Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Будапештте Қазақстан-Мажарстан бизнес-форумы өтті

14.09.2015

Будапештте Қазақстан-Мажарстан бизнес-форумы өтті

    Будапешт қаласында өткен Қазақстан-Мажарстан бизнес-форумына Мажарстан жетекші іскерлік топтарының 80-нен астам өкілі, сондай-ақ ұлттық экономика мен ұлттық даму министрлері, сауда-өнеркәсіп палатасының, «Мажар ұлттық сауда үйі» ЖАҚ басшылары қатысты, деп хабарлады ҚР СІМ.

   Іс-шарада Мажарстан Ұлттық экономика министрі Михай Варга, Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Елшісі Нұрбах Рүстемов, сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы Ласло Параг, Қазақ-мажар іскерлік кеңесінің тең төрағасы Шандор Фашимон сөз сөйледі.

     «Бизнес-форумның негізгі мақсаты мажар аудиториясын экономикалық саласындағы екі жақты ынтымақтастығының келешегі мен жағдайымен, жаңа ақша-несиелік саясатының негізгі аспектілері мен еліміздің инвестициялық тартымдылығымен, сондай-ақ «Қазақстан-2050» бағдарламасының мерзімінен бұрын жүзеге асыру барысымен, «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты мен «100 нақты қадам» бағдарламасымен таныстыру болып табылды», - делінген хабарламада.

    Астана қаласында «Болашақ энергиясы» «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандырылған көрмесін өткізілуі бөлек тақырып ретінде алынды. Көрмеге қатысу жөнінде Мажарстан 2015 жылғы тамызда ресми растағаны да атап өтілді.

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті