Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | ТМД-ның өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің Қызыл кітабы электронды форматқа көшірілді

15.09.2015

ТМД-ның өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің Қызыл кітабы электронды форматқа көшірілді

     
         Бүгін ТМД-ға қатысушы елдердің мемлекетаралық экологиялық кеңесінің екінші отырысында электронды форматтағы  өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің Қызыл кітабы таныстырылды.

    Баспасөз мәслихаты барысында ҚР Энергетика бірінші вице-министрі Ұзақбай Қарабалин электронды кітаптың көмегімен жануарлар мен өсімдіктердің жойылып бара жатқан түрлері бойынша қажетті мәліметтерді жедел табуға болатындығын жеткізді.

      «Атап айтқанда, бұл шын мәнінде өте сапалы жұмыс екенін көріп отырмыз. Яғни, осы кітапты студенттер де, сондай-ақ экологиямен айналысатындар да еш қиындықсыз пайдалана алады. Ең бастысы, бұл кітаптарды кеңінен қолдану үшін тиісті мүмкіндіктерді жасау керек»,-деді ол.

     Арменияның табиғатты қорғау министрінің орынбасары Хачик Акопянның сөзіне қарағанда, электронды кітап құқық қорғау органдары үшін пайдалы болуы мүмкін. Ұялы телефонға осы кітапты орнату арқылы полиция қызметкерлері оқиға орнында ондағы мәліметтерді кеңінен пайдалана алады. Осы орайда электронды кітаптағы базалар үнемі жаңартылмақ.

    http://www.inform.kz/kaz/article/2818281

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті