Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | «Жат» жатырқатпайды

18.09.2015

«Жат» жатырқатпайды

    Бейсенбі күні Ермек Тұрсынов  Торонтадағы халықаралық кинофестивалде әлемдік таныстырылымын жасаған «Жат» фильмін Қазақстанда алғашқылардың бірі болып дәл сол күні алматылық журналистер тамашалады. Ол 15-25 қыркүйек күндері өтетін ХІ «Еуразия» халықаралық кинофестивалінің байқауына ұсынылған екен.

   Әрбір туындысы жарық көрген сайын талғампаз өнер сыншылары мен көрермендерінің зор қызығушылығын туғызып келе жатқан Е.Тұрсыновтың бұл картинасын жұртшылық асыға күткен болатын. Ол Dolby Аtmos  пішінінде түсірілген қазақстандық алғашқы фильм ретінде бірден тарих кірді.

      Атауы «Жат» деп аталғанымен, сюжет желісі шынайы өмірден алынған бұл туындыда қазақ қоғамының өткен ғасырдың 30-60 жылдары аралығындағы кезеңдерінен сыр шертіледі. Ілияс есімді жас баланың әңгімесін баяндау арқылы сценарий авторы және режиссер Ермек Тұрсынов өз көрерменін бірден тарихтың қатпар-қатпар беттеріне үңілдіреді. Оны көріп отырып, өзін еріксіз сол дәуірде жүргендей күйге түсіреді. Бұл әрине кино өнерінің үлкен құдіреті. Ал оны сезіндіруде –қоюшы оператор Мурат Алиев, қоюшы-суретші Александр Ророкин, дыбыс режиссері Сергей Лобанов, композитор Қуат Шілдебаев, монтаж режиссері Ғалымжан Санбаевтың маңдай тері ақталған. Бас кейіпкерлер – Ержан  Нұрымбет, Элина Абайқызы, Қуандық Қыстықбаев, Александр Карпов, Роза Хайруллина мен Ерболат Тоғузақов та режиссердің ойын айтарлықтай деңгейде аша алған. Л.Толстойдың «Өнер дегеніміз – адамның бойындағы қабілеттің ең биік көрінісі» дегеніндей әркім өзіне жүктелген міндетті барынша жоғары деңгейде атқарып шығыпты. Кейіпкердің жан-дүниесіндегі өзгерістер мен қайшылықтарды көрсетуде режиссер мен оператордың шеберлігі еріксіз тәнті етті.

     Оның «Шетел тіліндегі үздік фильм» аталымы бойынша Қазақстан тарапынан Американдық кинематографиялық өнер және ғылым академиясының  «Оскар» жүлдесіне  ұсынылуы кездейсоқтық болмаса керек. Ермектің бұған дейінгі туындылары да бұл мәртебелі сыйлыққа ұсынылып, басты үміткерлердің қатарында сыншылардың қырағы көзіне ілінген еді. Бұл жолы да бағы жанса, «Жат» ешкімді жатырқатпайтыны күмәнсіз. 

    Ерлік Ержанұлы

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті