Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Нью-Йорк қаласында «National geographic» журналының қазақтілді нұсқасының таныстырылымы өтпек

11.09.2015

Нью-Йорк қаласында «National geographic» журналының қазақтілді нұсқасының таныстырылымы өтпек

Нью-Йорк қаласында «National geographic» журналының қазақтілді нұсқасының таныстырылымы өтпек

    

     2015 жыл, қыркүйек айының 24-і күні АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында «National geographic» журналының қазақтілді нұсқасының таныстырылымы өтпек.Жақында әлемге белгілі «National geographic» журналының Қазақстандық нұсқасы мемлекеттік тілде жарыққа шыққалы отыр. Бұл отандық масс-медиа саласындағы үлкен жетістіктердің бірінен саналады. Салтанатты шараға қазақстандық және америкалық бірқатар ресми тұлғалар, іскерлік қауым, БАҚ және елшілік өкілдері қатысады деп күтілуде.«National geographic» - жай ғана қатардағы журнал емес, ол бастауын ХІХ ғасырдан алатын бүкіл әлемге белгілі, беделді қоғамдық ұжым. Басылым бетіндегі мақалалар шынайы әрі түбегейлі ғылыми зерттеулерге негізделген. Олардың тартымдылығы да сонда. Журналдың алғашқы саны 1888 жылы жарық көрді. Бүгінде дүниежүзі бойынша 50-ден астам елде, 31 тілде шығады. Әлемдік жалпы аудиториясы 38 млн. оқырман.

      Шараның өтетін орны: АҚШ, Нью-Йорк қаласы, The St.Regis New York қонақүйі.

    Күні: 2015 жыл, 24 қыркүйек.

    Басталуы: сағат – 11.00 (жергілікті уақыт)

    Қосымша сұрақтар: 8 (7172) 68-00-78, 8-7777201985 телефоны бойынша.

e-mail: maksatyas@gmail.com 

Толығырақ: http://alashainasy.kz/culture/nyu-york-kalasyinda-National-geographic-jurnalyinyin-kazaktld-nuskasyinyin-73186/ 

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті