Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Түмен қазақтарының жетекшісі Думаның «Біртұтас Ресей» фракциясын басқарады

23.09.2015

Түмен қазақтарының жетекшісі Думаның «Біртұтас Ресей» фракциясын басқарады

      Ресейдің Түмен облысы қазақтарының ұлттық-мәдени автономиясының президенті Есенғали Ибраев Түмен облысының Юргин аудандық Думасының депутаттық «Біртұтас Ресей» фракциясының басшысы болып сайланды. IV шақырымдағы аудандық Дума сайлауына Лесновское елді-мекенінен қатысқан Есенғали Қамзеұлы сайлаушылардың 87 пайыз дауысын жинаған болатын. Жақында өткен  Думаның алғашқы отырысында ол енді «Біртұтас Ресей» фракциясының жетекшісі ғана емес, Дума төрағасының орынбасары, Бюджет және алымдар бойынша комиссия төрағасы болып сайланды.

         Түмен қаласында 1977 жылы 14-маусымда өмірге келген ол 1996-1998 жылдары РФ Қарулы күштерінің Стратегиялық мақсаттағы зымырандар әскерінде қызмет етті. 1999-2004  жылдары  Түмен мемлекеттік ауылшаруашылық академиясында «мал дәрігері» мамандығы бойынша білім алды. 2003-2005 жылдары «Бірлік» Түмен облыстық қазақ жастары қоғамдық ұйымы Кеңесінің төрағасы, 2004-2006 жылдары «Жастар бірлігі», бүкілресейлік қоғамдық ұйымының Түмен аймақтық  бөлімшесінің үйлестіру кеңесі төрағасының орынбасары болды.  2004 жылдың шілдесінен бастап  РФ Мемлекеттік думасының депутаты Л.Симановтың Түмен облысындағы тұрақты негіздегі көмекшісі, 2006 жылдың қаңтар-қараша айлары аралығында Түмен аудандық әкімшілігінде жастар ісі бойынша бөлімнің бастығы болды. Одан кейін 2007 жылдың  мамыр айына дейін «Вертикал» ААҚ Бас директорының орынбасары, 2008 жылы Түмен облысы губернаторы аппаратында, РФ Федералдық Жиыны федерациясы Кеңесінің мүшесі С.Киричуктың Түмен облысындағы тұрақты негіздегі  көмекшісі, «Столичный» ЖШС бас директорының орынбасары, ал 2010 жылдан бастап серіктестің бас директоры болды. Сондай-ақ 2006 жылдың қаңтарынан «Біртұтас Ресей» партиясының саяси кеңесі президумының мүшесі, ақпанынан бастап Түмен облыстық  азаматтық форумының мүшесі, ал 2006 жылдың маусымынан Түмен облыстық думасының қоғамдық жастар думасының депутаты. Ерен еңбегі үшін 2007 жылы «Саясат» аталымы бойынша «Түмен облысының мақтанышы» қоғамдық мойындауы байқауының, ал 2011 жылы «Түмен мінезінде» «Сөздің адамы» аталымы бойынша жеңімпаз атанды.

     Есенғали Ибраев  Түмен облысындағы Қазақстан  Консулының кеңесшісі  ретінде Түмен облысының  Қазақ елімен арадағы мәдени және экономикалық қарым-қатынастарын дамуына да өлшеусіз үлес қосуда.   Түмен облысындағы қазақтардың барлық мәдени бірлестіктерінің бірыңғай ұлттық-мәдени автономияға бірігуіне де бастамашы болған ол 2007 жылдан бері Түмен облысы қазақтарының жетекшісі ретінде де өз қызметін табысты атқаруда.

         Ерлік Ержанұлы

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті