Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Алматыда «Жас қалам» жас ақындар жыр мүшәйрасының жүлдегерлері анықталды

22.09.2015

Алматыда «Жас қалам» жас ақындар жыр мүшәйрасының жүлдегерлері анықталды

   
      Алматыда «Жас қалам» жас ақындар жыр мүшәйрасының жүлдегерлері анықталды. Бұл туралы бүгін Алматы қаласы Мәдениет басқармасынан хабарлады. 

     «Мүшәйраға ұзын-саны 30 ақын қатысты. Солардың ішінен Марат Кенжеханұлы Әзімхан 1-ші орынды жеңіп алды. Екінші орын Назлы Маммадинқызы Искандероваға бұйырса, Нұрсәуле Асығатқызы Сәулет үшінші орынды иеленді», - делінген хабарламада. 
    Жүлдегерлерді марапаттау рәсімі бүгін - 22 қыркүйек күні Алатау ауданындағы «Алатау» мәдениет орталығында Қала күні аясында өткізілетін «Ана тілім ардағым» фестивалінде салтанатты түрде атап өтіледі.

     Естеріңізге сала кетелік, 2015 жылдың 17 тамызы мен 17 қыркүйегі аралығында Алматы қаласының әкімдігі мен Қазақстан Жазушылар Одағы бірлесіп, Қала күнін мерекелеу аясында «Жас қалам» жас ақындар жыр мүшәйрасын ұйымдастырған болатын. Оған Алматы қаласы туралы жазған шығармаларымен 35 жасқа дейінгі ақындар қатысты.

     Ал Қазылар алқасының құрамына Алматы қаласы Мәдениет басқармасы атынан - Жамбыл атындағы мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасының директоры Гүлсім Сапақова, Алматы қаласы Тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасы атынан - Алматы қаласы тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасының бас маманы Нұрмұха Шаймерденов және Қазақстан Жазушылар Одағы атынан - «АнАрыс» баспасының бас редакторы Қадірбек Құныпияұлы енді.

      http://www.inform.kz/kaz/article/2820785

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті