Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | «Мамандыққа шақыру» атты мерекелік кеш ұйымдастырылады

16.09.2015

«Мамандыққа шақыру» атты мерекелік кеш ұйымдастырылады

      Алматыдағы ҚР Ұлттық кітапханасында 17-қыркүйекте  еңбек күніне арналған «Мамандыққа шақыру» атты мерекелік кеш ұйымдастырылады.                   

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 қарашадағы №697 Жарлығымен қыркүйектің соңғы жексенбісі  «Еңбек күні» болып бекітіліп, түрлі шаралардың жүзеге асып жатқандығы белгілі.

     Еңбек күнінің негізгі мақсаты – Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамын құру туралы идеяларының шеңберінде өнімді еңбекті ынталандыру, жастар арасында жұмысшы кәсіптерін насихаттау мен жұмысшы әулеттерінің көпжылдық дәстүрлерін нығайту болып табылады. Өз саласының сан қырын меңгерген жандардың  қоғамдағы орнын, өз еңбегінің жеңісін насихаттау.

      Мерекелік кешке денсаулық сақтау саласына еңбек сіңірген профессор Жанар Ғабиденқызы, өнер саласына халықтың ықыласына бөленген Серке Қожамқұловтың отбасы және түрлі салаларда еңбек етіп жүрген, өз кәсібінің майталмандары шақырылып отыр.  Сондай-ақ, мүсінші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Тілеуберді Бинашев өз жұмысының жетістіктері туралы әңгімелеп, шаштараз мамандары шеберлік класын көрсетеді.

      Іс-шара аясында кітапхана қорынан ұйымдастырылған «Елімнің мақтанышы- еңбек адамы» атты фотостендте 1958-63 жылдардағы және тәуелсіз Қазақстанның еңбек адамына арналған суреттер, плакаттар ұсынылған. 

    Қатысушылар: жоғары оқу орындарының студенттері, мектеп оқушылары, БАҚ өкілдері.

 

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті