Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Алматыда тұңғыш рет Дүниежүзілік шай құрылтайы өтті

21.09.2015

Алматыда тұңғыш рет Дүниежүзілік шай құрылтайы өтті

   Алматыда 20-қыркүйекте «Мәңгілік аспан» мейрамханасында тұңғыш рет Дүниежүзілік шай құрылтайы өтті. Оған Алматы қаласы әкімдігі мен Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, Қытай Халық Республикасының Алматыдағы Бас консулы Чжан Вэй, шай өндірісімен айналысатын қытайлық және отандық компаниялардың өкілдері қатысты.  

     «Бұл шай құрылтайы Қазақстанда тұңғыш рет өткізіліп отыр. Ондағы мақсат - шай өндірісіне қатысты Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда байланысын нығайту және шай өндірісі мен саудасына байланысты басқа да маңызды мәселелерді талқылау. Бұл құрылтай тұңғыш рет ұйымдастырылып отырғандықтан оған бар болғаны 70-ке жуық адам қатысты. Біз болашақта бұл құрылтайды Қазақстанда дәстүрлі түрде жыл сайын өткізіп отыруды жоспарлап отырмыз. Оған басқа да мемлекеттерден делегаттар қатысатын болады», - деді өз сөзінде Қазақстан дүнгендері қауымдастығының президенті Хусей Дауров.

     Айта кетелік, құрылтай барысында Қытай халқының ғана емес, сонымен қатар қазақ, қырғыз өзбек, тәжік және Қазақстанда өмір сүретін басқа да этностардың шай әзірлеу және шай құю дәстүрлері паш етілді. 

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті