Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Қазақстан құрамасы футзалдан Еуропа біріншілігіне жолдама алды

23.09.2015

Қазақстан құрамасы футзалдан Еуропа біріншілігіне жолдама алды

     Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы тарихында алғаш рет Еуропа чемпионатының топтық кезеңіне жолдама алды деп хабарлайды Vesti.kz. 

      Ұлттық құрама іріктеу кезеңдегі шешуші ойынды Алматыда Босния мен Герцеговина командасына қарсы өткізді. Бұл матчты Какау шәкірттері 4:0 есебімен аяқтап, қос ойын нәтижесінде 9:0 есебімен ірі жеңіске қол жеткізді. Сырт алаңдағы алғашқы ойында Қазақстан құрамасы 5:0 есебімен босниялықтарды ойсырата жеңген болатын.

      Алматыда өткен матчта қазақстандық команда 9 минута есеп ашты: Леоның алыстан шірене тепкен добын қақпашы қайтара алған жоқ. Ал, араға 5 минут салып Дуглас Жуниор есепті еселеді. Ойынның бірінші кезеңі осы есеппен аяқталған. Екінші таймда алдымен Павел Таку, артынша Шыңғыс Есенаманов тура соққыларымен көзге түсіп, есепті 4:0-ге жеткізді.

     Енді Қазақстан ұлттық құрамасы 2016 жылдың 2-13 ақпан аралығында Белград қаласында (Сербия) өтетін Еуропа біріншілігінде өнер көрсететін болады.  

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті