Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Павлодарлық Аспанбек Шұғатаев Алматыда өткен айтыста бас жүлдені жеңіп алды

22.09.2015

Павлодарлық Аспанбек Шұғатаев Алматыда өткен айтыста бас жүлдені жеңіп алды

     Алматыда Қазақ хандығының 550 жылдығы мен қала күніне арналған «Алтыннан ардақты, аяулы Алматым!» атты республикалық ақындар айтысы мәреге жетті. 

     «Нұр Отан» партиясының қолдауымен өткен айтулы додада еліміздің түкпір-түкпірінен барған кіл азулылар бақ сынады. 

    Екі күнге созылған айтыс қорытындысында павлодарлық Аспанбек Шұғатаев бас жүлдені (жеңіл автокөлік) жеңіп алды. Бірінші, екінші жүлде астаналықтар Еркебұлан Қайназаров пен Мейірбек Сұлтанханның еншісінде кетті. Арқалық қаласынан келген Айбек Қалиев, батысқазақстандық Жансая Мусина және қарағандылық Мақсат Ақанов үшінші орынды иеленді.Сөйтіп қыздардың арасынан жалғыз Жансая ғана жүлдеге қол жеткізді. Ж.Мусина бірінші айналымда шымкенттік Қалижан Білдәшевпен сынға түссе, финалда Еркебұлан Қайназаровпен сөз таластырды. 

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті