Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Еркін Тұрсынхан - Bala Turkvizyon байқауының жеңімпазы

21.09.2015

Еркін Тұрсынхан - Bala Turkvizyon байқауының жеңімпазы

 
    Күні кеше өткен «Bala Turkvizyon» байқауының жартылай финалында көрермендердің дауыс беруі мен қазылар алқасының ортақ шешімі арқылы 8 өнерпаз финалға жолдама алған еді. 

     Көптен күтен ән додасын көпшілік «Хабар» арнасының тікелей эфирінен тамашалады. Естеріңізде болса, белгілі өнер шеберлері жартылай финалға қатысушыларды маусым мен тамыз айларының аралығында іріктеген. Сөйтіп олар жеке-жеке өрендердің талабын қомдап, шабытын шыңдау арқылы бүгінгі сайысқа дайындады. Ұлттық іріктеу кезеңін Әлия Назарбаеваның «Жандану әлемі» қоры ұйымдастырды. Ал бас ақпараттық демеуші ретінде «Хабар» агенттігі қолдау көрсетті. Ал «Bala Turkvizyon» ұлттық іріктеу кезеңінің ақтық сыны бүгін өз мәресіне жетті. Осы байқауда қарағандылық Тұрсынхан Еркін 34,5 ұпаймен жеңімпаз атанды. Енді ең үздік өнерлі өрен желтоқсан айында Түркияның Ыстамбұл қаласында өтетін «Bala Turkvizyon» байқауына қатысады, деп жазады khabar.kz.    

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті