Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Ілияс Есенберлинге ескерткіш ашылмақ

14.09.2015

Ілияс Есенберлинге ескерткіш ашылмақ

     18 қыркүйек күні Ақмола облысының Атбасар қаласында жазушы Ілияс Есенберлинге ескерткіш ашылмақ.

      Бұл туралы Бурабайда «Ұлы дала елі» экспедициясы барысында Мемлекет тарихы институты директорының орынбасары, профессор, тарихшы, І.Есенберлинді зерттеуші ғалым Амангелді Қашқынбаев BNews.kz тілшісіне берген сұхбатында мәлімдеді.

      «Экспедиция құрамында үш-төрт күн жұмыс істеу мүмкіндігім бар, ендігі бағыт  Атбасар. 18 қыркүйек күні Атбасар қаласында жазушы Ілияс Есенберлиннің 100 жылдығына арналған маңызды іс-шаралар өткізілмек. Көптеген қонақтар келейін деп жатыр. Есенберлиннің елінде, жерінде ұлы жазушыға арналған ескерткіш ашылмақ. Бұған дейін еш жерде жазушыға арналған ескерткіш болмаған», — деді Амангелді Қашқынбаев.

     Тарихшының айтуынша, Есенберлин барлық шығармалары арқылы елдің мықтылығы, мемлекеттің күштілігі мен халықтың бірлігін паш етті. Ол бұның барлығын өзінің шығармаларына негіз қылып, «Көшпенділер» атты трилогиясымен тарихты көрсете алды.

      Сонымен қатар, ғалым биылғы жылдың қазан-қараша айларында Ілияс Есенберлин туралы кітап жарық көретін жеткізді.

     «Арқа өңірі  Абылай тұрақтаған құтты мекен. Сол кезеңдегі тарихты көркем шығарма арқылы көз алдымызға елестетіп, жеткізіп, халықтың санасын оята алған қазақ жазушыларының бірі  Ілияс Есенберлин. Ол  осы арқа өңірінің тумасы, атбасарлық. Былтырғы жылы жазушы жайлы тарихи, ғылыми-танымдық шығарма жаздым. Ол аз данамен жарық көрді, сұраныс көп болғандықтан, қазір соны өңдеп, жаңа нұсқасын дайындап қойдым. Орысшаға да аудардық. Тіпті, Ілияс Есенберлиннің ұлы Қозы-Көрпеш пен оның немерелерімен кездесуге мүмкіндік алдық. Кітапты оқырмандарға қазан-қараша айларында ұсынбақпыз. Біз Есенберлинді «Көшпенділер» туындысы арқылы танимыз, бірақ жазушының басқа шығармалары да «Көшпенділерден» кем емес», — деп түйіндеді Амангелді Қашқынбаев.

      Қымбат ЕЛТАЙҚЫЗЫ

      BNews.kz

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті