Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Мемлекеттік тілді дамыту алқасы құрылады

21.09.2015

Мемлекеттік тілді дамыту алқасы құрылады

    Алматыда 22 қыркүйек күні «Қазақ тілі орталықтары жүйесін құру» бойынша ынтымақтастық меморандумына қол қойылады. «Достық үйінде» өтетін бұл шара «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты салтанатты іс-шарада жүзеге асады.

    Оны Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы тіл мерекесіне орай ҚР Президентінің жанындағы «Қоғамдық келісім» республикалық мекемесімен бірлесіп ұйымдастырып отыр. Бұл басқосуға Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Төралқа мүшелері, еліміздегі ұлттық-мәдени бірлестіктердің жетекшілері, ғылыми-зерттеу ұйымдарының басшылары, жоғары оқу орындарының ректорлары, тіл жанашырлары мен БАҚ өкілдері қатысады.

     Шара барысында мемлекеттік тілді дамытуға арналған өнімдердің көрмесі ұйымдастырылып, мемлекеттік тілдің өзекті мәселелері талқыланады. Қоғам жанынан «Мемлекеттік тілід дамыту алқасы» құрылады. Алқа құрамында   елімізге белгілі қоғам қайраткерлері, ғалымдар, тіл жанашырлары мен ұлттық-мәдени орталықтардың жетекшілері енгізіледі. «Қазақ тілі орталықтары жүйесін құру» бойынша ынтымақтастық меморандумына қол қойылады. Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының кеңейтілген Төралқа отырысында Павлодар облысы Ақсу қалалық «Қазақ тілі» қоғамының «Кереку өңіріндегі тілдік ахуал» атты ақпараты тыңдалады.

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті