Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Алматыда «Қазақ хандығының 550 жылдығы: тарихы, идеясы және мемлекеттік сабақтастығы» деген тақырыпта конференция өтеді

21.09.2015

Алматыда «Қазақ хандығының 550 жылдығы: тарихы, идеясы және мемлекеттік сабақтастығы» деген тақырыпта конференция өтеді

     Алматыдағы «Достық үйінде» 23-қыркүйекте «Ел-шежіре» қоғамдық қоры қала әкімдігімен бірлесіп «Қазақ хандығының 550 жылдығы: тарихы, идеясы және мемлекеттік сабақтастығы» деген тақырыпта конференция өткізеді. Оған мемлекеттік органдардың өкілдері, мәслихат депутаттары және белгілі ғалымдар, тарихшылар, қоғам қайраткерлері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері мен үкіметтік емес ұйымдардың басшылары қатысады.

     Конференция барысында қазақ хандығындағы мемлекеттілік идея мен практика, этникалық және рухани мәселелер туралы тақырыптар талқыланады. Қазақ хандығының алыс және жақын мемлекеттермен орнатқан сауда-саттық ісі, саяси қарым-қатынастары жайлы ақпараттар орта ғасырлық қолжазбаларда қалай көрініс тапқаны жайлы кеңірек баяндалады. Қазақ хандарының бөрілі байрағы, шежіресі жайлы да тың мәліметтер ұсынылады. Әрі ортағасырдағы қазақ тарихына байланысты беймәлім деректер де ашылу мүмкін.

Е    лбасымыз Н.Назарбаев Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған салтанатты жиында: «Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлау біздің тәуелсіздікке дейінгі шежіремізді ширатты. Алматы мен Ас­та­­­нада, облыс орталықтары мен ірі елді ме­­­кендерде Керей мен Жәнібек, Абылай мен Әбіл­қайыр сияқты әйгілі хан­дары­мыз­дың, Қа­банбай, Бөгенбай, Наурызбай ба­ты­р­лар­дың еңселі ескерткіштері бой кө­те­ріп, олар­дың есімдері елді мекендерге, жо­ғары оқу орын­дары мен мектептерге бе­рілді. Баба­лардың ерлік пен күреске толы өнегелі өмір жол­дары жайлы том-том ғылыми еңбектер мен әдеби шығармалар жазылды. Тәуел­сіз­дік­пен бірге оралып, ұрпағына ұланғайыр қо­ныс қалдырған батыр бабаларымыздың биік рухы қазақтардың, әсіресе, жаңа буы­ны­ның арасында аса зор патриоттық өрлеу ту­ғызып, ұлт тарихына деген мақтаныш се­зі­мін ұялатты» - деген болатын.

    Қазақ хандығының 550 жылдығы – бүкіл қазақ үшін тағылымы мол торқалы той. Жыл басынан бері жер-жерлерде аталып өтіп жатқан айтулы мереке елдің рухы мен мерейін көтеріп келеді. Қаншама жанның тарихи жадын жаңғыртып, жастардың қазақ мемлекеті жайлы мақтаныш сезімін арттырды. 23 қыркүйекте өтетін конференция осы дүбірлі мерейтойдың бір жалғасы ретінде де ұйымдастырылмақ.

         Осы конференцияның ашылу рәсімінде «Ұлттық мұрат, ұлттық идея – Мәңгілік ел» тақырыбында мұрағат көрмесі ұйымдастырылады. Онда Қазақ хандығының XVI-XIX ғасырлардағы ішкі және сыртқы саяси жағдайының бір бөлігінен хабар беретін құнды архивтік қолжазбалар қойылады. Яғни, қазақ хандарының әр дәуірде жазысқан хаттарын оффлайнда тамашалауға мүмкіндік болады. 

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті