Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Қарағандыда оқушының орнына сабаққа робот барып жүр

17.09.2015

Қарағандыда оқушының орнына сабаққа робот барып жүр

 
    Қарағанды облысында оқушының орнына робот мектепке барып жүр, деп хабарлайды nv.kz.  

     Тірек-қимыл жүйесінде ақауы бар балаларға арналған облыстық мектеп-интернатта «Аватар» роботының таныстырылымы өтті. Ол оқушылардың виртуалды түрде сабақтарға қатысуына көмектесіп, олардың мұғалімдермен және сыныптастарымен сөйлесулеріне мүмкіндік береді. Оның қызметін мекеме тәрбиленушілерінің бірі  Руслан Жалаев қолдана бастады.

     Ол жеті жылдан бері сабақты үйінен оқып жүр, дегенмен үйден білім алу оның республикалық және халықаралық олимпиадаларға қатысуына кедергі болмаған. Роботты басқару Руслан үшін қиындық тудырмады, себебі ол информатикаға әрдайым қызығады. Енді ол сыныптастарымен сөйлесіп қана қоймай, мектептегі шараларға да «қатыса» алады.

     «Мен білім алғанды жақсы көрем, енді ол тіпті оңай. Қоңырауда өзге оқушылармен сөйлесіп, мектептің ішін аралай аламын. Монитордан барлығы көрініп тұрады және менің дауысым барлығына естіледі», - дейді Руслан Жалаев.

      «Аватар» роботы екі бастырма арқылы басқарылады. Оның камерасы, микрофоны бар, олар арқылы дыбыс пен бейне оқушының компьютеріне келіп түседі. Ал үлкен экранның көмегімен мұғалімдер мен оқушылар Русланды көре алады. Роботтың дөңгелегі бар, сондықтан аса биік емес жерлерден оңай өтіп кете алады. Ең бастысы «Аватар» жүрген бөлмеде сымсыз интернет болуы керек. 

    Роботтың құны 2 миллион теңгеден асады. Егер бұл жоба сәтті деп танылса, облыстық білім басқармасы тағы біреуін алуды жоспарлап отыр, деп жазады massaget.kz. 

    http://www.inform.kz/kaz/article/2818898

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті