Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Алматыда Зияткерлік ойындар бойынша Еуразия кубогы өтті

14.09.2015

Алматыда Зияткерлік ойындар бойынша Еуразия кубогы өтті

  
       Алматыда Зияткерлік ойындар бойынша Еуразия кубогы өтті. 11-13 қыркүйек арасында өткен сайыста жастар өздерінің білім деңгейін сынап көрді. 

      Айта кетейік, ресейлік «Что? Где? Когда?» ойынының Еуразия кубогы үшін, «Своя игра» Еуропа мен Азия кубогы үшін, «Хамса» командалық ойында бақ сынады. Сондай-ақ, «Хамса» мен «Своя игра» бойынша Азия мен Еуропа чемпионаты жеңімпаздарының арасында суперфинал ойнатылды. 

     Турнир ҚР Ұлттық банкі мен «Зияткерлік спорт лигасы» ҚҚ, «Болашақ» қауымдастығының қолдауымен өтті. 
     Айта кету керек, ойындарға әлемнің бірнеше елінен 40 команда қатысты. 
     Үш күндік сайыстың қорытындысына сәйкес «Что? Где? Когда?» бойынша Мәскеулік КСЕП, Томскіден келген Хайвмайнд, Мәскеулік «Афина» командалары үздік үштікті құрады. 

     «Своя Игра» ойынының Азия кубогын Өзбекстаннан келген Наиль Фарукшин, қазақстандық Муслима Қарабалаева, Герман Смирнов иеленді. 

     «Своя игра» ойынының Еуропа кубогын ресейлік Дмитрий Борок, Илья Новиков, Евгений Калюков жеңіп алды. 
     Қоссайыстың суперфиналын өзбекстандық Наиль Фарукшин, Дмитрий Борок, Илья Новиков иеленді. 
     «Хамса» ойынының Азия кубогын қазақстандық «Ничоси», Еуропа кубогын реселік «Афина», суперфиналды Өзбекстаннан келген «Сонет» командасы еншіледі. 

     «Брейн-ринг» бойынша өзбекстандық Сонет басым түсті. 

      Айта кетерлік жайт, Қазақстанда өткен білім додасына "Что? Где? Когда?" ойынымен бірге есейген Александр Друзь, Илья Новиков, Максим Поташев, Ильман Талыбов, Александр Рубин қатысты.

    http://www.inform.kz/kaz/article/2817900

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті