауыш мектебінде орыс тілінің мұғалімі, Қазақ радиосының дикторы, Шалкөдеде Қызыл отау меңгерушісі, Нарынқол аудандық «Советтік шекара» (қазіргі «Хантәңірі») газетінің жауапты хатшысы, «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде, «Мәдениет және тұрмыс» (қазіргі «Парасат»), «Жұлдыз» журналдарында әдеби қызметкер, Жазушылар одағы поэзия бөлімінің кеңесшісі қызметтерін атқарған.
          1973-1974 жылдары Мәскеудегі Әдебиет және өнер институтында оқыған. Ақынның тырнақалды туындылары Нарынқол аудандық «Советтік шекара» газетінде 1948 жылы жарияланған. Оның «Ақ қайың әні», «Аққулар ұйықтағанда», «Арман», «Шолпан», «Райымбек! Райымбек!», «Қашқын», «Моцарт. Жан азасы» атты поэма толғаулары мен 650-ден астам лирикалық өлеңдері бар. Ол қазақ өлеңін мазмұн, пішін жағынан түрлендіріп, интонация, инверсия, мазмұн тұрғысынан жаңалық енгізді.
          Мұқағали Мақатаев поэзия жанрында ғана емес, проза, драма, сын саласында да қалам тартты. Оның «Қош, махаббат» жинағына әр жылдар жазылған «Құлпытас», «Марусяның тауы», «Өзгермепті», «Әже» әңгімелері, «Қос қарлығаш», «Жыл құстары» повестері мен «Қош махаббат» пьесасы, бірнеше сыни еңбектері енген.
          Аударма саласында Шекспирдің сонеттерін, Дантенің «Құдіретті комедиясын», Е.Евтушенко, А.Акопян, Ф.Моргун, У.Уитмен, Р.Бернс, Ф.Ансаридің өлеңдерін тәржімалаған. Оның өлеңдеріне Нұрғиса Тілендиев, Шәмші Қалдаяқов, Бейбіт Оралұлы, Алтынбек Қоразбаев тағы басқа сазгерлер ән жазды. Алматыда ақын атында мектеп, көше және сол көше бойында ескерткіші бар. Туған ауылы Қарасазда мұражайы ашылды. Қазақстан Жазушылар одағы 1985 жылдан бері үздік әдеби шығарма авторларына берілетін Мұқағали Мақатаев атындағы сыйлық тағайындаған.  

    толығырақ

  • Димаш Құдайберген Джеки Чанға шапан кигізіп, домбыра сыйға тартты

    07.02.2017

    Димаш Құдайберген Джеки Чанға шапан кигізіп, домбыра сыйға тартты

           Қытайда Singer 2017 ән байқауына қатысып жатқан қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Қытайдың әйгілі кино актері Джеки Чанмен кездесіп, қазақи шапан кигізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
          Димаш өз инстаграм парақшасына «Бүгін менің өмірімде тариxи есте қалатын ерекше күн! Атақты актер Джеки Чан мырза мені теледидардан көріп, кездесуге шақырды! Кездесуде актер маған өзінің эксклюзивті күртешесін және арнайы фирмалық ән тыңдау құрылғысын сыйға тартты! Ал мен актерге қазақтың шапанын жауып, домбыраны сыйға тарттым! Домбырамен бір күй шертіп беруімді өтінген Джеки Чанға Нұрғисаның "Әлқисасынан" шашу шаштым!
         Өз кезегінде актер маған соңғы "Kung Fu Yoga" кинокартинасындағы би қимылдарын үйретті. Бала кезімнен бері келе жатқан сүйікті актерім маған өз ақыл кеңестерін беріп, шығармашылығымды бақылайтынын айтты. Сөз соңында, барша Қазақстан xалқын жаңа жыл мерекесімен құттықтап, әдемі лебіз-тілегін білдірді! Келесі кездесуді асыға күтеміз! Армандар орындалады!», -  деп жазды.

    толығырақ

  • Универсиаданы өткізу қысқы спорт түрлерінің аймақтық орталығы ретінде Алматының орнын нығайта түсті

    06.02.2017

          Алматының тау бөктерінде орналасқаны дәстүрлі қысқы спорт түрлерімен шұғылдану үшін табиғи жағдайды қамтамасыз етіп отырғаны даусыз. Алайда Азия ойындары және Универсиада сынды бірнеше сайыстар қатар өткізілетін халықаралық іс-шаралар, сондай-ақ, қаланың спорт инфрақұрылымына құйылған инвестициялар арқасында мегаполистің халықаралық федерациялардың талаптарына жауап беретін өз спорт нысандары пайда болып, енді Алматы тіпті Олимпиада ойындарына дейін, кез келген деңгейдегі жарыстарды қабылдауға дайын. Универсиадаға қатысып отырған нысандардың барлығы FISU стандарттарына сәйкестендіріліп, Алматы агломерациясында заманауи тау-шаңғы кластері құрылып отыр.

              «Табаған» спорт ойын-сауық кешені және «Шымбұлақ» тау-шаңғы шипажайы секілді спорт нысандарын қайта құрып, жаңартудың арқасында сырғанау сапасы мен қауіпсіздігі айтарлықтай жақсарып, сондай-ақ, сырғанау маусымын тағы бір айға созуға мүмкіндік пайда болып отыр, осылайша шипажайлардың өткізу қабілеті арттырылды», - деп атап өтуде Универсиадаға дайындалу және өткізу жөніндегі Дирекция өкілдері.

           Сондай-ақ, Алматыдағы Универсиада  көрермендер жарыстарға өте жоғары деңгейде қызығушылық танытып отырғанын байқатуда, бұл қалада спорт оқиғаларын өткізу үшін айтарлықтай маңызға ие екені түсінікті. Универсиада-2017 аясында өткізіліп отырған іс-шаралардың барлығында дерлік трибуналар лық толып, сатылымға қосымша билеттер түскен кезде бірден кезекке тұратындар да аз емес. Қазақстандық жанкүйерлер атлеттерге кеңінен қолдау көрсетіп, қайталанбас нағыз спорт думанын жасауға көмектесуде.

          Алматының спорт инфрақұрылымы жарыстар арасындағы үзіліс кезінде де толығымен қызмет жасауда. Тұрғындардың, әсіресе, жастардың спортпен шұғылдануға және де салауатты өмір салтына деген қызығушылығы үздіксіз артып келеді. Қала билігінің бағалауы бойынша өткен қысқы маусыммен салыстырғанда «Медеу» және «Шымбұлақ» жоғары таулы шипажайарына келушілер саны екі есеге, конькимен сырғанаушылар 60%-ға, ал шаңғы және сноуборд әуесқойлары 30%-ға артқан.

           Қала инфрақұрылымында жаңа спорт алаңдарының бой көтеруі арқасында алматылықтар ғана емес, сондай-ақ, облыс тұрғындары да бос уақытын белсенді өткізуге мүмкіндік алып отыр. Қазір жарыстар өткізілмейтін уақытта «Алматы Арена» және «Халық Арена» стадиондарында қалың жұрт жаппай сырғанап жүр. Мәселен, «Алматы Арена» мұз айдынына билет құны ересек үшін 500 теңгеден бастап 1000 теңгеге дейін, ал Медеуге 1600 теңгеге дейін. Алматы қаласы әкімдігінің есептеуі бойынша жолға кететін шығындарды есептейтін болсақ, 4 балалы бір отбасы немесе шағын жастар тобы үшін жаңа алаңда сырғанау 1,7 есеге дерлік арзандау шығады. 

    толығырақ

  • Өскемендегі хайуанаттар бағында ТМД-дағы ең кәрі аю мекендейді

    06.02.2017

          Өскемендегі хайуанаттар бағында ТМД зообақтарындағы ең кәрі аю да осында мекен етеді. Ол 18-де, деп хабарлайды Хабар 24 телеарнасы.

         Өскемендегі хайуанаттар бағын аң-құстың түр-түрі мекен етеді. Өзге зообақтармен салыстырғанда мұндағы аюлар саны да көп. Баққа келушілер қатары сиреген емес. Жануарлар да адамдарға әбден үйреніп алған. Олар өздеріне көрсетілген қамқорлыққа алғыспен жауап береді.

         «Қаламызда мұндай бақтың бар болғанына қуанамыз. Әсіресе, балаларымызға қатты ұнайды. Мұның тәрбиелік мәні де зор. Жан-жануарды көзбен көріп, қамқор танытуы олардың мейірімді болып өсуіне ықпал етеді», - дейді хайуанаттарды тамашалатуға балаларын алып келген Владимир Царев.

          Багира есімді мына тау арыстанын ресейліктер табыс еткен. Зообақта бүгінде 300-ден аса аң-құс мекендейді. Көрермен көзайымына айналған бұл қонжықтардың жасы 1,5-да.

         Жалпы мамандар аюға ерекше күтім жасалатынын айтады. Мына кішкентай сілеусін қалаға адасып келген екен. Пананы балабақшадан іздепті. Алайда мысықтұқымдас жыртқыштың ендігі мекені осы зообақ.

          «Өзім екі жігітті алып барып, сол жерде ұстап әкелдік. Өзінің халі нашар болған. Таудан келген ғой. Биыл қал қалың, Даладан тамақ таба алмай адамдарға келген ғой. 2 айдан асты тамағын жеп, қазір көңіл-күйі жақсы», дейді жануарлар дәрігері Айдархан Төлегенов.

        Хайуанаттар бағы қызметкерлерінің басты міндеті - мұндағы аң-құсты қыстан шығынсыз өткізу. Бұған барлық жағдай жасалған. Мамандар қыс кезінде зообақтағы хайуанаттарды жиі тамақтандыруға тура келетін айтады. Сол себепті кез-келген көмектен бас тартпаймыз дейді.     

         http://www.inform.kz/kz/oskemendegi-hayuanattar-bagynda-tmd-dagy-en-kari-ayu-mekendeydi_a2996159

    толығырақ

  • Қазақстан қысқы Универсиададағы өз рекордын жаңартты

    03.02.2017

         

             Қазақстан құрамасы төрт күн ішінде Универсиада тарихында жеңіп алған жүлделер саны бойынша өз рекордын жаңартты, деп хабарлайды vesti.kz. 

           Алматыда өтіп жатқан ойындарда еліміздің спортшылары алты алтын, екі күміс және жеті қола медаль ұтып алды.

             Осыған дейін еліміздің спортшылары ең жоғарғы көрсеткішті 2015 жылы Гранада қаласында өткен қысқы Универсиада ойындарында көрсеткен еді. Испания жерінде қазақ спортшылары бес алтын және алты күміс медаль алған болатын.

          28-ші рет өтіп жатқан Универсиада ойынында біздің қоржынымызға алтынды әзірге биатлоншылар Алина Райкова мен Галина Вишневская, могулшылар Дмитрий Рейхард пен Юлия Галышева, шаңғышы Иван Люфт және де фристайлшылар Жанбота Алдабергенова мен Бағлан Іңкәрбек жеңіп алды.

            Күміс медальдарды биатлоншы Галина Вишневская мен фристайлшы Жібек Арапбаева иемденді.

            Қола медальдарды шаңғышылар Анна Стоян мен Анна Шевченко (екі жүлде), биатлоншы Роман Еремин, конькиші Екатерина Айдова, фристайлшы Павел Колмаков пен Жанбота Алдабергенова алды.

            Осылайша, Қазақстан құрамасы 15 медалімен жалпы есепте екінші орынға тұрақтады.

           https://www.egemen.kz/2017/02/02/98080

    толығырақ

  • Елбасы Жолдауында айтылған мәселелерден шетелдегі қандастармыз да сырт қалмайды

    02.02.2017

        Алматыда 1 ақпан күні Достық үйінде республикалық этномәдени бірлестіктердің жетекшілері, Қазақстан  халқы Ассамблеясы Кеңесінің мүшелерімен республикалық жиын өтті. Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжанов, ҚХА Төрағасының орынбасары Л.Питаленко, ҚХА Ке­ңе­сінің мүшелері, этномәдени бірлестіктердің белсенділері, жас­тар ұйымдары, ҚХА Ғы­лы­ми-сараптамалық кеңесі мен зиялық қауым өкілдері, ҚХА-ның өзге де құрылымдарының басшылары қатысты. Жиын барысында Н.Назарбаевтың «Қазақстанның Үшінші жаң­ғыруы: жаһандық бәсекеге қа­білеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауы, сондай-ақ, Мемлекет басшысының конс­ти­туциялық реформасына байланысты ұсыныстарды әзірлеу мәселелері талқыланды.

       Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Төрағасының 1-орынбасары Т.Мамашевтың айтуынша, Елбасы Жолдауында айтылған мәселелерден шетелдегі қандастармыз да сырт қалмайды. «Елдің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін экономикалық өсімнің жаңа моделін жасауда шетелдегі 5 млн-ға жуық қандастармыздың әлеуметтік, демографиялық, мәдени, экономикалық және саяси әлеуеті де назардан тыс қалмайды деп үміттенеміз. Олармен мәдени қарым-қатынас орнатып, ұлттық рухани тұрғыдан қолдау көрсетіп жүрген Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Елбасы Жолдауында айтылған Қазақстанды жаңғыртудың бес негізгі басымдығын насихаттау және түсіндіру жұмысын жоспарға сай жүргізетін болады. Бұл бағытта жылдағы дәстүр бойынша, Жолдаудың мәтінін Қытайдағы қазақтар үшін Ахмет Байтұрсынов әдіпбиі бойынша, Ресейдегі қазақтар үшін кириллицамен, Еуропадағы қазақтар үшін латын әліпбиімен қазақша-орысша, қазақша-өзбекше, қазақша-мұңғылша, қазақша-ағылшынша және сұранысқа қарай өзге де тілдерге аударамыз. Оны шетелдегі ұлттық-мәдени орталықтар арқылы және Қауымдастық ұйымдастыратын және оның атсалысумен өтетін түрлі құрылтайлар, конференциялар, дөңгелек үстел жиындары мен мәдени, спорттық және тағы басқа да шараларда шетелдегі қандастарымызға тарататын боламыз. Сондай-ақ Қазақстанның жетекші ғалымдары мен қоғам қайраткерлерінің көмегімен түсіндіру, талдау, насихаттау жұмыстарын жүргізеді» деді Т.Асылұлы.

           Ерлік Ержанұлы

    толығырақ

  • Балалар мен жасөспірімдер театрының репертуары ресейлік қазақтың жаңа қойылымымен толықты

    02.02.2017

          Алматыдағы Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында Олжас Жанайдаровтың Сұлтанәлі Балғабаевтың аудармасымен «Жастық туралы...» аллегориясының премьерасы өтті. Сұлтан Сраиловтың режиссерлігімен сахналанған қойылым өмірді өз қалауымша сүрсем бола ма деген сауалға жауап іздейді.

           

          Осы арада қойылым авторы туралы да аз-кем мағлұмат бере кеткен жөн шығар. 1980 жылы Алматыда туғанымен,  әкесінің әскери қызмет бабымен 1987 жылы Мәскеуге қоныс аударып, сонда білім алып, қызмет етіп жүрген Олжас Ерденұлы Жанайдаров.  Түрлі ресейлік және халықаралық байқаулардың лауреаты атанған ол Мәскеу журналистер одағының, Мәскеу жазушылар одағының мүшесі. Ресейде жазушы, журналист, сценарист, драматург ретінде танылған автордың әдеби лақап аты Константин Жаров. Әдебиеттегі алғашқы шығармасын 2005 жылы жарық көрген «Прорлог. Молодая литература России» деген жинақтағы «Когда солнце в зените» деген трилогиямен бастаған. Бірнеше роман, повест, әңгіме, пьесса, сценарилердің авторы атанған қаламгердің драматургиялық  қойылымы Мәскеуде театрда қойылып,  сценарийлері бойынша фильмдер де түсірілген.

             Ерлік Ержанұлы

    толығырақ

  • Журналистер волонтерді неге ерікті деп жүр?

    01.02.2017

        Қазір күллі Қазақстан 29-қаңтар мен 8-ақпан аралығында Алматыда өтетін 28-ші Дүниежүзілік Қысқы Универсиада ойындарының жаңалықтарына құлақ түруде. Ақпарат құралдары материалдарында жан-жақтан келетін спортшыларға қызмет көрсететін волонтерларға қатысты ерікті, еріктілер тобы, еріктілер қызметі деген сөздер жиі айтылуда.

           Латынның «Voluntarius» деген сөзінен шыққан волонтер атауы әлемнің көптеген елдерінде халықаралық термин ретінде қолданылады. Тіпті ҚР Президентінің 2016 жылдың 30 желтоқсан күні қол қойған «Волентерлік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңында да ол көрініс тапқан. «Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар туралы» 1-бапта «волонтерлік қызметті есепке алу тізілімі – волонтерлер, волонтерлер топтары, волонтерлік ұйымдар, волонтерлік қызметті үйлестірушілер мен ұйымдастырушылар, волонтерлік бағдарламалар (жобалар), волонтерлік акциялар, олардың өткізілу орны мен уақыты, оларды өткізуге қойылатын талаптар туралы мәліметтер қамтылған деректер тізілімі» деп көрсетілген.  

           Ал еліміздегі түрлі қазақша-орысша, орысша-қазақша сөздіктерде қолданылуында өзіндік айырмашылығы бар «волонтер» мен «доброволец» сөздері бірдей ерікті деп аударылған. Тіпті 2014 жылы шыққан 30 томдық «Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздіктің» философия  және саясаттану саласындағы №22 томында да «еріктілер – волонтеры» деп аударылған. Сол себепті тек Қазақстан ғана емес күллі Орталық Азия елдерінде тұңғыш рет Алматыда өткелі отырған 28-ші Дүниежүзілік Қысқы Универсиада ойындарының волонтерлары жайлы сөз болғанда мерзімді басылымдар мен радио-телеарналарда және интернет сайттардағы қазақ тіліндегі материалдарда ерікті сөзі қолданылуда. Мағынасы ұқсас және айтылуы да бірдей болғандықтан оған көпшілік қауым мән беріп жатқан жоқ. Егер бұл жағдайға тіл мамандары мен өзге де құзырлы сала өкілдері  араласып, волонтер мен еріктінің ара-жігін ашып көрсететін болса мәселенің түйіні тарқатылар еді.

            Біздің пайымдауымызша, еріктілер қайтарымсыз түрде жұмыс пен қызметті жүзеге асырушылар. Олардың жұмыс пен қызмет көрсету ауқымы волонтерларға қарағанда көбірек. Ал волонтерлар белгілі бір уақытта ғана келісім негізінде спорттық, мәдени, қоғамдық  шараларды өткізу барысында өзіне жүктелген нақты жұмыс пен қызметті ғана атқарады. Сондықтан Олимпиада, Универсиада ойындарында барлық ел волонтерлардың жұмысы мен қызметіне көбірек жүгінеді. 

             Ерлік Ержанұлы         

    толығырақ

  • Қырғыз режиссері Қазақстан Президенті туралы фильм түсірді

    01.02.2017

    Қырғыз режиссері Қазақстан Президенті туралы фильм түсірді           

        Қырғыз режиссері Омурзак Толобеков Қазақстан Президенті туралы «Әлемдік Назарбаев» атты деректі фильм түсірді. Бұл туралы ол баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды knews.kg.

          Фильм қырғыз және орыс тілдерінде жүргізіледі. Авторлардың айтуынша, Назарбаев жас кезінде бірнеше жыл Қырғызстанда жүрген, фильм дәл осы кезеңге арналған. 

        «Біз Назарбаевпен таныс болған, дос болған бірнеше адамды таптық. Олар бізге қызықты сұхбат берді. Назарбаев Қырғызстанда өскен, ол біздің тілімізді, халқымызды, мәдениетімізді жақсы біледі. Қазір Қазақстанда 300 мыңға жуық қырғызстандық мигрант жүр, бұл үшін оған алғысымызды білдіреміз», - деді Омурзак Толобеков.                   Фильмді құрастырушылардың айтуынша, Қазақстан Президенті өзінің жастық шағын еске салатын фильмді көріп үлгерді. Сондай-ақ, продюсерлер жобаны өз қаражаттарына түсіргенін, фильм бюджеті 20 мың долларды құрағанын атап өтті.              Фильм 55 минутқа созылады. Картинаны биылғы 17 ақпаннан бастап, Қырғызстан кинотеатрларынан тамашалауға болады, деп жазады kabar.kg. «Фильм бюджеті 20 мың долларды құрайды. Оны өзіміз қаржыландырдық және бауырлас қазақтардан кино түсіру үшін ақша сұраған жоқпыз. Жалғыз сұрағанымыз - фильмді қазақстандық телеарналарда көрсету ғана», - деді О.Толобеков. 

             http://www.inform.kz/kz/kyrgyz-rezhisseri-kazakstan-prezidenti-turaly-fil-m-tusirdi_a2994766

    толығырақ

  • Нұрсұлтан Назарбаев 2017 жылғы 28-ші Дүниежүзілік қысқы универсиаданың ашылу рәсіміне қатысты

    30.01.2017

       Мемлекет басшысы салтанатты іс-шараға қатысушыларды Алматыдағы ғаламат спорт мерекесінің басталуымен құттықтады.

           – Бұл стадионда жер шарындағы жетекші жоғары оқу орындарының жүздеген өкілдері жиналып отыр. Сіздердің араларыңызда болашақ олимпиадашылар мен әлемдік сайыстардың жеңімпаздары бар. Сондай-ақ, өзінің мансабын келешекте экономикамен, саясатпен, бизнеспен байланыстыратындар да жоқ емес, – деді Қазақстан Президенті.

            Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап еліміздің ұстанымы бірлік пен ынтымақтастық орнату, қауіпсіз болашаққа ұмтылыс болғанын атап өтті.

           – Спорт, ғылым және мәдениет арқылы біз барлық құрлыққа тыныштық пен толерантты дамудың қазақстандық формуласын жеткізгіміз келеді. Сол үшін ұйымдастыру жұмыстары күн сайын қарқын алып, осы Мұз сарайы мен бұл ойындардың басқа да нысандары зор ықыласпен салынды, – деді Мемлекет басшысы.

            Сондай-ақ, Қазақстан Президенті Универсиада қаланың спорт инфрақұрылымын дамытудың өзіндік локомотивіне айналғанын атап өтті.

             – Алматы қазірдің өзінде даусыз рекордтар көрсетіп отыр. Қысқы Универсиадалар тарихында алғаш рет мұнда Атлеттер қалашығы салынды. Бұл жобаға жұмсалған инвестиция қазақстандықтардың игілігіне қызмет ететін болады. Ареналар көпшілікті бұқаралық спортқа тартатын орталыққа айналады. Атлеттер қалашығы 1700-ден астам отбасыға арналған қолжетімді әлеуметтік тұрғын үйі бар жаңа шағын ауданды құрайды. Универсиада әлемнің 80 мемлекетінде 43 телеарна арқылы көрсетіледі. Оның аудиториясы бір миллиардтан астам адамды қамтиды. Универсиаданың қанатын кеңге жайғанын, өзінің басталуының тарихи сәтіне дайын екенін көріп отырмыз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

          Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Универсиада өтіп жатқан орынның бірегейлігіне назар аударды.

          –  Алматы – 1000 жылдық тарихы бар қала, Қазақстанның жаңа дәуірі бастау алған алтын бесік. Бұл – қарқынды дамып келе жатқан, заманауи қала, іскерлік орталығы және ел экономикасының қозғаушы күші. Жастар қаласы. Студенттер қаласы. Қазақстанның жоғары оқу орындарының үштен бірі осында орналасқан, оларда 137 мың студент білім алуда. Аты аңызға айналған және бәріміз жақсы көретін «Медеу» мұз айдыны бұрынғы даңқын қайта жаңғыртып, қайтадан ауқымды жарыстардың атмосферасын сезіндіретін болады. Іле Алатауы бөктерінде «Шымбұлақ» алмастай жарқырап тұрады. Универсиада саламатты өмір салтының рәмізіне айналады. Оның нәтижесін ұлтымыздың денсаулығын нығайту жөніндегі мемлекеттік бағдарламалармен салыстыруға болады, – деді Қазақстан Президенті.

            Нұрсұлтан Назарбаев жарысты ұйымдастыруға қолдау көрсеткені үшін осы жаһандық мерекені әзірлеуге атсалысқандардың бәріне, соның ішінде үш мың волонтерге, Халықаралық студенттік спорт федерациясына және оның президенті О.Матыцинге алғыс білдірді.

        http://www.akorda.kz/kz/events/astana_kazakhstan/participation_in_events/nursultan-nazarbaev-2017-zhylgy-28-shi-duniezhuzilik-kysky-universiadanyn-ashylu-rasimine-katysty#5

    толығырақ

  • Жансая Әбдімәлік Еуразияның ең әдемі шахматшысы атағынан үміткер

    26.01.2017

    Жансая Әбдімәлік Еуразияның ең әдемі шахматшысы атағынан үміткер

         Қазақстандық шахматшы Жансая Әбдімәлік Еуразияның ең әдемі шахматшысы атағынан үміткер.
         «Достар, осы сілтеме бойынша Еуразияның ең әдемі шахматшысы - Miss Chess Eurasia 2017! атағына дауыс беру жүріп жатыр. Жансаяда әзірге тек 437 дауыс бар, бұл біздің мұндай конкурс өтіп жатқанын білмегенімізден. Осыны әрқайсымыз өз парақшамызда бөлісеміз және Шахмат ханшайымы үшін дауыс береміз!»,- делінген Жансая Әбдімәліктің фейсбуктегі ресми аккаунтындағы жазбада.
         Дауыс беру сайтында осы уақытта алдыда келе жатқандардың қатарында өзбекстандық Сарвиноз Курбанбоева (534 дауыс), Жансая Әбдімәлік (437) пен Тәжікстандық Мутриба Хотами (405 дауыс) бар. 17 жасар Жансая Әбдімәлік - әйелдер арасында халықаралық дәрежедегі гросмейстер. Қазіргі таңда Top 100 Women January 2017 тізімінде ол 43 орында тұр. ФИДЕ рейтингінде Жансая Әбдімәлік - 2430-да тұр.  

    толығырақ

  • Шетелдегі қазақ диаспорасы туралы ғылыми монография жарық көрді

    25.01.2017

        Бүгін Алматыда Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы «Қазақ диаспорасы жəне Атамекенге оралу (1991-2012)» деп аталатын ұжымдық монографияның тұсаукесерін жасады. Бұл еңбек «Самұрық-Қазына» АҚ-ның қолдауымен «Елтаным» баспасынан жарық көріп отыр.      

        Монографияға М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры Уәлихан Қалижан: «Бұл кітап өзінің көрнектілігімен емес, мазмұнымен құнды» деп баға берді. 

         А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының директоры Ерден Қажыбек болса: «Мұндай еңбектер бізге шетелдегі бүкіл қазақтардың картотекасын жасау үшін керек» дегенді айтты.    

        Философия, саясаттану және дінтану институты директорының орынбасары Серік Нұрмұратов: «10 тараудан бұл кітап жоспары жағынан классикалық сипатта жасалған. Алдымен ғылыми-теориялық мәселелері, тарихнамасы қарастырылған. Одан кейін бірте-бірте әр мәселенің шығу логикасы көрегендікпен жәнеүлкен тереңдікпен бір тараудан екінші тарауға ауысып отырады. Сондай-ақ мені қуантқан тағы бір дерек мұнда 544 еңбекке сілтеме жасалғаны» деп пікір білдірді.      

        Монографияның кіріспесін жазған кітап авторларының бірі, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Төралқа төрағасының бірінші орынбасары Талғат Мамашев: «Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының мәліметтері бойынша, шетелдегі этникалық қазақтардың жалпы саны 4-4,5 млн. жуық адамды құрайды. Біздің бағамыз Қытай, Моңғолия, Ресей, Қырғызстан және т.б. елдердің 1989 жылдан 2010 жылға дейінгі кезеңдерде өткен халық санағының статистикалық мәліметтеріне, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының. Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының қазақ диаспорасы бойынша 2012-2014 жылдардағы ғылыми конференциялар жинағының 3-шығарылымында жарияланған соңғы ғылыми жұмыстарға негізделген.         

        Жүргізілген зерттеудің жаңалығы, ғылыми және тәжірибелік мәні – 1991-2012 жылдардағы Тәуелсіз Қазақстандағы елге оралған қазақтардың тарихы және заманауи жағдайы, олардың елдің зияткерлік әлеуетіне қосқан үлесіне байланысты туындаған мәселелерді пәнаралық зерделеу және кешенді түрде зерттеулермен анықталады. Бұл тақырып Қазақстанның қазіргі  тарихын, халықаралық қатынасын, қазақ диаспорасының тарихын зерттеумен тікелей байланысты»,  – дегенді айтты. Оның айтуынша, бұл еңбек 2015 жылы алдымен орыс тілінде жарық көрген. Енді міне толықтырылған жаңа нұсқасы қазақ тілінде басылып, Алматы қаласының жетекші жоғары оқу орындары мен кітапханаларына таратылып отыр. Ол алдағы уақытта жаз маусымына өтеді деп жоспарланып отырған  Дүниежүзі қазақтарының 5-құрылтайының делегаттарына тарту етілетін үлкен сый болмақ.

             Ерлік Ержанұлы

    толығырақ

  • Елбасы Универсиадада ел намысын қорғайтын спортшыларға сәттілік тіледі

    25.01.2017

    Елбасы Универсиадада ел намысын қорғайтын спортшыларға сәттілік тіледі

           Президент Нұрсұлтан Назарбаев Бүкіләлемдік 28-інші қысқы Универсиада додасында ел намысын қорғайтын спортшыларымызға сәттілік тіледі.
          «Құрметті жас достар, спортшылар! Бүгін жастар үшін үлкен мереке. Еліміздің ең басты университетінде бүгін Универсиада алауы жағылады. Осы төрт-бес күннің ішінде осы Алау бүкіл Қазақстанды шарлап шығып, елдің спортшыларымызға деген тілегін, арманын қабыл аласыңдар. Сондықтан ол жеңіске жетуге көмегін тигізетін болады», - деді Елбасы. Мемлекет басшысының айтуынша, мұндай жоғары деңгейдегі спорттық доданың Қазақстанда өтуі үлкен абырой.
           «Бұл шара - тұңғыш рет тәуелсіздік жылдары ішінде жеткен жетістігіміздің бірегейі, мұндай дүниежүзілік доданы біз ешқашан өткізіп көргеніміз жоқ. 57 елдің спортшылары келетін болады, 170 мемлекеттің ішінен өткізу құқығына ие болдық, бұл, біріншіден, біздің еліміз үшін үлкен абырой. Қазақстанды тағы да барша елдерге паш етеміз, мыңдаған журналистер болады. Екіншіден, жастарды спортқа баулиды. Үшіншіден, салған жаңа спорт кешендердің барлығы болашақтағы еліміздің спортшыларына қызмет етеді. Біздің 168 мүшесі бар құрамамыз алға суырылып, барлығымызды қуантады деп сенемін! Сіздерге зор табыс тілеймін, өркендеріңіз өсе берсін!», - деді Н. Назарбаев.             Астанада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Бүкіләлемдік 28-ші қысқы Универсиаданың Алау эстафетасы бастау алды. Алғашқы Алау Назарбаев Университетінде тұтанды. Оны қала көшелерімен барлығы 60 алаугер алып өтеді. Алаугерлер арасында танымал спортшылар мен елорданың қоғам  қайраткерлері бар.         Одан кейінгі бес күн ішінде республиканың барлық облыс орталықтары өз Алауларын жағатын болады. Эстафетаға барлығы 1 мыңға тарта алаугер қатыспақ. Соңында Алау Универсиада астанасы - Алматы қаласына жеткізіледі. 

    толығырақ

  • Моңғолия жалауын көтеру құрметіне Сочидегі Олимпиада ойындарының қатысушысы ие болды

    25.01.2017

         2017 жылғы Алматыдағы Универсиадаға Моңғолия делегация құрамында 15 адам, соның ішінде 10 спортшы және 5 ресми тұлға келмек. Құрамаға енген спортшылар шаңғымен жүгіру және конькимен жүгіру спортында ойын көрсетеді. Сөз орайында айтып өтелік, Моңғолия қысқы студенттік ойындарға 1991 жылдан бастап қатысып келеді.

         Моңғолия делегациясының басшысы және Моңғолия студенттік спорт одағының атқарушы директоры Ч. Эрдэнэтуяа ханым Универсиада-2017 ашылу салтанатында Моңғолия жалауын көтеру құрметіне Сочидегі Олимпиада ойындарының қатысушысы Чинбатын Отгонцэцэг ие болғанын жеткізді.

         Моңғолия құрамасының басты мақсаты медаль алу емес екенін, керісінше, спортшыларының жеке көрсеткіштерін жақсартуды көздеп отырғанын атап өту қажет. Делегация атлеттердің кәсіби деңгейі көтеріледі деп үміттенеді.

          Сондай-ақ, делегация басшысы Универсиада-2017 басталардан бірнеше ай бұрын спортшылар қарқынды жаттығуларға кіріскенін атап өтті. Қазіргі таңда студенттер Sky Resort of Ulaanbaatar тау-шаңғы базасында ойындарға дайындалу үстінде.

          «2017 жылғы Алматыдағы Қысқы универсиада сәтті, ал ұйымдастырылуы мен дайындығы жағынан ең жоғары деңгейде өтетініне сенімдіміз», - деп сенім білдірді Ч. Эрдэнэтуяа ханым.

          Моңғолия делегациясы Универсиада қатысушыларының барлығына жарыстарда лайықты түрде өнер көрсетіп, спорт биіктерін бағындыруды, көздеген мақсаттарға жетіп, жаңа достарды табуды тіледі.  

    толығырақ

  • Қысқы универсиадаға қатысу үшін Алматыға Қытай мен Жапония спортшылары ұшып келді

    25.01.2017

         Дүниежүзілік қысқы универсиадаға қатысатын спортшылар делегациясы Алматыға келе бастады.

          Қысқы универсиада-2017 жарыстарына қатысу үшін Алматы халықаралық әуежайына біріншілердің қатарында Қытай мен Жапония спортшылары ұшып келді. Қытай делегациясы ең көп спортшыны әкелмек, сондықтан бірнеше топқа бөлініп Алматыға жететін болады. Қытай спортшыларының алғашқы легінде хоккейден әйелдер және ерлер құрамасы, сондай-ақ, тау-шаңғы спортының ойыншылары ұшып келді.

          Спортшыларды Алматы қаласында оқып жатқан қытайлық студенттерден құралған жанкүйерлер тобы қарсы алды.

         «Біз еліміздің спортшыларынан жоғары нәтижелерді күтеміз, оларға сәтті ойын көрсетуді тілейміз. Жарыстардың барлығында оларға қолдау көрсетпекпіз. Алматы қазір спортшыларды қабылдауға толығымен дайын, қала басқа елдердің қатысушыларына ұнайды деп ойлаймын. Универсиада – Қазақстан үшін аса ауқымды оқиға, бәрі жоғары деңгейде өтетініне сенімдімін. Ең мықтылар жеңіске жетсін!», - деген тілегін білдірді Қытай командасының жанкүйері Чжэнь Лили.

            2015 жылғы Қысқы универсиадада Қытай 5 алтын және 4 қола медальді жеңіп, жалпы командалық есепте бесінші орынды иеленген болатын. Қытай командасы құрамында 119 атлет ойын көрсететін атап өткіміз келеді. Ресей мен Қазақстанда ғана спортшылар саны бұдан көбірек болмақ. Қысқы Универсиада аясындағы хоккей жарысы 28 қаңтарда басталады.

          Сондай-ақ, бүгін Алматыға 62 атлеттен құралған Жапония құрамасы ұшып келді. Естеріңізге салып өтелік, 110 спортшыдан тұратын Жапония құрамасы Универсиада кезінде биатлон мен фристайлдан басқа барлық спорт түрлеріне қатыспақ.

             28-ші Дүниежүзілік қысқы универсиада 2017 жылдың 29 қаңтарынан бастап 8 ақпаны аралығында Алматыда өтеді. 

    толығырақ

  • «Astana Arlans» кәсіпқой бокс клубы Бүкіләлемдік бокс сериясының VII маусымының шымылдығын ашады

    24.01.2017

              Ақпанның 4-і күні «Astana Arlans» кәсіпқой бокс клубы Бүкіләлемдік бокс сериясының VII маусымының шымылдығын ашады. Жобаның екі дүркін жеңімпазы атанған «арландарымыз» алғашқы жекпе-жекті Ресейдің «Russian Boxing Team» командасымен өткізеді.

             Осыған байланысты 24 қаңтарда  Алматыда «Астана» Президенттік клубының ұйымдастыруымен жаңа маусымға арналған таныстыру рәсімі өтті.

             2010 жылы алғаш рет тұсауы кесілген жобаға биыл айтарлықтай өзгерістер енді. Бокс басшылары жобаға қатысатын 12 команданы географиялық орналасуларына байланысты 3 топқа бөлді. Бұған дейін қатысқан кейбір командалар қаржы тапшылығына байланысты жобаға қатысудан бас тартыпты. Солардың қатарында Украина, Әзірбайжан сияқты жобаның тұрақты қатысушылары да бар. Сондай-ақ, былтырғы маусымда өнер көрсеткен Түркия, Польша, АҚШ және Пуэрто-Рика елдерінің командалары да биылғы додадан тыс қалды.

              Жаңа ереже бойынша әр топтың үздік екі командасы плей-офф ойындарына шығады. Сонымен қатар, үшінші орын алған командалардың арасында үздік нәтиже көрсеткен екі клуб та плей-офф бәсекесіне қосылады.

             «Astana Arlans» жеребе қорытындысы бойынша «Uzbek Tigers» (Өзбекстан), «Russian Boxing Team» (Ресей), «China Dragons» (Қытай) командаларымен С тобына түсті.

             Топтық жекпе-жектер ақпан айынан бастап сәуір айына дейін созылады. Плей-офф ойындары, яғни, ширек финал мамыр айына жоспарланған. Маусым айында – финал. Егер ширек финалдық жекпе-жек 5:5 есебімен аяқталса, онда жеңімпаз команда қосымша +91 келі салмақта анықталады. Ал, жартылай финал мен финалдық айқаста тең есеп тіркелсе онда қосымша жекпе-жек 52 келідегі боксшылардың арасында өтеді.

          «Astana Arlans» командасында да биылғы маусымда біраз өзгерістер орын алды. Қаржы мәселесіне байланысты боксшылардың саны былтырғы маусыммен салыстырғанда қысқарды. Мәселен, былтыр команда құрамында 30 боксшы болса, биыл 20 боксшы ғана бар. Дегенмен, команда бапкерлері резервтік құрамға 19 боксшы алып отыр. Олар маусым барысында негізгі құрамдағы жігіттерді алмастырып қалуы мүмкін.

          Лондон олимпиадасының чемпионы, даңқты боксшы, «Astana Arlans» командасының бас менеджері Серік Сәпиевтің айтуынша, «арландардың» биылғы құрамына тәжірибелі боксшылар мен қатар болашағынан зор үміт күттіретін жас әрі талантты боксшылар қабылданған.

             – Бүкіләлемдік бокс сериясының жетінші маусымы тартысты өтетініне күмәнім жоқ. Командалар географиялық орналасуларына байланысты үш топқа бөлінді. Жаңа ереже ең алдымен әр құрлықта кімдердің мықты екендіктерін анықтайды. «Арландардың» топтық сайыстан суырылып шығып, құрлықтың мықтысы атануға толық мүмкіндіктері бар. Команда құрамына еліміздегі тәжірибелі боксшылар топтасқан. Араларында соңғы Қазақстан чемпионатында жеңімпаз бен жүлдегер атанған боксшылар бар, - деді С.Сәпиев.

            Ал, «Астана» Президенттік клубының атқарушы директоры Аманбек Кульчиков «Астана арландарының» жекпе-жектерін еліміздің әр өңірінде өткізу үрдісін жалғастыра беретіндігін айтты.

            - Соңғы жылдары «Astana Arlans» жекпе-жектерін тек Алматы мен Астана қаласында ғана емес, еліміздің әр өңірінде өткізуді қолға алдық. Бұл үрдіс жобаға қызығушылық танытқан алыс аймақтардағы жанкүйерлерге үлкен қуаныш сыйлады. Мәселен, осыған дейін «арландардың» жекпе-жектерін Солтүсті, Оңтүстік мен Шығыс Қазақстан облысындағы бокс жанкүйерлері тамашалады. Биыл еліміздің басқа да облыстарын қамтуды жоспарлап отырмыз, - деді «Астана» Президенттік клубының атқарушы директоры А.Кульчиков.

           «Astana Arlans» биылғы құрамы туралы айтар болсақ, аға бапкер Нұрлан Ақүрпеков былтыр Қазақстан чемпионатында жеңімпаз бен жүлдегер атанған бірнеше боксшыларды қатарға қосты. Сонымен қатар, командада бұрыннан бері өнер көрсетіп келе жатқан тәжірибелі былғары қолғап шеберлері де бар. Атап айтсақ, Теміртас Жүсіпов (49 келі), Олжас Сәттібаев (52 келі), Ілияс Сүлейменов (56 келі), Зәкір Сафиуллин (60 келі), Асланбек Шымбергенов (69 келі), Қанағат Маралов (69 келі), Нұрдәулет Жарманов (81 келі) сынды елімізге танымал боксшылар «арландардың» биылғы құрамына кірген.

            Жетінші маусымда «Astana Arlans» капитаны болып, 52 келі салмақтағы Олжас Сәттібаев сайланды. Олжас былтыр Рио-де-Жанейро олимпиадасына қатысты. 2015 жылғы Азия чемпионы. Бүкіләлемдік бокс сериясының V маусымында (2015) «арландардың» құрамында чемпион атанған.

     «Астана арландарының» 2017 жылғы құрамы:

    Салмақ

    Боксшылардың аты-жөні

    49 келі

    Теміртас Жүсіпов

    Ермек Мәдиев

     

     

     

    52 келі

    Олжас Сәттібаев

    Әнуар Мұзапаров

     

     

     

    56 келі

    Ілияс Сүлейменов

    Жанболат Қыдырбаев

     

     

     

    60 келі

    Зәкір Сафиуллин

    Мирас-Әлі Сәрсенов

     

     

     

    64 келі

    Мақсат Жексенбі

    Ділмұрат Мижитов

     

     

     

    69 келі

    Асланбек Шымбергенов

    Қанағат Маралов

     

     

     

    75 келі

    Әбілхан Аманқұлов

    Сапарбай Айдаров

     

     

     

    81 келі

    Нұрдәулет Жарманов

    Арман Рысбек

     

     

     

    91 келі

    Еркін Мұхамеджан

    Антон Пинчук

     

     

     

    +91 келі

    Олжас Бұқаев

    Дмитрий Зиско

     

     

     

     

     


    Резерв: Шалқар Айқынбай (49 келі), Ақниет Балтабаев (52 келі), Олжас Байниязов (52 келі), Нұрбол Қалжанов (56 келі), Қайрат Ералиев (56 келі), Әділет Құрметов (60 келі), Мейірболат Тоитов (60 келі), Бекдәулет Ибрагимов (64 келі), Илья Очкин (69 келі), Абылайхан Жүсіпов (69 келі), Амандық Мамаш (75 келі), Тұрсынбай Құлахмет (75 келі), Жәнібек Әлімханұлы (81 келі), Вадим Казаков (81 келі), Василий Левит (91 келі), Рахман Әлжанов (91 келі), Әбілқайыр Тұрланбек (91 келі), Қамшыбек Қоңқабаев (+91 келі), Нұрсұлтан Аманжолов (+91 келі).

     

    Бапкерлер штабы

     

    Нұрлан Ақүрпеков

    Аға  бапкер

    Болат Жұмаділов

    Бапкер

    Ермек Ертаев

                  Бапкер

    Нүркен Андасов

    Бапкер

     

     

     

    «АСТАНА АРЛАНДАРЫНЫҢ» 2017 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН КҮНТІЗБЕСІ

     

    Күні/айы

    Команда1 – Команда2

    04.02.

    «Russian Boxing Team» (Ресей)

    «Astana Arlans» (Қазақстан)

    18.02.

    «Astana Arlans» (Қазақстан)

    «Uzbek Tigers» (Өзбекстан)

    04.03

    «Astana Arlans» (Қазақстан)

    «China Dragons» (Қытай)

    18.03.

    «Astana Arlans» (Қазақстан)

    «Russian Boxing Team» (Ресей)

    01.04.

    «Uzbek Tigers» (Өзбекстан)

    «Astana Arlans» (Қазақстан)

    22.04.

    «China Dragons» (Қытай)

    «Astana Arlans» (Қазақстан)

     

    толығырақ

  • Бруна МОУРА, шаңғышы: «Алматы апортының дәмін көргім келеді»

    24.01.2017

    Бруно М

              Қысқы Универсиада ойындарына Бразилиядан 3 адамнан тұратын делегация келмек. Бразилияның атынан қатысатын Бруна Моура шаңғы жарыстарында ойын көрсетеді. Бразилиялық студент жүлделі орыннан табылмағанның өзінде, үлкен спортта тәжірибе жинақтап, атлеттік әлеуетін арттырудың өзін де олжа санайтынын айтады.

          Бразилиялық спортшы Қазақстан туралы мейлінше ақпарат жинағаны байқалады. Шаңғышы «Медеу» мұз айдынын көруді және Алматының атақты апортының дәмін татып көруді армандайды екен.

         Брунаның бапкері Чао Сикуэра: «Бруна бір жыл бойы Бразилияда ролик­тік шаңғымен (rollerskis) дайында­­лып, жүгіру, велосипед секілді мін­детті даярлықтан өтті. Шілдеде біз Арген­тинадағы «Серо-Кастор-Ушуайя» тау-шаңғы шипажайында жаттығып, жел­тоқсаннан бастап Еуропада шың­далып жатырмыз» дейді.

         Бруна Моураның айтуына қараған­да, ол соңғы жаттығу жылында үлкен дайындықтан өткен. «Мен толығымен оқу мен жаттығуларға ден қою үшін басқа қалаға көштім. Спортпен кәсіби деңгейде шұғылдана бастадым. Алматыдағы қысқы  Универсиадаға жақсы даярлықпен барып, қысқы спорт түрлерінде Бразилияның намысын лайықты деңгейде қорғау мақсатында түрлі еуропалық жарыстарға белсенді қатыстым», – дейді Бруна.

          Шаңғышы қыз Қазақстанда жақсы ойын көрсету үшін бүкіл күшін салмақ. Ол спорттың басқа түрлерінен өтетін басқа жарыстарға барып, «олим­пиада­лық» көңіл-күйді сезінсем, сондай-ақ, Алматының спорт нысандарын көріп қайтсам деп отыр. «Конькимен жүгіру спортында аса атақты айдынның бірі саналатын «Медеу» туралы көп естігенмін. Дәл сол кешенде көптеген әлемдік рекордтар орнатылғанын да білемін. Республика елордасы – Астана, ал Алматы өзінің алмасымен танымал екенін оқып білдім. Сондықтан, Универсиадаға барғанда сол алмалардың дәмін татып көрсем деймін», – дейді бразилиялық спортшы.

              Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан» 

          https://www.egemen.kz/2017/01/24/94791

    толығырақ

  • Қазақ күресі Азия ойындарының бағдарламасына енді

    23.01.2017

              Қазақ күресі биыл Ашхабадта өтетін Азия ойындарының бағдарламасына енгізілді. Бұл туралы блогер Ғалым Байтүк Facebook-тегі парақшасында жазды.

             «Сүйінші, достар! Біздің ұлттық күресіміз – қазақ күресі Ашхабадта биыл өтетін Азия ойындарының бағдарламасына алғаш рет енді! Танымал 22 спорт түрімен қатар 70 келі, 90 келі, +90 келі салмақ дәрежелерінде қазақ күресінен белдесулер болады. Ол үшін 2004 жылдан бастап бүгінге дейін Серік Түкиев бастаған Бүкіләлемдік Қазақ күресі федерациясы қыруар жұмыс атқарды», – деп жазды Ғалым Байтүк.

             Оның айтуынша, 12 жылдың ішінде 50-ге тарта елден спортшылар қатысқан 6 әлем чемпионаты, 11 Азия чемпионаты, 3 әлем кубогы, 3 Еуропа мен Африка чемпионаты өткізілді.

            «2015 жылы Қазақ күресі UWW (United World Wrestling – Біріккен әлемдік күрес одағы) құрамына кіре отырып, ерекше мәртебе алды. 19 қаңтар күні UWW президенті Ненад Лалович пен Азия Олимпиада кеңесінің президенті Шейх Ахмед Әл-Фахад Әл-Ахмет Әл Сабах арасында 70 келі, 90 келі, +90 келі салмақ дәрежелерінде Қазақ күресін 2017 жылы Азия ойындарының бағдарламасына енгізу туралы келісімге қол қойылды», – деп толықтырды блогер.

            https://www.egemen.kz/2017/01/23/94618

    толығырақ

  • Абаев қазақтар мен қытайлардың үйленуі туралы деректер келтірді

    23.01.2017

         ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев өзінің Фейсбуктегі парақшасында қазақтар мен қытайлардың үйленуі туралы қызық деректер келтірді.

             «Жұмыс барысында Статистика комитетінің мынадай бір деректерін кездестірдім. Жалпы, бұл цифрлар осыған дейін Фейсбукте қызу талқыланған мәселеге қатысты болғандықтан, оқырмандарыма маңызды болар деп ойлаймын. Қарап отырсақ, 2010 жылдан бастап 2016 жылғы сәуір айына дейін ҚХР азаматтарына 253 қазақстандық тұрмысқа шыққан көрінеді. Соның ішінде, 190 қазақ қызын Қытайда тұратын өз қандастарымыз, яғни қазақ жігіттері жар еткен. Осы уақыт ішінде, яғни алты жылда этникалық қытайлармен некеге тұрған қыздар саны – небәрі 34», деп жазды министр.

          Оның айтуынша, осы кезең ішінде Қазақстанның 277 азаматы ҚХР қыздарына үйленген. Соның ішінде 244-і — Қытайда тұратын қазақ қыздарымен бас құраған қазақ жігіттері екен.

        https://www.egemen.kz/2017/01/23/94621

    толығырақ

  • «Қазақ диаспорасы жəне Атамекенге оралу (1991-2012)» атты ұжымдық ғылыми монографияның тұсаукесері өтеді

    23.01.2017

        Өтетін орны: Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы, Ш.Ш.  Уәлиханов көшесі, 43А, Жібек жолының қиылысы, 1 қабат  

    Өтетін күні мен уақыты: 2017 жылдың 25 қаңтар күні (сәрсенбі). Сағат 15.00.

    Ұйымдастырушы: Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы

    Тұсаукесердің үйлестірушісі: Күлғазира Нұранқызы Балтабаева + 7 771 207 2909; + 7 707 341 83 98; E-mail: kulgazira_777@mail.ru;

    Ақпараттық қолдау: www.qazaq-alemi.kz       

       Монография авторлары тарих ғылымдарының кандидаты Күлғазира Нұранқызы Балтабаева, Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Талғат Асылұлы Мамашев, тарих ғылымдарының докторы, профессор Жарас Ермекбай және философия ғылымдарының кандидаты, доцент Айтбала Баймағамбетова. Ғылыми редакторы – академик, тарих ғылымдарының докторы, профессор Саттар Мәжитов.

             Қазақ диаспорасы дамуының тарихи тәжірибесі мен олардың тарихи отандарына қоныс аударуы қазақстандық қоғамның мемлекеттің жаңаша даму құрылысы кезеңіндегі әлеуметтік маңызды басымдықтарының құрамдас бөлігі болып табылады. Әлемнің 43 елінде тұрып жатқан шетелдегі этникалық қазақтардың жалпы саны 4-4,5 млн адамды құрайды.

          Атажұртқа қайта оралған қазақтар  республиканың қазақ тұрғындарының 10% құрайды.  Қазақтардың Атамекенге оралуы елдегі қазақ санының табиғи санының және олардың өсім салмағының артуына ықпал етті.

             Мазмұны мен көлемі жағынан ауқымды – 10 тарау, қатты мұқабадағы 37 баспа беттен тұратын – бұл монография қазақ диаспорасы, көші-қон саясаты, демография және диаспорология тарихының мәселелеріне қызығушылық танытқан көпшілікке жалпылай арналады. Кітап географиялық, пәндік және атаулы көрсеткіштермен, қысқарған сөздер тізімімен, сондай-ақ түрлі-түсті суреттермен жабдықталған.

           Монография  «Самұрық-Қазына» Акционерлік қоғамының қолдауы бойынша шығарылды.

          Тұсаукесерге келем деушілерге есік ашық. 

    толығырақ

  • Аргентина спортшылары Қазақстан мәдениетімен етене танысуға үміттенеді

    20.01.2017

        Қысқы универсиадаға бүкіл әлемнен 55-тен аса елдің өкілдері келеді. Аргентина, Бразилия және Парагвай секілді бізден алыс жатқан Оңтүстік Америка елдері де ойындардан қалыс қалмады. Жарыстарға Аргентина құрамасы қатарында 2 спортшы, атап айтқанда, сноубордшы Инаки Одриозола және шаңғышы Томаш Басигалупо өнер көрсетпек. Атлеттердің мойындауынша, олар Қазақстан туралы аз біледі екен, дегенмен Алматыға келгенде еліміз туралы көбірек білгісі келетінін жеткізді.

           Оқу аяқталған соң спортшылар соңғы айларда тауларда жаттығу жүргізуде. Аргентина делегациясы оларға үлкен үміт артып отыр, сондай-ақ, екі спорт түрінде де медальдерді жеңуден дәмелі. Инаки Одриозоланың айтуынша, ол 2015 жылы Аргентинаның Snowboarder Slopestyle чемпионатында және 2016 жылы Оңтүстік Америкадағы Big Air жарыстарына қатысқан. Атлет 2017 жылғы Қысқы универсиадада кеңінен тәжірибе жинақтап, жергілікті мәдениетпен таныссам деп отыр. «Мен Қазақстан туралы ештеңе білмеймін деуге болады. Қазір елдеріңіздің тарихы және оның тәуелсіздік алуы туралы материалдар оқып жүрмін. Алматыға барғанда осы өлкенің мәдениеті туралы көбірек ақпарат алам деп үміттенемін», - деді И. Одриозола.

         Томаш Басигалупо да 28-ші Қысқы студенттік ойындарда жақсы нәтижелерді көрсетсем деп отыр. Осы жарыстар кезінде ол басқа елдерден келген спортшылардың дайындық деңгейін байқап, жаңа адамдармен танысуға ниетті. Аргентиналық спортшы Қазақстан туралы өте аз білемін дейді, сондықтан 2017 жылғы Универсиаданың қожайын елін өз көзімен көруге аса қуанышты.

    толығырақ

  • Ұлыбритания спортшылары керлинг жарыстарында жүлделі орындарды иеленуден дәмелі

    20.01.2017

            Ұлыбритания Алматыдағы 2017 жылғы Қысқы универсиадаға 71 спортшысын жібереді. Британдық атлеттер фристайл, тау-шаңғы спорты, керлинг (ерлер және әйелдер), мәнерлеп сырғанау, шайбалы хоккей (ерлер және әйелдер), шорт-трек, могул, шаңғы жарыстары, слоупстайл және сноуборд секілді он дисциплинаға қатысады. Алдыңғы Универсиада жарыстарында тамаша нәтижелерді көрсеткен керлингтен ерлер және әйелдер құрамасы нәтижелі ойын көрсетеді деп үміттенеді делегация өкілдері.

            Ұлыбритания делегация басшысының орынбасары Викки Кэмпбелдің сөзіне қарағанда, британдық спортшылар қызу жаттығу жүргізуде. Мәселен, шайбалы хоккейден ерлер командасы бір жыл бұрын ғана мұз алаңында алғаш рет сыннан өткен, алайда 2017 жылғы Универсиадаға жақсылап дайындалу үшін осы уақыт ішінде көптеген жаттығулар мен шеберлік сабақтарынан өтіпті.

            «Спортшыларымыз керлингтен медальдерді жеңеді деп үміттенеміз. Өйткені соңғы Универсиадаларда біз осы спорт түрінде жақсы нәтижелерді көрсеттік. Атап айтқанда, әйелдер құрамасы 2011 жылы Эрзурумде алтын, ал ерлер 2013 жылы Трентинода күміс және 2015 жылы Гранадада қола медальді иеленген болатын. Қалай болған да, әрбір елдің өзінің мықты жағы болады, сондықтан әділ әрі қызу бәсекені күтеміз», - деп мәлімдеді Викки Кэмпбел.

          Сөз орайында айтып өтелік, Ұлыбритания делегация мүшелері 2016 жылдың қыркүйегінде Қазақстанға сапармен келген болатын. «Бізге Алматы қаласы аса ұнады, халықтарыңыз ашық әрі жылы шырайлы екен. Біз жаңа достарды табуға жағдай жасайтын жақсы ұйымдастырылған, қызықты ойындарды күтеміз, - деді Кэмпбэл ханым. – Ұлыбритания Универсиаданың барлық қатысушыларына ұмытылмас естеліктер мен сәтті әрі нәтижелі ойындарды, жайлы сапарды тілейді».

    толығырақ

  • Фируза Шәріпова әлем чемпионы атағы үшін бәсекеге түседі

    19.01.2017

    Фируза Шәріпова әлем чемпионы атағы үшін бәсекеге түседі

          Қазақстандық кәсіпқой боксшысы Фируза Шәріпова (2-1, 1 КО) биыл көктемде әлем чемпионы атағына таласады. Бұл туралы ол AllFight.Ru порталына берген сұхбатында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
             Оның сөзіне қарағанда, жекпе-жекке дайындық Мәскеуде болады. Дегенмен кездесудің өтетін күні мен қарсыластың есімі әлі белгісіз.
         «21 қаңтарда мен әлем чемпионы атағы жолындағы кездесуге дайындалу үшін Мәскеуге аттанамын. Жекпе-жек 2017 жылы көктемде өтеді деп жоспарланған. Мен өзімнің армандаған мақсатыма жақын қалдым - Қазақстаннан шыққан алғашқы әлем чемпион атанған боксшы қыз болғым келеді. Шаршы алаңға кіммен шықсам да, өз күшіме сенімдімін және жеңуге дайынмын. Менің формам жақсы деңгейде, осы уақытқа дейін Таразда жаттығып жүрдім. Сондықтан басты жекпе-жек алдында етті қыздырып алу үшін қазірдің өзінде аралық рейтингтік жекпе-жекке бүгін шығуға да дайынмын», - деді Фируза Шәріпова.
          Айта кетейік, Фируза Шәріпова Қазақстанда қыздар арасынан шыққан алғашқы кәсіпқой боксшы. Өзінің соңғы кездесуінде ол сербиялық Милена Матовичті үшінші раундта нокаудқа жіберген болатын.

    толығырақ

  • Қанат Ислам 17 ақпанда бразилиялық боксшымен жұдырықтасады

    19.01.2017

    Қанат Ислам 17 ақпанда бразилиялық боксшымен жұдырықтасады

          Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам 17 ақпан күні бразилиялық боксшы Робсон Ассиспен жұдырықтасады. Бұл туралы massaget.kz хабарлады.
          Бірінші орта салмақта бақ сынайтын отандасымыз кәсіпқой бокстағы 23-ші жекпе-жегін өткізеді. Ал қарсыласы Робсон Ассис мансабындағы 20-шы кездесуіне шығады екен.
        Бразилиялық осы уақытқа дейін өткізген 19 кездесуінде 3 рет жеңіліп, 16-сында жеңіске жеткен. 9 жекпе-жегінде қарсыласын нокаутпен ұтқан. Кәсіпқой бокстағы мансабын 2006 жылы бастаған.
         Қанат Ислам шығатын бокс кешінің басты жекпе-жегінде Рой Джонс (кішісі) жұдырықтасады. Бұл туралы «Nelsons Promotion» промоутерлік компаниясының Қазақстандағы өкілі Нұрғазы Ісмағамбетов айтқан еді.
         - Қанат Ислам кәсіпқой бокстағы келесі кездесуін 17 ақпан күні Нью-Джерси штатындағы Ньюарка қаласында өтеді. Рой Джонстың қатысуымен өтетін бокс кешінде Ислам 10 раундтық жекпе-жек өткізеді. Бірақ, бұл кеште Қанат чемпиондық атағын қорғамайды. Отандасымыз чемпиондық атағын тек Қазақстанда қорғаймын деп отыр. Қарсыласының кім болатынын алдағы уақытта хабарлаймыз. Қанат Ислам қазір АҚШ-та. Нельсон Лопездің қол астында жаттығу жұмыстарына кірісіп кетті, - деген еді.
            Қанат Ислам кәсіпқой бокстағы өзінің соңғы жекпе-жегін 2016 жылдың 29 қазан күні Алматыда өткізіп, төрешілердің шешімі бойынша ганалық боксшы Патрик Аллотейден басым түскен еді.  

    толығырақ

  • Қазақстанда «48h Film Race» атты екінші республикалық киноконкурс басталды

    18.01.2017

          Қазақстандағы АҚШ дипломатиялық уәкілдігі «48h Film Race» (48 сағатта фильмді түсіру) атты киноконкурсын екінші рет ұйымдастырып отыр. Киноконкурста БАРЛЫҚ тілек білдірушілердің қысқа метражды фильм түсіріп, қатысуға мүмкіндіктері бар.

           Қатысушылар келесі сілтеме бойынша: https://goo.gl/5LAfPT 16 ақпанға дейін тіркелу қажет. 18-ші ақпанда сағат 12.00-де қатысушыларға электрондық пошта арқылы тақырып бойынша нұсқаулықты және де фильмдерге арнайы компоненттерін қосу бойынша мәлімет жіберіледі. Қатусышылар өз жұмыстарын 20 ақпан күні сағат 12.00-ге дейін жіберуге қажет. Алматы қаласында ақпанның 27 және 28 күндері барлық қысқа метражды фильмдер премьерасы өтеді, ал Астана қаласындағы көрсетілім 2-ші наурыз күні өтеді.

            Ұйымдастырушылар конкурстың жеңімпаздарын анықтап, бағалы сыйлықтарды табыстайды, соның ішінде KFC компаниясынан 1 миллион теңге, сондай-ақ ACTION кино мектебіндегі бір жылдық оқу, әрі басқа да сыйлықтар.

            Киноконкурста кез-келген Қазақстан азаматы ұлтына, мекен-жайына, жасына немесе кәсіптік біліміне қарамастан қатыса алады.

            Жобаның мақсаты жас бастаушы кинорежиссерлердің және энтузиастардың креативті дағдыларын құру және кіші бюджеттік қызықты жобаларды орындау мүмкіндітерін арттыру.

           Киноконкурс бойынша толық ақпаратты https://www.facebook.com/48HFR, сондай-ақ https://www.instagram.com/48hfr парақшаларында таба аласыздар.

          Сұрақтарыңызды uskz48@gmail.com электронды поштасына жіберіңіздер.

    толығырақ