Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Қазақстанда алғаш рет ауылдық жерде Абай бағы ашылады

11.09.2015

Қазақстанда алғаш рет ауылдық жерде Абай бағы ашылады

1403154035_film-about-father-abay
 
          Алматы облысы Кербұлақ ауданының Басши ауылында қазан айында қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлына арналған еліміздегі алғашқы тақырыптық бақ ашылады. Ақының 170 жылдығымен тұспа-тұс келіп отырған бұл шараны «Гүлстан» республикалық ғылыми-танымдық, көпшілік журналы мен «Гүлзар» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырып отыр.

      «Абай бағының ашылуы біздің рухани өміріміздегі үлкен оқиға болмақ. Шын мәнінде бұл Абайға қойылған мәңгілік ескерткіш болар еді. Абай бағы қазақтың кез келген ауылында тұрса жарасады. Себебі Абай аты қазақ деген үлкен ұғымға айналып кеткен. Абай бағының ашылуы тек 170 еменді отырғызу емес. Ол үлкен ойдан, махабаттан туған зор идея», – дейді Қазақстан Жазушылар Одағының Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Жайлыбай. Оның айтуынша, Одақ «Гүлстан» журналы мен «Гүлзар» қоғамдық бірлестігімен бірлесіп мерейтой қарсаңында ұлы Абайдың 170 жылдығына 170 емен ағашын отырғызу идеясын көтерген. Бұл жерінің үштен екі бөлігін шөл және шөлейтті далалар алып жатқан қазақ жерін көгалдандыруға өз әсерін тигізе алады.

     «Гүлстан» журналының бас редакторы Гөзел Құлжабаеваның сөзіне қарағанда, аумағы 2 гектар болатын Абай бағы Нұрым орта мектебінің жанынан ашылады. Онда Абай Құнанбайұлының бүкіл жүріп өткен жолы түгел көрініс таппақ. Атап айтқанда Семей қаласынан бастап, Күшікбай асуы, М.Әуезов туған Бөрлі ауылы, Құнанбай қажы әулетінің қыстауы, әрі қорымы Ақшоқы, Еңлік-Кебек мазары, Еңлік-Кебек үйтасы, Әйгерім бұлағы, Жидебайға дейінгі аралықтың шағын көшірмесі жасалады.

     «Абай бағы – қазақ халқының ардақты ұлының есімін ұлықтап, мәңгілік мұрасын жаңғыртудың бір көрінісі. Абай бағы — «Гүлстан» журналы мен «Гүлзар» қоғамдық бірлестігінің Алматы облысының Кербұлақ ауданындағы бесінші бағы болмақ. Бұған дейін онда 2009 жылы «көктерек бағы» (7 га.), 2011 жылы «ҚР Халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов атындағы алма бағын» (5 га.), «қарағайлы бақты» (2 га.), 2012 жылы «Батыр ана» саябағын (10 га.) аштық», – дейді «Гүлзар» қоғамдық бірлестігінің директоры Батима Қабдолданова.

     Қазіргі таңда елімізде Абай Құнанбайұлының атында Шымкент қаласында саябақ, Таразда сквер, Алматыда алаң бар. Биыл Абайдың 170 жылдығына орай Зайсан қаласында Абай саябағы салынып жатыр.

       Ерлік Ержанұлы

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті