Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Қазақстандық актер «КиноШок» фестивалінде «Ең үздік ер адам рөлі» аталымы бойынша сыйлыққа ие болды

23.09.2015

Қазақстандық актер «КиноШок» фестивалінде «Ең үздік ер адам рөлі» аталымы бойынша сыйлыққа ие болды

    

       Анапада ТМД, Латвия, Литва және Эстонияның «КиноШок» атты XXIV ашық кино фестивалі өтті. Біздің отандасымыз Жандос Айбасов үшін ол атаулы шара болды. Актер Ермек Тұрсыновтың «Кенже» фильміндегі «Ең үздік ер адам рөлі» аталымында сыйлыққа ие болды, деп хабарланады фестивальдің ресми сайтынан.

     Ж.Айбасов бұл қуанышты хабармен Instagram әлеуметтік желісіндегі аккаунт арқылы бөлісті. «КиноШок біздікі! Осы жобамен жұмыс істегендердің барлығына рахмет!» - деп жазды актер.

      Жандос Айбасов Сәкен Жолдастың «Он и она» фильміндегі рөлінен кейін ерекше танымал болды. Одан кейін актердің фильмографиясы «Қазақша тонау», «Кенже» фильмдерімен және танымал америкалық «Марко Поло» сериалындағы жұмысымен толықты.

    «Кенже» картинасы режиссер Е.Тұрсынов трилогиясының соңғы бөлігі болып табылады. Одан басқа, трилогияға атышулы «Келін» фильмі және «Шал» кинокартинасы кіреді.

     2013 жылы «Шал» картинасы «КиноШок» фестивалінің бас жүлдесін, ал бас рөлді сомдаған Ерболат Тоғызақов «Ең үздік ер адам рөлі» аталымында сыйлық алғанын айта кеткен жөн. 

     http://www.inform.kz/kaz/article/2820919

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті