Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Қалбатауда Байтайлақ батырдың кесенесі ашылады

21.09.2015

Қалбатауда Байтайлақ батырдың кесенесі ашылады

Қазақ батырларының тағдыры. Шеруші Байтайлақ батыр

 
 
     

   Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы Қалбатау ауылдық округінде 27-қыркүйек күні Байтайлақ батырдың кесенесі ашылады. Бұл шара Қазақ хандғының 550 жылдығына арналған мерейтой аясында жүзеге аспақ. Байтайлақ – «Ақтабан шұбырынды» дәуіріндегі Абылай хан басшылығындағы қазақ батырларының бірі. Ұлтымыздың тәуелсіздік рухын, жауынгерлік жігерін асқақтатқан тарихи тұлға Ер Жәнібек батырдың ақылшысы, сенімді серігі болған. Оның аты аңызға айналып, тұтас бір рулы ел есімін ұран еткен.

   Ел ауызындағы аңыздарға қарағанда ол батыр атасы Құтымбеттің жолын қуып 13 жасынан бастап ту ұстап әкесі Бәйімбетпен бірге жорықтарға қатыса бастайды. Алғаш рет 1723 жылы шығыстан лап қойған Жоңғар шапқыншыларының бетін қайтару кезіндегі шайқаста ерен ерлігімен көзге түседі. Сондай-ақ 1728-1730 жылдары аралығындағы Аңырақай шайқасы (Қалмаққырылған), Бұланты, Шідерті, Текелідегі, 1740-1750 жылдарын қамтыған Аягөз, Ақшәулі, Алатау шайқастарында Шеруші руының атынан қол бастап, ерлік көрсеткені туралы естеліктер аз емес.    

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті