Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Қазақ хандарының ұлтқа сіңірген ұшан-теңіз еңбегі әрдайым ел есінде сақталады - Н. Назарбаев

11.09.2015

Қазақ хандарының ұлтқа сіңірген ұшан-теңіз еңбегі әрдайым ел есінде сақталады - Н. Назарбаев

   
    Қазақ өршіл рухы мен ұлттық келбетін ешқашан жоғалтқан емес. Бұл туралы бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған салтанатты жиында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.

        «Қазақ хандығы кезеңі - ат жалында күн кешкен Алаш жұртының қаһармандық дәуірі еді. Ел билеген хандардың өмірі майдан шебінде өтті. Қазақтың алғашқы 14 ханының жетеуі жорық жолында қаза тапты. Осынау ұлы бабалардың биік рухына барлық ұрпақ айрықша құрметпен бас иіп, ризашылығын білдіреді», - деді Президент.

       Бұл тұрғыда Елбасы хандардың ұлтқа сіңірген ұшан-теңіз еңбегі әрдайым ел есінде сақталатындығын қадап айтты.

       «Бірліктің қадірін біліп, білекке білек қосқанда атамекенді жаудан азат еттік. Алайда, ағайынның араздығы, ынтымағының аздығынан Қазақ хандығы жойылды. Данышпан Абай айтқандай: «Бас- басына би болған өңкей қиқым, мінеки, бұзған жоқ па, елдің сиқын» демекші, сол кезде бүкіл дүниежүзін жайлаған «бөліп ал да, билей бер» атты отаршылыққа негізделген сұрқия саясат Қазақ елін біржолата Ресей патшалығының отарына айналдырды», - деді Мемлекет басшысы.

        Осы орайда Н. Назарбаев сол кездері еліміз қанша қиындық көрсе де, азаттық аңсаған өршіл рухы мен ұлттық келбетін ешқашан жоғалтпағандығын қадап айтты. 

       «Абылайдың асыл армандары Тәуелсіздік тұсында түгел орындалды деп айта аламыз», - деді Мемлекет басшысы.

      http://www.inform.kz/kaz/article/2816878

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті