Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | 2016 жылы шет елдерде 5 қазақ тілін үйрету орталығы ашылады

22.09.2015

2016 жылы шет елдерде 5 қазақ тілін үйрету орталығы ашылады

     2016-2020 жылдары қазақтар шоғырлана қоныстанған шет елдерде және түрік халықтары мемлекеттерінің астаналарында қазақ тілін үйрету орталықтары ашылады. Бұл 22 қыркүйек күні Алматыда өткен «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты салтанатты іс-шарада айтылды.      

    «Мемлекеттердің даму барысына көз жүгіртер болсақ, кез-келген мемлекетің тұтастығын қалыптастыруға алғышарт ретінде қызмет ететін төрт түрлі діңгек бар, олар: тіл, тарих, мәдениет және дін. Осылардың ішінде мемлекеттік тілдің орны ерекше. Өйткені тіл бір  бір болмай, ой бір болмайды. Ой бір болмаса, ортақ мақсатқа қол жеткізу де мүмкін емес. Сондықтан біз бүгінгі жиынымыздың күн тәртібіне аталған жайттардан туындайтын бірнеше мәселені қойып отырмыз. Бірнші, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы жанынан «Мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі алқа» құру. Екінші, қазақтар шоғырлана қоныстанған шет елдерде және түрік халықтарының мемлекеттерінде «Қазақ тілін үйрету орталықтарының желісін құру туралы» меморандум қабылдау. Үшінші, мемлекеттік тіліміздің аймақтардағы жай-күйінен хабардар болу үшін Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының өңірлік бөлімшелерінің  хабарламаларын тыңдау», – дейді   Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті Өмірзақ Айтбайұлы. Оның айтуынша, «Мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі алқаға» негізінен Қазақстан халқы ассамблеясы аясында жұмыс жасайтын ұлттық-мәдени орталықтардың басшылары мен осы саладағы елеулі тұлғалар енеді. Бұған ұлттық-мәдени орталықтардың мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтуге бағытталған жұмыстарын жандандыруға өз ықпалын тигізеітн болады. Өйткені «Ұлт тағдыры» қозғалысының төрағасы, саясаттанушы Дос Көшімнің айтуынша, басқа ұлт өкілдері әлі де қазақ тілін мойындап жатқан жоқ.  өзге ұлыс өкілдері арасында қазіргі таңда балалары қазақ мектебіне ең көп баратын қырғыздар. Оларда бұл көрсеткіш  27 пайызды, ал ұйғырларда 7 пайыз, орыстарда 1 пайызды ғана құрап отыр.

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті