Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Бүркітшілер сайысында астаналық құсбегі Серікбек Күнтуған жеңімпаз атанды

21.09.2015

Бүркітшілер сайысында астаналық құсбегі Серікбек Күнтуған жеңімпаз атанды

 
        «Нұр Отан» партиясының қолдауымен өткен бүркітшілердің халықаралық сайысында астаналық құсбегі жеңімпаз атанды.

     Қыркүйектің 19-20 күндері Ақмола облысында алыс-жақын шетелдерден келген құсбегілер шеберлік сынасып, жеңімпаздар анықталды. «Нұр Отан» партиясының қолдауымен Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы ұйымдастырған шараға «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры демеушілік көрсетті, деп хабарлайды nurotan.kz.

   Екі күндік додада Астана қаласының тұрғыны Серікбек Күнтуған 1-ші орын алса, Жамбыл облысының өкілі Жалғас Әкімбеков екінші орынды иеленді. Үшінші орын Ақмола облысының бүркітшісі Олжас Бекхожинге бұйырды.

     Сайыста 10 мемлекеттен келген бүркітшілер бақтарын сынады. Атап айтар болсақ, Өзбекстан, Қытай, Моңғолия, Ресей, Қырғыз Республикасы секілді алыс-жақын шетелдерден келген бүркітшілер шеберлік жарыстырды.

     Жарыс бірнеше кезеңнен тұрды. Бірінші, бүркітші қыран құсын қоян және түлкіге салып аңшылық шеберлігін көрсетсе, келесі бөлімдерде құсын қолына қондырып, көкке еркін ұшыру секілді сатылардан өтті.

     Сонымен бірге байқау барысында ардагер спортшы Қанат Ахметовтің 70 жылдығы құрметіне «Бүркітшілікті дамыту» тақырыбында арнайы ғылыми конференция болды.

      Айта кету керек, «Нұр Отан» партиясы соңғы жылдары ұлттық мәдениет пен өнерге, спорт түрлеріне тұрақты түрде қолдау көрсетуде. Олардың қатарында «Қазақстан барысы», «Алтын тұлпар» сияқты  жобалар бар.

    http://www.inform.kz/kaz/article/2820148

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті