Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | М. Қойгелді: Қазақ хандығы дегеніміз - ұлттық мемлекеттік деген сөз

11.09.2015

М. Қойгелді: Қазақ хандығы дегеніміз - ұлттық мемлекеттік деген сөз

      Қазақ хандығы дегеніміз - ұлттық мемлекеттік деген сөз. Бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан Қазақ хандығының 550 жылдығына арналаған Салтанатты шараға орай ҚазАқпарат тілшісіне өз пікірін білдірген белгілі тарихшы Мәмбет Қойгелді осындай пікір білдірді.

      «Қазақ хандығының 550 жылдығы - біздің ұлтымыз үшін ерекше дата. Қазақ хандығы дегеніміз - ұлттық мемлекеттік деген сөз. Бұған дейінгі мемлекеттер біздің ұлан-ғайыр даламызда пайда болған, өскен, өркендеген. Олар әрине, біздің мемлекеттігіміздің негізімен үндес. Бірақ, біздің хандар осыдан 550 жыл бұрын пайда болған мемлекетке ұлтымыздың атын берді, халық ретінде өзінің орнын анықтады. Әлемдік кеңістікте өз келбетін қалыптастырды», - деді М. Қойгелді.

       Сонымен қатар, тарихшы ғалым шаралардың Қазақ хандығымен шектеліп қалмауы керектігін атап өтті. «Қазақ хандығының тәуелсіздігі, мемлекеттігіміздің бүтіндігі үшін күрес біздің далада еш тоқтаған емес. Арғыны айтпағанда, бергі Исатай Тайманұлы, Кенесары хан, одан бергі Алаш арыстарының қозғалысы - бұның бәрі мемлекеттілік, елдік үшін күрестің көрінісі. Сондықтан да, мұндай шаралар Қазақ хандығының аясында шектеліп қалмауы керек. Қазақ хандығы деген - қазақ мемлекеттілігі деген сөз. Хандық үшін күрес - мемлекеттілік үшін күрес. Ол күрес бүгін де жалғасу үстінде», - деп түйіндейді Мәмбет Қойгелді.   

      http://www.inform.kz/kaz/article/2816883

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті